Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет193/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Жарғақты лабиринт (labyrinthus membranaceus) ішкі құлақтың ең маңызды 
қызметтік бөлігі болып табылады. Ол сүйекті лабиринттің ішкі жағында орналасып, оның 
пішінін толығымен қайталайтын дәнекертінді түтіктерден тұрады. Кіреберістің жарғақты 
лабиринті мен жартылай дөңгелек түтіктер статокинетикалық анализатордың (тепе-
теңдікті реттеу, кеңістіктегі дене қалпын анықтау, қозғалысты координациялау) шеткі 
ағзаларына жатады, ал ұлудың жарғақты бөлігінде есту анализаторының рецепторлық 
аппараты орналасады. Екі лабиринт қабырғаларының арасында сұйықтық – перелимфамен 
толып тұратын саңылау тәрізді кеңістік болады. Жарғақты лабиринт ішінде эндолимфа 
болады. 
Жарғақты лабиринт кіреберісте екі бөліктен тұрады: бес жарғақты жартылай 
дөңгелек түтік ашылатын эллипстік қапша (utriculus) және дәнекер жол арқылы ұлудың 
жарғақты өзегімен байланысатын сферикалық қапша (sacculus). Екі қапша бір-бірімен 
эллипстік және сферикалық қапшалардың жіңішке түтігі арқылы байланысады, олар өз 
кезегінде ұзын және жіңішке эндолимфалық түтік арқылы (кіреберіс суқұбыры) самай 


332 
сүйек пирамидасының артқы бетінде орналасатын эндолимфалық қапшамен (saccus 
endolymphaticus) байланысады.
Кіреберістің жарғақты лабиринті қапшаларының ішкі бетінде сезімтал түкті 
нейроэпителилі жасушалар болатын ақшыл түсті дақ (maculae) орналасады. Бұл 
жасушалардың қызметі дақты жабатын сілікпетәрізді жарғақта орналасатын ерекше 
кристалл денелер - статоконилердің (statoconia) ауысуынан болатын тітіркенулерді 
қабылдап, ары қарай жіберу болып табылады. Статоконилердің ауысуы өз кезегінде 
эндолимфа қозғалысымен негізделеді, бұл дене мен оның жеке бөліктерінің (әсіресе 
бастың) өзгерісімен анықталады. 
Жартылай дөңгелек өзектердің жарғақты лабиринті алдыңғы, артқы және латералды 
жартылай дөңгелек өзектер мен олардың ампуласының пішінін қайталайтын алдыңғы, 
артқы және латералды түтіктерден (ductus sеmicirculares anterior, posterioir et lateralis) 
тұрады. Жартылай дөңгелек түтіктер ампулалық және жалпы жарғақты аяқшалар арқылы
кіреберістің эллипстік қапшығының қуысымен байланысады. Әр жарғақты ампуланың 
ішкі бетінде беті импульсті қабылдап, орталық нерв жүйесіне беретін нейроэпителимен 
жабылған ампулалық қыр (crista ampularis) болады. Оның тітіркендіргіші дененің 
кеңістікте қозғалуымен негізделетін эндолимфа қозғалысы болып табылады. 
Ұлудың жарғақты лабиринтінің қызметі жағынан негізгісі – ұлудың иірмелі өзегінде 
орталықсыртқы бөлікті алып жататын иірмелі иректелген ұлулық түтік (ductus cochlearis). 
Ұлулық түтіктен жоғары – кіреберіс сатысы (scala vectibuli) орналасады, ал ұлудың 
иірмелі өзегінің төменгі бөлігін ұлу терезесімен және перелимфалық түтікпен 
байланысатын дабылдық саты (scala tympani) алып жатыр. Бір-бірімен білік ұшында 
байланысатын екі саты да иірмелі өзекше пішінді. Ұлулық түтік, кіреберіс сатысы және 
дабылдық саты сүйекті иірмелі табақшаның жарғақ негізімен толықтырылуының 
нәтижесінде түзілді, бұл ұлудың иірмелі өзегін толығымен екі бөлікке бөлетін базилярлы 
табақшаның (lamina basilaris) түзілуіне әкелді. Бұл өзектің жоғарғы жартысында басқа 
жарғақты табақша – ұлулық түтіктің кіреберістік қабырғасы пайда болады, ол соңғысын 
кіреберіс сатысынан бөліп тұрады. 
Базилярлы табақшаның ішкі бетінде, ұлулық түтіктің барлық бойында есту 
анализаторының рецепторлық құрылымы – ұлудың иірмелі түйіні (gangl.spirale cochleae) 
орналасады. Иірмелі ағзаның нейроэпителилік жасушаларының тітіркенуі келесідей өтеді: 
дыбыс толқындары сыртқы есту жолы арқылы дабыл жарғағына жетіп, оның тербелісін 
шақырады. Ол есту сүйекшелерінің тізбегімен кіреберіс терезесі арқылы лабиринттің 
сұйық ортасына беріліп, ол жерде кіреберіс сатысы арқылы өтіп, дабыл қуысына қайтып 
келіп, екіншілік дабыл жарғағын қозғалысқа келтіреді. Ұлу лабиринтінің сұйық ортасы 


333 
мен екіншілік дабыл жарғағының тербелістік толқуы ұлулық түтік қабырғасының, соның 
ішінде, есту анализаторы рецепторының құрылымы болатын базилярлы табақшаның 
сәйкес тербелісінде шағылыс отражение табады. Адам қоршаған ортадағы дыбыс 
толқындарының барлық түрін қабылдамайтынын айта кету керек. Соның ішінде, адам 
құлағы ультрадыбысты, яғни жиілігі 20 000 Гц-тен асатын акустикалық тербелісті және 
тербеліс жиілігі 20 Гц-тен төмен инфрадыбыстарды қабылдамайды. Бұл дыбыстарды 
қалыпты жағдайда жануарлар: кейбір омыртқасыздар, жарғанаттар, кеміргіштер, жабайы 
аңдар еститіні белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет