Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет5/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Психология негіздері

Зертханалық эксперимент – арнайы жағдайларда жүргізіледі, 
арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері 
нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, 
бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи экспериментеңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі 
жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда 
екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан 
өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерек-
шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын 
стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда 
адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, 
психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге 
қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін 
талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды 
талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық тал-
дауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп
кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-
талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулер-
де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық 
құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің 
әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы 
жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын 
қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық 
модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең 
қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде 
сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет