316
Вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталық және шеткі бөліктерін
ажыратады.
Симпатикалық бөлік орталықтары жұлынның бүйір бағаналарында ҮІІІ
мойын сегменттері мен ІІ (ІІІ) бел сегменттерінің аралығында
латералды аралық ядро
(nucl.intermediolateralis) түрінде орналасады. Бұл ядро жасушаларынан барлық түйінге
дейінгі симпатикалық талшықтары басталады.
Симпатикалық нерв жүйесінің шеткі бөліктері жұп симпатикалық сабау мен одан
шығатын нервтерден тұрады.
Симпатикалық сабау (truncus symphaticus) құрамына түйінге дейінгі де, түйіннен
кейінгі де талшықтар кіретін, бір-бірімен түйінаралық тармақтармен (rr. interganglionares)
байланысатын симпатикалық сабау түйіндерінің (ganglia trunci symphaticus) тізбегінен
түзілген. Әдетте симпатикалық сабауға вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлік
орталығының жасушаларынан басталып, ақ (жұмсақ қабықпен жабылған)
дәнекер
тармақтар (rr.communicantes albi) түзетін түйінге дейінгі симпатикалық талшықтар
сегментті кіреді. Бұл тармақтардың симпатикалық талшықтары көп жағдайда
симпатикалық сабау түйіндерінде үзіледі немесе симпатикалық нерв құрамында ары қарай
жүріп, превертебралды түйіндердің бірінде үзіледі.
Симпатикалық сабаудың әр түйінінен түйіннен кейінгі симпатикалық талшықтар
шығады. Олардың бір бөлігі сұр дәнекер тармақтар (rr. communicantes grisei) құрамында
жұлын нервтерінің құрамына кірсе, бір бөлігі симпатикалық
нервтер мен вегетативті
өрімдер құруға қатысады.
Симпатикалық сабау мен басқада шеткі симпатикалық құрылымдарды (нервтер,
өрімдер және т.б.) мойын, кеуде, іш және жамбас бөліктеріне бөліп қарастырады.
Симпатикалық сабаудың мойын бөлігі түйінаралық тармақпен байланысқан үш
түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және мойын-кеуделік. Мойын нервтерінен (С
ҮІІІ
басқа) ақ дәнекер тармақтар шықпайды.
Жоғарғы мойын түйіні (ganglion cervicalе superius) (1-3x0,5) мойынның
омыртқаалдылық шандырының тереңінде, ІІ-ІІІ мойын омыртқаларының көлденең
өсінділерінің алдында орналасады. Түйіннен жұлын нервтерінің
тармақтарына сұр
дәнекер тармақтар шығады: жүректің жоғарғы мойындық нерві (n.cardiacus cervicalis
superior); тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтермен бірге жұтқыншақ пен көмейді
нервтендіретін көмей-жұтқыншақтық тармақтар (rr.laryngopharyngei); мойындырық нерві
(n.jugularis), ішкі және сыртқы ұйқы нервтері (nn.carotici externi et n.caroticus internus) –
тамырлар қабырғасында өрімдер түзеді (жалпы ішкі және сыртқы ұйқы өрімдері, көз, тіл,
бет артерияларының, ортаңғы менингиалды артерияның және т.б. өрімдері).
317
Ортаңғы мойындық өрім (ganglion cervical medium) (тұрақсыз) бас пен мойынның
ұзын бұлшықеттерінде Ү-ҮІ мойын омыртқаларының деңгейінде орналасады. Бұл
түйіннен (ол болмаса түйінаралық тармақтардан) жұлын нервтерінің (С
ІҮ
-С
ҮІ
) шеткі
тармақтарына
сұр дәнекер талшықтар шығады; жүректің ортаңғы мойындық нерві
(n.cardiacus cervicalis medius); төменгі қалқанша артериясы өрімі мен жалпы ұйқы
артериясының өріміне,
жиі омыртқалық артерияға, оның ҮІ мойын омыртқасының
көлденең өсіндісінің тесігіне кіретін жерінде кішігірім омыртқалық түйін (ganglion
vertebrale) орналасады.
Мойын-кеуделік немесе жұлдызды түйін (ganglion cervicothoracicum)
төменгі
мойындық түйіннің симпатикалық сабаудың бірінші кеуделік түйінімен қосылуынан
түзіледі. Әдетте бірінші қабырға басының алдыңғы бетінде орналасады. Мойын-кеуделік
түйіннен иық өрімінің жұлын нервтеріне баратын дәнекер тармақтардан басқа жүректің
төменгі мойындық нерві (n.cardiacus cervicalis inferior); омыртқалық артерияға барып,
оның қабырғасында өрім түзетін омыртқалық нерв (n.vertebralis); бұғанаасты артериясына
бұғанаасты өрімін түзетін тармақтар шығады.
Симпатикалық сабаудың кеуделік бөлігі кеудеішілік
шандыр мен қабырғалық
өкпеқап артында қабырғалардың басында орналасатын 11-12 паравертабралды кеуделік
түйіндерден тұрады. Олардың барлығы бір-бірімен түйінаралық, ал жұлынмен ақ дәнекер
тармақтар арқылы байланысады. Симпатикалық сабаудың кеуделік түйіндерінен (ganglia
thoracica) келесі тармақтар шығады: қабырғааралық нервтерге сұр дәнекер тармақтар,
кеуденің қолқалық өрімін түзуге қатысатын жүрек нервтері (nn.cardiaci thoracici) (ІІ-ІҮ
кеуде түйіндерінен); көкеттің ортаңғы және медиалды аяқшаларының арасынан іш
қуысына кіріп, іштің қолқалық өрімін түзуге қатысатын ішкі ағзалық үлкен және кіші
нервтер (Ү-ІХ Х-ХІ кеуделік түйіндерден); іш қуысына кіріп бүйрек өрімінде үзілетін
бүйректік тармақтар.
Симпатикалық сабаудың іштік және жамбастық бөліктері бел омыртқалары
денесінің алдыңғы бүйір беттерінде, сегізкөз бен құйымшақтың жамбастық бетінде
жататын 4-5 бел (ganglia lumbalia), 4 сегізкөз (ganglia sacralia) және бір (тақ) құйымшақтық
(ganglion impar) симпатикалық түйіндерден тұрады. Бұл түйіндер бір-бірімен тек
түйінаралық тармақтармен ғана емес, көлденең анастомоздар арқылы да байланысады.
Бел симпатикалық түйіндерінен іштің қолқалық өрімін түзуге
қатысатын ішкі
ағзалық бел нервтері шығады.
Сгеізкөз симпатикалық түйіндерінен төменгі құрсақасты (жамбастық) өрім түзуге
қатысатын ішкі ағзалық сегізкөз нервтері шығады.
Достарыңызбен бөлісу: