күрес үйірмесі ұйымдастырылған. Ал былтырғы оқу жылынан бастап футбол және шахмат
пәндері енгізіп отырмыз. Футбол - балалардың ең сүйікті ойыны болса, шахмат - баланың
логикалық ойлау қабілетін дамытуда таптырмас спорт түрі.
Шығыс ғұламаларының бірі Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында:
Анадан да шарана білімсіз болып туады,
Білімоқыпүйреніп, дана жолын куады.
Адам естен басқаны білімнен алады,
Білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады [4,35],-
десе, ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мәнсапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім
мен ғылымда екенін түсіндіре келіп: «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез
деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық»
[5,41] -
деп, адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады. Сонымен
қатар, дана Абай жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала
анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады,
екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейді» [5,21], - деген екен.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып,
оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке
қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар
өте көп. Өйткені XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Білім сапасын арттыру, окушылардың
дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру – міндет. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпак
тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н.Ә. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар». – 2017ж.
www.akorda.kz
2.
Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2014ж. 1-том.
3.
Даль В.И. Сборник цитат. – 2011 жыл. ru.wikisource.org
4.
Баласағұн Ж. «Құтты білік» дастаны. – Алматы: «Таймас» баспасы, 2007 жыл.
5.
Абай. «Қара сөз. Поэмалар». – Алматы, 1993 жыл.
|