Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Ойын жағдайында допты игеру техникасы Осы сабақта қол



Pdf көрінісі
бет47/54
Дата12.10.2023
өлшемі1.21 Mb.
#480615
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
9 сынып 4 тоқсан д.ш

Ортасы 
Тапсырма: 
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіріңіз. 
Дескриптор: 
-екпін алып жүгіреді; 
-белгіленген сызықты баспай бір аяқпен серпіліп ұшады
-қос аяқты алға тастап, қолдың көмегімен барынша алға қарай ұмтылады; 
-қос аяқты алға тастап, секіру шұңқырына жамбаспен түседі; 
-қозғалыс түрін (секіру) анықтайды; 
-секіру (жүгіру, серпілу, ұшу, қону) техникасын орындайды; 
-секіру кезіндегі (екпінмен жүгіру, тізесін ішке алмауы, жарақат алып 
қалуы т.б) тәуекелдерді анықтайды. 
 
 
Арнайы ресурстар 
арқылы жаңа 
тақырыпты 
талдайды 
Жұп бойынша 
Жеке, өзара 
тақырыпты 
түсінгендерін 
мұғалімге қол 
көтеру арқылы
білдіреді
Кілт сөздер мен 
тіркестер. 
Оқушыларды 
түсінігін талқылау, 
көрсету топтық 
Смаликтер 
арқылы
ҚБ өзін өзі
бағалау 
Бағалау 
парақшасын 
толтырады. 
Доптар: 
түрлі 
мөлшер, 
текстура, 
түс, салмақ, 
т.б. 
Доптар 
(түрлі 
мөлшерлі). 
Нысана 


Мұғалім сыныппен бірге жеңіл атлетиканың негізгі түрлерін анықтау 
мақсатында әңгіме құру. Олар: спринтерлік жүгіріс, лақтыру және жан-
жақты секірулер. Мұғалім осы айтылған негізгі түрлерінің ішінде әйгілі 
танымал спортшыларды  айтуын сұрау. Мысалы: Усэйн Болт, Ян Железны, 
Елена Исинбаева. Оқушылар өздерінің топтарында осы айтылған 
спортшылардың денені қыздыру жаттығуларын ғаламтор арқылы табуы 
және оны жасап көруін бақылау. Оқушылар денені қыздыру 
жаттығуларының жан-жақты түрлерін құрастырып, көрсету керек. Орындап 
болғаннан соң оқушы өзінің әрекетін талқылап, өзін-өзі бағалау.
Төзімділікті дамыту. 5 минуттық жүгіріс, жылдамдық бағытын мұғалімнің 
дыбыс беру арқылы өзгерту. Жүгіру мақсатында мұғалім оқушыға дұрыс 
стратегия қолдану туралы тапсырма беру.
Негізгі бөлім.Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына 
жаттығуларды жетік білуіміз керек: - бір орында ұзындыққа секіру, - үш 
қадам жасап секіру, - жылдам жүгіріп келіп секіру. Жүгіріп келіп ұзындыққа 
секірудің ең қарапайым түрі - «аяқты бүгіп секіру әдісі.» Бұл әдіс бойынша 
секіруші 20 метрдей қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп 
келіп,аяқты бүгіп секіреді.Ұзындыққа секіру:1)екпіндей жүгіру, 2)жерден 
серпілу, 3) қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң 
жүгірсе, соғұрлым алысқа секіреді. Ұзындыққа секіруді жақсы үйрену үшін 
мына тәсілдерді меңгеру қажет: - тез жүгіре білу жаттығуын қайталау, - 
серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау. - серпілетін 
аяқты жерге нық тіреп,жақсы серпілу. - жерге дұрыс түсе білу.(артқа құламай 
түсу) Екпіндей жүгірген әр баланың адымының ұзындығы әр түрлі 
болмақ.Әдетте жерден серпілуге дейінгі жүгіретін қадам саны тақ 
болса,жүгіру серпілетін аяқтан,ал жұп болса ,сілтенетін аяқтан бастау 
керек.Қорытынды бөлім. Секіру жаттығулардан құралған эстафеталық 
ойындар.«Кім алысқа секіреді ? » бірінші нөмірлі бала сөре сызығына келіп 
бір орыннан ұзындыққа секіреді.Оның өкшесі тиген жерден екінші бала 
ойын жақсарту 
туралы белсенділігі 
туралы әлеуметтік 
дағдыларды түсіну 
және көрсету 
қозғалу дағдылары 
секіру, лақтыру, 
жүгіру 
ҚБ  
ретінде 
түрлі қайта 
өңделе 
алатын 
заттар 
қолданыла 
алады: 
пластикалық 
саптаяқ / 
шөлмектер, 
картон туба / 
жәшіктер. 


секіреді.Секіру осылай жалғасады.Қай команданың секірген қашықтығы 
ұзын болса,сол команда жеңеді. «Тез - тез секір! » Әр команда алаңның екі 
шетіне қарама – қарсы орналасады. Белгі берілгенде барлық команда 
мүшелері тек қос аяқпен секіре жөнеледі. Сөйтіп екі команда орындарын 
алмастыру керек. Қай команданың соңғы мүшесі бірінші жетсе, сол команда 
жеңіске жетеді. « Секір де, жүгіре жөнел ! » эстафетасы.Екі команда 
сызықтың екі жағына бірінен – бірі 2-3 метрдей қашықтықта лек түзеп 
тұрады.Әр командада екі ойыншы лектің алдына шығып, секіртпе жіпті 
айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен тез – тез 
шығып,айналып тұрған жіпті іліп кетпей секіріп өтеді де,алаңның қарсы 
бетіне сап түзеп тұрады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған және аз қате 
жіберген команда жеңеді.Үйге тапсырма,мадақтау,Мұғалім оқушыларды 
өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды. Секіру техникасын 
бағалау
Дескрипторлар: қозғалыс қарқынын мөлшерлеуін біледі, пәннің білімін 
жоғарлатады және дене сапаларын жетілдіреді.
Сабақтың соңы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет