200
АлТыНШы БөлІМдІ ҚАйТАлАу-ПыСыҚТАу
ТАПСырМАлАры
1. Төменде келтірілген деректердің суреттегі қай тарихи тұлғаға қатысты еке нін
анықтаңдар.
1. «Шығыстану ғылымының аққан жұлдызы».
2. «Ескендір» поэмасының авторы.
3. 1841 жылы алғашқы зайырлы мектеп ашты.
4. «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясының» авторы.
5. Абылайдың ұрпағы.
6. 1868 жылғы сайлау тәртібін бұзды деген айып тағылды.
7. Шын есімі – Ибраһим.
8. 1995 жылы 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
9. 1864 жылы қазақ балаларына арналған мектеп-интернат ашты.
10. Қашғарияға саяхат жасады.
2. ХІХ ғасырдағы мәдениетке қатысты үш тарихи тұлғаны жазып, оларға баға
беріңдер.
Тарихи тұлға
Өмір сүрген
жылдары
Еңбегі
Тарихи
маңызы
3. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбек-
терінің тарихи құндылығы неде?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217