I. Белдік бөлігі, pars lumbalis үш аяқшасы болады: медиалді, латералді және аралық.
1. Медиалді аяқшасы, crus mediale оң жағында corpus L
4
, сол жағында – corpus L
3
,
сонымен қатар lig.longitudinale anterius-тен басталады. Th
12
– L
1
деңгейінде оң және сол
жақ аяқшалары бірігіп, ортаңғы доғатәрізді байлам, lig.arcuatum medianum түзеді, ол
қолқалық тесік, hiatus aorticus-ті шектейді. Бұл жерден қолқа және кеуделік лимфа
түтігі өтеді.
Әрі қарай бұлшықет талшықтары бөлініп, өңештік тесік, hiatus еsophageus түзеді, ол
Th
10-11
деңгейінде орналасқан. Бұл жерде өңеш және кезбе нервтер өтеді.
2. Аралық аяқшасы, crus intermedium, corpusL
2
-нің бүйір бетінен басталады. Ол crus
mediale-ден саңылау арқылы бөлінген, ол саңылау арқылы оң жақта үлкен ішкі ағзалық
нерв, n.splanchnicus major және v.azygos, ал сол жағында – сондай нерв және
v.hemiazygos өтеді. Тікелей аралық аяқша арқылы кіші ішкі ағзалық нерв, n.splanchnicus
minor өтеді.
3. Латералді аяқша, crus laterale, медиалді және латералді доғатәрізді байламдардан
басталады:
а) медиалді доғатәрізді байлам, lig.arcuatum mediale, m.psoas major-дың үстінен өтіп,
L
1
денесіне және L
2
көлденең өсіндісіне бекінеді;
б) латералді доғатәрізді байлам, lig.arcuatum laterale, m.quadratum lumborum-ның
үстінен өтіп, L
2
көлденең өсіндісіне және costa
12
-ге бекінеді.
Латералді және аралық аяқшалар арасындағы саңылаудан симпатикалық сабау, truncus
sympathicus өтеді.
II. Қабырғалық бөлігі, pars costalis төменгі алты қабырғадан басталып, centrum
tendineum-де аяқталады.
132
III. Төстік бөлігі, pars sternalis төстің семсертәрізді өсіндісінің артқы бетінен басталып,
centrum tendineum-де аяқталады .
Рars sternalis пен pars costalis арасында төс-қабырғалық үшбұрыш, trigonum
sternocostale орналасады ; pars lumbalis пен pars costalis-тің жақын жиектері бел-
қабырғалық үшбұрыш, trigonum lumbocostale-ні шектейді. Осы аталған кеңістіктерде
кеуде және іш қуыстары тек шандырлармен және сірлі қабықтармен бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |