жолмен анықтауға болмайды. Сонымен қатар аталған әдіс әлеуметтік
жағымды факторларды, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін және т.б.
тексеру үшін тиімді.
Басқаша айтқанда, әлеуметтік эксперимент
экономикалық және әлеуметтік-құқықтық құрылымдар (жеке аумақтардағы
алқа сотының тиімділігі мен негізділігін тексеру) аясындағы қоғамдық
ӛмірдің жағдайы мен формаларының қолдан жасалған ауытқуларын зерттеу
кезінде пайдалы.
Сараптамалық бағалау сол немесе басқа да құбылыстарды болжамдау
үшін қажет. Осы әдісті жүзеге асыру кезінде қылмыстылыққа ықпал ететін
субьективтік
факторлар бағаланып, жауаптардың мағынасын анықтау
мақсатында жинақталған сарапталынатын мамандардың пікірлері ескеріледі.
Жоғарыда аталған әдістер жалпы мемлекет және аумақтық дәрежедегі
қылмыстылықпен күрестің кешенді бағдарламасын жетілдіру және жүзеге
асыру үшін тиімді.
Криминологиялық зерттеулерді жүзеге асырудың маңызды формасы
арнайы жүргізілетін
криминологиялық сараптамалар болып табылады.
Оларды қолдану саласы болып табылады:
а) нормативтік және құқық қолданушылық қызметті ӛз мезгілінде
криминологиялық сараптамалау; басқаша сӛзбен
айтқанда, міндетті түрде
криминологиялық сараптамадан міндетті түрде ӛтуге жататындар:
қылмыстық,
қылмыстық-процессуалдық,
қылмыстық-атқарушылық,
азаматтық, әкімшілік шаруашылық және басқа да нормалардың заң
шығармашылығы, олардың тәжірибеде қолданылуы;
б) жүзеге асыруы криминогендік салдарға апаратын әлеуметтік-саяси,
әлеуметтік-ұйымдастырушылық ұйымдастырушылық-шаруашылық және
басқа да бағыттағы жобалар мен бағдарламаларды криминологиялық
тұрғыдан алдын-ала бағалау.
Криминологияға да басқа ғылым салалары сынды ӛзіндік түсініктер мен
терминдердің жиынтығы тән. Онда негізінен құқықтық ғылымдардың
ұғымдары қолданады. Бұл жерде криминология, әсіресе батыстық,
әлеуметтік «сӛздіктерге», кӛбінесе медицина саласына сүйенеді.
Ғылымда
сӛздік, терминологиялық ӛзара ену кең таралған. Ол кейде пайдалы.
Анығырақ айтсақ кейде ол ештеңе де бермейді, тек сән қуады. Құқықтық
ғылым да ешбір қажетсіз сән үлгісіне тәуелді. Терминологияның сәнқойлығы
тәжірибенің шатасуына апарады, кейіннен шығындарға да соқтырады.
Мысалы, кибернетиканың және информатиканың шапшаң дамуы,
криминалистиканың кӛптеген жылдар бойына жинақтаған терминдер қорын
толтырып жіберуге алып келді. Әсіресе бұл жерде «үлгілендіру» терминіне
оңтайлы болды, ол барлық криминалистік ұғымдардың жартысын
ауыстырды. «Ақпарат» деген ұғым да «фактілер туралы деректер» деген
процессуалистерге түсінікті лексиконды ығыстырды. Жалпыға түсінікті
«дәлелдеу» ұғымын ақпараттану теориясының бір сӛзімен
ауыстыруға
тырысқандар да болды. Айтылғанның барлығы қайсы-бір ғылымға басқа бір
ғылымның терминологиясын пайдалануға тапсырыс берілді деген сӛз емес.
Терминология
Басқа ғылымдар сынды криминологияның жылдар бойында қалыптасқан
ӛзіндік терминдері мен түсініктер жинағы әлі де болса тарихи сыннан ӛтіп
келеді. Айта кететін жай, жалпы алғанда мұндағы терминдер мен түсініктер
ӛзара ұқсас, алайда мағынасы бойынша түсініктер немесе басқа да
пайымдаулар ӛзара пікір-таластар да тудырады. Мысалы, «қылмыскердің
жеке басы» деген түсінік «қылмыскер тұлғасы» деген ұғымға ұқсас. Алайда,
бір жағынан осы түсініктердің араласуын, екінші жағынан – осы түсініктерді
қолданатын ғалымдардың теріс (субьективті) пайымдауларынан терең
пікірталастар туындағанын байқауға болады. Ғылымда грамматикалық
мағынадағы синонимдер кӛп қолданылады, ал кейбір ғалымдар одан «ӛзінің»
түсіндірмесін табуға тырысып, ол ұғымды күрделендіріп бағады.
Қайсы-бір түсінік кейбір авторлардың дұрыс қолданбағандықтарынан
ӛзгеріске
ұшырайтын
кездері
де
болады.
Бұндай
жағдайлар
кримининологияда «қылмыстылық» түсінігінің ұғымын анықтағанда
кездеседі, онда біреулері оны құбылыс ретінде, ал басқалары «процесс» (лат.
- precess, precedure) ретінде пайымдап жүр, ал анығында зерттелетін заттың
(құбылыс) ӛзінің емес, қозғалысын бейнелейтін сӛз.
Егер қылмыстылықты
«қозғалыс» (процесс) ретінде айтуға болатын болса, онда оның қасиеті
туралы емес, қылмыстылық жағдайының ӛсу қарқыны деуге болады.
Бір түсінік ӛз ауқымынан шығып, ӛзінің мәні мен мағынасы басқа бір
ұғымды білдіретін жағдайлар да болады. Осылайша, «детерминизм» түсінігі
«детерминация» және «детерминанттар» деген ұғымнан туындайды.
Ғылым үшін аралас ұғым деген түсінік жоқ. Сонымен, «қылмыстылық»
түсінігінің синонимі жоқ, бірақ «қылмыстық әрекет» туралы кӛп айталады,
алайда қылмыстылық та, қылмыстық әрекет те бір тәртіптік: әлеуметтік-
құқықтық құбылыстың бейнесі. Бірқатар ғалымдар «қылмыстылық» және
«девианттық» пен «делинквенттік» түсінігінің арасынан теңдік байқайды, ол
қылмыстық, демек қылмыстық жазаны қоса алғандағы мәжбүрлеу
шараларын тәжірибеде кең қолданудың мүмкін еместігімен байланысты.
Криминологияда тектік және сипаттық ұғымдар бар. Сонымен,
қылмыстылық – тектік ұғым, одан қылмыстылықтың алуан түрлігін
кӛрсететін сипаттық ұғымдар ӛнеді. Бұл – рецидив қылмыстар да, әйелдер,
ұрлықтар, лауазымдық және т.б. қылмыстар. Криминология тектік және
сипаттық ұғымдардың арасындағы байланыстар мен ӛзара қарым-
қатынастарды зерттейді, ол «тӛмен» түсе отырып,
нақты қылмыстық құқық
бұзушылықтарға дейін сараптайды, оның түсінігінше қылмыстылық – ӛзінің
заңдылықтары бар ауқымды құбылыс, себебі жоғары дәрежеде байқалады,
онан соң – ортасында нақтыланатын және соңында – жеке қылмыстық құқық
бұзушылықта
белгілі
сипаттарға
ие
болатын,
маңыздысы,
біз
байқағанымыздай, ол тек жалғыз құбылыс емес, сонымен қатар жасалған
қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы. Қылмыстылықты ескерту
проблемасы – бұл негізінен, жалпы,
ғаламдық дәрежеден бастап,
профилактикалық шаралардың нақты қол жетімді алдын алу шараларын
біртіндеп нақтылау проблемасы.