Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі


 Оқырман түрлері және оқырман назары



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
referat

3.2 Оқырман түрлері және оқырман назары 
 
Әр шығарма оқырманға ӛзіндік ерекшеліктерімен, қызықтарымен, 
сонымен бірге қарсылықтарымен бірге келеді. Оқырман автормен кейде бірігіп, 
кей кезде ажырап кетеді. Оқырман шығармадан ӛзіндік қажеттіліктері мен 
критерийлерін кӛрсе, автормен бірге, ал керісінше болатын болса, шығармаға 
ӛз қарсылықтарын кӛрсетеді. Оқырман - шығармаға ӛмір сыйлайтындардың 
бірі. Автор ӛз қиялы, ақылы мен еңбегі арқылы тудырса, оқырман ақылы, 
қиялы және еңбегі арқылы шығарманың ӛмірін жалғайды. Еңбегі ретінде 
шығарманы оқуын, талдауын, талқылауын жатқызамыз. Қиял мен ақылдың әр 
адамда әртүрлі кӛрініс табуына қарай оқырманды да ӛз ішінде жіктейміз. 
В.Е.Хализев оқырманды шынайы және кӛпшілік, ал Т.У.Есембеков «Кӛркем 
мәтін поэтикасы» атты еңбегінде Г.Яусстың жіктемесі бойынша оқырманды 
қатардағы оқырман және оқырманның үстінен қарайтын кәсіби филолог деген 
түрлерін кӛрсеткен екен (6-диаграммаға сәйкес). 
6-диаграмма. В.Е.Хализев пен Г.Яусс бойынша оқырман түрлері 
В.Е.Хализев ӛзінің «Теория литературы» атты еңбегінде автор, мәтін және 
оқырманның арасындағы байланыстарды, қатынастарды әрі нәзік тұстарды 
тереңірек қарастырған. Ӛзінің еңбегіне М.М.Бахтин, В.М.Жирмунский және 
т.б. белгілі әдебиеттанушылардың ой-тұжырымдарын негіз ете алған. Сол 
себепті де, В.Е.Хализев еңбегі әдебиеттанушы кӛпшілікке кӛп кӛмегін тигізіп 
жатыр. Әдебиеттанушы оқырманды реальный (шынайы) және массовый 
(кӛпшілік) деп жіктеген. Ғалымның пікірінше, оқырман шығармаға тікелей 
және жанама қатыса алады. Тікелей қатысқан кезде автор оқырманның да ойын 
ескеріп, онымен сӛйлесе отырып, диалог құрып, шығарманы қызықтыра түседі. 
Бұндай авторлардың қатарына «Евгений Онегин» шығармасындағы Пушкинді, 
Л.Стерннің повестін, Н.В.Гоголяның прозасын, М.Е.Салтыков-Щедрин және 
И.С.Тургеневті жатқызған. Бұл қаламгерлер шығармасында авторды да, 
В.Е.Хализев
шынайы
кӛпшілік
Г.Яусс
қатардағы 
оқырман
кәсіби 
филолог


47 
оқырманды да кезіктіре аласыз. Сонымен бірге, шығармада оқырман-
адресаттың да болу ықтималдығы жоғары. Оқырман-адресат ұғымын 1970 
жылдары Х.Р.Язер мен В.Изер қарастырған. Х.Р.Язер мен В.Изердің пікірінше, 
шығармада екі эстетикалық теория болады. Біріншісі – дәстүрлі, яғни автордың 
ойы мен идеясы, ал екіншісі – адресат. Адресатты имплицит,ал біріншісін 
имманент деп атаған. Адресаттың шығармада кездесуі жоғарыда 
айтқанымыздай шығарманы қызықтыра түседі. Сол үшін автор бұл оқырман 
түрін қолдануда.
Шығарманы қабылдауда адресаттың болуы маңызды болғаны сынды 
оқырманның шығарманы тани білуінің де тәжірбиесінің болуы маңызды. 
Шығарманы тани білмеген, оқи білмеген оқырман шығарманың кейбір 
тұстарын түсінбей, автор идеясын ұға алмауы себепті шығарма ӛз бағасын 
алмай қалу ықтималдығы да жоқ емес. Бұл жерде автордың да жеткізу, жазу 
тәжірбиесі, ал оқырманның тани, оқи білу тәжірбиесі қажет. Қазіргі таңда 
оқырманның авторға қояр талабының жоғары болуы, ал авторлардың ол 
талаптарды қанағаттандыра алмауы да шығарманы оқымауға алып келуде. 
Н.А.Рубакин: «История литературы – не есть только история писателей, но и 
история читателей» - деген пікірі негізінде оқырманның да шығармаға әсерінің 
қатыстылығын кӛреміз [30,91 б.]. Автор оқырман талабын қанағаттандыру үшін 
сол заманның зарын, проблемасын шығармасына ӛзек етеді. Чехов ӛз 
замандастарының кӛрінісі, ал шығармалары заманның ащы зары бола білген. 
Бұл - автордың тапқырлығының белгісі. А.Чехов деген аттың қазіргі таңға дейін 
жетуі ӛз заманының оқырмандарының кӛңілінен шыға алғандығынан болса 
керек.
Шығарманың оқырман арасында танымалдығын оның қайта басылуынан, 
тираж санының кӛбеюінен және ӛзге тілдерге аударылуынан кӛрсек болады. 
Сонымен бірге, шығармадағы цитаталардың қолданысқа ие болуы және де 
кинолардың түсірілуін айтамыз. Философ, әдебиеттанушы және сыншылардың 
да еңбектеріне ӛзек бола алуы да шығарманың оқырман жүрегіне жол тапқанын 
кӛрсетеді.
Шынайы оқырман – шығарманы түсінген, автор идеясын жүрек түбіне 
жеткізе білген оқырман. Шынайы оқырман заманнан заманға ауысады. Әр 
заманның шынайы оқырманы әртүрлі болады. Мәселен, М.Әуезовтің «Абай 
жолы» роман-эпопеясы ХХ ғасыр оқырмандарына ақын Абайдың ӛмірі, ұлы 
туынды ретінде танылса, ал ХХІ ғасыр оқырмандарына оқылуы тиіс немесе 
қазақ тұрмысын, тарихын танытатын шығарма ретінде қабылдауын айта 
аламыз. Шынайы оқырман кӛпшілік оқырманнан интеллектуалды білімі мен 
арнайы тәжірбиесімен ерекшеленеді. В.А.Жирмунскийдің мына пікірі шынайы 
мен кӛпшілік оқырманның айырмашылығын айырып берсе керек: «Вы читаете 
поэму, смотрите картину, слушаете сонату чувствуете удовольствие или 
неудовольствие – вот вкус, разбираете того и другого – вот критика» [30,92 б.]. 
Әртүрлі жастағы адамдар, әртүрлі мамандықтағы адамдар және әр дәуір 
адамдары бір шығарманы әрқалай қабылдайды. Бұл - әр адамның индивид, 
әркім әртүрлі ойлауға және пікірін айтуға құқылы болуынан болса керек. 


48 
Мәселен, ХІХ ғасыр оқырмандары діни, тұрмыстық жанрдағы кітапты, ХХ 
ғасыр тарихи, драма жанрын қаласа, қазіргі таңда фантастика, шытырман 
оқиғаларға толы шығармаларды жақсы оқиды. 
ХІХ ғасыр ӛзінің мықты авторларымен, классикалық туындыларымен
және таласты әрі тартысты оқитын оқырмандарымен ерекешеленді. Ал ХХ 
ғасыр ӛз бастауын соғыстан алғандықтан, автор мен оқырман, автор мен 
шығарма ӛз араларын суытып алды. Сұрапыл соғыс талай адамның қанын ғана 
емес, оқырманның да ынтасын алып кетті десек болады. Бірақ та ол заманның 
да оқырмандары болды. Соғыс тақырыбында жазылған шығармалар азғантай 
оқырманның жүрегіне жол тауып, ӛз оқырмандарын қайта жинады. Кӛпшілік 
оқырман шығармаға шынайы оқырмандай үлкен талап қоймаса да шығармадан 
ӛзіндік қажеттіліктерін талап ете алады. Олар шынайы оқырман сынды тіліне, 
идеясына, сюжетіне және тәсілдеріне қарап, талдау жасауға талпынады. 
Шынайы оқырман сынды жіліктеп талдамаса да сыни кӛзқарастан шет 
қалмайды. Шынайы оқырман кейде авторға қатал қарап жатса, кӛпшілік 
оқырман керісінше авторға дем береді.
Т.У.Есембеков «Кӛркем мәтін поэтикасы» атты еңбегінде: «Әдеби мәтінді 
түсіну барысын Г.Яусс шартты белгі, яғни нотамен жазылған музыкалық 
туындының партитурасын оқумен теңестіреді. Бұл кезеңде талқулаушының ӛзі 
екіге бӛлінеді екен: біреуі - қатардағы оқырман, екіншісі - оның қалай 
оқығанын талдайтын кәсіби филолог, ол оқырманның үнемі үстінен қарап 
тұрады. Ал талқылау (интерпретация) үдерісін ғалым мәтінді оқып түсіну 
кезінде екіге бӛлінген оқырманның қайтадан эстетикалық тұтас тұлғаға 
айналуы дейді. Оқырманның жүйкесі мен сезіміне, ойы мен санасына мәтіннің 
ерекше салмақ түсіретін кезі - осы. Мәтінді аяғынан басына дейін тағы бір 
сүзіп оқып шығу, кейбір тұстарды қайта – қайта пысықтау, жекелеген сәттерге 
шүйлігу, ӛзіне, мәтінге, авторға сан сұрақ қою, оларға жауап іздеу - ӛте қиын 
үдеріс. Мәтін қойған сауал, оқырман діттеген амал да бар мұнда. Осының бәрін 
жауап беруші – мәтін ғана, ӛйткені онда автордың барлық сауалдарға 
эксплициттік дайын жауабы жоқ. Оқырман автордың екіге жарылуы жайлы 
жазылған еңбектерді оқу, талдау, талқылау барысында да екіге бӛлінеді. Бұның 
барлығы оқырманның ой-сезімі мен танымының кӛрінісі», - деп, оқырманның 
да түрге бӛлініп, шығарма тану ерекшелігін айтқан [24,184 б.].
Бұл шығармадан оқырман ӛзіне қажетті ӛзекті нәрсені тауып, адамгершілік 
жағынан үлкен сабақ алады. Жоғарыда оқырманның екі түрі болатынын айтқан 
едім. Сол кәсіби филолог ретінде Ә.Кекілбайдың шығармаға берілген оқырман 
пікірі: ««Парасат майданы» қайталап айта беруге, тіпті жіліктеп талдап беруге 
келмейтін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойын оң саққа жүгіртіп, ойланасың, 
тебіренесің. Ойлаған сайын ойсырап, құлазып, тебіренген сайын теңселе 
күйзелесің. Нағыз ӛнердегі «шок терапиясы»» [32,56 б.]. Т.Әбдікұлы 
шығармалары туралы Г.Орда мынандай баға береді: «Ӛткен ғасырдың 60-
жылдарындағы әдебиет, ол – адамның жан дүниесіне үңіліп, талдау жасау 
жағынан ерекшеленетін. Тӛлен ағамызды шығармашылығы адам бойындағы 
ерекше құбылыстарға және сонымен бірге психологиялық талдау жасау арқылы 


49 
оқырманға, замандастарына үлкен ой салған, жекелеген кейіпкерлердің 
ӛмірлері арқылы үлкен философиялық ойларға жетелеген қаламгер қатарына 
жатқызуға болады. Мысалы, «Оң қол» әңгімесі алпысыншы жылдардағы қазақ 
прозасының үлкен табысы болса, соңғы жазылған «Парасат майданының» ӛзі 
де соның заңды жалғасы ретінде кӛрініп отыр». Т.Әбдікұлы шығармалары 
оқырман қауымын оятып, тың ой салып, шығармашылық сүйсіндіргені анық» 
[36]. 
Әдебиеттану ғылымы кӛп уақыт мәтінді оқырманның сұрағына жауап 
беруші ретінде танып келді. Яғни, автор оқырманды қызықтыратын тақырыпта, 
ойландыртып жүрген ойды, ӛзекті проблемаларды мәтінге себеп етті. Г.Яусс 
бойынша оқырман мәтінді оқып отырған кезде ой туатынын айтады. Оқырман 
автордың сӛздерінен ой сабақтап, идеяларын қорытады. Бұл ой да ӛз бағамын 
ала жатар. 
Кез-келген зерттеуші автор немесе шығарманы зерттемес бұрын қатардағы 
оқырманның ойын алып, пікірін тыңдап барып ғана кәсіби оқырманның 
пікіріне жүгінеді. Ойдан ой, пікірден пікір туындату арқылы зерттеудің 
нәтижесін шығарады. Қатардағы оқырман мен кәсіби оқырманды 
салыстырудың ӛз қажеттілігі де жоқ емес. Бірі байқаған ой келесі адамда 
басқаша кӛрініс табуы мүмкін. Бұл автордың шығармаға еккен идеяларының 
ашылуына әкеледі. Г.Яусс мәтінді талқылау кезінде оқырманнан авторға қарай 
зерттеуді дұрыс деп зерттеген. «Кӛп пікірдің бірі» деген ойды ғалым ӛз 
еңбектерінде жазған. Оқырманның пікірі де зерттеуге әсер ететінін осы жерден 
байқасақ болады.
Салыстыру кезінде жоғарыда айтқанымыздай оқырманның заманын, 
ортасын, қоғамын және таным кӛкжиегін ескеру керек. Ӛткен ғасырларда 
қолдан қолға ӛтіп оқылған шығармалардың осы ғасырда құнының болмауы 
оқырман кӛкжиегіне байланысты. Негізінде, автор да, оқырман да заманға сай 
ӛзгеріп отырады. Ӛзгермейтін тек шығарма. Шығарманың ӛзгермеу себебі 
сюжет, композиция, айшықтау құралдарының шығармада ӛз кезегімен 
ӛрбуінде. Автор да, оқырман да революция жасады, ал шығармаға революцияға 
жақындағанымен аяғына жетпей тынып қалады. Қай шығарманы алмасаңыз 
жаман басталып жақсылықпен аяқталады немесе керісінше, одан қалса аяқсыз 
қалып кетеді. Ӛзімен бірге елітіп әкетіп, тылсым әлемге әкеп бір тірейтін 
шығармалар аз. Революция жасауға талпынып жүрген авторлар бар. Бірақ 
шығармалардың жазылу форматы бір. Форматта революция жоқ. Осы уақытқа 
дейін форматта болған ӛзгерістер: кітаптың пішіні, әңгіме емес диалог күйінде 
ӛрбуі, психология мен философияның дәндері. Классикалық шығармалар - ӛзі 
бір бӛлек әлем. Шетел әдебиетінің кең таралып, қазақ әдебиетінің революция 
жасай алмауы оқырман кӛпшілігінің шетел әдебиетіне ауып бара жатқанын 
байқаймыз. 
Осы кездегі зерттеулердің ішінен Н.Холландтың әдеби шығарманы 
автордың ауани, физиологиялық, нәпсілік қиялдарының кӛрінісі деген еңбегі 
назар аударарлық. Ол оқырманның мәтінді түсіну үдерісінің конфронтация – 
тастап кету - қайта оралу сияқты үш кезеңнен тұратынын бӛліп кӛрсеткен. 


50 
Туындыны талқылауды оқырманның ӛзін-ӛзі тануы деп түсінген ғалым 
оқырманды кедергісі кӛп, жолы ойқы - шойқы автомобиль трассасындағы 
жүргізушіге теңеген. Д.Хортман деген американдық әдебиетшіге «айналып 
ӛту» деген ұғым арқылы әдеби мәтінді талқылаудың барысын үнемі жӛнделіп 
жататынын, «ой - шұңқыры бар» деген хабар беретін кӛптеген белгілерден 
тұратын жолмен жүруге ұқсатқан. Қандай қиын болса да жүргізуші жолдан 
шығып та кете алмайды, тоқтап қалуы да қисынсыз екен. 
Қазіргі кездегі шетелдік зерттеулерде әдеби мәтінді оқырман кӛзімен 
талқылау мәселесі - ӛті жиі сӛз болып жүрген тақырыптардың бірі. 
Зерттеушілердің кӛбі оны талқылаудың үш кезеңнен тұратындығы жӛнінде 
ортақ тиімді пікірге келген сияқты. Этикалық бағыт ӛкілдері интерпретатордың 
тарихи-әлеуметтік 
заңдылықтарға 
тәуелділігін 
дәріптесе, 
әлеуметтік-
психологиялық тұрғыдағы ғалымдар талқылау барысында ассоциативтілікті 
тану, талқылау, бағалау жӛнінде ортақ кӛзқарас байқалмайды, талас тудыратын 
сұрақтар жетерлік, жауаптар әрқилы. Демек, отандық әдебиеттанудағы 
қалыптасқан кӛркем мәтінді талқылаудың тиімді амалдарымен қатар қазіргі 
кезеңдегі ғылыми негізі басқа кӛзқарастарды білудің артықтығы жоқ. Әр кезең 
туындысын сол үшін автохонды, аутентивті кӛзқарастар тұрғысынан 
бағалаудың тиімділігі жетерлік. Орынды әлеуметтік бағадан, қисынды 
ассоциативтік талдаудан бас тартпау керек.
Сонымен бірге, әрбір әдеби шығарма аурасын мынандай негіздер құрайды: 
персонаж санасы, авторлық сана, оқырман санасы, заманның әлеуметтік 
санасы, трансперсоналдық сана. Барлық сананың ішінде бізге керектісі – 
оқырман санасы. Оқырман санасының дәрежесі кӛп жағдайда шығарма мен 
автордың санасын айқындайды. Оқырманның білімді әрі саналы болуы кейбір 
жағдайда шығарма тағдырын айқындайды. Қазіргі кезде кітаптардың кӛп 
оқылмауы оқырман санасының басқа нәрселерге бой ұрып кетуінен кӛрінеді. 
Оқырман санасы кітапқа емес, компьютерге ден қойған.
Осыған дейін шығармадағы оқырманға әсер ететін тұстарды барынша 
баяндауға тырыстық. Ендігі кезек оқырманға әсер ететін басқа да деталдарға 
кӛшейік. Оқырман назарын аудартатын бірінші деталь – мұқаба. Адам 
психологиясы - күрделі ұғым. Адам психологиясының күрделі екендігін ескере 
отырып, кітап мұқабасын соған ыңғайлы ету маңызды. Кітап таңдауға барған 
оқырманға ең бірінші әсер ететін мұқаба болғандықтан, автор мұқабаға ерекше 
мән беруі керек. М.Мағауиннің «Жармақ» романы бір адамның екі тұлғаға 
бӛлінуі жайлы баяндалған. Соған сәйкес мұқабаның да сырты адам бет-
пішінінің екіге бӛлінуі суреттелген. Бұл мұқабаның шығарманың мазмұнына 
сәйкестігін кӛрсетеді. Сонымен бірге, мұқабаның суретінің ғана жақсы 
болуынан бӛлек, қабының қаттылығы, сапасы, безендірілуі де оқырман 
санасына әсер етеді. Мәселен. «Раритет» баспасының сыртының терімен 
қапталуы, жазуларының алтын түстес сиямен жазылуы да оқырманға әсер етіп, 
кітаптың сатылымы мен таралымы және оқырман қызығушылығын арттырған. 
Кітаптың сыртының әдемілігіне де қатты мән беріп, іші солғын тартқан 


51 
шығарма да болмайды. Ішіне сырты, сыртына іші сай шығармалар ғана 
оқырманға әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет