Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Жануар тектес азықтардың сапасын бағалау



Pdf көрінісі
бет60/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79
Зоогигиена каз китап

5.5.2 Жануар тектес азықтардың сапасын бағалау
Қан, ет сүйек, сүйек және балық ұндары өндірістік
кәсіпорындарымен сапалылығына кепіл беретін технологиялық
шарттарға сәйкес шығарылады. Бірақ көбінесе тасымалдау және
сақтау барысында жануар тектес азықтар бұзылып, ластанады. Осыған
байланысты бірқатар жағдайларда азықтардың сапалылығы мен
тазалығын зерттеу қажет болады.
Орта сынаманы аларда сыртқы түріне, ыдыстың жағдайына,
маркировкаға, сақтау шарттарына назар аударады. Бүкіл партиядан
5 % дейінгі жерін ашуға таңдап алады. Әрбір таңдалып алынған
жерден қуыс бұрғымен қиғаш сызық бойымен 50-100 г мөлшерінде
суырып алады. Барлық суырмалардың біртектілігін бағалайды, әбден
араластырып 500 г екі бастапқы үлгі құрастырып, бұрандалы
қақпақты таза, құрғақ шыны банкаларға орналастырады. Сынаманың
бір бөлігін зерттеуге жібереді, ал екіншісін үш ай бойы сақтайды.
Қан ұнының түсі қызыл қоңыр, ұнтақ тәрізді консистенциялы, ол
1 мм тесікті елеуіш арқылы өтеді. Сүйек ұны сәл сұрлау реңді ақ
ұнтақ, тесіктері 0,4 мм болатын елеуіш арқылы өтеді. Трескалық ұн
бірнеше түсті болады: жоғарғы сорты ашық сұр, бірінші сорт –
сарғыш немесе қызыл қоңыр түсті. Тартылу ірілігі бойынша 2,5 мм
тесіктері елеуіш арқылы өтетін ұсақ балық ұнын және елеуіште
қалатын ірі ұнды ажыратады. Ет ұны – сары - сұр немесе қызыл қоңыр
ұнтақ.
Жануар тектес азықтардың иісі өздеріне тән ерекше. Борсыған,
шіріген немесе кез келген бөгде иіс ұнның бүліну белгісі ретінде
қарастырылады.
5.5.3 Азықтарды зертханалық талдау
Жмых, шрот және жануар тектес азықтарда қышқылдарды және
асқын тотықтарды анықтау бұл өнімдерде ауадағы оттегі әсерінен
тотығатын майдың жоғары мөлшері болуымен шартталған. Мұнда
өнімдерде бос қышқылдар және гидро асқын тотықтар мөлшері артып,
А және Е дәрумендері мөлшері төмендейді. Сондықтан майының
қышқылдық саны 20 мг КОН жоғары және асқын тотықты саны 0,1%
йодтан жоғары жануар тектес азықтарды қолдануға шек қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет