«тарих» кафедрасы


Қалалық мәдениеттің қалыптасу тарихы



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата23.10.2023
өлшемі3.11 Mb.
#481446
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Каналхан Е.Г. 2022 сонгы вариант (1)

 
2.3 Қалалық мәдениеттің қалыптасу тарихы 
 
Сырдария төменгі ағысы сақтарының мәдениеті б.з.д. I мыңжылдықтың 
екінші жартысында гүлденді дамыды. Бұл кезеңде Іңкәрдария арнасы 
Жаңадария арнасына ауысып, негізгі су жолына айналады. Бұл уақытта 
аймақтан Шірік-рабат, Бәбіш-мола,Баланды антикалық қалалар тобы 
ашылды. Хорезм экспедциясының зерттеу жұмыстары бұл қалаларды үлкен 
мәдениетке топтастырып «шірікрабат мәдениеті» атауы берілді [90;91;92, 78-
84 бет;93, 56-63 бет].
2004 жылдан бастап мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының 
аясында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт Ата 
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірлескен Шірік-рабат 
археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) Шірік-Рабат қала 
қорымында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кететін 
жайт, қалашық екі дәуірдің ескерткіші ол алғашқы антикалық кезең болса 
және ортағасырлық кезеңде оғыз дәуірінің қалашығы болған (сурет 5-6).
Солардың ішіндегі орталығы болған Шірік-рабат қалашығы қазіргі 
Қызылорда қаласынан батысқа қарай 300 шақырым жерде, Қызылқұм 
шөлінде, табиғи төбенің үстінде орналасқан. Бұл қалашықты 1946 жылы С.П. 
Толстовтың жетекшілігімен ХАЭЭ-сының маршурттық барлау тобы ашып, 


47 
1948-1949 және 1957-1958 жылдары станцинорлық зерттеу жұмыстарын 
жүргізді. Жалпы бұл қалашықты өмір сүрген уақыты б.з.д. V-II ғасырлармен 
мерзімделеді[94, 187 бет; 95, 191-210 бет; 96, 159-169 бет; 99, 138-144 бет]. 
Қамал сыртқы қабырғасы қатты бүлінген қалыңдығы 4,5 м болатын 
ішкі қабырғада ені 1,8 м атқыштар галериясы орналасқан. Шірік рабатың 
қорғаныс жүйесі Хорезімнің антикалық бекіністеріне ұқсас болып келген. 
Шірік–рабат ескерткіштерінің ең көне тобын (6 оба) обалар құрайды, 
қалашықтың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан бұл обаларға, ХАЭЭ 
тарапынан қазба жұмыстары жүргізілген. 
Шірік-рабаттағы қазбалардың нәтижелері қалашық тарихының негізгі 
кезеңдерін анықтауға мүмкіндік берді. Оның пайда болуы б.з.д. Vғасыр 
немесе б.з.д. VI ғасырдың соңы болуы мүмкін. Қалашықтың ең көне түрі 
болып төбе үстіндегі обалар саналады. Айналысына қалашық құрылыстары 
салынған бұл жерлеу құрылыстары қалашықтың өзегі. Сақ көсемдерінің 
немесе «патшаларының» жерлеу құрылыстары обалардан кейін осы қасиетті 
жерлеу орындарын қорғайтын жауынгерлерден кейінен үлкен елді мекенге 
айналған. Бұл қалашыққа адамдар ХІІ-ХІІІ ғғ қоныстанған [90, 35-65 бет] 
Қазіргі таңда қала аумағында кешенді археологиялық қазба жұмыстары 
жүргізілген. 2004-2006 жылдары қалашық территориясында екі жерлеу 
конструкциясы және диаметрі шамамен 80 м үлкен шеңбер тәріздес құрылыс 
қазылды. Зерттелген жерлеу орындары диаметрі 15 м болатын кішігірім ойыс 
сияқты болып келген. Қазба барысында жер деңгейінен 2,10-2,50 м. 
тереңдікте пішіні төртбұрышты болып келетін күрделі түрде салынған қабір 
құрылысы табылды. Бұл бір-біріне ұқсас батыс және шығыс бөліктерден 
тұратын катакомбалардан тұрады. Қабірхананың салыну барысын сөз етер 
болсақ, мұнда ең алдымен мәйіттің ішкі үйі болып есептелетін лақат қазылып 
дайындалған. Мәйіт жерленген соң оның шығар есігі кесек кірпіштермен 
қалап жабылған. Лақат ішінен бас жағымен оңтүстікке қарай жатқызылған 
үш ересек адамның мәйіттері аршылып алынды. Қабірді аршу барысында 
мәйіттермен қоса көмілген жеке бұйымдар да табылды. Батыс беттегі жеке 
жатқан мәйіттің сол жанынан ұзындығы 1 метрден асатын семсер мен белінің 
тұсынан белдіктің қалдықтары табылды. Мұнда айта кетерлік жәйт: шығыс 
беттегі екі мәйіт бірінің үстіне бірі қабаттастырыла қойылған. Екі мәйіттің 
астыңғысының белінен белдік былғарысының қалдықтары мен киімдерге 
жапсырылып тігілген сары металдан, пастадан жасалған әшекейлік 
бұйымдары табылды. Сондай-ақ, олардың жанынан Есіктен табылған 
таңбаларға да ұқсас болып келетін жазуы бар қыш құмыра-көнек пен 
күміспен құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы шықса, ал аяқ жағынан 
қыштан жасалған шамдал ыдысы табылды. Жерлеу құрылыстары б.д.д. IV-II 
ғғ. жатады. Қалашықтың оңтүстік-шығысында орналасқан үй бірнеше 
бөлмелер мен шаруашылық құрылыстарынан тұрады. Табылған заттар бұл 
үйдің жерлеу құрылысынан кейінгі кезде, яғни ІХ-ХІІ ғғ. соғылғанын 
көрсетеді. 


48 
Шірік-рабат мәдениеті жатқызылатын ескерткіштердің бірі Бәбіш 
молда кешені. Жаңадарияның бүйірлік екі арнасының ортасында, Шірік-
рабат қалашығынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде 
орналасқан. 
Бәбіш молда – апасиак қоныстарының ірі кешені. Бәбіш молда-1 
қалашық болса, Бәбіш молда-2 жерлеу орны. 1-Бәбіш молда – бұл бекінісі, 
дұрыс емес кескіндегі қалашық, Шірік-рабаттан әлдеқайда кішірек. Оның 
солтүстік бөлігіндегі бұрыштарында және шығыстағы қабырғасында 
орналасқан пахса қабырғаларымен қоршалған шаршы тәріздес цитадель 
(100х100 м) орнатылған. 
2-Бәбіш молда қалашығы монументті жерлеу ғимараты ол шаршы 
тектес ішкі жобасы-симметриялы. 
Егер Шірік рабат аумағы ХVII-IX ғғ қарақалпақ суландыру жүесімен 
байланысты кейінгі ирриграциялық қаббатарымен жабылған болса онда 
Бәбіш молда ауданы мұндай қаббататулардан алыс жатыр. Қоныстар 
арасында үйлердің қалдықтары кішкене төмпешіктер түрінде, тақыр 
жерлерде шоқы түрінде ал кей жерлерде өсімдіктердің өсуімен және 
көптеген ұсақ қыш ыдыс сынықтардың шашырандылары түрінде сақталған. 
Бәбіш молда кешені 1946 ж. ашылып, 1948 және 1949 жылдары 
қосымша зерттеліп, 1957-1960 ж.ж. қазба жұмыстары жүргізілді [ 18, 136-188 
бб.]. 
Тағы да бір «шірік рабат мәдениетіне» жатқызылатын қызық 
ескерткіштер тобы ашылды. Бұланды кешені үш ескерткіштен: маңында 
қоныстары бар қамалдар, (Бұланды-І) және екі жерлеу құрылысы кесенелері 
(Бұланды-ІІ,ІІІ) ашылды. Бұланды-І бекіністі үйдің қалдығы, оның кешенінен 
бірнеше түрлі-түсті сылақпен безендірілген салтанатты бөлмелер ашылды. 
Бөлмелердің бірінен табылған заттар б.з.д ІІІ-ІІ ғасырлармен мерзімделеді. 
Табылған жәдігерлердің ішіндегі оймыш өрнекті сүйек тіліктері, шыны 
ыдыстардың сынықтары, үлкен қола айна, арыстаның тас бейнесі т.б 
жәдігерлер алынды. 
Бұланды-ІІ 
кесенесі 
антикалық 
дәуірдегі 
Орта 
Азия 
архиетектурасындағы күмбезбен жабылған алғашқы құрылыс. Жоспарында 
дөңгеленіп келген құрылыстың диаметрі 16 м-ге жуық. Бұланды-ІІ кесенесі 
құрылысына, әсіресе күмбезіне жасалған анализдер қызық нәтижелер берді. 
Осындай типті күмбезді құрылыстар Орта Азия мен кешеге дейін сақталып 
келді. 
С.П.Толстовтың пікірінше бұндай күмбез рим архитектурсында пайда 
болып, кең тараған. Күмбез туралы алғашқы жазбалар Витрувияға (б.з.д І ғ.) 
тиесілі. Осы ғасырмен римдік архитектурадағы күмбез мерзімделеді. 
Сонымен Арал өңірінің архитектурасында күмбез Римдегіден екі-жүз жыл 
ерте пайда болған делінеді.
Қабылдың қорғаныЖаңақала ауылнан батысқа қарай 47 км жерде 
орналасқан. Ескерткіш алғаш 50-жылдары ХАЭЭ-сы (С.П.Толстов) ашып 
зерттеген. 2005 жылы қайта барлау жұмыстары жасалынған, (Ж. 


49 
Құрманқұлов, Ә. Тәжекеев). 2012 жылы қазба жұмыстары жүргізілген. 
Қалашық тік төрт бұрышты биік бекініс қабырғалармен қоршалаған. 
Қалашықтың ішінде құрылыс орыны байқалмайды. Қамалға кіретін қақпа
оңтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орналасақан және 6-7 м шығыңқы. 
Бекініс қабырғаларында мұнаралар жоқ, екі деңгейде орналасқан көптеген 
атыс ойықтары бар [27,179-188 бб.]. 
Алыптың қорғаны – Қармақшы ауданы,Байқоңыр қаласынан батысқа 
қарай 25 км жерде орналасқан. Қалашық тік төрт бұрышты болып келген 
бекініс қабырғалармен қоршалаған(57,5х57,5). Қалашықтың ішінде құрылыс 
орыны анықталмады. Қамалға кіретін қақпа оңтүстік-шығыс жағында 
орналасқан. Бекініс қабырғаларында мұнаралар жоқ, екі деңгейде 
орналасқан көптеген атыс ойықтары бар. 
Антикалық кезең ескерткіштері бұл уақыт аралығы Арал маңы сақ 
тайпалары уақытымен мерзімделіп отыр, бекінісіті көп қалалар әлі де болса 
зерттеулерді қажет етіп отыр.


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет