266
Көпірді көлденең кесіндіде алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі,
олардың
шекарасы
трапециятәрізді дене, corpus trpezoideum, деп аталатын көлденең орналасқан
нерв талшықтары
арқылы өтеді.
Ол есту
анализаторының талшықтарынан түзілген.
Көпірдің
алдыңғы бөлігі,
pars ventralis,
немесе
негіздік бөлігі, pars basilaris
, бойлық
төмендеген өткізгіш жолдардан және
көлденең нерв талшықтарынан тұрады.
Бойлық талшықтар, көпірді үлкен ми қыртысымен байланыстыратын
қыртыс-көпір
жолынан,
tr.corticopontinus,
және
ортаңғы жазықтыққа жақын шоғырлана орналасқан
пирамидалық жол
,
tr.pyramidalis
, талшықтарынан түзілген. Соңғысы үлкен ми
қыртысынан қарсы жақтың бассүйектік нервтеріне баратын
қыртыс-ядролық жолға,
tractus corticonuclearis,
жұлынның
өз және
қарсы жағының
қозғалтқыш ядроларына
баратын
қыртыс-жұлындық
алдыңғы және
латералды жолдарға, tr.corticospinales
anterior (ventraleis) et lateralis,
бөлінеді.
Қыртыс- көпір жолы көпір ядроларында, nuclei
pontis, аяқталады.
Бұл ядролардан басталатын көпір-мишық жолы, tr.pontocerebellaris,
көпірдің алдыңғы бөлігінің негізгі массасын құрайтын
көлденең талшықтар, fibrae pontis
transversae,
түзеді де,
мишықтың ортаңғы аяқшасының құрамында өтіп, көпірді
мишықпен байланыстырады.
Көпірдің артқы бөлігінде, pars dorsalis pontis, сопақша ми түзілісінің
жалғасы
болып табылатын торлы түзіліс;
V,VI,VII және VIII жұп
бассүйек нервтерінің ядролары
(«ромбтәрізді шұңқырды» қараңыз)
орналасқан
. Сонымен қатар үштік нервтің жұлындық,
ортаңғы милық
ядролары және
кіреберіс ядроларынан басталып, көзқозғалтқыш,
шығыршық, әкететін, қосымша нервтердің ядроларын қосатын
медиалды бойлық
буданың
талшықтары
орналасқан.
Медиалды бойлық буда,
fasciculus longitudinalis medialis, көз
алмасы мен бастың үйлесімді қозғалысын қамтамасыз ететін, жоғарылаған және
төмендеген талщықтардан тұрады. Көпірдің дорсалды бөлігінде негізінен жоғарылаған
өткізгіш жолдар:
медиалды және латералды ілмек, ауырсыну және температура
сезімталдығының
және т.б өткізгіш жолдар өтеді. Сонымен қатар төмендеген:
қызыл
ядро-жұлын
дық
,
төбе
-жұлын
дық
және торлы-жұлын
дық
жолдар
орналасады.
Олар
жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларында аяқталады.
Трапециятәрізді денені кіреберіс-ұлу нервінің (ҮІІІ жұп) ұлулық ядросы мен
трапециятәрізді дене ядро
лары
ның жасуша
лары
нан шығатын есту жолының талшы
қтары
түзеді
. Трапециятәрізді дене
талшықтары көпірдің қарама-қарсы жағында латералды және
жоғарғы жаққа иіліп
латералды ілмек, lemniscus lateralis, деп аталатын
жол
түзеді («Есту
ағзаларын» қараңыз).