76
Олар әр түрлі кезеңдермен мерзімделеді. Солардың бас жағы сақ
кезеңінен бастау алып соңы ХІХ ғасырдың бас кезіне жатқызылып отыр.
Қызылорда облысында орта ғасырлық және кейінгі ортағасырлық
мавзолейлер көп, сол жәдігерлерді топтап, сараптайық.
Оқшы Ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш. Мазарға
жерленген кісінің аты Ибраһим шайхы. Лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата –
кейін ел қойған есімі. Кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың
тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы 9-10 ғасырлардан
бастау алып, белгі XV-XVI ғасырларда салынса керек. Баба мазары жөнінде
мәліметтер В. Каллаур, И. Кастанье, А. Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, т.б.
еңбектерінде сақталған[24, 512 б; 130].
Мазардың ұзындығы-7,15м, ені-7,10м, маңдайшасының биіктігі-4,80 м,
қабырғасының биіктігі- 3,30 м, күмбез биіктігі- 3,35 м.Оқшы ата жөнінде ел
ішінде аңыз әңгімелер көп.
Оқшы атаның аты Ыбырайым десе, бір деректе
Көгентүп делінеді. Бұл жерде Оқшы атамен бірге Асан ата, Есабыз, Ғайып
ата, Қыш ата, Досбол датқа, Бала би сияқты ел ардақтылары орналасқан.
Қорқыт ата кітабында, Оқшы ата ежелгі Бестам қаласында қару-жарақ
шығаратын
ұстахананың пірі, Қазан ханның батыры болған деген де дерек
бар.
Ақсақ қыз кесенесі.XV-XVIII ғғ.– Қорқыт ата қорымының
солтүстігінде темір жол бойында Қорқыт ата бекетінің шығысында
орналасқан. 1998 жылы зерттеуде есепке алынды.Аңызында Қорқыт ата
дарияның үстіне кілемін жайып жіберіп, қобызын тартқан.
Онан шыққан
сиқырлы сазды бірнеше шақырым жердегі Қырық жүз естиді. Сөйтіп әуенге
елегізіп, олардың 39 қыздары жолда адасып жете алмай қайтыс болады.
Оның ішіндегі жай жүрген Ақсақ қыз ғана Қорқыт маңына жетіпті. Енді бір
аңызда Ақсақ қыз Қорқыт атаның қарындасы деп те айтылады.Ескерткіш
бастапқы кезде үстін түгелдей топырақ басқан төбе бейнелі болды. Оның
диаметрі 8 метр, биіктігі 1,5 метр шеңберлі жоспарлы. Жан-жағын тазалап
ашқанымызда, аумағы 6,30х5,80 метр өлшемді тікбұрышты, қабырғалары
дүниенің төрт бұрышына бағытталған қыш кірпіштен қаланған іргетас
қалдықтары шықты. Құрылыстың төбесі күмбезді болғаны ішіне құлаған
қыш кірпіш қаланымынан байқалады. Ол қосбетті болған.
Оған дәлел
кіреберіс алғы беті іргесі 2 метр шаршылы қаланып, екі жағында да кіші
күмбез орналасқан [24].
Сырлытам кесенесі, (Жаңадриялық)ХІІ-ХІІІ ғасырлар. Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа
қарай
106,5 шақырымда орналасқан. Сырлытам күмбезі бетшелі-күмбезді, бір
камералы құрылысқа жатады, өлшемдері 12х10,5 м, жарықтың бұрыштарына
бағытталған. Ескерткіштің жалпы биіктігі күмбезбен бірге 13 м құрайды.
Салмақ түсетін қабырғаларының қалыңдығы әр түрлі болып келеді –
солтүстігіндегі 2 м, батыс және шығысындағы 1,5 м, оңтүстігіндегі 1м.
Кесененің оңтүстік және солтүстік жағында терең қуыстары бар екі есігі бар.
Кіреберістер жалпақ жарма есіктермен (1,5 м) жабылған. Биіктігі 7,5 м
77
бетшенің оңтүстік секторға бағытталған призмалы корпусқа жазылған, пішіні
3,5х2,2м терең қуысы бар, айқышты қабырғада кірме ойығы бар сүйір
аркасымен жабылған порталды терең қуысы бар. Төрт бұрышты сыртқы
периметрі бойынша ауданы 10,5х10,5. Күмбез шатырлы, кесене күйген
кірпіштен тұрғызылған. Күмбезі екі қабат. Ішкі беті жартылай спиральді
етіліп, оның іші өрнектелген. Сыртқы күмбез негізінен ішкі күмбезге
бекітілген. Кесененің оңтүстік және терістік жағынан жасалған екі есігі бар.
Негізгі оңтүстігіндегі есік босағасының маңдайшасы шығыс елінің
дәстүрімен доғала қаланған. Доғалы маңдайша, әдетте, араб архитектурасына
тән. Тіремесі бар маңдайшаға қарағанда мұндай тәсіл сәулет өнері үшін шын
мәнінде прогресс болып есептеледі. Тек қана,
мұндағы бір кемшілік, қалау
барысындағы барлық салмақ маңдайшаға ғана түседі. Алайда, бұл ақау
тастан қашалған қалауларда кездеспейді. Керісінше қашалған тастан
қаланған маңдайшалар оңай байласып, ұялы күмбездің берік те кең болып
бітуіне мүмкіндік береді. Шығысқа ислам дінінің келуіне байланысты сәулет
өнері жаңа бетбұрыс жасады. Құрылысқа геометриялық өрнектер –
қошқар
мүйіз, түрлі өсімдіктер бейнелері, кеспе-қима өрнектер, түрлі-түсті малта
тастардан қаланған әшекейлер, түрлі плиталармен көмкеру ене бастады.
Сөйтіп, құрылысшылардың түрлі түске және көлеңке бояуларға ден қоюы,
жауын-шашынға мұқалмайтын шыны бояудың тууына себепкер болды.Міне,
Сырлытам кесенесі салыну барысында осы стильді ұстанған.
Құрылыс
күмбезінен ара қашықтығы бірдей етіліп шағын терезелер шығарылған.
Оның да маңдайшасы жартылай шеңбер етіп ойылған. Бұл стиль кейінгі
ұрпаққа әсерін тигізбей қойған жоқ. Көрші қыстаулардан қабырғадан есік,
терезе шығаруда Сырлытамға еліктеу байқалады (сурет 17). Ал бейіттерді
күмбездеп салу әдісі көптеп кездеседі[35, 36 бет].
Достарыңызбен бөлісу: