өлшейді. Ең жақсы сапалы сұлының абсолютті салмағы –33 г ,
орташада –28-32 г , ең төменгі –25-23 г. Арпаныкі сәйкесінше –44 г,
38 г, 23-26 г болады.
Дәндердің натурасы дәннің 1- ші литрінің салмағымен
анықталады. Ол
дәндердің сапасын сипаттайды, натураның
жоғарылауымен дәннің құндылығы артады. Алдын ала өлшенген
өлшеу стаканына белгіге дейін 1000 мл дән салып, өлшейді.
Дәндердің қоқымдылығы. Дәнді
азықтарға олардың қоректік
құндылығын төмендететін, денсаулық үшін қауіпті болатын және
сақтау кезінде бұзылуға ұшырататыын қоспалар жиі түседі.
Арамшөпті (1-3 %), зиянды (2 %) дәнді (2-3 %) қоспаларды
ажыратады. Арамшөпті қоспаға: сабан, ұнтақ,
минералды қоспалар
жатады. Зиянды қоспаға – улы өсімдіктердің: қастауыштың, қара
күйенің тұқымдары, көгерген дәндер жатады. Дәнді қоспаларға басқа
өсімдіктердің бүтін дәндері және негізгі өсімдіктің зақымдалған
дәндері жатады.
Дәннің қоқымдылығы үлеске қатынасындағы пайызбен
беріледі. Бұл үшін 100 г дәнді елеуіштер жинағы арқылы елейді, содан
соң фракцияларды айырып, өлшейді. Қоспаның әрбір түрінің салмағы
оның мөлшерінің пайызы болады.
Металл қоспалар дәнге жинау, сақтау, тасымалдау кезінде түседі
және азықтармен жегенде малдарды ауруларға шалдықтырады. Темір
қоспаларын бөліп алу үшін 1 кг дәнді 0,5 см көп емес қалыңдықтағы
қабатпен тегіс үстелге жаяды. Таға тәрізді магнитпен дәннің үстінде
ұзына бойымен, көлденең және қиғаш жүргізеді. Магнитке жабысқан
темір бөлшектерін қағазға сыпырып түсіріп, өлшейді және пайызды
мөлшерін анықтайды.
Дәндердің қышқылдығы. Дәндердің бүлінуі бос
қышқылдардың
бөлінуімен жүретіндігі анықталған. Дән неғұрылым көбірек бүлінсе,
соғұрылым онда бос қышқылдардың үлкен мөлшері болады.
Дәндердің қышқылдығы титрлеумен анықталады және градуспен
беріледі. Қышқылдығы бойынша ыдырау дәрежесін, демек
сапалылығын да бағалайды.
Қышқылдығы 3,5 - 4,5
о
болатын –бұзылу үрдісі басталды; 6,5
о
–
дәнді сақтауға қауіпті; 7,5
о
–
сақтауға шыдамайтын дән; 9,5
о
– дән
мүлде бүлінген, азықтандыруға болмайды.
Қышқылдылықты анықтау үшін 5 г үгітілген дәнді
сыйымдылығы 200 мл болатын колбаға салады. Содан кейін оған 40
мл дистиллденген су құйып, 2-3 минут бойы түзілген кесектерді
шыны таяқшамен араластырып шайқайды. Алынған қоспаға 5 тамшы
1 %-ды фенолфталеин ертіндісін қосып, 0,1-н
КОН немесе NaOH
86
ертіндісімен 2 минут бойы жойылмайтын ашық қызғылт түс пайда
болғанша титрлейді.
Сілтінің шығындалған мөлшерін (мл) 20-ға көбейтіп, 10-ға
бөледі де, қышқылдық градусын алады.
Дәннің қамба зиянкестерімен зақымдалу дәрежесін анықтау.
Қамба бізтұмсығы. Бізтұмсықпен зақымдалған дәннің қоректік
құндылығы төмен және мал ауруларын туғызады. Бізтұмсықты табу
үшін 1 кг дәнді саңылау диаметрі 2,5 мм болатын електен өткізеді.
Електен өткен бөлігін 10-15 минут қыздырады да қолмен тірі
бізтұмсықтарды тереді. 1 кг дәнде 1-5 бізтұмсық табылса 1 дәрежелі,
6-10 бізтұмсық – 2 дәрежелі, 10 бізтұмсық – 3 дәрежелі зақымдалу
деп есептейді.
Кенемен зақымдалуды алдын ала өлшенген сынамада (1 кг)
анықтайды, оны диаметрі 1,5 мм болатын дөңгелек саңылаулы елек
арқылы елейді. Елеуді үш қайтара жүргізеді.
Електен өткен
қалдықтарды 15 минут 20-30
0
температурада қыздырады, жұқа
қабатпен шыныға немесе қара қағазға жаяды оны лупа астында 5-10
есе ұлғайтып қарайды. Кенелерді есептегенде зақымдалу дәрежесін
анықтайды: 1 кг 20 кене– 1 дәреже, 20 кенеден астам – 2 дәреже, тұтас
кене қабаты – зақымдалудың 3 дәрежесі.
Достарыңызбен бөлісу: