Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Бас сүйек нервтерінің анатомиясы



Pdf көрінісі
бет162/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Бас сүйек нервтерінің анатомиясы 
Бассүйек нервтерінің анатомиясы және қызметі тікелей мимен байланысты. Рим
сандарымен белгіленген 12 жұп бассүйек нервтері: 


289 
І – жұп –иіс сезу нервтері, nn. olfactorii 
ІІ – жұп –көру нерві, n.opticus 
ІІІ – жұп –көз қозғалтқыш нерв, n.oculomotorius 
ІV – жұп– шығыршық нерві, n.trochlearis 
V – жұп –үшкіл нерв, n.trigeminus 
VІ– жұп–әкететін нерв, n.abducens 
VІІ– жұп–бет нерві, n.facialis 
VІІІ– жұп–кіреберіс – ұлу нерві, n.vestubulicochlearis 
ІХ– жұп–тіл -жұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus 
Х– жұп–кезбе нерв, n.vagus 
ХІ– жұп–қосымша нерв, n.accessorius 
ХІІ– жұп–тіл асты нерві, n.hypoglossus 
І және ІІ жұп бассүйек нервтері алдыңғы миден мен, ал ІІІ – ХІІ жұптар – ми сабауының 
әртүрлі бөліктерінен дамыған. Сонымен бірге ІІІ, ІV – жұп нервтері ортаңғы мимен, V – 
VІІІ жұптар көпірмен және ІХ – ХІІ- жұптар сопақша мимен байланысты. Нерв 
талшықтарының құрамы бойынша бассүйек нервтері үш топқа бөлінеді: 
1) Сезімтал нервтер – І,ІІ және VІІІ – жұптар 
2) Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптар 
3) Аралас нервтер – ІІІ, V, VІІ, ІХ және Х - жұптар 
Сезімтал нервтер, І жұп үшін мұрын қуысының шырышты қабығында, ІІ – жұп 
үшін көздің торлы қабығында және VІІІ- жұп үшін сезімтал түйіндерде орналасқан 
жасушалардың орталыққа тебетін сезімтал талшықтарымен түзілген. 
Қозғалтқыш нервтер – ІV, VІ, ХІ,ХІІ – жұптардың қозғалтқыш ядроларының 
жасушаларының аксондарынан түзілген. 
Аралас нервтердің құрамы әртүрлі болады. V, VІІ, ІХ және Х- жұптардың сезімтал 
құрауышы, сезімтал түйіндердегі псевдоуниполярлық жасушалардың орталық 
өсінділерінің жиынтығы болып саналады. 
ІІІ, ІV, V, VІ, VІІ, ІХ және Х- жұптардың қозғалтқыш құрауышы осы нервтердің 
қозғалтқыш ядролары жасушаларының аксондар жиынтығы болады. Аралас нервтерде 
парасимпатикалық құрауыш, ІІІ, VІІ, ІХ, Х- жұптардың құрамында бар. Ол сәйкес 
нервтердің ядроларынан басталып вегетативті түйіндерге жететін түйін алды
(преганглионарлық) парасимпатикалық талшықтардан немесе көрсетілген түйіндер 
жасушаларының аксондарынан түзілген. 


290 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет