Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет12/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   181
7 сын

3. Жауға соққы беруді ұйымдастыру. Сырт қы жауларға қарсы тұру 
үшiн қазақтарға ұлт болып күш-жi ге рiн бiрiктiру өте қажет болды.
Осы мақ сатпен 1710 жылы қазақ халқының бе дел дi 
өкiлдерi жиынға шақырылды. Қазақ ақ сү йектерiнiң 
құрылтайы Қарақұмда өткi зiлдi. Онда Бөгенбай батыр
бастаған бүкiл қазақтық жа уынгерлiк жасақ құру 
жөнiн де шешiм қа был дан ды. 
Жоң ғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұйымдастырушылардың 
бірі Әбілқайыр хан болды. Қазақ жасақтары жауды шығысқа ығыстырып 
тастады. 
Қазақ әскерлері мен жоңғар әскерлерінің арасында кескілескен қанды 
шайқастар болды. Біріккен, орталық басшылықтың болмауы себепті қазақ 
жасақтары жеңіліп қалды. Жоңғарлар Қазақстан жеріне кіре бастады.
Жоңғар шабуылының сал дарынан қазақтардың басына түскен аса 
ауыр жағдай оларды қа лайда күш бiрiктiруге мәжбүр еттi. Осылай ету 
қажеттiгiн үш жүз дiң өкiлдерi түгел түсiндi.
Әбiлқайыр хан 1723 жылы 20 мың жауынгерi бар жасақты бастап, 
жоңғарлардың қандас одақтасы Едiл бойында ғы қалмақтарға қарсы 
бiрнеше жеңiстi жорық жасады. Өз тылын осылайша қауiпсiз еткен ол 
қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың 
Әбiлқайыр хан
Құрылтайлар өткізудің 
қажеттілігі жайлы өз 
ойыңды айт.
2–3467
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


18
көктемiнде Қазақ хандығының астана сы Түркiстан қаласына жетiп, оны 
тiкелей шабуылмен азат еттi. Қа ла ны бiр жыл бойы өз қолында ұстап 
тұрды. Бiрақ жаудың еселенген көп күшiнiң тегеурiндi қысымымен қаланы 
тастап шықты.
Әбiлқайыр хан құрамында 50 мың жауынгерi бар бiрлескен қазақ-
қарақалпақ әскерiнiң қолбасшысы болды. Сөйтiп, жоңғарларға қарсы 
бiрнеше сәттi жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдас тыру шылық та-
ланты, iрi әскери қолбасшы ретiндегi қабiлетi, жеке өз басының қаһарман 
ерлiгi айқын танылды.
Жауға неғұрлым жылдам әрi күйрете соққы берудi 
ұйым дас тыру қажеттiгi бүкiл қазақтың күш-жiгерiн 
бiрiктiрудi талап еттi. Осы мақ сатпен 1726 жылдың 
күзiнде Ордабасы тауында (қазiргi Шымкент қала-
сының батыс жағында) Бүкiлқазақтық құрылтай өткізілді. Оған қазақтың 
хандары, үш жүздiң сұлтандары, билерi, батырлары келдi.
Қазақтар бiр-бiрiне барынша берiлген, адал болуға осы Ордаба-
сыда ант берiстi. Құ рылтайға қатысушылардың бiрауыздан ұйға руы мен 
Әбiлқайыр хан бүкiлқазақтық әске ри жа сақтың бас қолбасшы сы болып 
сайланды. Құрылтай жиналысының шешiмдерi қазақ халқының жоң ғар 
басқыншылығына қарсы азаттық күресiнде өте маңызды рөл атқарды. 
Қазақ қоғамының бүкiл күш-жiгерiн нақты iс жүзiнде бiрiк тiру қолға 
алынды. Әрбiр ру өзi нiң жауынгерлiк жасақтарын құрып, бү кiл қазақтық 
үлкен жасақ қа қосылуды қа сиеттi мiндетiмiз деп бiлдi.
?
1710, 1726 жылдардағы ұйымдастырылған құрылтайларға салыстырмалы тал- 
дау жаса:
Салыстыру сұрақтары
Қарақұм
Ордабасы
Орналасқан жері
Қабылдаған шешімдері
Нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет