Б. Е. Есжанов Са ты бал диева Г.Қ. жəне т б



Pdf көрінісі
бет29/81
Дата28.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481831
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Омыртқасыздар зоологиясы

№7 зертханалық жұмыс
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: жалпақ құрттардың құрылысымен танысу.
Патшалық:
Zoa немесе Animalia 

Жануарлар
Патшалық тармағы:  
Metazoa – Көпклеткалылар
Бөлім үсті:
Eumetazoa – Нағыз көпклеткалылар 
Бөлім:
Bilaterata – 
Екі жақты симметриялылар
Тип:
 
 
Plathelminthes – Жалпақ құрттар 
Класс:
Turbellaria – Кірпікшелі құрттар 
Класс тармағы:
Neoophora – Неофоралар
Отряд:
Tricladida – Үштармақтылар
Түр:
Dendrocoelum lacteum – 
Ақ планария
Материалдар жəне құралдар: 
1. Петри табақшасындағы тірі планариялар.
2. Тұрақты микропрепараттар – құрттың сыртқы құрылысы, 
көл денең кесіндісі.
3. Фиксацияланған сорғыштар. Сорғыш құрттармен зақым-
данған ipi қара малдың бауыры. Тоталды препараттар. 
4. Фиксацияланған таспа құрттар, таспа құрттармен зақым-
данған балықтардың препараттары, фиксацияланған эхи-
нококк, финналар. 
5. Таспа құрттардың сколекстерінен, жетілген жəне жетіл-
меген (гермафродиттік) буындарынан жасалған препа-
раттар.
6. Микроскоптар, лупалар, инелер, пипеткалар, қара қағаз 
парағы, жұмсақ қауырсын, сағаттық шыны. 


52
Теориялық бөлімі: Жалпақ құрттар типіне билатералды 
сим мет риялы, үш қабатты, паренхиматозды жануарлар жатады. 
Құрттардың денесі созылыңқы, арқа-құрсақ бағытында жал пайған, 
көбіне пішіні жапырақ, тақта, таспа тəрізді болып келеді. Жалпақ 
құрт тардың кірпікшелі құрттар класының өкілдері ғана еркін 
тіршілік етеді, ал қалған төрт кластың өкілдері паразиттер болып 
табылады. Денесінде сорғыштары, ілмектері болады (23 – 29-сурет).
23-сурет. Ақ планария: 
1 – жұтқыншақ; 
2 – ішек тармақтары; 
3 – ауыз қуысының орыны; 
4 –көздері; 
5 – қармалауыш
24-сурет. Ақ планария
(Dendrocoelum lacteum):
1 – қармалауыш; 2 – нерв түйіні; 3 – көзі; 
4 – бүйір нерв бағанасы; 5 – көлденең нерв 
комиссуралары; 6 – ауыз тесігі; 7 – жұтқыншақ 
қалташасы; 8 – жұтқыншақ; 9 – ішек 
тармақтары; 10 – аналық бездері; 
11 – жұмыртқа жолы; 12 – сарыуыз клеткалары; 
13 – аталық бездері; 14 – тұқым жолы; 
15 – шағылыс мүшесі; 16 – тұқым қапшығы; 
17 – жыныс клоакасы; 18 – жыныс тесігі


53
1
2
3
5
4
4
25-сурет. Бауыр сорғыштың 
асқорыту жүйесі: 
1 – ауыз сорғышы; 
2 – жұтқыншақ; 
3 – өңеш; 4 – ішек тармақтары; 
5 – құрсақ сорғышы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет