температураның, қысымның, концентрацияның және т.б. параметрлердің мәні
уақыт бойынша
өзгермейді.
3)Құрастырылған әрекеттегі процестер. Мұнда үздіксіз әрекеттегі процестің кейбір
сатысы мерзімді әрекетте өтеді немесе керісінше.
Үздіксіз әрекеттегі процестердің мерзімді әрекеттегі процестерге
қарағанда мынадай
артықшылықтары бар:
А) Дайын өнім үздіксіз алынады.
В) Процесті механикаландыру және автоматтандыру оңай.
С) Алынатын өнімнің сапасы біркелкі болады, себебі, процестің өту режимі тұрақты.
Д) Жабдықтың ықшамдылығы, яғни материалдық және эксплуатациялық шығындары аз.
Г) Аппараттың
жұмысында тыныс болмағандықтан, берілетін (немесе алынатын) жылу
толығымен пайдаланылады және шыққан жылуды пайдалану мүмкіндігі бар.
Бөлшектердің аппаратта болу уақытының таралуы және соған байланысты процеске
әсері бар басқа факторлардың температура, концентрация және т.б. уақыт бойынша
өзгеруіне байланысты үздіксіз әрекетті аппараттың екі теориялық моделін қарастырады:
А) Идеалды ығыстырғыш, мұнда барлық бөлшек белгілі бағытта,
ешқандай
араласпастан,алдыңғы бөлшектерді толық ығыстырады, яғни қатты поршень тәрізді жылжиды.
Мұндай аппараттарда барлық бөлшектердің аппаратта болу уақыты бірдей болады.
Достарыңызбен бөлісу: