34
№5 зертханалық жұмыс
ГУБКАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: губкалар құрылысының ерекшеліктерімен танысу.
Патшалық:
Zoa немесе Animalia
–
Жануарлар
Патшалық тармағы:
Metazoa
–
Kөпклеткалылар
Бөлім үсті:
Parazoa
–
Паразоа
Тип:
Spongia, Porifera
–
Губкалар
Класс:
Calcarea
–
Ізбесті губкалар
Отряд:
Heterocoela
–
Гетероцела
Түр:
Sycon raphanus
–
Сикон
Класс:
Demospongia
–
Кəдімгі губкалар
Отряд:
Cornacuspongida
–
Кремнийлі мүйізді губкалар
Тұқымдас:
Spongillidae
–
Спонгиллидалар
Түр:
Spongilla sp., Ephydatia sp.
–
Бадяга
Spongia offi cinalis
–
Мүйізді немесе моншалық губка
Тұқымдас:
Lubomirsciidae
–
Лубомирскидалар
Түр:
Lubomirscia baicalensis
–
Байкал губкасы
Материалдар жəне құралдар:
1. Фиксацияланған теңіз жəне тұщы су губкалары – сикон
губкасы, мүйізді губка, бадяга.
2.
Микроскоптар, лупалар, шынылы таяқшалар.
3. Петри табақшасы, инелер, заттық жəне жабынды шыны-
лар, пипеткалар.
4.
Қаңқа элементтерінің, бадяга геммуласының микропрепа-
раттары.
Теориялық бөлімі: Губкалар тұщы суларда,
теңіздерде, су
түбінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Дене пішіні цилиндр,
бокал, шартəрізді. Губкалардың денесі екі қабат тан: эктодер-
35
ма жəне энтодермадан тұрады. Екі
қабаттың аралы ғында мезо-
глея орналасқан. Дене қуысын парагастраль қуысы деп атай-
ды. Денесіндегі көптеген саңылаулар
арқылы су парагастраль
қуысынан өтіп оскулум арқылы сыртқа шығады. Эктодерма
қабаты пинакоцит жəне
пороцит клеткаларынан, ал эндодерма
қабаты хоаноцит клеткаларынан құралған. Мезоглеяда колленцит,
склеробласт, спонгиобласт, амебоцит жəне жыныс клеткалары ор-
наласады (14
–
16-сурет).
14-сурет. Сикон. Парагастраль қуысымен
ашылып көрсетілген губканың жалпы
көрінісі:
1 – оскулум;
2 – парагастральды қуыс;
3 – талшықты қалташалар
15-сурет. Аскон құрылысты губканың
дене қабырғасының кесіндісі:
1 – пинакоцит клеткасы; 2 – талшықты жағалы (хоаноцит) клеткасы;
3 – жұмыртқа клеткасы; 4 – склеробласт клеткасы (ішінде түзілген
спикула); 5 – саңылау; 6 – жұлдыз клеткасы
36
16-сурет. 1 – аскон; 2 – сикон; 3 – лейкон
1-тапсырма:
1. Губкалардың құрылысымен танысу. Аскон, сикон жəне
лейкон құрылыстарының ерекшеліктерін анықтау.
2. Тұрақты препараттардан
губкалардың қаңқалары мен
геммулаларын көріп, суретін салу.
3. Эктодерма, энтодерма жəне мезоглеяда орналасқан клет-
каларды ажырата білу, суретін салу.
2-тапсырма (ауызша):
Сұрақтар:
1. Құрылысының қандай ерекшеліктеріне
қарай губкалар қарапайым
көпклеткалыларға жатады?
2. Губкалардың морфологиялық типтерінің ерекшеліктері.
3. Губкалардың кластарға бөлінуі.
4. Губканың экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы жəне
олардың функциялары.
5. Геммуланың құрылысы жəне биологиялық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: