Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет69/200
Дата23.10.2023
өлшемі2.15 Mb.
#481502
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200
АА Досаев Адам анатомиясы оқулық

Іштің ақ сызығы, linea alba - қарама-қарсы орналасқан іштің барлық 
жалпақ бұлшықеттерінің апоневроздарының бір-бірімен ортаңғы сызықта қиылысуы. 


130 
Ол кіндіктен жоғары жалпақтау және жұқалау; кіндіктен төмен – жіңішке және 
қалыңдау. 
Шап өзегі, canalis inguinalis - бұл шап байламының медиалді және ортаңғы 
бөліктерінің үстінде орналасқан саңылаутәрізді кеңістік. Ер адамдарда шап өзегінде 
шәует шылбыры, funiculus spermaticus, әйелдерде –жатырдың жұмыр байламы, lig.teres 
uteri орналасады. Өзектің төрт қабырғасы және екі тесігі бар. 
1. Қабырғасын түзетін құрылымдар:
- алдыңғы - m.obliquus abdominis апоневрозы; 
- артқы - f.transversalis және ішастар; 
- жоғарғы - m.obliquus internus abdominis et m. transversus abdominis-тің төменгі 
будалары; 
- төменгі - lig.inguinale. 
2. Сыртқы тесігі (беткей шап сақинасы), annulus inguinalis superficіalis - бұл іштің 
сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозындағы саңылау. Оны шектеп тұратындар: 
- төменнен – латералді аяқша, crus laterale; 
- жоғарыдан – медиалді аяқша, crus mediale; 
- латералді – аяқшааралық талшықтар, fibrae intercrurales; 
- медиалді – қайырылған байлам, lig.reflexum. 
3. Терең шап сақинасы, annulus inguinalis profundus шап байламының латералді және 
ортаңғы бөлімдерінің арасындағы шекара деңгейінде орналасқан, латералді шап 
шұңқырына сәйкес келеді, fossa inguinalis lateralis - іштің ішкі қабырғасындағы шап 
өзегінен шәует шылбырының шығатын жеріне сәйкес келетін ұңғыл. 
Бел ұшбұрышын, trigonum lumbale, оны шектейтіндер: 
- төменнен – crista iliaca; 
- медиалді - m.latissimus dorsi жиегі; 
- латералді - m.obliquus abdominis externus жиегі. 
Көкет 
Көкет, diaphragmа (m.phrenicus) – кеуде және іш қуыстарын бөліп тұратын тақ 
бұлшықет. 
Көкеттің бөлімдері: 
1. Сіңірлі орталық, сentrum tendineum; 
2. Бұлшықетті бөлігі, pars muscularis. 


131 
Көкет күмбезінің оң бөлігі бесінші қабырғаның шеміршегі деңгейінде, ал сол жағы – 
алтыншы қабырғаның шеміршегі деңгейінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі 
жақтарынан көкет шандырлармен жабылған: сәйкесінше – f.endothoracica және
f.endoabdominalis, сонымен қатар сірлі қабықтар – өкпеқаппен және ішастармен 
қапталады. 
Сіңірлі орталықта орналасқан: 
- Жүректік батыңқы, impressio cordis; 
- Төменгі қуыс веналық тесік, foramen v.cavae. 
Көкеттегі pars muscularis-тің үш бөлігі болады: белдік, қабырғалық және төстік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет