29
№4 зертханалық жұмыс
КІРПІКШЕЛІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: инфузориялардың
құрылысының құрылымдық
ерек шелігімен кебісшелі инфузория арқылы танысу.
Патшалық:
Zoa немесе Animalia
–
Жануарлар
Патшалық тармағы: Protozoa
–
Қарапайымдылар
Тип:
Ciliophora
–
Кірпікшелілер
Класс:
Ciliata
–
Кірпікшелі инфузориялар
Отряд:
Holotricha
–
Тең кірпікшелілер
Отряд тармағы:
Hymenostomatida
–
Химностоматидалар
Түр:
Paramecium caudatum
–
Кебісшелі инфузория
Материалдар жəне құралдар:
1. Кебісшелі инфузорияның культурасы.
2. Микроскоптар.
3. Инелер, пипеткалар, сүрткіш дəкелер, сүзгіш қағаз жолақ-
тары, мақта үзіндісі, заттық жəне жабынды шынылар.
4.
Сірке қышқылының ерітіндісі, метилен көк, қара сия, йод
ерітіндісі.
Теориялық бөлімі: Кірпікшелі инфузориялар
–
теңіздер мен
тұщы суларда еркін тіршілік ететін қарапайымдылар.
Жануар -
лардың симбионттары жəне паразиттері де кездеседі. Кірпік шелі-
лердің денесін кірпікшелер қаптап тұрады (13-сурет). Күрделі
жүйелі, жоғары құрылымды қарапайымдылар.
1-тапсырма:
1. Уақытша препараттардан
кебісшелі инфузорияны тауып,
сыртқы жəне ішкі құрылысымен танысу.
30
2. Цитоплазмадағы органоидтарымен танысу.
Олардың қоз-
ғалу, қоректену, осмос қысымын реттейтін процестерін көру.
3. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарап, кебісшелі
инфузория құрылысының суретін салу.
13-сурет. Кебісшелі инфузория – Paramaecium caudatum:
1 – кірпікшелер; 2 – цитоплазма; 3 – макронуклеус;
4 – микронуклеус; 5 – пелликула; 6 – жиырылғыш вакуоль;
7 – асқорыту вакуолі; 8 – ауыз тесігі; 9 – қылаулатқыш;
10 – трихоцисталар
Достарыңызбен бөлісу: