Тақырып Криминологияның түсінігі және жүйесі, криминологиялық зерттеулердің әдістемесі Жоспары



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата04.10.2023
өлшемі174.51 Kb.
#479864
1   2   3   4   5   6   7
OFRTHAYVEDCT04102023100153

 
Криминология жүйесі 
Заңи ғылымдар да басқа ғылым салалары сынды жүйеленген. 
Қылмыстық құқық ғылымының да Қылмыстық кодекс сынды Жалпы және 
Негізгі бӛлімдерден тұратыны бізге белгілі. Жалпы бӛлім ғылым мен 
тәжірибе үшін негіз болып табылатын жалпы теориялық сұрақтарды 
қамтиды, ал Ерекше бӛлімде – қылмыстық құқық бұзушылық түрлері, оның 
нақты құрамдары және олар үшін жазалау шаралары қамтылады.
Ғылымда криминология Жалпы және Ерекше бӛлімдерге бӛлінген (1966 
жылы алғашқы оқулық шыққанан соң). Шындығында, криминологияның 
Ерекше бӛлімі қылмыстық құқық пен заңнамадан нақты жазаның 
кӛрсетілмеуімен 
және 
жауапкершілік 
проблемасының 
болмауымен 
ерекшеленеді. Шартты алғанда, бұл криминалды циклдық ғылымның Жалпы 


бӛлігін құрайды. Сондықтан да криминологияның Ерекше бӛлімінің заң 
ғылымы жүйесінде орны қалай? - деген сұрақ орынды туындайды. 
Әдеттегінше, криминологияның Жалпы бӛліміне қылмыстылық, оның 
себептері, қылмыскердің жеке тұлғасы, қылмыстылықтың алдын алудың 
жалпы теориясы, ал Ерекше бӛліміне – қылмыстылық түрлерінің 
сипаттамасы және қылмыстылықтың алдын алудың нақты шаралары сияқты 
проблемалар кіреді. Әрине, осындай ұстаным ӛмір сүруге құқылы. Бірақ 
криминологияны Жалпы және Негізгі бӛлімдерге бӛлу мәселесі бір қарағанда 
күрделі. Оның себебі Негізгі бӛлімге енгізілген кӛптеген сұрақтар, мысалы 
рецидивті 
қылмыстылық, 
ӛздігінше 
жеке 
теориялық 
проблема. 
Криминология жалпы бастау кӛзі бола тұра, қылмыстылық ілімін жалпы 
және нақты (ерекше) деп екіге бӛлуге мүмкіндік беретін терең теориялық 
мазмұнға толы.
Жазалармен шартты түрде салыстыруға болатын нақты ұстанымдарды 
нақты қылмыстылықтың түрлерін ескертуге қолдануға болады. Осы нақты 
ұстанымдар криминологияның жалпы теориялық проблемаларына қатысты 
сұрақтың нақты бӛлігі (пәні, түрі) болып табылады. Мысалы, пәтер 
ұрлықтарының алдын алу бойынша «ақтық қорытынды» жалпы ұрлықтар 
бойынша проблемалар болып табылады; одан да жоғарысы – бұл мүліктік 
ұрлықтар және аса жоғарысы – қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар 
және т.б. Дәрежесі жоғарылаған сайын, ұстанымдар да жалпылана береді. 
Бұндай жағдайда Жалпы және Ерекше бӛлімдер жайлы шағымсыз да айта 
беруге болады.
Бұл жерде ғылымның барлық проблемаларын қарастыру оны жүйелеуді 
және санаттауды қажет етеді. Егер де қылмыстық құқық бұзушылық – жалпы 
болса, онда қасақана-күш қолданумен жасалған қылмыстық құқық 
бұзушылықтар – жүйенің бейнесі болып табылатын дәрежелер.
Қылмыстылық түрлері – ұйымдасқан, кәсіби, рецидивті, кәмелетке 
толмағандардың, әйелдер, лауазымды тұлғалардың және басқалардың – осы 
жалпы құбылыстарды және оның құрамын зерттейтін ғылым жүйесінің 
элементтері. Криминологиядағы жеке тұлға проблемасы туралы осылайша 
айтуға болады, болмаса қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды 
мінездеу және санаттау – ғылым жүйесіне сипатты элементтер. Бұл 
қылмыстылықтың алдын алуға да байланысты, онда оның проблемалары 
тӛменнен жоғары қарай (немесе керісінше) жүретін білгілі бір жүйе бойынша 
қарастырылады.
Арнайы монографияларда, оқулықтарда, мақалаларда кӛрініс тапқан 
ғалымдардың криминологиялық негіздеріне келсек, онда криминологияның 
жинақталған жүйесі келесідей болады. Алдымен криминологияда 
қолданылатын түсініктер, пәні, ғылымның мақсаттары, онан соң тәсілдері 
қарастырылады. 
Кейінен 
ғалымдардың 
кӛбісі 
ғылым 
ретіндегі 
криминологияның тарихы мен жағдайын жазу қажет деп санайды; онан соң 
маңызды мәселелер сарапталынады (қылмыстылық, қылмыстылықтың 
себептері мен оған әсер ететін жағдайлар, қылмыскер тұлғасының 
проблемалары, қылмыстылықтың алдын алу, қылмыстылықты болжамдау 


мен жоспарлауды қоса); онан әрі қарай жастар мен кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстылықтары 
және 
рецидивті 
қылмыстылық 
проблемалары жеке қарастырылады; оның соңынан қылмыстылық түрлері 
сарапталынады – ӛз кезегінде тармақтарға бӛлінетін (тонаушылықтар, 
қарақшылықтар және т.б.) қасақана, күш қолданумен; абайсыздықта 
жасалған қылмыстылық пролемасы жеке қарастырылады.
Соңында, шетелдік криминологияның негізгі идеялары қарастырылады. 
Кейбір жағдайларда нашақорлық пен ішкіліктің криминологиялық 
проблемалары ӛздігінше бӛлек сұрақ болады. Осылайша басқа 
ғылымдағыдай емес, адамзаттың әлеуметтік ӛмірі үшін аса жағымсыз 
проблемаларын зерттейтін ғылымдар жүйесі туындайды. Басқа да 
ғылымдардағыдай, криминологияның әдістемелік негізі, материалистік 
диалектиканың заңдары мен санаттары болып табылады. Осы базада 
қылмыстылықтың шығу тегін, оның табиғаты мен әлеуметтік мәнін, 
себептері мен салдарын, қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін, 
алдын алу мүмкіндігін ұғыну бағыты анықталады.
Кереғарлықтардың 
бірлігі 
және 
күрес 
заңдары 
негізінен, 
қылмыстылықтың себебі мен қылмыскердің жеке тұлғасын, оның жағымды 
және жағымсыз қасиеттерін, нақты қылмыстық әрекетті бӛлетін факторларды 
ашуды зерттейтін әдістемелік алғышарт ретінде жүреді. Сандық 
кӛрсеткіштен сапаға ӛту заңы қылмыстық құқық бұзушылық құрамындағы, 
оның түрлерінің сапалық үрдісіндегі ӛзгерістерді түсіндіреді.
Осылайша, диалектиканың заңдары мен санаттары негізінде нақты 
тарихи жағдайларды ескере отырып, криминологиялық обьектілерді терең 
ұғынуға және зерттеуге, сонымен қатар әлеуметтік құбылыстар мен 
процестерге мақсатты түрде біртіндеп антикриминогендік ықпал етуге 
мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет