285
тығыздалған дәнекер тінді табақшаларға айналады. Солардың біреуі – үлкен ми орағы (falx
cerebri) ми сыңарлары арасында орналасқан.
Мишық шатыры (tentorium cerebelli) – мидың артқы шұңқырында көлденең, мишық пен үлкен
ми арасында жатыр. Мишық шатырының алдыңғы жиегінде ми сабауы өтетін тілік (incisura
tentorii) бар. Қатты қабықтың енді бір қабығы түрік ертоқымында
жатқан гипофизді
оқшаулайтын ертоқым көкеті (diaphragm sellae), қатты қабықтан түзілген тағы бір қуыс, ол
үшкіл нервтің тйіні мен тармақтары жайғасқан үшкілдік қуыс (cavum trigeminale).
Торлы қабық (arachnoidea) – мимен жұлынды қоршаған,
созылмалы талшықты тіннен
құралған және қатты қабық астында орналасқан біршама жұқа жарғақ. Торлы қабық қатты
қабықтан қатты қабық астындағы кеңістікпен (spatium subdurale) бөлінген. Қалыпты жағдайда,
бұл кеңістік болмайда (сондықтан оны жиі «болуы мүмкін кеңістік» деп атайды). Қатты қабық
пен торлы қабық бір-бірімен тығыз жанасқан, сонымен қатар
оларды байланыстыратын
түзілістер де болмайды. Торлы қабық астындағы кеңістік, шағын қысымы бар ми-жұлын
сұйықтығымен толған. Сұйықтықтың қысымы торлы қабықты сыртқа қарай итеріп оны қатты
қабықпен тығыз жанастырады. Торлы қабық астында жатқан жұмсақ қабықпен (pia mater) өте
нәзік аралықтар арқылы байланысқан. Осы қабықтар бір-бірінен іші ми-жұлын сұйықтығымен
толған торлы қабық астындағы (spatium subarachnoidale) кеңістікпен бөлінген.
Жұмсақ
қабықтың торлы қабықтан ерекшелігі ол ми мен жұлынның өне бойы бетімен тығыз қосылған
және жұмсақ қабық астроциттерден беткей қабатымен қосылып пиаглиальді жарғақ деп
аталатын түзіліспен байланысқан. Торлы қабық астындағы кеңістіктің кейбір бөліктері кеңейіп
цистерналар түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: