республикалық «Абайтану»
олимпиадасы өткізіліп келеді. Бұл олимпиаданың мақсаты – Абай өлеңдерінің мән-маңызы
мен қадір-қасиетін оқушының түсінуіне бейімдеу, хакім қарасөздерінің тәрбиелік-
тағылымдық маңызын меңгерту, Абайша ойлауға ұмтылып, сөйлеу мәдениетін үйрену, тіл
тазалығын сақтауға және күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру. Олимпиадаға 2019
жылы 73 оқушы қатысса, 2020 жылы 122 оқушы бақ сынады. Барлық қатысушы оқушыларға
ынталандыру сыйлықтары, Алғыс хаттар мен Грамоталар, жеңімпаз оқушыларға бағалы
сыйлықтар табысталды. Бұл – республикадағы әр оқушының Абай шығармашылығынан
сусындап, Абай мұрасын дәріптеуге деген ынтасын арттыру мақсатындағы ұтымды жоба.
Оқушы дарынын шыңдап, шығармашыл шәкірттерге шабыт беру мақсатында және
хакім Абай мұрасын кеңінен насихаттау үшін мектеп-интернат жанынан тоқсанына 1 рет,
жылына 4 рет «Абай үні» журналын шығару ісі жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар,
оқушы санасына Абай тағылымын сіңіру мақсатында үлкен үзілістерде мектеп радиосы
арқылы Абай әндері мен қарасөздерін тыңдату жолға қойылған.
Орта білім алу – әрбір адамға әрі қарай оқу, мамандық алу мен өмірде табысқа жету
мүмкіндігін қамтамасыз етудің түбегейлі қажеттілігі. Әр оқушы мектеп қабырғасында жүрген
кезден-ақ өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға, саналы
таңдау жасауға, сондай-ақ, өмірдің кез келген өзгермелі жағдайларына икемді болуға үйренуі
және бейімделе білуі тиіс. Осы орайда академиялық дарынды дамыту қажеттілігі туындайды.
Мектепте оқушы бойындағы академиялық дарынды дамыту мақсатында «Академиялық
жазылым», «Когнитивті лингвистика», «Мәтін талдау», «Сөз мәдениеті», «Әдебиеттануға
кіріспе», «Әлем әдебиеті», «Ұлы дала даналығы», «Мәдени мұра», «Дипломатия негіздері»,
«Әлемдік мәдениет» бейіндік пәндерін оқыту қолға алынды. Бұл пәндер оқушының
бойындағы тілдік дағдыларын (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) дамытуға, мәдени
ашықтық пен толеранттық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізбек. Сонымен бірге, елге
танымал ақын-жазушылар, айтыскер ақындар мен тілші, журналистер, оқытушы ғалымдар
мен профессорлардың, оқулық авторларының дәрісін тыңдап, сұхбаттасуға бағытталған
«Тағылым» жобасы қолға алынған. Қашықтан оқыту кезеңінде де бұл үрдіс тоқтамай,
мектептің инста парақшасында тікелей эфир арқылы жалғасын тапты.
Оқушының дарынын жан-жақты ашу тек интеллектуалдық, академиялық немесе
шығармашылық бағытта емес, сонымен қатар, көркемдік, әлеуметтік, спорттық бағыттарды да
қамтуы тиіс. Сонда ғана ой-өрісі кең дамыған, толыққанды тұлға қалыптастыру жүзеге аспақ.
Осыған орай, мектепте оқушының көркемдік дарынын шыңдау мақсатында «Сәндік
қолтаңбалы өнер» (алаша, кілем, гобилен тоқу, кесте тігуді үйретеді), «Домбыра», «Айтыс
өнері», «Шешендік сөз өнері», «Поэзия әлемі», «Медиасауаттылық» және «Журналистика
негіздері» бейіндік пәндері өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |