110
Тізе буынында көптеген қапшық ішіндегі және қапшықтан тыс анатомиялық
құрылымдар бар. Қапшық ішіндегі құрылымдарға менисктер, байламдар және
синовиалық қаптар, қатпарлар жатады.
Медиалды және латералды менисктер,
meniscus
medialis
et
lateralis,
фиброзды-шеміршекті,
пішіні жартыайтәрізді
құрылымдар. Олардың қалың жиегі буын қапшығымен тұтасқан, жұқа жиегі буын
қуысының ішіне қарап жатады. Менисктердің екі беті бар: ортан жіліктің
айдаршықтарымен түйісетін жоғарғы беті ойыстау, асықты жіліктің жоғарғы буындық
бетінде жататын төменгі беті жалпақ болып келеді. Әрбір менисктің екі шеті бар, олар
арқылы айдаршықаралық томпақтың сәйкес (медиалды немесе латералды)
төмпешіктеріне бекиді.
Медиалды мениск, meniscus medialis, жартыайтәрізді, жіңішке,
латералды мениск,
meniscus lateralis, жалпақтау, көбірек иіліп, тұйықталмаған сақинаға ұқсас болып
келеді.
Менисктердің алдыңғы шеттері тізенің көлденең байламы, lig. transversum
genus, арқылы байланысқан. Менисктердің осылай бекуі тізе буынындағы қозғалыс
кезінде олардың жақсы жылжып тұруын қамтамасыз етеді. Менисктер буынның
конгруэнттілігін арттырады және серпімділік қызмет атқарады.
Кресттәрізді алдыңғы және артқы байламдар, ligg. cruciatum anterius et
posterius, бір-бірімен қиылысқан, синовиалық жарғақпен жабылған буынішілік байлам.
Алдыңғы байлам - ортан жіліктің латералды айдаршығының медиалды беті мен асықты
жіліктің айдаршықаралық алдыңғы алаңының арасында, артқы байлам – медиалды
айдаршықтың латералды беті мен айдаршықаралық
артқы алаңының аралығында
тартылған. Синовиалық жарғақ буын қапшығының артқы қабырғасынан аталған
байламдарға өтеді де, буын қуысының артқы бөлігін оң және сол жақтағы екі бөлікке
бөледі, олар бір-бірімен тек буын қуысының алдыңғы бөлігі арқылы байланысады.
Синовиалық жарғақ синовиалық қатпарлар түзеді, олардың ішінде майлы тін
орналасқан. Буындық беттердің сәйкессіздігіне (инконгруэнттілігіне) байланысты буын
қуысы бостау болады. Қатпарлар осы бостау кеңістіктің біраз бөлігін толтырады. Тізе
тобығының астында –
тізе тобықтық байламның, lig. patellae, бүйір жақтарында ең
жақсы дамыған жұп,
қанаттәрізді қатпарлар, plicae alares, орналасқан.
Тізе тобығы
және айдаршықаралық алдыңғы алаң аралығында вертикалды орналасқан сыңар
тізе
тобығыастылық синовиалық қатпар, plica synovialis intrapatellaris, өтеді. Буын
қуысының ішінде, осы аталған ірі қатпарлардан басқа көптеген ұсақ синовиалық
қатпарлар орналасады.
111
Тізе буынының қапшықтан тыс байламдары.
Кіші жіліктік жанама байлам, lig.
collaterale fibulare, ортан жіліктің айдаршықүстінен кіші жіліктің басына баратын,
буынның қапшығымен тұтаспай, жеке тұратын жіңішкелеу байлам.
Асықты жіліктік
жанама байлам, lig. collaterale tibiale, ортан жіліктің медиалды айдаршықүстінен
басталып, асықты жіліктің медиалды жиегіне бекитін жалпақ байлам. Бұл байлам буын
қапшығы және медиалды менискпен тұтасып кеткен.
Буынның артқы бетінде буын
қапшығымен тұтасқан
тақымдық қиғаш байлам, lig. popliteum obliquиm, орналасқан, ол
асықты жіліктің медиалды айдаршығынан ортан жіліктің латералды айдаршығына
барады, байлам
tendo m. semimembranosi-дің жалғасы болып табылады.
Тақымдық
доғатәрізді байлам, lig. popliteum arcuatum, тізе буынының артқы бетінде орналасқан,
кіші жіліктің басынан және ортан жіліктің латералды айдаршықүстінен басталып,
жоғары көтеріліп медиалды жаққа иіледі, бұл жерде оның бір бөлігі тақымдық қиғаш
байламға қосылады, қалған бөлігі төмен түсіп, асықты жіліктің артқы бетіне бекиді.
Тізе буынының қапшығы алдыңғы жағынан
m. quadriceps femoris-тің сіңірімен
нығайтылған, тізе тобығы осы сіңірдің ішінде орналасқан. Сіңірдің негізгі қалың, күшті
бөлігі
тізе тобығының ұшынан өтіп, асықты жіліктің бұдырмағына бекиді де
тізе
тобығының байламы, lig. patellae, деп аталады. Санның төртбасты бұлшықеті сіңірінің
басқа жалпақ екі бөлігі тізе тобығының бүйір жақтары арқылы өтіп, асықты жіліктің
алдыңғы бетіне бекиді, олар –
тізе тобығының медиалды сүйемелдеуші байламы,
retinaculum patellae mediale, және
тізе тобығының латералды сүйемелдеуші байламы,
retinaculum patellae laterale, деп аталады
.
Тізе буынының айналасында бірнеше синовиалық қаптар бар, олардың кейбіреуі
буын қуысымен қатынаста болса, ал басым көпшілігі қатынаспай оқшау орналасады.
Тізе тобығыүстілік қап, bursa suprapatellaris, буын қуысына жалғасып жатады, ортан
жілік пен санның төртбасты бұлшықеті сіңірінің аралығында, әдетте тізе тобығынан 5-6
см жоғары көтеріліп орналасады. Балаларда бұл қап нашар дамыған, ал іштегі және
жаңа туылған нәрестелерде буын қуысымен қатынаспайды.
Тізе тобығыастылық терең қап, bursa infrapatellaris profunda, тізе тобығының
байламы мен асықты жіліктің арасында жатады. Тізе тобығының алдыңғы бетінде –
тізе тобығы алдындағы теріастылық қап, bursa subcutanea prepatellaris, тізе тобығы
алдындағы шандырастылық қап, bursa subfascialis prepatellaris, және санның
төртбасты бұлшықеті сіңірінің астында
- тізе тобығы алдындағы сіңірастылық қап,
bursa subtendinea prepatellaris, орналасады. Тігінші бұлшықет сіңірінің асықты жілікке
112
бекитін жерінде –
тігінші бұлшықеттің сіңірастылық қабы, bursa subtendinea
m.sartorii, жатады. Тақым бұлшықеті сіңірінің астында, буын қуысымен қатынасатын
тақым бұлшықетінің қабы, bursa m.poplitei, жатады. Сіңірастылық қаптар басқа
бұлшықеттерде де кездеседі.
Тізе буыны айдаршықты, екі білікті, кешенді және күрделі буын. Буындағы қимыл
фронталды және вертикалды біліктер айналасында өтеді. Фронталды білік бойынша
бүгу және жазу қозғалыстарының жалпы ауқымы 140-160° көлемінде іске асады. Тізе
буынын жазу кезінде сан мен сирақ бір қатарда орналасады. Бүгу кезінде жанама
байламдар босаңсиды, осыған байланысты сирақ вертикалды білік айналасында 150°
шамасында айналады (ротация, 15° шамасында). Ligg. cruciata ішке айналуды тежейді,
сыртқа
айналғанда босаңсиды, бірақ сыртқа айналуды ligg. collateralia тежейді. Бүгу
және жазу қозғалыстары кезінде менисктер асықты жілікке жабысып жатады да, ортан
жілік олардың жоғарғы бетінде қозғалады, ал айналу кезінде ортан жілік пен менисктер
бірігіп, асықты жіліктің жоғарғы буындық бетінде жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: