Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет131/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

 
 


245 
Лимфа капиллярлары 
Лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олардың диаметрі 10 мм-ден 200 мм-ге 
дейін, пішімі тегіс емес, бүйірлік шығыңқы жерлері бар, ал қантамырлар 
капиллярлары 5-тен 25 мм-ге дейін. 
Лимфа капиллярлары қабырғасы тек бір қабат эндотелийден тұрады. Олар 
микрожіпшелер арқылы жанында жатқан коллаген талшықтарына бекиді. Мұндай 
құрылым лимфа капиллярларларының ашық жағдайда болуын қамтамасыз етеді. 
Лимфа каипллярлары пішіні саусақ тәріздес (жіңішке ішек бүрлерінде), кеңейген 
қапшық тәрізді (өт қуықта) және жабық (тұйық) тор тәрізді (ағзалардың басым 
көпшілігінде) болып кездеседі. 
Капиллярлар торының орналасуы ағзалардың құрылысына байланысты: қуысты 
ағзалардың қабырғаларындағы қабаттарында, серозды қабықтарда (ішастар, өкпеқап) 
бір жазықтықта; паренхималы ағзаларда (бүйрек, бауыр) 3 жазықтықта орналасады. 
Дәнекер тінде лимфа капиллярларларымен қатар қан тамыр капиллярлары 
орналасады. Тейхман ережесі бойынша эпителийге немесе эндотелийге жақын қан 
тамыр капиллярлары, ал тереңірек лимфа капиллярлары орналасады. 
Лимфа капиллярларының қызметі 
1. Дренаждық қызметі – қан тамыр капиллярларымен бірге ағзалардағы тінаралық 
(интерстициялық) сұйықтықты сіңіреді. 
2. Резобциялық қызметі, яғни сіңіру қызметі, қан тамыр капиллярларларына өте 
алмайтын көптеген заттар тін аралығына лимфаға өтеді. Олар: белоктардың ірі 
түйіршікті коллойдты ерітінділері, бөгде заттар бөлшектері, қатерлік ісік 
жасушалары, бактериялар. Осы қасиетіне байланысты ағзаларға контрасты зат 
жіберіліп лимфа жүйесі зерттеледі.
Жарақат алғанда, қабыну кезінде, лимфа капиллярларларының көлемі 2-3 есе үлкейеді, 
сіңіру аймағы көбейеді. Лимфа капиллярлары қабырғасының бір қабатты болуы, олардың 
сіңіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Сіңіру үрдісі екі жол арқылы жүзеге асады: 
1. Жасушааралық – екі эндотелий жасушаларының аралығы арқылы; 
2. Эндотелий жасушасын тесіп өтеді (пиноцитоз). 


246 
Лимфа капиллярлары балаларда жақсы дамыған, кәрі адамдарда азаяды, себебі жас 
адамдарда зат алмасу үрдісі жоғары деңгейде жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет