Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


ӨКПЕҚАП. ӨКПЕҚАП ҚУЫСЫ; КӨКІРЕКАРАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет109/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

ӨКПЕҚАП. ӨКПЕҚАП ҚУЫСЫ; КӨКІРЕКАРАЛЫҚ 
Өкпенің сыртын жауып тұрған өкпеқап (pleura) екі қабаттан тұрады: 
1. Өкпе тініне барлық жағынан тығыз бітіскен висцеральді өкпеқап (pleura visceralis). 
2. Кеуде торының ішкі бетін жапсарлап астарлаған, ішінде висцеральді өкпеқаппен 
қапталған оң және сол өкпелер орналасқан тұйық қапшық париетальді өкпеқап 
(pleura parietalis). 
Өкпе байламы (lg.pulmonale) висцеральді өкпеқап туындысы болып саналады. 
Париетальді өкпеқаптың, көкірекаралықтық (pars mediastinalis), қабырғалық (pars costalis), 
көкеттік бөліктерін ажыратады. Қабырғалық және көкірекаралықтық бөліктер бір-біріне 
кеуде қуысының жоғарғы тесігінің тұсында өтіп өкпеқап күмбезін түзеді. 
Висцеральді және париетальді өкпеқаптар арасында тұйықталған өте тар саңылау тәрізді 
кеңістік – өкпеқап қуысы (cavitas pleurae) орналасқан, оның ішінде өкпеқап 
жапырақшаларының үйкелісін жеңілдететін сірлі сұйықтық (liguor serosa) бар. 
Париетальді өкпеқаптың барлық бөліктерінің бір-біріне өтетін тұстарында кішігірім 
ұңғылдар – өкпеқап қойнаулары (recessus pleuralis) түзіледі. 
Қабырғалық және көкеттік бөліктерінің арасында терең қабырға-көкеттік қойнау (recessus 
costodiaphragmatіcus), көкеттік бөлік көкірекаралықтық бөлікке өткенде көкет-
көкірекаралықтық қойнау (recessus phrenicomediastinalis), ал қабырғалық бөлік 
көкірекаралықтық бөлікке жалғасқанда қабырға-көкірекаралықтық қойнау (recessus 
costomediastinalis) түзіледі. 
Өкпеқаптың сіңіру үрдісі бұзылғанда, не болмаса өкпемен өкпеқап кейбір дерттерге 
душар болғанда осы қойнауларда сірлі сұйықтық немесе қан мен ірің жиналады. 


197 
КӨКІРЕКАРАЛЫҚ (mediastinum) – оң және сол өкпеқап қуыстары аралығындағы ағзалар 
кешені. 
Алдында төс тұтқасымен денесі, артында ІV және V кеуде омыртқаларының 
омыртқааралық дискісі аралықтары арқылы өтетін горизонтальді жазықтық 
көкірекаралықты жоғарғы (mediastinum superius) және төменгі (mediastinum inferius) 
бөліктерге бөледі. 
Төменгі көкірекаралықтың, алдыңғы, (mediastinum anterius), ортаңғы (mediastinum 
medium) және артқы (mediastinum posterius) бөліктерін ажыратады. 
Жоғары көкірекаралыққа айырша без (тимус), қолқа доғасы, оң және сол иық-бас 
веналары, кеңірдек, өңеш, кеуде лимфа түтігі, кезбе нерв, көкет нервтері, оң және сол 
симпатикалық сабаулардың жоғарғы бөліктері жатады. 
Алдыңғы көкірекаралықта, алдыңғы көкірекаралықтық, төс маңы және жүрекқап алды 
лимфа түйіндері, кеуделік ішкі артериялармен веналар орналасқан. 
Ортаңғы көкірекаралықта, басты бронхтар, өкпе артериялары мен веналары, жүрекқаппен 
жүрек, оған кіріп шығатын ірі-ірі қантамырлар, көкеттік нервтер, латеральді жүрекқаптық 
лимфа түйіндері жайғасқан. 
Артқы көкірекаралыққа жатады: сыңар, жартылай сыңар веналар, өңештің төменгі бөлігі, 
ішкі ағзалық нервтер, кеуде түтігі, оң және сол симпатикалық сабаулар, омыртқа алды 
және артқы көкірекаралықтық лимфа түйіндері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет