15
«
Қырғыздарда (
қазақтарда)
әскери өнер қаси ет ті
саналып, онымен бүкіл халық айналысты. Қару
ұстай ала тындардың барлығы өзімен бірге қылыш,
кем дегенде пышақ алып жүруі, ал ел шетіне жау
тигенде халық жасағы құрамына қосылуы тиіс
болды». Көшпелілер көп және қуатты әскер жасақ-
тай алды. Жекелеген рулардың күш құ ры лымдары
қысқа мерзімде бүкілхалықтық жасақ жиналатын
жерге ке ліп жетіп, ірі әскер құрамына қосылды.
Ірі әскери құраманы
даң қты батырлар бас қар ған. Бүкілхалықтық әскери жасаққа
хан
қолбасшылық етті.
Әр жауынгердің алыс жорықтарға арналған екі немесе одан да
көп аты болды. Бірін атты шайқасқа дайындаса,
екіншісін өзі мінген,
қалғандарымен азық-түлігін және қару-жарағының бір бөлігін алып
жүрген. Әрбір жасақтың
ұраны арғы ата-бабасының руын да ғы қасиетті
саналатын тұлғаның есімімен аталды. Жал пы қазақтың ұраны «
алаш» –
түркі тілдес халықтар мен қазақ хал қының мифологиялық арғы атасының
есімін білдірді. Ұрандар жа уын герлерге рух пен күш-жігер, жеңіске деген
сенім берді.
Әскери жасақ жоғары жауынгерлік рухымен ерекшеленді. Ту ыс қан
руластардан құралған жасақ сарбаздары ұрыс алаңын тастап кетуді не-
Қазақтардың қару-жарағы
анықта!
Қазақ қоғамын-
да
батырлар
қан дай рөл ат-
қарды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
16
месе қашуды еш уақытта ойламады. Далалықтар
сатқындық пен қорқақтықты жек көрді,
ондай-
ларды қатал жа залады.
Қазақ даласы жау шабуылына жиі ұшырап
отырды. Өздері туып-өскен кең-байтақ даланың әр
сүйем жерін қорғап қалу жолында оқтын-оқтын
күреске шығуға тура келді. Қазақтар шайқаста
ерлігімен көзге түскен қатардағы жауынгерлер
мен қолбасшыларды «
батыр» атаған. Батыр атағы
халық тарапынан жеке тұлғаларға қан майданда
ерліктің ерен үлгісін көрсеткендерге ғана берілді.
Бұл атақ мұрагерлікке қалдырылмады.
Батыр
атағын хан-сұлтандар да, билер мен қарапайым
ха лық та ала алатын. XVIII–XIX ғасырларда Әбіл-
қа йыр, Абылай мен Кенесары хандар да батыр
атанды. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында халық-
тың құрметіне бөленген батырлар көп болды. Бұл
қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізген азаттық күресіне
байланысты еді. Басқыншыларға қарсы күресте
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары, Олжа-
бай, Тайлақ, Байымбет және т.б. батырлардың даңқы
шықты. Ерлігімен айрықша танылған батырлар Түр-
кістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерлену
құрметіне ие болды. Қазақ халқы ба ла ларына әйгілі
батырлардың есімдерін бер ген.
Достарыңызбен бөлісу: