Aрнаулы емтихан өткізу бағдарламасы h 3


 Арнаулы емтиханды өткізу тәртібі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата04.10.2023
өлшемі0.52 Mb.
#479738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
01 Арнаулы емтихан бағдарламасы

 
2. Арнаулы емтиханды өткізу тәртібі 
2.1 Арнаулы емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін, университет Басқарма 
Төрағасы - Ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтихан өткізу 
кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады. 
2.2 Арнаулы емтиханның кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, 
консультациялар, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді 
және құжаттарды қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі. 
2.3 Арнаулы емтиханның кретериалды бағасы: «Өтті» немесе «Өтпеді» деп бағаланады. 
Арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан 
жіберу ведомостымен, пәндік комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және 
жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Пәндік 
комиссияның хаттамасына төраға және комиссияның барлық мүшелері қол қояды. 
2.4 Арнаулы емтихан бейне немесе аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда 
(орындарда) өткізіледі 
2.5 Арнаулы емтиханның нәтижелері емтихан өткен күні жарияланады. 
2.6 Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны 
бойынша жоғары және жоғары оқу орынан кейнгі білім беру ұйымдарына ұсыну үшін 
ведомостан үзінді беріледі. 
2.7 Арнаулы емтихан өткізілетін аудиторияға кіргізуді қабылдау комиссиясының 
жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтихандарды өткізуге тартылған арнайы 
кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді. Арнаулы емтихан өткізу барысында 
аудиторияға бөгде адамдар кіруге болмайды. 
2.8 Талапкер арнаулы емтиханға өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын 
құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі. 
2.9 Арнаулы емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан 
материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік 
әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады. 
Арнаулы емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз 
білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады. 
2.10 Арнаулы емтиханды өткізу кезінде талапкерлердің және өткізуге тартылған ЖОО 
қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс құралдары мен электронды-есептеу техникасын алып 
кіруге және қолдануға рұқсат етілмейді. 
2.11 Арнаулы емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары 
беріледі және ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы емтихандардың басталу және 
аяқталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және апелляция өткізудің уақыты мен орны 


Aрнаулы емтихан өткізу бағдарламасы 
H 3-3.11.2022 
1 баспа 02.02.2022
көрсетіледі. 
Арнаулы емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтауы тиіс: 
1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа 
талапкерлермен сөйлеспеу; 
2) емтихан материалдарымен алмаспау, көшірмеу, аудиторияға оқулықтарды, басқа да 
әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізбеу және қолданбау; 
3) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау; 
4) арнаулы емтихан аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан 
аудиториясынан шықпау. 
Емтиханды өткізу жайлы ереже талаптарын бұзғаны үшін талапкер аудиториядан 
шығарылады.
2.12 Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол 
арнайы емтиханды жазбаша өтініші мен арнаулы емтиханды жіберіп алуына дәлелді 
себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген
кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі. 
Арнаулы емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады: 
1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы 
анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі); 
2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше 
жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен 
расталады); 
3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып, балалары, асырап алушылар, асырап 
алғаны, толыққанды және толыққанды емес ағайындары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі) 
қайтыс болуы (анықтамамен расталады). 
Дәлелсіз себептермен арнайы емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға 
жіберілмейді. Арнаулы емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 
2.13 Арнаулы емтиханның түрі мен мазмұны педагогикалық жағдаятты шешу. Осы 
арқылы талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
2.14 Арнаулы емтиханды өту барысында пәндік комиссия талапкерлердің нәтижелерін 
бағалау кезінде қалыптасқан жағдайды шешу үшін ұсынылған әдістердің негізділігі мен 
сындарлылығы ескеріледі; жағдайды және оның пайда болу себептерін жедел түсіне білу; әсер 
ету нәтижесін алдын-ала болжай білу; 
Арнаулы емтихан бойынша педагогикалық жағдаятты өз деңгейінде шешпеген немесе 
емтиханға келмеген тұлғалар «жіберілмеді» деп бағаланады және арнаулы емтиханды 
тапсырмаған болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет