Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет30/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   181
7 сын

2. Абылайдың iшкi саясаты. Абылайдың бүкiл 
iшкi саяси қызметi бiр орталықтан басқарылатын 
тәуелсiз мемле кет құруға ба ғыт талды. Ол шексiз 
билiкке ие болды, оны халық қол дады. Ш. Уәлиханов 
Абылай хан
тірек сөздер:
• Абылай хан
• Қазақ-қытай
қарым-қатынасы
Қазақ-қырғыз
байланысы
• Бұқар жырау
Шежіре
• Стела
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


37
былай деп жазды: 
«Қазақтардың аңыз әңгiмелерiнде 
Абылай айрықша қасиетi бар киелi, керемет құдiрет 
иесi болып сана лады. Ешбiр ханның Абылайдай шексiз 
билiкке қолы жеткен жоқ».
Ресей дiң қол астына өтудi қабыл алғанына қара-
мастан, ол iс жү зiн де Ресейге мүлде тәуел сiз iшкi және сыртқы саясат 
жүргiздi. 1759 жылы патша үкiметiнiң әкiм шiлiгi Әбiлмәмбеттi тағынан 
тайдырып, оның орнына Абылайдың оты руын ұсынды және оған барлық 
жағынан қолдау көрсетуге уәде ет тi. Алайда ел арасын-
да беделi зор әрi алыстан болжайтын көреген сұлтан 
бұл ұсынысты қабыл алма ды. Өйткенi ол ұсыныс елдiң 
өз iшiн де қазақтардың бiрлiгiн ыдыратуға соқтыратын 
едi. Патша үкiметi Абы лай ды бiр ғана Орта жүздiң 
ханы деп таныды. Бiрақ хан ант қабылдау дың және 
патша ның сенiм грамотасы мен тарту-таралғыларын 
тапсырудың салтанатты рәсiмiне барудан бас тарт-
ты. Өйткені: 
«Мені хан етіп сайлаған халқым, олай 
болса, орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант 
беруге міндетті емеспін», – деп білді.
Абылай ханға бiр орталықтан басқарылатын мем-
ле кет құрудың сәтi түстi. 1771 жылы Түркiстан қала-
сында қазақтың бүкiл үш жү зiнiң ханы болып жария-
ланды. Бұған жоңғарлар мен Едiл бойы қалмақтарын 
талқандаудағы үлесi игi ықпал еттi.
Абылайдың Түркістанда хан сайлануы. 
Ж. Қайранбайдың суреті
Абылай ханның азамат-
тық тұлғасына сипатта-
ма беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет