Кіріспе зерттеудің ӛзектілігі


Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата04.10.2023
өлшемі0.67 Mb.
#479806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
referat

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Тӛлен Әбдікұлы шығармаларын 
үштік концепциясы негізінде зерттеу барысында осыған дейін анық кӛріне 
бермеген жаңа дереккӛздер пайда болды: 
-Т.Әбдікұлы шығармаларын жанрлық, тақырыптық, кӛркемдік тұрғыда 
арнайы қарастырған алғашқы еңбектердің бірі болғандықтан, жазушының 
суреткерлік шеберлігіне, ӛмір шындығын толыққанды кӛркем бейнелермен 
жеткізу бағытындағы ұстанымдарына баса назар аударылды; 



-Автор шығармаларындағы «жалғыздық» ұғымының берілу жолдары 
анықталды. Мәселен, «жалғыз ұрпақ», «жалғыз орын», «жалғыз соңғы ӛкіл» 
сынды т.б. кӛптеген жалғыздық ұғымына қатысты ойлардың берілу жолдары 
зерттелді; 
-Автор мәтініндегі жаңаша айшықтау құралдары айқындалды. Тілімен 
стиліндегі ерекшеліктер айқындалып, қазақ әдебиетіне әкелген лебі зерттелді
-Прозалық шығарма автор мен мәтін, автор-мәтін-оқырман тұрғысынан 
зерттелді; 
-Автор-мәтін-оқырман концепциясы негізінде Т.Әбдікұлының әдебиет 
әлеміндегі орны айқындалды. 
Зерттеудің 
практикалық 
маңызы
Жұмыстың 
нәтижелерін 
әдебиеттанудағы жаңа бағытты (автор мен оқушы, автор мен қабылдаушы, 
мәтін мен оқырман. т.б.) қалыптастыруда пайдалануға болады. Автор мен 
оқырман, автор мен мәтін, автор-мәтін-оқырман мәселелерінің теориялық 
негізін қалыптастыруда, методологиясын анықтауда кӛмек береді.
Зерттеудің мақсаты:Автор, оқырман, мәтін ұғымдарының категория
поэтикалық категория екендігін дәлелдеу, үштік ұғымына жан-жақты анықтама 
беру, Т.Әбдікұлының прозалық шығармаларындағы кӛркемдік-идеялық 
ерекшеліктерін, қаламгердің стильдік белгілерін зерттеп, бүгінгі күн 
тұрғысынан саралау. 
Зерттеудің міндеттері:Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық 
жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:
-Қаламгердің шығармаларында жиі кездесетін «Жалғыздық» идеясының 
берілу жолдарын ашу; 
-Мәтіндегі баяндау тәсілі мен тілдік ізденістерін анықтау; 
-Кӛркем ойды жеткізудегі тілдік-стильдік шеберлігін кӛрсету; 
-Жазушының прозалық шығармалардағы ӛзіндік қолтаңбасын айқындау; 
-Т.Әбдікұлының авторлық табиғатын ашу
-Оқырманның мәтінге қатысын анықтау 
-Автор, оқырман, мәтіннің толық зерттелуіне алғышарт жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет