Сабақтың тақырыбы : Есту мүшесі. Есту анализаторы. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысы, қызметі. Есту гигиенасы



жүктеу 74.44 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі74.44 Kb.
Танирбергенова Сапура

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Қоянды ауылы

35 ЖББОМ КММ биология пәнінің мұғалімі


Сенің саулығың – өз қолыңда

Сабақтың тақырыбы : Есту мүшесі. Есту анализаторы. Сыртқы , ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысы, қызметі. Есту гигиенасы.

6 зертханалық жұмыс



Мақсаты :

1.Білімділік - Есту мүшесі туралы білім, білік дағды қалыптастыру және сабақтың ғылыми негізділігін арттыру

2.Дамытушылық - Сыртқы ортамен байланысын нығайту, өмірге деген көзқарасын, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік - Өзін –өзі тани білуге, санитарлық – гигиеналық дағдыға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас, зертханалық

Құрал – жабдықтар, көрнекі құралдар : «Есту мүшесі» плакаттар, нақнұсқалар, қосымша материалдар, слайдтар

Сабақ оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер : көрнекі – баяндау, ақпараттық, талдау, сұрақ –жауап, өзіндік тапсырмалар

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың ұраны: « Сенің саулығың – өз қолыңда»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

« Миға шабуыл» -

1.Сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері – рецептор

2.Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығы - анализатор

3.Анализатор бөліктері – шеткі, өткізгіш, орталық

4.Көру мүшесі – көз

5.Көз алмасын қимылдататын бөлігі – бұлшықеттер

6.Аққан терді көздің ішіне жібермейтін мүше – қас

7. Нұрлы қабықшаның ортасындағы тесік – қарашық

8. Көздің сыртқы қабықшасы – ақ қабықша

9. Екі жағыда дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене – көз бұршағы

10. Соқыр дақта жарықты сезетін рецепторлар – болмайды
2. « Көздің құрылысын» тақтадағы плакатар бойынша суреттеп беру.

3. Кластер құру

Көз аурулары


4. Көз гигиенасы мен көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы оқушылардың ой – пікірлері.

ІІІ Жаңа сабақ . Бағдарлау мотивациялық кезең

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылар ББМ кестесін толтырады

Білемін

Білгім келеді

Меңгердім











Мұғалім түсіндірмесі.

- Адам есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әртүрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым –қатынас жасайды. Есту мүшесінен түскен ақпараттар ішкі мүшелердің жұмысына әсерін тигізіп , оларды реттеуге қатысады. Адамды қауіптен сақтауда талық ақпараттың маңызы үлкен. Есту мүшесін дыбыс қоздырады. Дыбыс есту мүшесінің рецепторлары арқылы жүйке қозуына айналады. Одан соң қозу орталық жүйке жүйесіне жеткізіледі, айналадағы ортада болып жатқан жағдайларды хабарлайды. Есту мүшесі дыбыс пен тепе – теңдікті сезеді.

Есту мүшесі

Құлақ


Сыртқы құлақ Ортаңғы Ішкі құлақ
Құлақ сыртқы төс үзеңгі балғашық қуыстар иірім өзектері

Қалқаны дыбыс жолы күрд.жүйе

Шытырман

Дыбыс толқынының таралу жолы (бейнекөрініс арқылы көрсету)



ІV. Жаңа сабақты бекіту. Орындаушылық – операциялық кезең. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, өздеріне берілген өздік тапсырмаларды орындап , ой тұжырым жасайды

1-т. Сілтемелерге есту мүшесін құраушы бөліктердің атауларын жаз

------------------------------------



------------------------------------------------------







  1. а
    ------------------------------------------

    ----------------------------------------------------

    -------------------------------

    ------------------------------------------------------------------------------
    таулары



----------------------------------------------------

---------------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------

2-т. Құлақтың бөлімдеріне арналған кестені толтырыңдар. Әрбір бөліктің құлақтың қандай бөлімінде орналасқанын «+» белгімен белгілеңдер:

Құлақтың бөліктері

Сыртқы

ортаңғы

ішкі

1.Дыбыс сүйекшелері










2.Шытырман










3Ұлулы дене










4. Құлақ қалқаны










5. Құлақ қуысы










6. Лимфа сұйықтығы










7. Сүйекті шытырман










8. Жарғақты шытырман










9. Есту жүйкесі










3-т. Биологиялық диктант.

1)Құлақ қалқаны ортаңғы құлақпен ----------------------- арқылы байланысқан.

2)Құлақ қалқаны ортаңғы құлақтан -----------------------------арқылы бөлінеді.

3) Есту сүйекшелері ------------------------------------------------ орналасқан.

4)Есту сүйекшелері дегеніміз – бұл -------------------------------------------

5)Ішкі құлақта ------------------------------------------------------ орналасқан.

6)Есту жүйкесі импульстерді береді.

7) Вестибула аппараты жартылай ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- тұрады.



4-т. Құлаққа ненің зияны тиюі мүмкін? Үштен кем болмайтын себепті ата.


Естудің бұзылуы



--------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------


5- т. Танымдық тапсырма

  1. Егер ғарышта адам құлағының дәл түбінен зеңбірекпен атса, ол оның дауысын естімейді.

Неліктен ?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Неліктен скрипкашылардың сол құлағы естімейді ?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-Қосымша материалдармен жұмыс.

Дыбыс әлемі.

Адам баласы әртүрлі дыбыстар әлемінде өмір сүреді, әр түрлі дыбыстарды қабылдай алады. Тып – тыныш ортада өмір сүре алмайды, өйткені абсалют тыныштық адамдардың орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Сіздер, «Сурдокамера» дегенді естіген шығарсыздар. Ғарышкерлердің айтуынша, үлкен сурдокамера – бұл ешқандай дыбыс жоқ болған жағдайда зерттеулер мен тәжірибелер жасайтын бөлме.Терезе ашық тұрса, жұмыс істегенде көшедегі автобус, машиналардың гүрілі, желдің тұруы, судың ағысы, құстардың әні – бұлардың бәрі сізге естіледі, сіздің денсаулығыңызға кері әсер етеді де, сіз тез шаршайсыз. Ғалымдар табиғаттағы шудың адам өміріне қатысты ең төменгі және ең жоғарғы деңгейлерін анықтады. Табиғаттағы шудың деңгейі, дыбыс күші децибелмен өлшенеді . Төмендегі кестеде табиғаттағы шудың салыстырмалы деңгейі көрсетілген.



р/с

Дыбыс

Дыбыс күші децибел(дб)

1

Мылтықтан атылған оқ

190-аса қауіп.деңгей

2

Реактивтік ұшақ

150

3

Төтенше жағдайда берілетін дабыл

130- жүректі ауыртады

4

Қатты музыка

110

5

Мотоцикл үні

100

6

Спорттық автомобиль

90-сақтана-

Тын деңгей



7

Көшедегі шу

70

8

Сөйлеу кезінде

60

9

Тыныш көше

50

10

Сағат тілі

30

11

Жәй сөйлесу

20

12

Жел тұрғанда

10

13

Жапырақтың дыбысы

0-дыбыс деңгейі



Артық болмас білгенің ... . Құлақтан емдеу

Құлақтан емдеу ( аурикулярная терапия, эр-чжень-ляо) әдісін біздің жыл санаудан 3-5 ғасыр бұрын шығыс халықтары және Мысырда кеңінен пайдаланған. Негізгі тәсілі- құлақта орналасқан биологиялық белсенді нүктелерді инемен шаншып тітіркендіру болып табылады. Нүктелердің жалпы саны 200-дей. ( суреттен көрсетіледі)

V.Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

Бекіту тапсырмалары. ББМ кестесін толтырып аяқтайды.









Меңгердім










6 зертханалық жұмыс. Құлақтың есту қабілетін анықтау.

Мақсаты: Мектеп дәрігерінің көмегімен есту қабілетін анықтау, есту мүшесінің құрылысы туралы білімді бекіту.



Қорытынды.
VІ. Үйге тапсырма. 20 тақырыпты оқу, А;В;С деңг. тапсырма; кестені толтыру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет