Тақырып Криминологияның түсінігі және жүйесі, криминологиялық зерттеулердің әдістемесі Жоспары



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата04.10.2023
өлшемі174.51 Kb.
#479864
1   2   3   4   5   6   7
OFRTHAYVEDCT04102023100153

Сұхбат (интервью) – әңгіме-сұхбат жүргізу, онда қатысушылардың бірі 
сұрақ қояды, ал екіншісі оған жауап береді. Сұхбат сауалнамамен ұқсас 
келеді, айырмашылығы жауаптар ауызша түрде беріледі. Бұның астарында 
аталған әдістің жағымды және жағымсыз жақтары бар. Сұхбаттың 
артықшылығы, ол кейбір жағдайларда қажетті ақпараттарды тез және 
толықтай түрде алуға мүмкіндік береді. Алайда, криминологиялық 
зерттеулер мен оның міндеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, жағымды 
нәтижелерге қол жеткізуге кӛп қиындықтар тудырады. Осындай 
қиындықтарға жол бермеу үшін айтылған әдісті қолданатын тұлғалардың 
тиісті дәрежеде даярлығы болуы шарт және ауызша сауалнама алу арнайы 
ұйымдастырушылық–психологиялық дайындықты талап етеді. Кӛбінесе 
сұхбат алу қылмыскер тұлғасын, жәбірленушілерді және қоғамдық пікірді 
зерттеу үшін қолданылады. Сұхбат алудың келесідей түрлері белгілі: 
– еркін, онда әңгіме барысында сұрақтардың саны мен мазмұны еркінше 
ӛзгеріп отырады; 
– стандартталған, онда тек нақты сұрақтардың шеңберінде ғана 
жүргізіледі.
Ауызша сұрау жеке немесе топтық түрде болады, соңғысында сұхбат 
алушы бірнеше тұлғалармен бір мезгілде әңгіме жүргізеді, олардың пікірлері 
басымдық сипатқа ие.
Тестілеу - (ағылшында test – тәжірибе, байқау) – белгіленген маңызды 
шкаласы бар сарапталған сұрақтар мен тапсырмаларды (тест) қолданатын 
психологиялық тексеру әдісі. Жеке айырмашылықтарды стандартты түрде 
ӛлшеу үшін қолданылады. Тестілеу барысы үш кезеңге бӛлінеді: 1) тесті 
таңдау, ол тестілеудің мақсатымен, жалпы зерттеудің мақсаттарымен, 
сондай-ақ тестінің шынайылық мен кепілдік дәрежесімен анықталады; 2) 
тестілеу тәртібі нұсқамамен шартталған; 3) нәтижелерді пайымдау, ол 
тестілеу пәніне және теорияық шарттарған қатысты теориялық кемшіліктер 
жүйесімен байланысты. Тестілеуді әрдайым мамандандырылған психолог 
жүргізуі тиіс.
Тестілеу ӛлшеуге келмейтін психологиялық сұрақтарды, жазбаша 
материалдарды немесе клиникалық әңгімелесу кезінде анықтауға болмайтын 
немесе мүлде мүмкін болмайтын, сондай-ақ жеке тұлғаның қаситеттеін 
санақтық түрде бағалауға мүмкіндік береді. Криминологиялық жұмыстарда 
тестілеу кӛбінесе қылмыскерлер мен жәбірленушілердің эмоциялық, еріктік, 
ойшылдық және басқа да қасиеттерін, қылмыскердің жеке тұлғасын, 


қылмыстық мінез-құлықтың мотивациясын, олардың шарттары мен 
бағдарлығын, сипаты мен мазмұнын, басқа адамдармен және ӛзіне деген 
қарым-қатынасын зерттеуге қолданылады.
Социометрия – латыншадан socius (жолдас, қатысушы), латынның 
societas (қоғам) және гректің metrum (ӛлшем) деген сӛздерінен құралған. Бұл 
ӛлшем 
адамдардың 
арасындағы 
эмоциялық-психологиялық 
байланыстарының ӛлшемі; санақтық және сапалық саралау үшін 
ұйымдастырушылық-техникалық құралдар мен жабдықтар жүйесі, нақты 
индивидтің, ол ӛзі тұратын және жұмыс істейтін тұлғалар тобымен 
әлеуметтік-эмоциялық байланысы.
Осы әдістің кӛмегімен топтағы ӛзара байланыстардың криминологиялық 
ерекшеліктерін қадағалауға, оған баға беруге, психологиялық қарым-
қатынастар сипатын анықтауға, ушығу жағдайларының, топтық, серкелік 
және т.б. болуын қадағалауға болады.
Социометриялық зерттеуде ауызша және жазбаша сұраулар (анкеталық, 
сұхбат) алу әдістерінқолдану арқылы болжам жасалынады. Алынған 
деректер социометрияда (сызбаларда) жетілдіріледі және құрастырылады.
Криминологияда аталған әдіс қылмыстық құқықтағы (қатысушылар 
институты және т.б.) қылмыстық жазалау (бас бостандығынан айыру, түзету 
жұмыстары, бостандығын шектеу және т.б.) шараларының тиімділігін 
зерттеуде пайдалы.
Құжаттық әдіс – криминологиялық зерттеулерде қызығушылық 
тудыратын деректері бар құжаттарды зерттеп, болжау жасалынады.
Құжаттық ақпараттардың маңызды дереккӛзі соттық-тергеу тәжірибесін 
жинақтау болып табылады. Криминологиядан бӛлек ешбір ғылым, оқиға, 
жағдай, қылмыстылық, қылмыскер мен жәбірленушінің жеке тұлғасы туралы 
қылмыстық істегі құжаттандырылған деректердің толық та шынайы санымен 
айналыспайды.
Қылмыстық істерді зерттеу, әдетте мыналармен толықтырылады: 
қылмыскерлерді, олардың туыстарын, қызметтестерін сұраумен; қылмыстық 
іске енбеген құжаттарды (жеке хаттар, ресми куәлер және т.б.) саралаумен; 
психологиялық тестілеуді ӛткізу, социограммаларды толтыру және т.б. 
Аталған әдіс қылмыстық істерден бӛлек, түрлі ресми және бейресми 
құжаттарды (заң шығарушы материалдар, жеке құжаттар, құқықтық, 
экономикалық және санақтық және т.б.) сараптау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет