«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет32/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

күрес үйірмесі ұйымдастырылған. Ал былтырғы оқу жылынан бастап футбол және шахмат 
пәндері енгізіп отырмыз. Футбол - балалардың ең сүйікті ойыны болса, шахмат - баланың 
логикалық ойлау қабілетін дамытуда таптырмас спорт түрі.
Шығыс ғұламаларының бірі Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында: 
Анадан да шарана білімсіз болып туады, 
Білімоқыпүйреніп, дана жолын куады. 
Адам естен басқаны білімнен алады, 
Білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады [4,35],-
десе, ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мәнсапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім 
мен ғылымда екенін түсіндіре келіп: «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез 
деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» 
[5,41] - 
деп, адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады. Сонымен 
қатар, дана Абай жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала 
анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады
екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап
тыныштық көрмейді» [5,21], - деген екен. 
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, 
оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке 
қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар 
өте көп. Өйткені XXI ғасыр – білімділер ғасыры. Білім сапасын арттыру, окушылардың 
дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс 
қабілеттерін қалыптастыру – міндет. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпак 
тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Назарбаев Н.Ә. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар». – 2017ж. 
www.akorda.kz
 
2. 
Әуезов М. Шығармаларының 50 томдық жинағы. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2014ж. 1-том. 
3. 
Даль В.И. Сборник цитат. – 2011 жыл. ru.wikisource.org 
4. 
Баласағұн Ж. «Құтты білік» дастаны. – Алматы: «Таймас» баспасы, 2007 жыл. 
5. 
Абай. «Қара сөз. Поэмалар». – Алматы, 1993 жыл.


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет