193
КӨМЕЙ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Көмей бұлшықеттері келесі қызметтер атқарады: дауыс саңылауын кеңейтеді,
дауыс
саңылауын тарылтады, дауыс қатпарларын кереді.
ДАУЫС САҢЫЛАУЫН ТАРЫЛТАТЫН БҰЛШЫҚЕТТЕР:
1. Қалқанша-ожаутәрізді бұлшықет (m.thyroarytenoideus) жұп, қалқанша шеміршектің
ішкі бетінен басталып жүзіктәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
2. Латеральді жүзік-ожаутәрізді бұлшықет (m.cricoarytenoidеus lateralis) жұп,
жүзіктәрізді шеміршектің бүйір бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің
бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықет (m.arytenoideus obliguus) жұп, ожаутәрізді
шеміршектердің артқы беттерінде орналасқан.
4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет (m.arytenoideus obliguus), жұп,
сол шеміршектің
бұлшықеттік өсіндісінен басталып оң шеміршектің бүйір бетіне бекиді. Қарама-
қарсы
бұлшықеттің жолы да дәл осылай, бірақ керісінше. Бұл бұлшықеттің
талшықтарының бір бөлігі ожау-көмей қақпашығы бұлшықетіне (m.aryepiglotticus)
жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: