Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті



Pdf көрінісі
бет68/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Іштің ішкі қиғаш бұлшықетіm. obliquus internus abdominis
- басталатын жері: f. thoracolumbalis (беткей жапырақшасы); linea intermedia 
cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді бөлімі); 
- бекитін жері: артқы будалары – costae
10-12
; қалған будалары апоневрозға 
ауысады да, қарама-қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен 
қиылыса бітісіп, іштің тік бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге 
қатысады; 
- қызметі: тұлғаны жиырылған жағына қарай бұрады (бір жақты жиырылғанда); 
омыртқа бағанасын бүгеді (екі жақты жиырылғанда); қабырғаларды түсіреді, іш 
тығыршығын түзуге қатысады. 
Іштің көлденең бұлшықеті, m. transversus abdominis: 


129 
-басталатын жері: costae
7-12
; fasсia thoracolumbalis (терең жапырақшасы); labium 
internum cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді үштен бірі); 
-бекитін жері: іштің алдыңғы бүйір бетінде апоневрозға ауысады да, қарама-
қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен қиылыса бітісіп, іштің тік 
бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге қатысады; 
-қызметі: іш қуысы ағзаларының бекітіліп тұруына жағдай жасайды, іш 
тығыршығын түзуге қатысады. 
 
II. Іш бұлшықеттерінің артқы тобы 
Белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum: 
- басталатын жері: labium internum cristae iliacae (артқы бөлімі) et lig.iliolumbale; 
processus transversus L
2-5

бекитін жері: costa
12
, corpus Th
12
et processus transversus L
1-4

- қызметі: омыртқа бағанасының тік ұсталып тұруын қамтамасыз етеді (екі жақты 
жиырылғанда); омыртқа бағанасын бүйіріне ию (бір жақты жиырылғанда). 
Іштің топографиясы 
Іштің тік бұлшықетінің қынабы, vagina m.recri abdominis, екі қабырғасы 
болады: алдыңғы және артқы, олар ұзына бойына бірдей орналаспаған: 
1) linea arcuata-дан жоғары: 
1.1) алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан және 
іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің алдыңғы табақшасынан құралған; 
1.2) артқы қабырғасы іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің артқы табақшасынан
көлденең шандырдан және ішастардан құралған; 
2) linae arcuata-дан төмен: 
2.1) 
алдыңғы 
қабырғасы 
іштің 
барлық 
жалпақ 
бұлшықеттерінің 
апоневроздарынан құралған; 
2.2) артқы қабырғасы көлденең шандырдан және ішастардан құралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет