251
Лимфа сабаулары мен түтіктері
Дененің әр бөлігінен шығатын лимфа түйіндері арқылы өтіп, лимфа сабаулары,
trunci lymphatici мен лимфа түтіктеріне, ductus lymphatici жиналады.
Ең ірі және ең негізгі лимфа тамыры кеуде түтігі, ductus thoracicus деп аталады. Ол
лимфаны аяқтардан,
жамбас астауы, іш қуысы және кеуде қуысының сол жағында
орналасқан ағзалардан жинайды. Оның ұзындығы 30-40 см. Кеуде түтігі сол жақтағы ішкі
мойындырық венамен сол бұғанаасты венасының бір-бірімен қосылатын веналық
бұрышқа келіп ашылады. Жиірек түтік екіге бөлінген, кейде 3-4 түтікшелермен
келіп
құйылады. Сол жақтағы қолдан лимфа жақтағы бұғанаасты сабауы, truncus subclavius
sinister арқылы келіп 50 пайыз жағдайда кеуде түтігіне немесе сол жақтағы веналық
бұрышқа, не сол жақтағы бұғанаасты венасына құйылады.
Бас пен мойынның сол бөлігінен –
сол мойындырық сабауы, truncus jugularis
sinister, шығып, көбінесе кеуде түтігіне құйылады.
Оң жақтағы бұғанаасты, мойындырық және бронх – көкірекаралық сабаулары 18,8
пайыз жағдайда (М.Р.Сапин) бірігіп, ұзындығы 1 см шамасындағы оң жақтағы лимфа
түтігін, ductus lymphaticus dexter, құрайды.
Бұл түтік оң жақтағы веналық бұрышқа келіп құяды. 81,2 пайызда оң жақтағы
лимфа сабаулары жеке-жеке тікелей оң жақтағы
веналық бұрышқа немесе ішкі
мойындырық және бұғанаасты веналары бір-біріне қосылатын жердегі шеттеріне келіп
ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: