Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет105/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

 
КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІ 
Көмей, жұп: ожаутәрізді, сынатәрізді, мүйізшетәрізді және тақ: көмей қақпақшасы
қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектерден құралған.
ҚАЛҚАНША ШЕМІРШЕК (cartilagо thyroidea) алдынан бір-бірімен, әйелдерде 
жайпақтау, еркектерде тік бұрыш құрап қосылған оң және сол төртбұрышты 
табақшалардан (lamina dextra et lamina sinistra) тұрады. Шеміршектің алдыңғы жіегінде 
жоғарғы (incisura thyroidea superior) және төменгі (incisura thyroidea inferior) қалқанша 
тіліктері орналасқан. Шеміршектің артқы жиегінен жоғарғы (cornu superius) және төменгі 
(cornu inferius) мүйіздерді байқауға болады. Табақшалардың сыртқы бетімен қиғаш сызық 
(linea obligua) өтеді. 


192 
ЖҮЗІКТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТІҢ (cartilagо cricoidea) екі бөлігін – алдыңғы доғасын 
(arcus cartilaginis cricoidea) және артқы, төртбұрыш пішінді табақшасын (lamina cartilaginis 
cricoidea) айырады. 
КӨМЕЙ ҚАҚПАҚШАСЫНЫҢ (cartilagо epiglottica) төменгі, жіңішке ұшы (petioles 
epiglottidis) қалқанша шеміршектің ішкі төменгі бетімен байланысқан.
ОЖАУТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТІҢ (cartilado arytenoidea) негізін (basis cartilaginis 
arytenoidea), ұшын (apex cartilaginis arytenoidea) және үш бетін: медиальді (medialis), артқы 
(posterior), алдыңғы-латералды (anterolateralis) ажыратады. Негізінің алдында дауыс 
өсіндісі, (processus vocalis), ал бүйір жағында бұлшықеттік өсінді (porcelsus muscularis) 
орналасқан. 
МҮЙІЗШЕТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕК (cartilagо corniculata) ожау-көмей қақпашығы 
қатпарының артқы бөлігінің ішінде, ожаутәрізді шеміршектің ұшында, мүйізшетәрізді 
төмпешік (tuberculum corniculatum) түрінде орналасқан. 
СЫНАТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕКТЕ (cartilagо cuneiformis) алдыңғы шеміршектей, оның 
алдында орналасып, ожау-көмей қақпашығы қатпарының ішінде сынатәрізді төмпешік 
(tnberculum cuneiformis) түрінде байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет