9. Қайта өркендеу дəуірінің тіл білімі Жаңа айта кеткенімдей орта ғасырдан кейінгі кезең, əрине, нағыз Қайта өрлеу
дəуірі болып саналады.Қолда бар мəліметтерге сəйкес, бұл кезең 15-16
ғасырлар арасын қамтиды.Неліктен бұл қайта өркендеу дəуірі деп аталады
деп ойлайтын шығарсыз.Орта ғасырларда барлық адамдар пендешилдер,
діншілдер болды, сол кезде көптеген адамдар мəдени мұраларға назар
аудармай жүрді. Ал осы қайта өркендеу дəуірінде сол стериотипті бұзу
үшін,яғни ескерілмей қалып кеткен мəдени мұраларды қайта қолға ала
отырып,олардың дəрежесін көтере отыра қайта көркейту
болмақ.Міне,осылайша бұл дəуір қайта өркендеу дəуірі деп аталынған деп
ойлаймын өз басым.Қайта өркендеу дəуірі осы тіл білімі үшін көптеген
мүмкіндіктерді ашқан болатын. Мақсат: ұлттық тілдердің қалыптасуы мен
дамуы,сонымен қатар бұрын белгісіз болған жаңа тілдерді үйрену оны
зерттеу болды жəне де айта кететін жəйт ежелгі дəуірдегі лингвистикалық
ой-пікірлерді көркейте отыра қайта дамыту болды. Жаңадан жерлердің,
елдердің ашылуы, сауданың даму қарқы осының бəрі Европа тіл білімінің
жарқындалуына əрі қарай дами түсуіне еш кедергісіз жақсы жағдай туғыза
білді.Бұрындары бізге беймəлім болған көптеген тілдердің айқындалуынада
септігін тигізді.Сол кездері отаршылық жорық белең алған болатын оның
мүддесі-сол тілдерді үйрене білу оны зерттеу,зерделеу,түрліше сөздіктерді
жасау,грамматикалық ақпараттарды жинауды міндет етіп қолға алынған
болатын.Көптеген елдердің, соның ішінде Азия, Африка, Америка
халықтарының тілдерінде жиналған бағалы материалдар оларға ашылудың
алғашқы қадамдарын салыстыруға, əртүрлі, ерекше əлемдерді ашуға
мүмкіндік береді.Орта ғасырларда назардан тыс қалған қолжазбаларды
зерттеу,зерделеу қайта өрлеу дəуірінде ерекше назар аударды.Сол кездері
ежелгі грек жəне Рим жазбаларының нұсқаларын табуды жəне осы
нұсқаларды филологиялық талдау басымдыққа ие болды. Мұның бəрі тілдер
арасындағы жақындықты, ұқсастықты жəне əмбебап қасиеттерді зерттеу
үшін пайда болды. Сонымен қатар, осы дəуірде логиканың əмбебап
категориясына жататын логика ғылымы да айтарлықтай дамыды, оның тілдер
категорияларымен байланысы барған сайын түсінікті бола бастады. Бұл іске
сол дəуірдің белгілі философтары да, лингвистері де қатысады.Содан кейін,
1660 жылы "əмбебап грамматика"атты еңбек дүниеге келді. Міне,осылай
жаңа мүмкіндіктерді ашушы дəуір деп атасақ болады.