Класс тармағы: Hydroidea – Гидроидтар
Отряд: Hydrida – Гидралар
Түр: Hydra oligactis – Тұщы су гидрасы
Отряд: Leptolida – Лептолидалар
Түр: Obelia geniculata – Обелия
Материалдар жəне құралдар: 1. Суы бар Петри табақшасындағы тірі гидралар.
2. Микропрепараттар – тұщы су гидрасы, гидра денесінің
ұзынынан жəне көлденеңінен кесінділері, гидроидты по-
лип, обелия.
3. Теңіз гидроидты полипі обелияның фиксацияланған
фрагменттері.
4. Микроскоптар, лупалар, шынылы таяқшалар.
Теориялық бөлімі: Ішекқуыстылар негізінен теңіз жануар-
лары, сирек тұщы суда бекініп жəне еркін жүзіп тіршілік етеді.
Оларға жеке жəне колониялы полиптер, сонымен қатар медуза-
лар жатады (17 – 22-сурет). Ішекқуыстылар сəулелі симметри-
ялы, екіқабатты жануарлар. Гастралды қуысы мен нерв жүйесі
дамыған. Ішек немесе гастралды қуысының дамуына байланыс-
ты типтің аты берілген.