Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет60/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Тұтас аяқ басы 
Адамның тік жүруіне байланысты аяқ басына түсетін салмақтың артуы, оның 
құрылымына да әсер етті: қол басымен салыстырғанда мықты, аз қозғалысты және 
серпімді болып қалыптасты. Аяқ басының сүйектері: os naviculare, os cuboideum, ossa 
cuneiformia mediale, intermedium et laterale, ossa metatarsalia I-V, аз қозғалмалы (қатаң) 
буындарға бірігіп, аяқ басының қатты негізін құрайды. 


117 
Адам тік тұрған кезде өкше төмпесі мен табан сүйектерінің бастары аяқ басының 
негізгі тіректік бөліктері (нүктелері) болып табылады. Дененің қалпы өзгерген 
жағдайда немесе қозғалыстың жеке кезеңдері кезінде бұл нүктелердің де орны өзгереді. 
Адамның аяқ басының басты ерекшелігі – оның доғалық (күмбездік) құрылымы. 
Аяқ басының сүйектері бір-бірімен қосылып, жоғары қарай көтерілген доғалар 
(күмбездер) түзеді. Осы күмбездік құрылымына байланысты дененің салмағы аяқ 
басының барлық бөліктеріне біркелкі бөлінеді, бұл жағдай жүрген, жүгірген және 
секірген кездерде дене селкілін азайтады, яғни күмбездер серпімді құрылымдар 
қызметін атқарады. Бес бойлық және бір көлденең күмбездер ажыратылады. Барлық 
бойлық күмбездер өкше төмпесінен басталып, алға жүріп тарамдалады да, бес табан 
сүйектері арқылы өтеді. Әрбір күмбездің құрамына: өкше төмпесі, бір табан сүйек және 
осы екеуінің аралығында орналасқан тілерсек сүйектерінің бөліктері енеді. Мысалы, ең 
ұзын және биік екінші бойлық күмбезді ІІ-ші табан сүйек, аралық сынатәрізді сүйек, 
қайықтәрізді сүйектің ортаңғы бөлігі, асық және өкше сүйектер түзеді. V-ші бойлық 
күмбез – ең аласа және қысқасы. 
Көлденең күмбездің түзілуі сынатәрізді сүйектердің пішініне байланысты, бұл 
күмбездің ең биік бөлігі тілерсек-табан сүйектер буындары деңгейінде өтеді. 
Аяқ басының күмбездерін бір-біріне сәйкес (конгруэнтті) орналасқан сүйектер, 
байламдар (аяқ басы күмбездерінің «енжар тартқыштары») және бұлшықеттер 
(«белсенді тартқыштар») бекітіп, ұстап тұрады. 
Бойлық күмбездерді бекітуде «енжар тартқыштардың»: табандық ұзын, өкше-
қайықтәрізді байламдардың және табандық апоневроздың маңызы зор. Көлденең 
күмбезді көлденең орналасқан байламдар: табан сүйектік көлденең терең байлам, 
табан сүйектік сыртқы, табан сүйектік сүйекаралық байламдар және т.б. ұстап 
тұрады. 
Бойлық бағытта орналасқан бұлшықеттер (m. flexor digitorum longus, m.flexor 
hallucis longus, m.flexor digitorum brevis және т.б.) аяқ басын қысқартып, бойлық 
күмбездерді, ал көлденең орналасқан бұлшықеттер (m.peroпeus longus, m.adductor 
hallucis) аяқ басын жіңішкертіп, оның көлденең күмбезін бекітеді. 
Әртүрлі әсерлерге байланысты бір адамның өзінде аяқ басы күмбездерінің пішіні 
мен көлемі бір күннің ішінде өзгеруі мүмкін, мысалы, ұзақ тұрған жағдайда байламдар 
біраз созылып, аяқ басы бірнеше миллиметрге жалпаяды. 


118 
Аяқ басы күмбездерінің көлемі жыныстық жетілу кезеңіне дейін дамиды. Жалпы 
тұрақты ауыр салмақтың түсуіне байланысты (жұмыс жағдайына орай ұзақ тұру және 
үлкен салмақтар көтеру, дене салмағының ауырлауы немесе аяқ сүйектері сынығының 
кейбір түрлері және т.б.). Белсенді және енжар тартқыштар осалдағанда күмбездер 
аласарып, табан жалпаяды да жалпақтабандылық пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет