94
№11 зертханалық жұмыс
ӨРМЕКШІТƏРІЗДІЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақсаты: өрмекшітəрізділердің морфофункционалды адап-
тациясы жəне олардың алуантүрлілігі.
Тип: Arthropoda
–
Буынаяқтылар
Тип тармағы:
Chelicerata
–
Хелицералылар
Класс:
Arachnida
–
Өрмекшітəрізділер
Отряд:
Scorpiones
–
Құршаяндар
Түр:
Buthus eupeus
–
Ала құршаян
Отряд:
Aranei
–
Өрмекшілер
Түр: Araneus diadematus
–
Кресті өрмекші
Отряд:
Parasitiformes
–
Паразитоформды кенелер
Түр:
Ixodes ricinus
–
Ит кенесі
Материалдар жəне құралдар:
1. Фиксацияланған (алдын ала суға жібітілген)
өрмекші-
тəріз ділер.
2. Лупалар.
3. Союға арналған ыдыстар.
4. Таза қағаз беттері.
5. Қайшылар, пинцеттер, ажыратқыш инелер.
6.
Кеңсе желімдегіш, инелер, жіптер, тушь.
Теориялық бөлімі: Өрмекшітəрізділер
–
өкпемен немесе тра-
хеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Өрмекшітəрізділердің денесі
баскеуде жəне құрсақ бөлімінен тұрады. Олардың қысқыштəрізді
хелицералары, ұзын педипальпалары жəне төрт жұп жүргіш
аяқтары бар. 63 мыңға жуық түpi бар, негізінен құрлықта, топырақ
пен өсімдіктерде мекендейтін буынаяқтылар. Арасында екіншілей
су мекендеушілері, сонымен қатар
жануарлар мен өсімдіктердің
паразиттері де кездеседі. Өрмекшітəрізділердің кең тараған отрядта-
ры: құршаяндар, бүйілер, өрмекшілер, пішеншілер жəне кенелер
95
(47
–
51-сурет). Көптеген өрмекшітəрізділерге өрмек бездерінен
бөлетін ерекше өрмек жіптері тəн. Өрмек жіптері өрмекшітəрізділер
тіршілігінде: қорегін аулауда, жауынан қорғануда, ұрпақтарының
таралуында маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: