75
Алдымен оқушыны оқуға талпындыру үшін білім алуына қолайлы жағдай жасау.
Оқушылардың оқуға деген мотивациясының жоғарлауына сыныптағы көңіл күйдің жақсы
болуы көп әсер ететіні айтпасада түсінікті. Біз әр балаға сабақ беру барысында жеке тұлға
ретінде қарап оның ойын, пікірін ескеріп сабақ өткізсек оқушы да өзінің білім алуға деген
көзқарасын өзгертері сөзсіз.
Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып,
оны меңгеріп, сол жаңа
педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз
сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді,
меңгереді,
тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.Сабақта қолданған әр жаңа
иновациялық әдіс-тәсіл сабақ беру барысына тың жаңалық әкеліп оқушылар бойына
қызығушылық пен құлшыныстың әкелетіні рас. Оқушыны білім алуда өз алдына мақсат қойып
сол мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін, қандай жолдары бар екенін түсіндіру керек.
Оқушыларға дайын күйдегі
білімді бермей керісінше, олар оқу барысында бақылаулар,
қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы
заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Мұғалім осы күрделі
жұмысқа басшылық жасап қана отырады
.
Сонымен қатар, педагогтерге оқушының психологиялық
жас ерекшелігін терең біліп,
оқыту мен тәрбие үдерісін жүзеге асыруда басшылыққа алуы маңызды. Жеке-тұлғалық
қасиеттеріне оқушының темперамент типі, қабілеті, мінез-құлқы және өзіндік санасы жатады.
Темперамент типтері мен мінез-құлық ерекшеліктері, экстроверт пен инстроверт
оқушылардың
өз-өздерін реттеуде, өз-өздерін бағалауда, оқуға ішкі және сыртқы
мотивацияны оятуда ерекшеліктеріне қарай педагог қарым-қатынас стилін айқындап, қолдау,
бағыт-бағдар беру мөлшерін қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асыру шарт. Оқушы
қабілетін, оның арнайы және жалпы көріну кеңдігіне қарай оқыту-тәрбие үдерісінде дамыту
үшін
кеңейтілген тапсырмалар, сыни тұрғыдан
ойлау қабілеттерін дамыту, Блум
таксономиясына негізделген деңгейлік тапсырмалар мен деңгейлік сұрақтар және т.б. енгізу
арқылы дамытуға болады. Бүгінде педагогтерге оқушының психологиялық жас ерекшелігін
терең біліп, оқыту мен тәрбие үдерісін жүзеге асыруда басшылыққа алуы маңызды. Жеке-
тұлғалық қасиеттеріне оқушының темперамент типі, қабілеті,
мінез-құлқы және өзіндік
санасы жатады. Темперамент типтері мен мінез-құлық ерекшеліктері, экстроверт пен
инстроверт оқушылардың өз-өздерін реттеуде, өз-өздерін бағалауда, оқуға ішкі және сыртқы
мотивацияны оятуда ерекшеліктеріне қарай педагог қарым-қатынас стилін айқындап, қолдау,
бағыт-бағдар беру мөлшерін қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асыру шарт. Оқушы
қабілетін, оның арнайы және жалпы көріну кеңдігіне қарай оқыту-тәрбие үдерісінде дамыту
үшін кеңейтілген тапсырмалар, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, Блум
таксономиясына негізделген деңгейлік тапсырмалар мен деңгейлік сұрақтар және т.б. енгізу
арқылы дамытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: