247
Лимфа түйіндері
Лимфа түйіндерінің топографиялық бөлінуі
Лимфа түйіндері
Ағзаішілік
Аймақтық
(1-ші кезеңдік түйіндер)
Ағза қақпасы жанындағы (3-ші кезеңдік
(2-ші кезеңдік түйіндер)
түйіндер)
Лимфа түйіндері
сомалық
қуыстық
париетальді
висцеральді
Лимфа түйіндері
беткей
терең
Ағзалардан шығатын лимфа кем дегенде бір лимфа түйіні арқылы өтсе, асқазан мен
ішектен шығатын лимфа 6-10 лимфа түйіндері арқылы өтеді. Адамда 1000-ға тарта лимфа
түйіндері болады, жіңішке ішек шажырқайында 66-дан 404-ке дейін түйін кездеседі. Тек
өңеш, бауыр, қалқанша без, жүрек, ұйқы безінің аздаған жеке тамырларының лимфа
түйіндері арқылы өтпей, тікелей кеуде түтігіне құйылатыны ғылыми әдебиетте жазылған.
Мұндай кезде рак жасушалары тез жайылады (метастаз).
Лимфа тамырларының көлемі 0,5 мм-ден 30-50 мм-ге дейін. Лимфа түйіні
құрылысы гистология курсында беріледі, сондықтан біз жалпы шолу жасаймыз: сыртында
дәнекертінді қапшығы (капсула) бар, ішкі жағында дәнекертінді негіз (стромасы) және
248
лимфоидты ұлпа (паренхима), қойнаулар орналасқан. 4-6 әкелетін лимфа тамырлары –
дөңес жағынан, 2-3 әкететін тамырлар қақпа қойнауынан шығады (олардың диаметрі 2 есе
үлкен). Қойнаулар ішінде ретикулярлық талшықтар
мен жасушалардан тұратын ұсақ,
қуысты тор орналасқан.
Лимфа тамырлары дөңгелек, сопақша, ірі бұршақ тәрізді сегменттелген,
жіңішкеріп, таспа тәрізденген пішіндері де кездеседі.
Лимфа
түйіндерінің
құрылыстарының
ерекшеліктеріне
сүйене
отырып
Л.С.Беспалова оларды үш түрге топтастырды: қойрықпақталған (топталған),
аралас
(аралық) және шашыраңқы. Топтарға бөлу негізіне олардың құйылыстарының саны,
көлемі, үлкендігі ескерілген.
Қойрықпақталған түрге тән нәрсе ол көлемді аймақтардан,
немесе бірнеше
ағзалардан шығатын лимфа тамырларды біріктіретін дараланған аймақтық түйіндерден
тұрады.
Ал аралас түрі біршама үлкен аймақтан лимфа тамырларын жинайтын және де
әрқайсысы кішілеу аймақтардан, не болмаса бір-екі
ағзалардан лимфа жинайтын
дараланған немесе көптеген түйіндерден тұратын жекеленген топтардан тұруымен
ерекшеленеді.
Шашыраңқы түрі әрқайсысы бір ағзадан лимфаны алып шығатын кішілеу аймақпен
байланысқан көптеген кішігірім лимфа түйіндерінен құралған.
Гистологиялық құрылысы бойынша лимфа түйіндерін Ю.И.Бородинде үш түрге
бөлді:
1-түрі. Бөлшектелінген лимфа түйіндері. Бұларда қалқалық (трабекула) аппарат жақсы
жетілген.
Кең қойнаулары бар, қыртыстық заты жекеленген сегменттерге бөлінген,
әрқайсысында 1-3 лимфа фолликулдары орналасқан. К/М индексі (кесіндідегі қыртыстық
және милық заттар көлемдерінің ара қатынасы құрылымдық бірлігі деп қабылданған) 1,0
шамасына тең. Бұндай түйіндердің лимфаны тасымалдау қуаты өте жоғары.
2-түрі. Тығыздалған лимфа түйіндері: олар ең көп қалқалардан тұрады. Кесіндісінде, түйін
қабығынан шығатын қалқалармен қақпа маңындағы дәнекертіндік қалыңдықтың
арасындағы байланыстарды байқауға болады.
249
Бұндай түйіндердің қойнаулары тар, ал қыртыстық заты кең, бірыңғай қабат түзеді. К/М
индексі 1,4 пен 4-ке дейінгі аралықта.
3-түрі. Аралық лимфа түйіндері: 1-ші және 2-ші түрлермен
салыстырғанда аралық
түйіндер жиірек кездеседі және де олардың тасымалдау қызметтері тұрақсыз.
Достарыңызбен бөлісу: