338
Адамның томпақ денесі, кішкентай (8х(4-6) мм), краниалді –
каудальдық бағытта
қабысқан, қоңыр – қызғылт түсті, ортаңғы ми қақпағының табақшасының жүлгесінде
орналасқан, аралық ми мен төмпе үсті аймақпен жүгендер дәнекері арқылы байланысқан
без.
Қызметі. Томпақ дененің гормондары жыныс бездердің дамуына және қызметіне
тежегіш әсерін тигізеді. Жас жануарлардың томпақ денесін алып тастағанда немесе оның
туа біткен ақауларында олардың денесінің қарқынды
өсуі және мерзімінен бұрын
жыныстық пісіп жетілуі байқалады.
Қанмен қамтамасыздануы. Мидың артқы артериясының тармақтары.
Веналық ағым. Үшінші қарыншаның тамырлық өріміне.
Бүйрекүсті безі (glandula suprarenalis)
Жұп ағза, адреналды жүйеге жатады. Ішастардың артында, бүйректің
жоғарғы
ұшында орналасады. Бүрекүсті безінің жоғарғы ұшы көкетке қараған, ал негізі бүйрекке
бағытталған үшқырлы пирамидаға ұқсайды. Ересек адамдарда оның мөлшері: биіктігі – 3-
6 см, негізінің ені – 3 см шамасында және көлденең ені 4-6 мм-ге жақын, салмағы – 20гр.
Бездің алдыңғы бетінде тамырлар мен нервтер кіріп – шығатын қақпасы бар. Без, бүйрек
шандырының бір бөлігі болатын дәнекер тінді қапшақпен қапталған. Қапшықтың
өсінділері ағза ішіне кіріп, оның стромасын түзеді. Бүйрекүсті безі көлденең кесіндісінде,
сыртқы қыртысты заттан (cortex) және
ішкі милы заттан (medulla) тұрады.
Қызметі. Бүйрек үсті безі ағзада аса маңызды роль атқарады.
Оның милық заты
симпатикалық нерв жүйесінің жұмысын ынталандыратын,
қан тамырларды тарылтатын,
бауырдағы гликогеннің ыдырауын қоздыратын т.б., адреналды топ қатарындағы
гормондар бөліп шығарады. Бүйрекүсті бездің қыртысты заты (кортикостероидтар) – су-
тұз, белок алмасуын реттейтін және жыныс бездердің қызметіне әсер ететін гормондарды
өндіріп шығарады. Кортикостероидтты гормондардың
бөлінуі гипофиз бен
гипоталамустың қызметтерімен тығыз байланысты.
Эмбриогенезде бүйрекүсті безі екі ұрық түрінде қалана бастайды: қыртысты заты
алғашқы бүйректер аралығындағы мезодермадан дамиды (осыдан оның аты –
интерреналды ағза); милы зат – ганглиялық табақшадан көшкен (орын ауыстырған) және
хром қышқылымен қарқынды боялатын (осыдан аты – хромоффиндік ағза) симпатикалық
элементтерден (эктодермадан шыққан) дамиды. Төменгі
сатылы омыртқалыларда және
кейбір сүтқоректілерде (қоян) бүрек үсті безінің осы бөліктері жеке дара орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: