Aрнаулы емтихан өткізу бағдарламасы
H 3-3.11.2022
1 баспа 02.02.2022
пен ынтаны
білдіру ептіліктерін көрсетеді;
- ұтымды деңгейінде негізделген эмпатиялық қабілеттері көрсетеді;
- құрдастарын артынан ертуге, олардың әрекетін басқару және ұйымдастыруға қабілетті,
көшбасшылық қасиеттеріне ие.
«Өтпеді»
Төменгі жағдайда қойылады, егер талапкер:
- мұғалім мамандығына саналы қызғушылықты танытпаса
немесе қызығушылығы әлсіз
көрсетілген;
- педагогикалық жағдайды шешуге әрекет танытпайды;
- өз ойын қисынсыз, дәйексіз, түсініксіз білдіреді. Семантикалық тұрғыдан артық сөздер,
дауыс мәнері мен сөз нормаларының бұзылуы байқалады;
- формалды тілдесуге дайын, сұхбатты еріксіз жүргізеді,
басқаны тыңдауға
бағытталмаған;
- эмпатиялық қабілеттері көрінбейді немесе әлсіз көрінген;
- қызметті басқару мен ұйымдастыруға жауапкершіліктен қашады.
3.2 Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
• Жіберіледі
• Жіберілмейді
4. Апелляцияны өткізу тәртібі
4.1 Талаптарды сақтауды және арнайы емтихандарды бағалау кезіндегі даулы
мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде арнайы емтихандар тапсырушы тұлғалардың
құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында арнаулы
емтихан өткізілу мерзімінде
апелляциялық комиссия құрылады.
4.2 Апелляциялық комиссия арнайы емтиханның нәтижелерімен келіспейтін
тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы
мен құрамы жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.3 Апелляцияға өтінішті аппеляциялық комиссия төрағасының
атына арнайы емтихан
тапсырушы тұлға жеке береді. Өтініш арнайы емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі
күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде
қарастырады.
4.4 Арнаулы емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы
апелляция бойынша шешім
комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған
жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
4.5 Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің
барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Aрнаулы емтихан өткізу бағдарламасы
H 3-3.11.2022
1 баспа 02.02.2022
Достарыңызбен бөлісу: