«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар жинағы



Pdf көрінісі
бет9/56
Дата31.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#482018
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАГЫ АНБ

Банкаралық есеп айырысулар. 
Шаруашылықтағы 
өнімді 
жабдықтаушьшар 
мен 
тұтынушылар 
арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы 
барысында банктер арасында өзара есеп айырысулар туындайды. 


Банкаралық есеп айырысулар, егерде төлеуші мен қаражатты алушы әр 
түрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда туындайды. Мұндай есеп 
айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге 
асырылады. 
Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес 
коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты 
банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс 
банктер арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді. 
Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп
айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі варианты бар: 
I варианты - орталыктандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің
бір-бірімен корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі; 
II варианты - орталықтандырылған, яғни коммерциялык, банктер 
арасындағы есеп айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық 
есеп айрысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттары негізінде 
жүргізіледі. 
Корреспонденттік шот - бұл коммерциялық банктердің өзара есеп 
айырысуларды жүргізуге арналган елдің орталық банкінде және банктердің 
бір-бірінде ашатын шоты. 
Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның 
клиенттерінің несиелік, есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне 
байланысты операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға: 
• банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарын аудару және есептеу; 
банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа 
ұйымдармен есеп айырысулары; 
• клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау; 
• банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар; 
• ҰБ-пен кассалық операциялар; 
• берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар; 
• депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу; 
• банктің өзінің бюджетке төлемдері (салық); 
• банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар және т.б. 
жатады. 
Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық 
банкке табыс етеді: 
• корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш; 
банк жарғысының көшірмесі
• Банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретік лицензияның 
көшірмесі; 
• қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариуспен 
куәландырылған). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет