103
Радиоактивтi ыдырау заңы деп радиоактивтi ядролардың санының
уақыт бойынша өзгеру
заңдылығын айтады. Бұл заңды оңай анықтауға болады. Шындығында, егер қандай да бiр уақыт
мезетiнде радиоактивтi ядролардың саны
N болса онда dt уақыт аралығында ыдырайтын
ядролардың саны
dN мынаған тең болады
dN=-λN·dt
мұндағы
минус таңбасы dN – дi ыдырамаған ядролардың өсiмшесi ретiнде қарастырумен
байланысты. Ал
λ, радиоактивтi ядроның бiрлiк уақыт аралығында ыдырау ықтималдылығы. Оны
әдетте
ыдырау тұрақтысы деп атайды. Бұл өрнектi интегралдай отырып
ln
N =-λt + const
аламыз.
Бастапқы t=0 уақыт мезетiндегi ыдырамаған радиоактивтi ядролардың санын
N
0
деп
белгiлей отырып,
const = ln
N
0
екенiн аламыз. Онда
N =N
0
e
-λt
Мiне, осы өрнек радиоактивтi ыдырау заңы болып табылады (7.10 - сурет).
Бастапқы радиоактивтi ядролардың жартысы ыдырайтын уақытты жартылайыдырау периоды деп
атап,
Т
1/2
әрiпiмен белгiлейдi. Онда бұл анықтамадан
ал бұдан
Бүгiнгi күнге дейiнгi белгiлi радиоактивтi ядролардың жартылайыдырау периоды 3·10
-7
с-тан
5·10
15
жылға дейiнгi аралықтағы мәнге ие.
Радиоактивтi заттың активтiлiгi деп бiрлiк уақыт аралығында болатын ыдыраудың санын айтады,
яғни
Бұл жерден активтiлiктiң радиоактитi ядролардың санына пропорционал, ал жартылайыдраудың
периодына керi пропорционал екенi көрiнiп тұр.
Активтiлiктiң халықаралық бiрлiктер жүйесiндегi бiрлiгi беккерель (Бк). Беккерель деп 1 с iшiнде
бiр ыдырау жасайтын радиоактивтi заттың активтiлiгi алынған. Нақтылы
өмiрде активтiлiктiң
кюри (Ки) деп аталатын бiрлiгi жиi қолданылады. Кюри ретiнде 1 с аралығында 3,7·10
10
ыдырау
жасайтын радиоакивтi заттың активтiлiгi алынған.
Достарыңызбен бөлісу: