[Введите текст]


ТАРАУ.Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеттануы



Pdf көрінісі
бет6/32
Дата01.11.2023
өлшемі1.49 Mb.
#482142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Қазақ әдебиеттануы

3.ТАРАУ.Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеттануы 
3.1 Қазақ әдебиеті тарихын жаңаша жазу мәселелері 
Тәуелсіз Қазақстан өркениетті елу елдің қатарына 
қосылып, мәңгі жасайтын мемлекет болуды көксеген 
заманалық мұрат-мақсатында қайта өрлеуді іске асыруы 
қажет.Міне,осы тұста қазақ әдебиетінің тарихын зерттеп, 
тәуелсіз елдің еркін ой-санасы тұрғысынан төл тарихымыз 
бен 
ұлттық 
құндылықтарымызды 
түгендеп, 
руханиятымыздағы 
бүкіл 
ақтаңдақтардың 
орнын 
толтырып, көне дәуірден бергі барлық өркениетімізді 
жүйелі түрде жинақтап, жаңаша бағытта жазуды өмірдің 
өзі талап етіп отыр.Сондықтан да кеңестік дәуірде бір 
жақты, тоталитарлық сана талабы бойынша талданған 
құнды әдеби-көркем мұраларымыз сол түпнұсқа қалпында 
қайта қаралып,тарихтағы өздерінің шынайы орындарына 
ие бола бастады. 
Осы ретте орта ғасырлардағы ренессансты 
саралаған академик Н.И. Конрадтың: «Қайта өрлеу 
(ренессанс) дегеніміз – әлемдік гуманизмнің дәуірі. Ол 
ҮІІІ - ХІІ ғасырларда Қытайда басталып, ІХ-ХV 
ғасырларда Орта Азия (Қазақстан) мен Иран және оған 
іргелес жатқан Үндістан жерінде жалғасып, ХІУ-ХУІ 
ғасырларда Еуропада аяқталды» деген сөзіне иланбасқа 
шара жоқ . Сол кездері дүние жүзін дүр сілкіндірген түркі 
әлемі, мұсылман ренессансы адамзат өркениетінің 
шарықтау шегі болғаны белгілі. Неміс ғалымы Карл 
Беккер «біздің орта ғасыр дегеніміз - Батыстың Шығысқа 
еліктеуі» десе, оны Осфальд Шпенглер осыдан сегіз 
ғасыр бұрын «Араб өркениеті шығыс қалаларынан күн 
сияқты шығып, батыс елдерінің үстінен өтті» деп 
бейнелейді. 
Түркі өркениетінің негізін қалаған мәдениеттегі 
(ғылым, өнер, әдебиет) тәжірибеден жеміс алған тәуелсіз 
Қазақстанның ендігі қол жеткізер жетістігі сол Шығыс 
өркениетінің өз құндылықтары негізінде дамуы даусыз. 
Ұлттық ғылым, әдебиет, мәдениет, өнердің әрқайсысының 
өз салалары бойынша үлкен жаңалықтарға қол жеткізуі 
арқылы қоғам да жан-жақты өрлеуі тиіс.
Тәуелсіздік алып, рухани еркіндікке ие болған 
соңғы жылдары бірнеше ғасырлық тарихы бола тұра 
арасында ақтаңдақтары мол ұлттық сөз өнерін өзінің 
бастапқы бар бояу–болмысымен сақтап, болашаққа 
жеткізу мақсатында жасалып жатқан игілікті істің бірі – 
қазақ әдебиеті тарихын жаңаша көзқарас бойынша қайта 
жазу және зерттеу мәселесі. Өйткені, «Әр мәдениеттің өз 
өркениеті бар» деген даналыққа сүйенсек, мәдениеті , кең 
байтақ жері бар, 2500 жылдық тарихи жазуы бар халық 
мұрасы – өркениет деп есептелінетінін ескерер болсақ, 
осы уақытқа дейін мол мәдени, әдеби, жазба мұрасы бар 
қазақ әдебиетінің тарихы өз деңгейінде ғылым ретінде, 
қазақ деген ұлттың, халықтың рухани тарихы, көркем 
шежіресі ретінде өзінің толық тарихын жан-жақты 


[Введите текст] 
65 
қамтып, зерттелмеген еді. Әрине, оған уақыт та, саясат та 
мәжбүрлеген шығар. Ал, қазіргідей рухани тәуелсіздікке 
ие болғаннан кейін олардың бәрін өзінің заңды тарихи 
орынына келтіру бүгінгі ұрпақтың міндеті. Өркениет – 
рухани мәселе. Біз зерттеуді 1991 жылдан бастап қана 
шындап қолға ала бастадық. Ірі, іргелі ғылыми зерттеу 
жұмыстары үшін бұл, әрине, аз ғана уақыт. Әрі жаңа 
қоғамның қалыптасып, ұлт өкілдері тәуелсіздікті сезініп, 
еркін оймен тарихқа үңілу үшін біраз уақыт қажет болды. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мерзімді баспасөз 
беттерінде шашыраңқы түрде бұрындары айтылмай 
жүрген жайттар, зерттелмеген тың тақырыптар қоғамдық 
ойға қозғау салар пікір ретінде жиі-жиі баспасөз 
беттерінде 
әңгіме 
болып 
жүрді.Алайда,күрделі 
зерттеулерге барған ғылыми жұмыстар соңғы кездері ғана 
жүйелене 
бастады. 
Ұлттың 
тарихын, 
әдебиетін, 
мәдениетін, өнерін, жалпы ұлттық құндылықтарымызды 
қайта қарап, өзінің тарихтағы лайықты орнын алуы үшін 
ғылымға мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөлініп, мемлекеттік 
«Мәдени мұра» бағдарламасы өмірге келді. Осы 
бағдарлама негізінде қаншама құнды археологиялық, 
мәдени-әдеби, ғылыми құндылықтардың құлыптаулы 
жатқан қазыналарының кілті ашылып, тұсауы кесілді. 
Қазақтың таза тарихы, әдебиеті, өнері өркендей бастады. 
Ұлттық ғылымның барлық салалары еліміз 
егемендікке ие болып, еркіндікті сезіне бастасымен өзінің 
төл тарихын жаңаша жазуды қажет етті. Ұлттық мәдениет 
пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, әлемдік 
ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік 
жетістіктері негізінде ғылым, гуманитарлық білім берудің 
мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру жөніндегі 
жұмыс басталды. Өйткені, Қазақстан әлемнің бәсекеге 
бейім елу елінің қатарынан лайықты орын алуы үшін 
өзінің қазба байлығымен қатар жазба байлығын да, яғни 
мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін-жалпы 
айтқанда ұлттық рухани әлеуетін күллі адамзатқа 
жарқырата көрсете білуі керек. Осы ретте 360 миллион 
халқы бар, ҮІІ ғасырға дейін бүкіл әлемді дүрліктірген 
айбынды Түркі қағанатының тікелей ұрпағы-бүгінгі күні 
дүние жүзінде 25-тен астам тегі бір, түбі бір түркі тілдес 
мемлекеттерге 
ортақ 
тарихы 
бай 
рухани 
қазыналарымызды зерттеуге, насихаттауға көп көңіл 
бөлінуде. 
Айталық, 
ХХ 
ғасырдың 
алпысыншы 
жылдардың аяқ кезіне дейін қазақ әдебиетінің тарихы 
ХVШ ғасырдан бастап оқытылып келгені баршаға мәлім. 
Ал,қазір ұлттық, эстетикалық, көркемдік таным білім 
бастауларын көне жазба ескерткіштерінен бастауға көңіл 
аударыла 
бастады. 
Соның 
нәтижесінде 
республикамыздың жоғары оқу орындары филология 
факультетінің оқу бағдарламаларына «Ежелгі дәуір 
әдебиеті» деген жаңа пән қосылды. Бүкіл түркі халқына
ортақ әдеби, мәдени мұралардағы қазақи ұғымдар мен 
тілдік көріністер төл танымдық рухани құндылықтар 
ретінде зерттеліп келеді. Көрнекті ғалымдар Мұхтар 


[Введите текст] 
66 
Мағауиннің 
(«Қобыз 
сарыны»), 
Мырзатай 
Жолдасбековтің («Ежелгі дәуір әдебиеті» (1967), 
«Күлтегін» (1986), «Асыл арналар» (1986), «Мөлдір 
бастаулар» (1992), Алма Қыраубаеваның «Ежелгі дәуір 
әдебиеті» (1991) тұңғыш рет қазақ мектептеріне және 
жоғары оқу орындарына арнап жазылған оқулық ретінде 
бағаланды. Кеңес дәуірінде аударылып, көпшілікке 
ұсынылған шығыс дастаны «Махаббатнама» (1985), 
«Түркі әдебиеті» оқу құралы (1988), «Ғасырлар мұрасы» 
(1988), «Қисса жанрының өзіндік ерекшеліктері» (1985), 
«Шығыстың қисса–дастандары» (1997), кандидаттық және 
докторлық ғылыми дәреже үшін жазылған зерттеулері т.б 
де жаңаша көзқараста жазылды.Ал, Немат Келімбетовтің 
«Ежелгі дәуір әдебиеті» (2005), «Көркемдік дәстүр 
жалғастығы», «Қазақ әдебиеті бастаулары», Әбсаттар 
Дербісәлінің «Тарих-и-Рашиди», «Жаһан наме», «Қазақ 
даласының жұлдыздары», «Ежелгі әдеби мұралар және 
Ислам мәдениеті» т.б атты еңбектері мен Мекемтас 
Мырзахметұлының «Бітпес»деген зерттеуінде т.б ежелгі
дәуірдегі түркілердің мәдени өмірінің тұтас тарихы, 
әдебиетінің мұралары, сол дәуірдегі тарихи тұлғалардың 
еңбектері бүгінде түркі халықтарына ортақ рухани қазына 
ретінде зерттеледі.
Х-ХІІ ғасырларда өмір сүрген энциклопедист-
ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдебиет 
зерттеушісі, ақын Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұт 
Қашқари – «Диуани лұғат-ат түрік», Жүсіп Хас Хажыб 
Баласағұн, – «Құтадғу білік», Ахмет Йүгінеки – «Хибат–
ул хақайық», Қожа Ахмет Йасауи – «Диуани хикмет», 
Сүлеймен Бақырғани – «Бақырғани кітабы», Мұхамед 
Хайдар Дулати «Тарих–и Рашиди», Қадырғали Жалаири – 
«Жами–ат тауарих» т.б сынды түркі халықтарына ортақ 
тарихи тұлғалардың есімі мен шығармаларын жаңаша 
зерттелуі және мектептен бастап барлық жоғары оқу 
орындарында арнайы пән оқулықтары ретінде оқытыла 
бастауы қуанарлық жәйт. Қазақтың ұлттық тарихы мен 
әдебиеттану ғылымында сақтардың қаһармандық 
дастандары «Алып Ер Тоңа», «Шу», «Оғыз-қаған», 
«Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекөн» дастандары мен 
«Авеста» сияқты қасиетті жазбалар жинағы мен түркі 
жазба жәдігерліктері «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары 
мен «Қорқыт ата кітабы» т.б. жайлы көптеген тың 
деректер табылып, жаңаша көзқарастағы зерттеулер 
жазылды. Айталық, Қадырғали би Қосымұлының 
“Жамиат-тауарих”(“Жылнамалар жинағы”) атты еңбегі 
ортағасырлық түркі жазба мәдениеті үлгілерінің бірі. 
Оның ортағасырлық қазақ тарихы мен әдеби мұраларын, 
тілін зерттеуде алар орны ерекше. Алайда, халқымыздың 
тарихын тануда үлкен үлес қосар бұл еңбекті зерттеу тек 
тәуелсіздік алған соңғы он –он бес жыл көлемінде ғана 
қолға алына бастады. Алғашқы ізденіс академик, тілші 
ғалым Рәбиға Сыздықова мен тарихшы ғалым, профессор 
Мәмбет Қойгелді тарапынан жасалыпты. Олардың 
“Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар 


[Введите текст] 
67 
жинағы” атты еңбегі 1991 жылы 272 бет көлемінде 
А.”Қазақ университеті” баспасынан жарық көрді. Кітап 
төрт бөлімнен (“Жами-ат-тауарих”-мәдениет ескерткіші 
және тарихи дерек”, ”Жами-ат-тауарихтың “тілі “, “Араб 
графикасынан 
транскрипцияланған 
“Жами 
–а 

тауарихтың”тексі”, “Б.Годуновқа арнау және Қадырғали 
бидің өзі жазған дастандары”) тұрады. Оның бірінші және 
екінші бөлімдерінде “Жамиат-тауарихтың” авторы туралы 
түсінік, еңбектің өмірге келген кезеңі т.б жөніндегі 
фактілік материалдардың деректік мәні, сондай-ақ 
ортағасырлық 
жазба 
ескерткіші 
ретінде 
тілдік 
қолданыстар жан-жақты талданады. Кітаптың үшінші 
бөлімінде ескерткіштің бізге мәлім тізімдері негізінде 
даярланған авторлық тексі берілген. Ал, соңғы төртінші 
бөлімінде Қадырғали бидің кітап басында берген орыс 
патшасы Б.Ф.Годуновқа арнауы және еңбектің дербес 
бөлігі, яғни ортағасырлық қазақ тарихына тікелей қатысы 
бар тоғыз дастанының бүгінгі қазақ тіліне аудармасы 
берілген . ХҮІІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылған 
(1602 ж.аяқталған) Қадырғали бидің тарихи еңбегі 
академик Ә.Марғұланның сөзімен айтсақ, - қазақ жазба 
мәдениетінің алғашқы үлгісі. Осынау үлкен тілдік 
ескерткіш туралы алғаш сөз айтқан және жарыққа 
шығарған Қазан университетінің профессоры И.Н.Березин 
болған. “Шежіре тілінің стильдік ерекшеліктеріне назар 
аудару 
керек,өйткені 
бұл 
шығарма-қазақ 
авторы 
қаламынан шыққан тұңғыш проза туындысы. Қадырғали 
мұнда тарихи шығарма жанрына барған проза жазушысы 
әрі проза аудармашысы. Борис Годуновқа арнаған
“Мадақ сөзінде” Қадырғали жазушы болып көрінеді. Бұл-
шешен тілмен көркем түрде берілген монолог, оның 
көркемдігін ауызша поэтиканың мәнерімен ұйқаса, үйлесе 
келген құрылымдар танытады. Мұнда қайталаулар, 
паралеллизмдер, метафоралар, эпитеттер, теңеулер сияқты 
стильдік тәсілдер өте шебер пайдаланылған”-дейді 
авторлар (105 бетте). 
Бүкіл адамзат мәдениеті тарихындағы құнды 
мұраның бірі - “Монғолдың құпия шежіресінде” (ХІІ-ХШ 
ғасырлардағы 
көшпелілер 
шежіресі). 
Ауд. 
М.Сұлтанияұлы. А. Өнер. 1998 ж. – 224 бет/ - түркі тектес 
тайпалардың тарихы,ірі мемлекет қайраткері Шыңғыс 
ханның жүргізген саясаты, сол кездегі тарихи оқиғалар 
баяндалумен бірге мұнда көшпелі тайпаларға қатысты 
әдеби-мәдени, тарихи, тіл-тұрмыстық және жер-су, 
жағрапиялық атаулар, кісі есімдері жайлы құнды 
деректерде бар. Көшпелі халықтарға тән ауыз әдебиетінің 
үлгісімен жазылған шежіреде халықтың ән-жыры, 
шешендік сөздері, термелері, тіпті әр бөлім сайын 20-30 
өлең қамтылған. ”Сұхбаттар мен төл сөздер көбіне 
өлеңмен жазылған. Бұл шығармада көне монғол тілінің 
әуені, жыр ұйқасы (поэзия) және қара сөздік шығарма 
(проза) үлгісі көп қолданылған.”(10 бет). 
Тәуелсіздік 
алған 
алғашқы 
жылдары 
туған 
халқымыздың тарихына, оның көне жазбаларындағы 


[Введите текст] 
68 
көмбелерге көз салу, оларды ең алдымен қазіргі қазақ 
тілінің транскрипциясына салып, қалың оқырманның 
әдеби айналымына аударып, оларды біртіндеп зерттеу 
ісіне жаппай бет бұру кезеңі болды десек артық 
айтқандық емес. Осы күнге дейін мұрты бұзылмай келген 
қаншама құнды тарихи, әдеби, мәдени мұралаларымыз 
халқымыздың рухани игілігіне айналды. Соның бірі –
Махмуд Қашқаридің ХІ ғасырда жазылған үш кітаптан 
тұратын “Диуани лұғат ит-турк” атты “Түркі сөздерінің 
жинағы”. Бұл еңбекті тұңғыш рет қазақ оқырмандарына 
ұсынған тәржімашылар –Қанапия Бекетаев пен Әрсен 
Ибатов (“Түбі бір түркі тілі” /”Диуани лұғат ит-турк”/ 
А.”Ана тілі” 1993 ж –192 б) . Түркілердің ділмәр-
шешендері мен зерек қабілет иелерінің бірі болған ұлы 
бабамыз аталмыш кітабына арнайы тәртіппен 6800 түркі 
сөзін топтастырып (110 жер-су атына, 40 ел мен тайпаға) 
араб тілінде анықтама-түсінік берген. Кітапқа інжу-
маржан екі және төрт жолдық 242 шумақ бәйіттер мен 262 
мақал-мәтелді мысал ретінде пайдаланған. Бір ғажабы 
”Диуанға” енген 875 сөз бен 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ 
тілінде қаз-қалпында пайдаланылып келеді . 
“Диуан”-түркі тілдерінің бірінші салыстырмалы 
сөздігі және ең әуелгі филологиялық зерттеу. ”Диуанда” 
сол кездегі түркі тайпаларының тілдері тұңғыш рет 
ғылыми тұрғыдан жүйеленеді. Ондағы жеке сөздердің тек 
қана мағыналары емес, этимологиясы да түсіндіріледі. 
Сонымен бірге ол сөздердің қандай тайпаның тіліне тән 
екендігі анықталады. Бұл мұраның зерттелуіне тіл 
мамандары профессор Әбжан Құрышжанов, Р.Сыздықова, 
А.Егеубаев, т.б үлес қосқаны белгілі. 
1993 жылы 262 бет көлемде А.”Мұраттас” ғылыми 
зерттеу 
және 
баспа 
орталығынан 
ғалымдар 
М.Жармұхамедұлы, 
С.Дәуітұлы, 
М.Шафиғилардың 
қазақшаға аударуымен аты әйгілі Қожа Ахмет Иасаудың
“Диуани хикметі” (“Ақыл кітабы”) тұңғыш рет қазақшаға 
түсіріліп, толық күйінде жеке кітап болып жарық көрді. 
Бастан-аяқ ақыл-өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған және 
араб тіліндегі құран мен шариғат заңдарын өлеңмен 149 
хикметте өрнектеп, төрт түрлі нәрсеге-(шариғат, тарихат, 
хақиқат, мағрипат) ерекше көңіл бөлінген кітап Құраннан 
кейінгі екінші кітап саналған. Құранды тұңғыш рет түркі 
тілінде сөйлеткен Қожа Ахмет Иасауи еңбегі жайлы қазір 
барлық гуманитарлық ғылым салаларында жан-жақты 
зерттеліп келеді. Мысалы, түркі жұртшылығына Ясауиді 
тұңғыш рет кеңінен таныстырған түрік ғалымы проф. 
Мехмет фуат Көпрүлүнің 1913 жылы жазылған “Ахмет 
Ясауи мен оның шағатай әдебиетіне ықпалы” деген 
мақаласынан бастап, орыс, өзбек, қырғыз, қазақ
ғалымдарының еңбектерінде зерттеу нысанасы болып 
келеді. Кезінде М.Дулатов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, 
Е.Жұбанов, Ә.Құрышжанов, Р.Сыздық т.б ал, соңғы 
жылдары М.Жармұхамедов, Р.Бердібаев, М.Шафиғи, 
Ө.Күмісбаев, С.Дәуітов т.б Ясауи мұрасы жөнінде 
бірнеше зерттеу еңбектерін жазды. Бұл ұлттық 


[Введите текст] 
69 
әдебиеттану ғылымының рухани тынысы кеңейіп, өрісі 
өскендігін танытады. Қожа Ахмет Ясауидің “Хикметтер” 
деп аталатын даналық сөздерін жазба дүниеміздің баға 
жетпес ескерткіші ретінде танып, әр қырынан зерттеу 
жұмысы әлі де жалғасын табуда. 
Сондай-ақ, көне түркі тілін ұйғыр тілімен 
тамырластырып, зерттеп жүрген жас әдебиеттанушы 
ғалым, филология ғылымдарының докторы Алимжан 
Тиливалди Хамраев өзінің “Рифма и проблемы звуковой 
организации уйгурского стиха” (А.”Гылым”1996 –177с) 
және “Древнетюркский книжный стих” (Формирование 
древнеуйгурской книжной версификации и проблема 
аллитерационного 
стиха) 
/А.2002-228 
с/ 
деген 
зерттеулерінде түркі тектес халықтарға ортақ жазба 
мәдениеттің мәселелерін кітаби өлеңтану ғылымы 
тұрғысынан танып, өлең сөздің көркемдік әлемін, 
олардың ұқсас ұйқастарының байланысын қарастырады. 
Оған ғалымның монографиялық еңбегіндегі тараулар 
атаулары дәлел бола алады: ”Своеобразие словесной 
культуры древнетюркских народов и ее развитие в период 
ҮІ-ХШ 
вв”, 
”Об 
истоках 
стихотворной 
речи 
древнетюркской народов” т.б.
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымына үлкен бір сала 
болып енген ежелгі дәуір жәдігерлерін, атап айтсақ, 
”Күлтегін”, ”Құтты білік”, ”Қорқыт ата кітабы”, 
”Оғызнама. Мұхаббатнаме”, ”Тотынама”, ”Кабуснама”, 
”Жами ат-тауарих”, ”Тауарих-хамса”, ”Шежіре-и түрк”, 
”Диуани хикмет”, ”Хикметтер” сынды жазба әдебиет 
үлгілерінің ең алдымен осылай қазіргі қазақ тіліне 
аударылуының өзі зор жетістік деуге болады. 
Жалпы түркі халықтарына ортақ көне түркі әдебиеті 
мен мәдениетіне, сөз өнеріне Орхон ескерткіштері (ҮІІ 
ғасыр), ”Қорқыт” (ҮШ ғ.),”Оғыз-нама”(ІХ ғ) т.б сияқты 
әдеби жәдігерлер жайлы М.Жолдасбековтің “Асыл 
арналар”, ”Ежелгі дәуір әдебиеті” хрестоматиясынан, 
Қ.Өмірәлиевтің “ҮШ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі әдеби 
ескерткіштері”, Х.Сүйіншәлиевтің “Қазақ әдебиетінің 
тарихы”, Ә.Қоңыратбаевтың “Көне мәдениет жазбалары” 
деп аталатын еңбектерінен білуге болады. Бұл тізімді 
бүгінде тіпті ұзартып соза да беруге болады. Өйткені, 
тәуелсіздік алып, өзімізді-өзіміз танып,тарихымызды, 
көне мәдениетімізді тереңдеп зерттей бастаған соңғы он 
бес жыл көлемінде қазақ, жалпы түркі өркениеті 
жөніндегі зерттеулер қатары мен олардың сапалық 
серпілістері көңіл қуантады. Алайда олардың бәрін бір 
еңбекте талдап та шолып та шығу мүмкін емес.Әрі 
олардың көбі біздің назарымызға түспей қалуы да әбден 
мүмкін.
Ендігі жерде бір айта кетер жәйт-осы көне әдеби 
мұралардағы шешендік өнердің түп тамыры мен оның 
ұлттық сөйлеу мәдениетінің дамуы мен қалыптасуындағы 
алатын орны жөніндегі еңбектердің көріне бастауы. 
Бұрындары жазылған Н.Төреқұлұлының “Қазақтың 100 
би-шешені” 
(А.”Қазақстан”. 
1995), 
”Шешендік 


[Введите текст] 
70 
шиырлары” (А.”Қайнар” 1993), Б.Адамбаев. Алтын 
сандық. (А.Жазушы. 1989), Қ.Өмірәлиев. ”Абай афоризмі” 
(А.Қазақстан. 1993) т.б еңбектерде қазақтың төл 
тарихындағы шешендік өнер жөнінде айтылса, соңғы 
жылдары жарық көрген Г.Қосымованың” Қазақ шешендік 
өнерінің негіздері” А.”Білім”. 2003-260 б. атты оқу 
құралында оның зерттеу нысанасының кеңістігі кеңейіп, 
көне сөз өнеріне бойлапты. ”Шешендік өнердің қалыптасу 
тарихы” деген тарауында “Ежелгі түркі шешендігі”, 
”Көне түркі шешендігі”, ”Орта ғасырлық түркі 
шешендігі”, 
”Билер 
шешендігі”, 
”Ақын-жыраулар 
шешендігі”, ”Қазіргі шешендік” т.б деген тараушаларда 
ежелгі дәуір әдебиетіндегі шешендік өнердің тарихына 
тереңдеп 
бойлап, 
бүгінгі 
күн 
тұрғысынан 
талдап,салыстыра зерттейді. 
Әдебиеттанушы Серік Негімовтің “Шешендік өнер” 
(А.Ана тілі,1997-208 б) атты оқу құралында да ұлттық 
шешендік өнердің табиғаты, билер мұрасындағы 
шешендік өнерге қатысты ой-пікірлер таразыланады. ”Би” 
деген ұғымның этимологиясын, шешеннің болмысын, 
психо-физиологиялық ерекшеліктерін, шешен сөйлеудің 
логикалық-композициялық құрылысын жаңаша зерттейді. 
Осы аталған әдеби мұралар бүгінде ұлттық әдебиет 
тарихының 
тамыры 
ретінде 
ұлттық 
философия, 
мәдениеттану, ұлттық психология, педагогика, тарих, 
этнография, этнопсихология, т.б сияқты негізгі ғылым 
салаларында да жан-жақты зерттеліп келеді. Қуаныштысы 
олардың бәрі оқулықтарға еніп, арнайы пән ретінде 
оқытыла бастады. Бұл “Мәдени мұра’’ бағдарламасының 
3-ші кезеңінде талап етілген жас ұрпақтың төл тарихын 
тануы тиіс деген мақсаттың жүзеге асырылуын дәлелдесе 
керек.
Жалпы қазақ өркениетінің тарихы, оның мәдени және 
философиялық бастауы мен тамыры – ғұн, сақ-скифтерде 
жатыр. Мәселен, ресейлік Троп деген ғалымның 
«Скифтер» деген еңбегінде Үндістаннан табылған ( бұдан 
бес мың жыл бұрын жазылған) бір көне кітапта «қазақ», 
«Жетісу» деген сөздерінің ұшырасқаны жөнінде 
айтылады. 
Бабаларымыз 
қолданған 
сына 
жазуы 
шумерлерден тарағаны (Шумер деген мемлекет болған) 
жөнінде қызықты деректер де бар: Павлодар қаласы 
жанынан шумер жазуының сынықтарын, ал Түркістаннан 
«Қаңлылардың жазуы» деген жазулар табылуы да тегін 
емес. Бұл тастың кемінде үш мың жылдық тарихы бар 
деп есептелінуде. 
Орайы келгенде айта кетер бір мәселе - қазақ әдеби 
тілінің тарихы да жеке кезеңдерден тұратындығы, ол 
жөнінде тілші мамандардың дәуірлеу туралы пікірлері де 
әрқилы екендігі Р.Сыздықованың “Қазақ әдеби тілінің 
тарихы” (ХҮ-ХШ ғасырлар)” А. ”Ана тілі” 1993-320 б/-
деген еңбегінде жүйелі түрде жан-жақты айтылады.
Қазақ халқының мәдени мұраларының және тілінің 
тарихы өте көне замандарға кететіндігі жөнінде ”Ертедегі 
әдебиет 
нұсқалары” 
атты 
еңбекте 
Б.Кенжебаев, 


[Введите текст] 
71 
М.Жолдасбеков, 
М.Мағауин, 
Х.Сүйіншәлиев, 
Қ.Сыдиқовтар 1967 жылы айтқан болатын. 
Әрине, ортақтықтың белгілерін,арнаның іздерін 
табу- арнайы зерттеушілердің міндеті. Әсіресе ол 
белгілердің қазіргі түркі әдеби тілдеріне қатысын, яғни 
әсерін, үлгісін, элементінің сақталуын т.т.сөз еткенде, 
ұсынылатын тұжырымдарды нақты фактілермен дәлелдеу 
керек болады. Мысалы, орхон-енисей ескерткіштері 
тіліндегі сөздердің лексикалық топтарына, мағыналары 
мен сыртқы тұлғаларына қарай оны осы күнгі түркі 
тілдеріне жақын келетін немесе алыс тұратын сәттерін 
айқындау айқындау болып табылады. Ол жөнінде 
айтылған пікірлер мен нақты зерттеулер аз емес. Мысалы, 
бұл 
ретте 
С.Е.Малов, 
В.В.Радлов, 
А.Н.Кононов, 
Ғ.Айдаров, 
А.С.Аманжолов, 
Ә.Құрышжанов, 
М.Томановтардың еңбегін атауға болады. 
Осы еңбегіндегі “Орхон-Енисей ескерткіштерінің 
тілі-қазақтың ауызша және жазба әдеби тілдерінің бір 
арнасы” деген тарауында зерттеуші бізге жеткен көне 
түркі жәдігерлер жөнінде былай дейді: 
« І) Ү ғасырға жататын руна (сына) жазулы талас-
енисей ескерткіштері: құлпытастардағы эпитафиялар, 
олар 1-2 сөйлемнен 5-6 сөйлем көлемінде айтылған тарих; 
2) ҮШ ғасырға жататын руна жазулы орхон 
ескерткіштері:құлпытасқа қашалып сызылған (жазылған) 
түркі тайпаларының сол дәуірдегі атақты қағандары мен 
батырлары, Білге қаған, Елтеріс қаған, Күлтегін, 
Тонықұқтар туралы тарихи шежірелер; 
3) ҮШ-Х ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян 
айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер (жазбалар)». /42 б/ 
Тап осы ойды кеңестік дәуірде айтып, ғылыми 
тұрғыдан тұжырымдап берген Қ.Өмірәлиев – өзінің 1971 
жылы “Қазақстан мектебі” журналының 9-шы санындағы 
“Көне түркі сөз үлгілері”атты мақаласында көне түркі 
поэзиясының әдеби тілінің тамыры түркілердің ауызша 
поэзиясында, яғни тұрмыс- салт жырларында, жоқтау 
өлең айту салтында, дидактикалық шешендік толғаулар, 
мақал-мәтелдер арқылы өте ерте дәуірде жасалған деген 
пікір айтады. Алайда, кеңестік дәуірде түркі жұртын, 
оның ішінде қазақ халқын тым жабайы, сауаты жоқ, көне 
дәуірде ешқандай әдебиеті, мәдениеті болмаған ұлт 
санайтын Мәскеу ғалымдарының менсінбеушілігінен, 
қасақана мойындамауынан туындаған Орхон-енисей 
жазуларын “поэзиялық туынды” деген жалған дақпырт 
фактінің ғылыми негізі жоқ екендігі бүгінде дәлелденіп 
отыр емес пе?. Евроцентристік танымды ұстанған орыс 
зертеушілері әлі де мәселенің төркініне сынмен қарай 
алмай отыр. Қ.Өмірәлиев ол шығарманың жанрлық, 
стильдік жағынан нақты мәтіндерді талдау арқылы өлең 
өлшемінің тіл табиғатымен тамырлас дамитын тұтас 
көркемдік құбылыс екенін дәлелдеген болатын. 
Қ.Өмірәлиевтің осынау батыл пікірін бүгінгі күні 
жоғарыда келтірілген көптеген тың ғылыми, әдеби 


[Введите текст] 
72 
деректерге, теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, 
М.Мырзахметұлы өз ойын былайша жеткізеді: “...Осы 
тұрғыдан алғанда, Тұранның ұлы қағаны, Алып Ер Тоңа 
(б.з.д.626 жылы опат болған) туралы жырланған эпостық 
тарихи жыр жолдары (шамамен 600 жолдай өлең) 
М.Қашқари сөздігі арқылы бізге жетіп отыр. Ондағы өлең 
ұйқасы 7-8 буынды желілі ұйқас түрінде (аааб) 
келген.Осы өлең ұйқасы ХІХ ғасыр ақындары Дулат пен 
Абай поэзиясындағы жетілдіріліп, жаңартылған дәстүрлік 
жалғастықты көрсетіп отыр.”/179 б/ М.Мырзахметұлы 
“Түркістан Тараз арасы... ”Астана: Білге. 2002-432 б). Бұл 
пікірді тілші маманы Р.Сыздықова да қолдайды: 
”..Қайткен күнде де орхон-енисей жазбалары-әдеби тілдік 
дүниеліктер, өйткені бұлардың тілінде белгілі бір 
нормалар, дәстүрлі үрдістер бары даусыз”/42 б/. Жетпіс 
жыл бойы жабайылықтан, рухани құлдықтан арыла алмай 
келе жатқан қазақ жұртының арғы тегі текті, тарихи, 
мәдени тамыры тереңде әрі құнарлы екендігіне бүгінгі 
қазақ, түркі өркениеті жөнінде жазылып, зерттеліп жатқан 
көне ескерткіштеріміз дәлел болса керек.
Көшпенділер қалада тұрған, ал қала мәдениеттің 
мәйегі екендігі мәлім. Оған дала данышпандарының сол 
қала аттарымен аталуы дәлел. Қоғамдағы әлеуметтік – 
саяси түбірлі өзгерістердің ең алдымен өнерде, әдеби 
мұраларда көрініс беретіні де сондықтан болса керек. 
Мәселен,филология 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор Тұрсын Жұртбаевтың «Дулыға: Көне түркі 
батырлары туралы әфсаналар» атты (Алматы. Жалын, 
1994ж.) зерттеуінде көпшілікке мәлім емес көшпелі 
тайпалар тарихында есімдері белгілі, алайда талай жылдар 
бойы аттары аталмай келген көне түркінің ірі 
тұлғаларының тағдырына көз салып, төл тарихымызды 
түгендеуге тәуекел еткен. Еңбектің мазмұнын бір шолып 
өткенде-ақ 
автордың 
арғы 
тегімізді 
түгендеп, 
тамырымызды тануда үлкен тынымсыз еңбек еткені 
байқалады. «Скиф - ишкуз дәуірі» деген бірінші 
тарауында 16 тарихи тұлғаға (атап айтсақ, Тарғытай, 
Ишпақай, Партатуа, Мәди, Анақарыс, Тоқсары, Тұмар, 
Шырақ -Сирақ, Иданбарыс, Зарина, Ескіл, Атей, Сыпатай, 
Сатир, Евмель, Балақ, Саймақ) тоқталса, «Хұндар» деген 
екінші тарауында тоғыз (Тұман, Мөде, Лаушаң-Қызай, 
Елжау би, Қоянды, Оңқай би, Баутиан, Шөже,
Мойыншор) дала даналарының даңқты істері мен ізгі 
істерін нақты тарихи деректер келтіріп, оларды белгілі 
тарихшы, түркітанушы ғалымдардың зерттеулеріндегі 
ғылыми болжамдармен, ғылыми негізі бар пікірлермен 
дәлелдеп, бірнеше бізге белгісіз тұлғаларды тірілтіп еді. 
Бұл еңбекті оқыған оқырманның қаншама құнды 
құжаттарға, қызғылықты тарихи деректерге жолығары 
сөзсіз. Тап осындай мақсатпен жазылған жазушы, 
әдебиетші Бексұлтан Нұржекеұлының «Жүз тұңғыш. 
Жинақ (Кітап. Алматы. “Жалын” баспасы. 2005. 320 бет) 
атты еңбегінде отыз жеті тарихи тұлға туралы толық 
мәліметтер береді. Айталық, әлемнің тұңғыш жеті 


[Введите текст] 
73 
данагөйінің бірі болған қазақ бабасы, қазақтың арғы 
бабаларының ішінде тұңғыш рет шет елде білім алған сақ, 
қазақ шежіресі мен жазба тарихта аты бірдей сақталған 
Арыс, біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ ғасырда өмір сүрген
Иданфирс (Арыстың немере інісі), тұңғыш құн 
империясын құрған Шәнүй бабамыз, Қытай Императорын 
әскерімен қоса тұңғыш қаша соғысу әдісімен қоршап 
алған қолбасы Мүде Шәнүй, Үйсін мемлекеттігін тұңғыш 
құрған ұлы Күнби, қазақтың үйсін дәуірінде тұңғыш 
билер басшылығын құрған күнби Майқы би, Еуропада 
434-453 жыл аралығында тұңғыш құн империясын құрған 
құн көсемі Аттила, тұңғыш Түрік қағанатын құрған адам, 
Қаған атанған тұңғыш түрік ханы Бумын қаған, тұңғыш 
тас кітапқа тарих жазып қалдырған баба жазушы Йоллығ 
тегін, тұңғыш түрік халықтарының мекенін көрсететін 
дөңгелек карта сызған ғалым, түркі әлемінде «Түрік 
сөздігі» атты тұңғыш кітап құрастырып жазған ғалым, 
түркітану ғылымының негізін қалаған Махмұд Қашқари, 
т.б басқа да тарихтан ойып өз орнын алар 
зиялыларымыздың өмірі мен еңбектері жайлы жақсы 
танымды дүние десек болады. 
Тарихы бірнеше ғасырларға ұласқан ұлы рухани 
көштің иесі екендіктерін таныта бастады. Осы орайда бір 
ғана мысал келтіре кетелік. Осыдан бірнеше жыл бұрын 
сонау VІ ғасырда өмір сүрген Византия мемлекетінің 
елшісі Принсктің көне грек тілінде жазылған қолжазбасы 
табылған. Ол ежелгі түркі елінде болған бір сапары жайлы 
былай деп таң қала, тамсана жазады: «Түркі қыздарының, 
әйелдерінің киімдері әсем әрі ыңғайлы болып келеді. 
Асыл заттардан жасалған сырға, білезік, шолпы, жүзік 
оларға ерекше сән мен көрік береді. Біз түркі патшасының 
қабылдауында 
болдық. 
Қонақтар 
алтын, 
күміс 
шанышқымен тамақ жеді. Кешке бізді тас моншаға алып 
барды..» 
Міне, осы кішкентай ғана қолжазбада қаншама 
ақиқат пен шындық жатыр.
Еуропалықтар тас моншаны ХҮШ ғасырда ғана сала 
бастағанын ескерсек,бұл дерек көне түркі жұртының 
өркениетке ерте келгендігінің бірден-бір дәлелі осы емес 
пе. 
Тәуелсіздікке қол жеткізілген соңғы жылдардағы 
ғылыми деректер мен дәйекті пайымдауларға зер салар 
болсақ, Қазақстан жерінде ҮІ-ХІІ ғасырлардың өзінде 
көптеген қалалардың барлығы анықталып отыр. Олардың 
көбі кезінде өнер мен білімнің, сауда-саттық пен саяси 
өмірдің ордасы болғандығы жайлы көптеген деректер бар. 
Араб 
жиһанкездері 
әл-Истахри, 
әл-Макдисидың 
айтуынша Сырдарияның атырауы мен орталық бөлігінде 
20 қала салыныпты. Олардың ішінде Сығанақ, Жаңакент, 
Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Сауран, Сүткент, Құмқала, 
т.б белгілі қалалар болған. Ал, Баладж, Барукент, Барух 
сияқты қалалардың орындары әлі күнге белгісіз.Сондай-
ақ, ІХ-Х ғасырларда Талас аңғарында Тараз(Жамбыл), 
Хамукент (Майтөбе), Күл (Ақтөбе) сияқты 12 қала 


[Введите текст] 
74 
орнаған екен. Әл-Максиди: «Жетісу бойында 22 қала 
көрдім» - деп жазады. Атайтындары: Құлан, Мерке, 
Қойлық, Екі-өгіз, Баласағұн, т.б Тараз, Атлах, Суяб-Ұлы 
Жібек жолы бойындағы қалалар. 
Француз королі ІХ-Людовиктің елшісі Вильгелм 
Рубрук Іле алқабындағы ірі қалалардың бірі деп 
Қойлықты атайды. Араб географы Ибн Хордадбек 
«Жолдар мен аймақтар» атты кітабында Құлан қаласын 
сипаттайды.
«Қыпшақ қаласының гаваны» аталған 15 мұнаралы 
қорғаны бар Сығанақ қаласы бір кезде астана болған. 
Академик В.В.Бартольд Константинополь қаласының 
кітапханасынан Сығанақ тұрғыны жазған бір шумақ бәйіт 
тауып оқығанын айтады: 
«Ерте кезде бұл алқап мұңсыз еді, 
Ғұлама, дана адамдар мекендеді... 
...Десе-тағдыр қайтадан өмір бердім 
Сығанақта тууды қалар едім». 
Бір кезде Батыс-Түрік, Қарлұқ қағандығының астанасы 
болған, әйгілі «Құт негізі-білік» дастанын жазған Жүсіп 
Баласағұнидің туған қаласы Баласағұн орны күні бүгінге 
дейін белгісіз болып келді. («Тарихтан тартқан сыр» 
А.Әлмұхаметов. 22.06.2007). 
Өркениетті 
ұлт ең алдымен, сол тарихымен, 
мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тағдырымен 
ерекшеленеді. 
Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени 
өмірінде маңызды орны бар тарихи қала орталықтарында 
жүргізілген археологиялық, этнографиялық зерттеу мен 
консервациялау, мұражайландыру жұмыстары сол сан 
ғасырлық мәдениеттің құнарлы топырағында туып, 
қалыптасқан халық екендігімізді әлемге әйгілеуде. 
Мәдениет 
және 
ақпарат 
министрлігі 
тарапынан 
жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Дамаск қаласында әл-
Фараби кесенесі мен этно-мәдени орталығын салу үшін 
жер учаскесі бөлінді. Сұлтан Бейбарыстың Дамаск 
қаласындағы кесенесі мен Каирдегі мешітін қайта 
жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Көне түркілердің 
жазба мұрасын тауып, оны зерттеу және таныту 
мақсатында 2007 жылы Монғолия аумағына ғылыми-
іздестіру экспедициясы ұйымдастырылып, нәтижесінде 
«Тоныкөк», 
«Тариат» 
тастарының 
көшірмелері 
Қазақстанға әкелінді. 
Қазақтың екі мың жылдық тарихындағы ішкі және 
сыртқы түрлі себептердің салдарынан орын алған сансыз 
«ақтаңдақтар» әлемі еркін ойлы егеменді елдің 
зерттеушілерінің табанды ізденістерінің нәтижесінде 
түгенделіп, төл тарихи, рухани мұраларымыз тұтас 
кезеңдерімен жүйеленіп, бір ізге түсе бастады. 
Осы орайда, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы 
Берел 
обасынан 
табылған 
археологиялық 
алтын 
бұйымдарды 
құрастыру, 
тазарту 
және 
олардың 
куәліктерін дайындау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 


[Введите текст] 
75 
Президенттің Мәдениет орталығының қорында Берел 
қорғанынан 
табылған 
300-ге 
жуық 
археология 
құндылықтары тіркеулі тұр. «Көшпелілердің мәдени 
мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу 
институты» және Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің 
қатысуымен 
Париж 
және 
Берлин 
қалаларының 
мұрағаттары мен кітапханаларына экспедициялары 
ұйымдастырылды. Нәтижесінде Қазақстан және Орталық 
Азия тарихы мен этнографиясына қатысты 17-
20-ғғ. қамтитын 100-ден аса құнды мәдени, тарихи 
деректер табылды. Бұл деректердің бүгінге дейін 
қазақстандық ғалымдар үшін белгісіз болып келген еді . 
Соңғы 25 жылда алғаш рет жеке адамдардан
шағатай тілінде 5 қолжазба кітап, атап айтқанда, 18-19-
ғасырлар аралығында жазылған Иасауидің, Науаидің, 
Физулидің еңбектері және «Көрұғлы» дастанының 
ертеректе жазылған нұсқалары 455 мың теңгеге сатып 
алынған. 
Осы бағдарлама бойынша қазақ кітаптарын, 
Қазақстанға қатысты басылымдарды әлемнің басқа 
кітапханаларынан іздестіру жұмыстары жүргізілген. 
Аталған 5 қолжазбадан басқа баспадан шыққан бірнеше 
кітап және 130-ға жуық сирек құжаттық мұралардың 
электронды, ксеро көшірмелері алынған. Бұл шара Қытай 
Халық Республикасының бірнеше қаласына, Ресейдің 
Мәскеу, Санк-Петербург, Қазан қалаларына ғылыми-
экспедиция жіберу арқылы, екіжақты келісім шартпен 
жүзеге асырылған. Еуропаның 5 мемлекетіне – Англия, 
Германия, 
Испания, 
Италия, 
Францияға 
кәсіби 
дайындығы мол екі маман барып 77 қолжазбаның және 
200-ге жуық кітаптың көшірмесін алып келген. Онан 
кейінгі кезекте Ватиканның құпия архивін ақтаруға да екі 
рет мүмкіндік туған. Сол әкелінген материалдардың 
ішінен тарихшылардың өзін қайран қалдырған деректер 
табылған. Ватикан архивінен 14-15-ғасырларда Алтын 
Орда хандары мен Рим папалары арасында жазылған 
елшілік хаттар табылып отыр. Бұл хаттар Алтын Орданың 
Еуропа елдеріне қалай ықпал еткендігінің дәлелі. 
2003 жылы Қытай астанасы Пекинде жарық көрген 
«Жұңғы тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 
деп аталатын аса құнды екі томдық ерте тарихтан 
басталатын библиографиялық көрсеткіш әкелінген. 
Мәселен, Ұлттық кітапханада сақталған ең көне 
Құран Кәрім 12 ғасырда куфа жазуымен жазылған. Куфа 
жазуы дегеніміз діни аңыздарда айтылғандай, топан судан 
кейін Нұх пайғамбар (ғ.с.) кемесінен түсіп мешіт 
тұрғызған Куфа қаласының көркем жазу шеберлері 
қалыптастырған араб жазуының бір түрі. Куфа жазуының 
негізін салушы хазіреті Мұхамед пайғамбардың күйеу 
баласы, төртінші халиф Әли Әбу Талиб. Бұл куфа 
жазумен жазылған Қазақстандағы жалғыз Құран Кәрім 
болып саналады. Ол Ұлттық кітапханада сақталған. 
Ғылым үшін бір кітаптың қай нұсқасы да құнды 
екендігі белгілі.Мәселен, Бақырғанидің хикметтері 10 рет 


[Введите текст] 
76 
жарық көрген болса, он данасы да кітап қорында сақталуы 
керек. Айталық, «Еңлік-Кебек» жырының 1912 жылы 
Семейде жарық көрген нұсқасы жақында табылып, оның 
көшірмесі Ұлттық кітапхана қорына өткізілген. Сондай-ақ 
Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Сарыарқа кімдікі екендігінің» 
1907 жылғы нұсқасы , «Қисса Кене хан һәм Наурызбай» 
жырының 1903 жылғы нұсқасы алынған. 
2003 
жылы 
қазан 
айында 
ЮНЕСКО-ның 
Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар Комитетінің 
шешімімен алтын қорымыздың ең асылы бес қолжазба 
кітап Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Олар шығыс 
қолжазбаларының ең құндылары болып саналатын-Қожа 
Ахмет Иассауидің екі «Диуани хикметі», ата-тегі 
жазылған «Насабнамасы» және «Мират-ул құлыбы», 
сондай-ақ оның ізбасары Сүлеймен Бақырғанидың 14-16 
ғасырлар арасында жазылған хикметтері. Осы тізімде 
дүние жүзі бойынша 100-ге жуық қана кітап пен қолжазба 
қоры бар екенін айта кету керек. Бұл қолжазбалардың 
тағдыры әлемдік деңгейде шешіледі. 
«Мәдени мұра» бағдарламасының науқандық шаруа 
емес екендігін, оны жылдар, ғасырлар бойы жүйелі, үнемі 
жүргізіліп отыратын мемлекеттің стратегиялық тұрақты 
ұлттық ұстанымы екендігі әрбір секцияның әзірлеуімен 
баспалардан түрлі кітаптар жарық көрген «Бабалар сөзі», 
«Қазақ өнерінің тарихы», «Әлемдік әдебиеттану», 
«Әлемдік өнертану», «Әлемдік фольклортану», «Әлемдік 
философиялық мұра», «Армян дерек көздеріндегі 
Қазақстан тарихы», «Мұстафа Шоқай шығармалары», 
«Қазақ 
тілінің 
түсіндірме 
сөздігі», 
«Орхон 
ескерткіштерінің толық атласы», т.б сериялар бойынша 43 
аталым кітап шығарылып, 33 аталым кітап өндірісте 
екендігі, ал 9-ы әзірленуі толық дәлелдесе керек-ті. 
Мұндағы бір жаңалық – «Тарихи-мәдени мұраны 
пайдалану және қорғау мәселелері бойынша заңнамалық 
актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң қабылдануы. 
«Қазақстан» ұлттық энциклопедияның орыс тіліндегі 
нұсқасы 5 том, ағылшын тілінде 1 том даярланған. 
«Мәдени мұра» бағдарламасы қазақ елінің төл 
бағдарламасы болғандықтан басқа тілге аударылмасы хақ. 
Келешекте балалар энциклопедиясы мен салалық 
энциклопедиялар шығару қолға алынбақ.
Осы орайда, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 
жарық көріп жатқан 100 томдық «Бабалар сөзінен» 
бастап, 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» және 
тарихи-археологиялық қазбалар арқылы табылып жатқан 
мол ескерткіштеріміз бен көне қалаларымыз, әр түрлі 
мәдени ошақтарымыздың орны мен музейлеріміз, т.б. 
сондай-ақ ғылымның әр саласынан жүйелі түрде зерттеліп 
еліміздің 
рухани 
игілігіне 
айналып 
отырған 
монографиялық зерттеулеріміз, оқулықтарымыз бар 
екендігін атап өткен жөн. 
Әдебиет тарихындағы осындай ақтаңдақтар мен 
олқылықтардың орнын толтыру Қазақстан тәуелсіздікке 
қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болып отыр. Қазақ 


[Введите текст] 
77 
әдебиетінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген 
көптеген көне мұралар көмбесін ашуы, тарихымыздағы 
ақтаңдақтардың ашылуы, кеңестік зұлмат кезеңіндегі 
әдебиет тарихының дұрыс кезеңденіп, зерттелмеуі 
салдарынан Алаш мұраларының да мұрты бұзылмай 
мұрағаттарда жатқан дүниелерінің шаңы қағылып, 
ұлттық ғылым мен тарихтың рухани кеңістігінің кеңеюіне 
себеп болғаны кәміл. Ежелгі ұлт мұраларының ұлт 
мәдениеті мен әдебиеті тарихында зор рол атқарғаны 
жөнінде кезі келгенде зерттеушілеріміздің орайын тауып 
айтып та жазып та жүргені белгілі. 
3.2 Ежелгі дәуір әдебиеті 
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы фольклортану, 
эпостану салаларында көптеген еңбектер жазылғаны 
белгілі. Алайда, ежелгі дәуір әдебиеті мен оның көне 
кезеңдеріне, ондағы мәдени мұралардың түп-төркініне 
тереңдеп бару, оларды тарихпен, археологиямен, 
этнографиямен, өнермен, жалпы оларды бар салаға 
қатысы бар ортақ рухани құндылық ретінде қарастыру 
мәселесі тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап қана шын 
мәнінде қолға алына бастады. Сөз өнерінің архаикалық 
көне кезеңін ,ондағы далалық ойды даналық дәрежеге 
жеткізіп, халқымыздың ғасырлар бойы жасалған рухани 
дүниелерін әлемге таныту барысындағы іргелі зерттеулер 
жүргізуге ғалымдарымыздың енді қол жеткізгені мәлім. 
Біздің төл тарихымызды түгендеп, тануға, оның 
шындығына көз жеткізуге ешқандай сәуегейлік жасаудың 
керек еместігін, керісінше, бүгінгі “ Мәдени мұра” 
бағдарламасы арқылы ғылыми айналымға ене бастаған 
алуан түрлі археологиялық қазба жәдігерлері мен көне 
қолжазбалардың көмегі көп екендігін әркез ескеріп 
отырғанымыз жөн. Осы орайда, батыл ойларын ортаға 
салып, нақты ғылыми ұсыныстарын айтып жүрген 
көрнекті ғалым М.Мырзахметұлы «Қазірден қамданбасақ» 
деген сұхбатында: /Түркістан газеті. 1сәуір, 2004/ – «Қазақ 
әдебиеті дәуірін біз бір кезде Бұхар жыраудан бастадық . 
Бертінде профессор Бейсенбай Кенжебаев VШ ғасырдағы 


[Введите текст] 
78 
Орхон-Енисей жазуларын қосып, тарихын әріге жеткізді. 
Ол да құлаққа кіріп, ойға қонған соң мақұлдадық. Менде 
қазір мынандай ұсыныс бар. Түрік халықтары әдебиеті 
тарихын «Алып Ер Тона» жырынан бастасақ деймін. Ол 
біздің эрамыздан бұрынғы VІІ ғасырда «Мадай» атымен 
мағлұм болған. Яғни, 626 жылы оған парсы патшасы у 
беріп өлтірген..... Сонда біз әдебиет тарихымызды 
гректерден де ары бастаймыз. Бұл арқылы біз көне 
заманда кең даланы бекер босқа көшіп-қонған жабайы 
халық еместігімізді дәлелдейміз. Сол көшпелі өркениетті 
жасаған негізінен осы біздің түрік халықтары. Неге? 
Себебі, көшпелі дәуірдің барлық ұғымы, салтын, дәстүрін 
бүгінгі күнге алып келген түрік халықтарының қара 
шаңырағының иесі қазақтар» ,– дейді. Осы ойын ғалым 
«Бітпес» деген ғылыми зерттеу еңбегінде қазақ әдебиеті 
тарихын дәуірлеу жүйесін жаңаша жасау керектігін, оны 
қазіргі уақыттың өзі мен тарихи, әдеби құжаттар талап 
етіп отырғаны жөніндегі ұсыныстарымен жалғастырады: 
«...Бірінші кезең: Қазақ әдебиеті тарихы бастау алар 
көздерінің түп төркіні б.ж.с. дейінгі VІІ ғасырдағы Алып 
Ер Тоға жайлы эпостық тарихи жырда жатыр деген 
танымды ұстанамыз. Өйткені, бізге жеткен көлемі алты 
жүз өлең жолынан тұратын жыр шумақтары біздерге М. 
Қашқаридің ХІ ғасырда жазылған түрік сөздігі арқылы 
жетіп отыр. Бұл – тарихи әдеби құжат». Одан әрмен 
зерттеуші бұл эпикалық тарихи жырдағы өлең уәзіні бүкіл 
түркі халықтары поэзиясында өз көрінісін берген көне 
өлең өрнектерінің кейінгі қазақ поэзиясында бар 
бояуымен қайталануы, көркемдік жалғастығын табуы 
жөнінде ой толғайды. 
«Екінші кезең: Қазақ әдебиеті тарихының VШ-ХІІ 
ғасырлардағы екінші кезеңі бүкіл түркі халықтарына тән 
ортақ әдебиет тарихымен тамырлас жатқан дәуір 
шеңберінде қарастырылады. Бұл кезең Қараханидтер 
династиясы тұсындағы сопылық сарын басым жатқан 
Жүсіп Баласағұни, Иүгінеки, Иасауи, Махмұт Қашқари 
туындыларын қамтиды. 
Үшінші кезең: Шыңғысхан шабуылынан кейін пайда 
болған Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Бұған түркі 
халықтары әдебиетінің басым көпшілігі негізінен көшпелі 
тұрмыс қалпын ұстанған Жошы ұлысы билігіндегі ұлан-
байтақ кең далада қанат жайған түркі халықтарының 
жазбаша, ауызша түрде пайда болған өзіндік қайталанбас 
ерекшелігі басым әдебиет ескерткіштері ортақ құбылысты 
қамтитын кезеңі деп қаралады...» Одан әрі осы кезең 
әдебиетіне шолу жасалады . 
«Төртінші 
кезең: ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ 
хандығы тұсындағы әдебиет тарихы. Бұл кезең қазақ 
әдебиеті тарихы үшін айрықша өзіндік қайталанбас 
ерекшелігі бар кезең болуымен дараланады... Қазақ 
қауымындағы 
қоғамдық, 
саяси-әлеуметтік 
өмірде 
атқарылар барлық іс-әрекеттердің барша түрі ауызша 
сөзбен атқарылып жатты. Ауызша поэзия түрінде пайда 
болған ақын-жыраулар туындысы шешуші орынға шықты. 


[Введите текст] 
79 
Көшпелі өмір салты тудырған ауызша поэзия өнер иелері 
бұрынғы жазбаша әдебиет дәстүрінен біртіндеп қол үзе 
бастады. Міне, осы себепті қоғамдық өмірдегі күнделікті 
атқарылатын әлеуметтік барлық іс ауызша сөзге түсті». 
Одан әрі зерттеуші ауызша поэзияның табиғатына сай 
жаңадан пайда болған ауызша әдеби тілдің нормалары 
қалыптасқандығын, 
соның 
нәтижесінде 
ауызша 
поэзияның классикалық түрлері туғандығы жөніндегі өз 
ойларын ортаға салады. 
«Бесінші кезең: Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігінен 
айрылып, ұлан-байтақ қазақ жерінің бір бөлігі Қытай 
отаршылдарының, ал басым жағы Ресей патшалығының 
қол астына өткен соң пайда болған әдебиетті отаршылдық 
дәуірдегі әдебиет тарихы деп атаймыз. Бұл отаршылдық 
дәуірдегі әдебиеттің өзі отаршылдық мақсат-мүддені 
көздеп жүргізген әртүрлі саяси-әлеуметтік реформалар 
мен оқтын-оқтын уақытша қабылданған заңдардың 
нәтижесіне байланысты орын алған өзгерістерге орай 
іштей бірнеше кезеңдерге бөлінетіні бар. Бұл ерекшелікті 
терең тарихи тұрғыдан түсінбейінше яғни оны танып 
білмейінше ол кезеңдерде пайда болған әдебиеттің 
табиғатын тап басып ұғына алмаймыз. Оларды жеке-жеке 
өз алдына жүйелей қарағанда ғана сол кезеңдегі әдеби 
құбылыстардың табиғаты ашылады», - дей келе автор 
“а.ә.б.в.д.” деген кішігірім тараушаға бөліп сол кезеңдегі 
әдеби 
құбылыстарға, 
қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік 
мәселелерге кеңірек тоқталып, олардың себеп-салдарын 
айқындауға, оларды тарихи дерек, әдеби құжаттармен, 
нақты көркем мәтіндегі ой-толғамдармен дәлелдейді. Осы 
жерде бір тоқталар жәйт, «д» тараушасындағы «ХХ ғасыр 
басындағы ояну дәуіріндегі әдебиет» деп жаңадан атала 
бастаған қазақ әдебиеті тарихының дәуірі бұрындары 
кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық қысымымен 
екі 
бағытқа 
бөлініп 
қаралатын: 
І.Ағартушылық-
демократиялық 
бағыттағы 
әдебиет 
(С.Көбеев, 
С.Торайғыров, С.Дөнентаев т.б) 
ІІ. Буржуазияшыл ұлтшылдық бағыттағы әдебиет 
(А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов 
т.б). екі бағытта жіктеле қаралатын. Бұлайша жіктелудің 
негізі кеңестік идеологияның тұрғысынан таптық күрес 
пен әдебиеттің партиялылығы деп аталатын танымнан 
туындаған социалистік реализм әдісінің теугеурінді 
талабынан пайда болған жасанды идеологиялық құбылыс 
еді... Ояну дәуіріндегі әдебиет тарихы 1917 жылғы 
Ресейде болып өткен қазан төңкерісіне дейін созылды». 
Одан әрі осы кезеңдегі көркем әдебиеттегі өзгерістер, 
жаңа жанрлық түрлердің көбеюі, проза саласындағы соны 
ізденістер, қазақ қаламгерлерінің поэзия мен прозадағы, 
әдеби көркем-сын, драматургия, тіл білімі мен 
әдебиеттану ғылымындағы жаңалықтары жан-жақты 
нақты деректер арқылы зерттеледі. Қазақ әдебиетінің 
тарихын дәуірлеу мәселесі осылайша орнықты ешқандай 
саяси идеологиялық қысымсыз өзінің даму заңдылықтары 
мен сол кезеңдердегі тарихи шындықтармен қоғамдық 


[Введите текст] 
80 
ахуалдармен ұштастырыла саяси астарсыз нақтыланып, 
айқындалған. (Тараз. Ой толғаныстары. Түркістан. 2005) 
Мырзахметұлының еңбегінің құндылығы қазақ әдебиеті 
тарихын дәуірлеу мәселесін бүгінгі тәуелсіз ой 
бостандығы тұрғысынан қайта тарзылап және сол 
кезеңдегі 
тарихи 
ахуалдарды 
тереңдей 
зерттеп, 
әдебиеттегі 
рухани 
құбылыстардың 
көркемдік 
бағыттарының хал-ахуалын, себеп салдарын, негіздерін 
нақты жағдайлармен байланыстыра қарастыруында десек 
болады.
Бүгінде 
тәуелсіз 
ел 
ретінде 
ұлттық 
құндылықтарымызды қайта қарау нәтижесінде қазақ 
әдебиеті тарихын дәуірлеуді де бірнеше ғасырға кейін 
шегеруге болатынын, оның тарихи негізі бар екенін 
ғалымдарымыз осылай дәлелдеп жүр. 
Белгілі ғалым Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиетінің 
қалыптасу тарихын бес кезеңге бөліп жүйелегені мәлім. 
Осы 
кезеңді 
оның 
шәкірттері 
Н.Келімбетов, 
А.Қыраубаева, М.Жолдасбеков, М.Мағауин т.б бүкіл 
түркі халықтарына ортақ көне мұралардан бастайды. 
Мәселен, А.Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиетін» 
заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлардан 
бастайды. Бұл тарауда мына мәселелер қарастырылады: 
«Сақ, ғұн, үйсін дәуірі. (б.э.б.ҮІІ ғ. - б.з. ІҮ ғ.). Алып Ер 
Тоңға (б.з.б.ҮІІ-ІІғ.), Тұмар патша (б.з.б. ҮІ ғ), Ширақ 
батыр (б.з.б.ҮІғ), Сақ патшасы – Зарина сұлу (б.з.б.Ү ғ), 
Мөде батыр (б.з.б ). 
Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет (Ү-ҮШ ғ.ғ). 
Көкбөрі туралы екі аңыз. Орхон ескерткіштері. Көне 
түркі алфавиті. 
Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ғ.ғ) Қорқыт ата (ҮІ-
ҮШғ.ғ) т.б және «Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІғ.ғ) 
Ал, Н. Келімбетов ежелгі дәуір әдебиетін, ондағы 
әдеби жәдігерлерді, жалпы қазақ әдебиетінің көне 
тарихын тұтас қарап, зерделеуге, жүйелеуге үлкен үлес 
қосқан ғалым. Оған зерттеушінің VІ-ҮШ ғасырларда тасқа 
қашалып жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы 
құрылған кезеңге (ХV ғасыр) дейінгі түркі тілдес 
халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұраларға жан-
жақты талдау жасаған “Ежелгі дәуір әдебиеті” (Жоғары 
оқу орындары филология факультеттері студенттеріне 
арналған оқулық. Алматы: Ана тілі, 1991, 264 бет), 
“Көркемдік дәстүр жалғастығы” (Ежелгі Түркі поэзиясы 
және қазақ әдебиеті бастаулары) Зерттеу. Астана: Елорда, 
2000, 288 бет) сынды көлемді монографиялық зерттеулері 
айғақ бола алады. 
Ғалымның негізгі ғылыми зерттеу еңбектерінің 
қатарында: Шәді ақын. А., 1974; Қазақ әдебиетінің ежелгі 
дәуірі. А., 1986; Ежелгі дәуір әдебиеті. «Қазақ әдебиеті 
тарихы» сериясының бірінші кітабы. А., 1991; Ежелгі 
түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр 
жалғастығы. Монография. А., 1998; Қазақ әдебиеті 
бастаулары. Зерттеу. А., 1998; Древний период истории 
казахской литературы. А., 1998; Ежелгі әдеби 


[Введите текст] 
81 
жәдігерліктер. Астана. 2004, сынды т.б. кітаптарын атауға 
болады. 
Ғалым Н. Келімбетовтің 1986 жылы «Мектеп» 
баспасынан жарық көрген «Ежелгі дәуір әдебиеті» деген 
оқулық еңбегінде халқымыздың төл әдебиеті туғанға 
дейінгі 
ежелгі 
кезеңді, 
яғни 
ҮІ-ХҮ 
ғасырлар 
аралығындағы әдебиетті үш дәуірге бөліп қарастырады: І) 
ҮІ-ІХ, ғасырлардағы түркі әдебиет ескерткіштері, ІІ.) 
Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет және Ш) ХШ-ХҮ 
ғасырлардағы әдебиет. 
Зерттеуші «Ежелгі дәуір әдебиеті» деген оқулықтың 
«Автордан: атты кіріспе бөлімінде былай дейді: «Біз қазақ 
әдебиетінің қайнар бастаулары Түрік қағанаты (ҮШ 
ғасыр) тұсында өмірге келген «Күлтегін» және «Тоныкөк» 
жырларында жатыр деп келдік. Бұл кезінде ғылыми 
тұрғыдан негізделген тұжырым еді. Алайда мұндай 
ғажайып 
жырларды 
жазуға 
үлгі-модель 
болған 
шығармалар бұрын бар ма еді деген сауал үнемі ойда 
тұратын. 
Соңғы жылдары тюркология ғылымы саласында қол 
жеткен жетістіктер дәл осы сауалдың жауабын табуға 
мүмкіндік береді. Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі 
саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінің көркем сөз 
үлгілері: «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр» «Аттила», 
«Көкбөрі» және «Ергенекон» дастандарының жеке-жеке 
үзінділерін, фрагменттерін, сюжеттік оқиғаларын ұзақ 
жылдар бойы іздестіріп, тырнақтап жинап, белгілі бір 
логикалық жүйеге келтірдік... Міне, мұның бәрі аталмыш 
оқулықтың бұрынғы басылымдарын жаңа ғылыми 
деректермен толықтыра отырып, бүгінгі күннің биік 
талаптарына жауап берерліктей жаңа кітап дайындауға 
тиіс болдық», - деп атап көрсетеді. \4 бет\. Одан әрі 
ежелгі дәуір әдебиетіне енетін әдеби мұраларды талдауға 
көшеді. 
Бірінші бөлімін «Исламға дейінгі әдебиет» деп 
бөліп алып, ондағы алғашқы әдеби мұра ретінде – «Алып 
Ер Тоңға» дастанын алып талдайды. «Сақтардың 
қаһармандық дастандары» деген тараушада «Томирис», 
«Шырақ» деген дастандардың шығу тарихы мен сюжеті 
сөз болады. Автор сақтар тарихына шолу жасай келе 
адамзат тарихында алғаш жазылған кітаптардың бірінен 
саналған «Авестаның» да сақтар жайлы жазылғандығын, 
көне грек тарихшысы Геродоттың жазбаларында да сақтар 
жайлы мәліметтердің молдығын, атақты ежелгі Эллада 
елінің ұлы ақыны Гомердің де «Одиссеясында» сақтың 
аты аталып, олар жайындағы жыр жолдарының молдығы 
мақтанышпен сөз болады. Геродоттың «Тарих» атты көп 
томдық еңбегінде келтірілген скиф, яғни сақтардың шығу 
тегі туралы аңыз-әңгімелерден соң талданған «Томирис» 
дастанының да сюжеті осы еңбек арқылы бізге жеткендігі 
айтылады. Геродоттың дастанға – эпос деп жанрлық түр 
таңғанын, оның шын мәнінде тарихи-қаһармандық дастан 
екендігін автордың тарихи жазбалары арқылы дәлелдейді. 
Дастанның басты қаһарманы – сақтар елінің мәликасы, 


[Введите текст] 
82 
патшасы Тұмар (Томирис) мен Каир патша арасындағы 
соғыс жайлы талданады. Дастанның мазмұны айтылып 
қана қоймай оның көркемдік ерекшеліктері, жазылу тәсілі 
де әңгіме болады. Шетел басқыншыларына қарсы күреске 
шақыратын «Томирис» дастанындағы қанды оқиға, аяусыз 
жеңіліс, парсы елінің Кирден кейінгі патшаларына да 
сабақ болмай Дарий І (б.э.б, 521-485) деген патшаның 
сақтарға жорығы жырланған «Шырақ» деген дастанда осы 
есімдес батырдың өмірге келіп, тарихи және әдеби тұлғаға 
айналуына дәнекер болады. Алайда, бұл дастанның өзі 
сақталмай сюжеті грек тарихшысы Полиэннің (б.э.б ІІ-
ғасыр) «Соғыс тактикасы» деген кітабында сақталып, 
бүгінгі ұрпаққа жетеді. Шырақ деген жылқышы жігіттің 
айлакерлікпен парсы патшасы Дарийді қалың қолымен
жеті күн, жеті түн бойы адастырып, сақтардың жеңіске 
жеткендігі туралы тарихи шежіре екендігін Полиэн өз 
еңбегінде атап көрсетеді. Сақтардың ерлікке толы 
шежіресін жыр еткен қаһармандық дастандарының өмірге 
келуіне осындай тарихи-әлеуметтік негіздер бар екендігін 
айта келіп, автор «Алып Ер Тоңға» мен «Шу» батыр 
жайлы дастандарға арнайы тоқталады. 
Зерттеу еңбегінің екінші бөлімін құрайтын «Ислам 
дәуірі әдебиеті» деген кезең кеңестік дәуірде бұлай 
арнайы дәуірленіп, зерттелмек түгілі айтылуы мүмкін 
емес еді. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз санаға ие болған 
1991 жылдан бері ғана ұлтымыздың тарихы, әдебиет 
тарихы қайта қаралып, рухани құндылықтарымыз 
түгелденіп, көне ғасырдан бертінге дейінгі ақтаңдақтар 
әлемі туралы әңгіме қозғала бастағаны белгілі. Осы 
дәуірді ұлттық әдебиеттану ғылымына белгілі бір кезең 
ретінде ендіре отырып, бұл әдеби ұғымның қалыптасып, 
орнығу жайына мән береді. Түркі халықтары әдебиеті 
тарихында ислам дәуірі (Х–ХІІ ғасырлар) ерекше орын 
алады. «Ислам дәуірі әдебиеті» деген термин–ұғымды 
алғаш рет өз зерттеу еңбектерінде кеңінен қолданған 
ғалымдар Ф.Көпрүлузаден, Банарлы және Г.Грюнебаум 
еді. Ал, Ахмет Байтұрсынов бүкіл түркі халықтарының Х–
ХІІ ғасырлардағы тарихына қатысты болып келетін 
«ислам дәуірі әдебиеті» деп аталатына кең мағынадағы 
ұғым-түсінікті, бертін келе қалыптасқан қазақ әдебиетін 
дәуірлеуге бөлу процесінде зор білгірлікпен нақтылай 
түскен сияқты».
Өйткені, кеңестік кезеңде Мұхамед Хайдар 
Дулатидің «Тарих–и Рашиди» (14–16 ғ.) еңбегінен бастап 
кешегі Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» 
оқулығына дейін «Біссімілла рахим Алла атымен » бастап
және «Алла Тағалаға мінәжат айтумен» аяқталып келген
шығармалардағы мінәжат жанры өшіріліп, өзгертіліп, тек 
ағартушылық бағыттағы ойлары ғана теріліп берілгені 
анықталып отыр. Өшкен жанып, жұмбақ сырлардың 
шешуі ағытыла бастады. Соның бірден-бір көрінісі де осы 
«Ислам дәуірі әдебиеті». Қазақ тарихында бұрындары аты 
аталғаны 
болмаса, 
олардың 
еңбектерін 
ғылыми 
айналымға, әдеби ортаға таныту тасада қалып келгенінің 


[Введите текст] 
83 
сыры да сол баяғы «көшпелі, жабайы жұрттың өркениеті 
болмаған» деген жалған ақпаратқа ақау түсірмеудің амалы 
екен ғой. Жоғарыда Н.Келімбетовтің зерттеулерінде 
жазылған мол әдеби, мәдени мұрағаттарымыздың сол 
көне заманда-ақ талай өркениетті деген Батыс, Еуропа 
елдерінің әдебиетіне әсер етіп, олардың өсіп-дамуына 
дәнекер болғандығын нақты ғылыми мәліметтермен 
дәлелдеген.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар 
ғалым – Мұхтар Мағауин. Жазушы әрі ғалымның 
алғашқы еңбегі – 1968 жылы “Жазушы” баспасынан 
шыққан “Қобыз сарыны” атты монографиясы. Бұл еңбекте 
ғалым ХV–ХVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын–
жырауларының шығармашылық мұраларын зерттеу 
нәтижесінде сол уақытқа дейін қазақ әдебиетінің тарихы 
Бұхар жыраудан басталады деген сипатта қалыптасып 
үлгерген қағиданы тұңғыш рет жоққа шығарып, әдебиет 
тарихын ХV ғасырға жылжытқан-ды. ХV ғасырда көркем 
сөздің көрігін шыңдаған Кет–Бұға, Асан қайғы, Сыпыра 
және Жұма-Құл жыраулардың, аты аңызға айналған дара 
ойшылдардың сөз саптауы мен өлең тереңінде тұнып 
жатқан философиялық байламдардың өзіне дейінгі 
жасалған үлкен қазыналардан нәр алғанын пайымдайды. 
Автор Қазтуған шығармашылығын қазақ атымен аталатын 
әдебиеттің бастауы дей тұрып, жалпы ұлттық сөз өнерінің 
алғашқы қайнары тіпті арыда, көшпенділердің көне 
мәдениетінде жатыр, оларды бірте-бірте ашу, тану, таныту 
келешектің еншісі деген тұжырым жасайды. 
“Қобыз сарынында” Бұхарға дейінгі қазақ жыр 
өлкесінде қадау-қадау мұра қалдырған тоғыз ақын-
жыраудың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың 
пікір, соны ой айтылды. Мысалы, Қазтуған жырау, Асан 
қайғы, Доспамбет жырау, Шалкиіз, Жиенбет жырау, 
Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау, Тәттіқара жырау, 
Үмбетей жырау толғаулары ел еңсесін көтерген рухы биік 
мұралар болды.
Осы монографияға арқау болған ақын-жыраулардың 
шығармашылығын топтастырып, 1971 жылы “Алдаспан” 
деген атпен үлкен жинақ шығарады. Бұл еңбектің алғы 
сөзінде: “Қазақ әдебиетінің түп негізі қадым ғасырлар – 
түрік қағанаттары дәуіріне тіреледі. Заманына сай 
біршама дамыған мәдениеті болған, сөз өнерін ерекше 
қастерлеген, төл жазуы болған ата-бабаларымыз ХІІ–ХІІІ 
ғасырлардың өзінде мәңгі өлмес мұралар жасады. 
Ғылымда “Орхон–Енисей жазулары” деп аталатын, түрік 
тайпаларының байырғы қоныс мекендерінен табылған бұл 
ескерткіштер – қазір адамзат мәдениетінің даму 
тарихындағы ең елеулі жәдігерліктердің бірі деп саналып 
отыр” – дей келе, әдебиет тарихының жаңа бір көкжиегін 
тануға бағыттайтын жетекші ой ұшқынын тастайды.
Мұхтар Мағауин жыраулар поэзиясын негіз етіп 
алған “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” атты еңбегінде 
(Ана тілі, 1992) жыраулар поэзиясының ұлттық 


[Введите текст] 
84 
құндылықтардан да жоғары көтеріліп, “ХV–ХVІІІ ғасыр 
шегіндегі бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұраға” 
айналғанын паш етті. Өйткені, шын мәнінде жыраулар 
поэзиясы жалпыадамзаттық ізгіліктерді көксеген адамдық 
биік парасаттың шынайы үлгілері болды. Сахарадағы 
рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктерін айқын танытатын 
көшпенді тірліктің таным көкжиегін барынша кеңейткен 
табиғи 
мүмкіндіктерін 
таныта 
білген 
жыраулар 
поэзиясының қоры мен сырын, мәні мен маңызын, талабы 
мен талғамын жете ашып көрсетуі М.Мағауиннің жалпы 
қазақ әдебиеттану саласын жаңа сатыға көтеруіне де негіз 
болғаны хақ.
“Ғасырлар бедері” деген аты айтып тұрғандай әдеби 
зерттеулер жинағында жыраулық поэзияның табиғи 
жалғасы сол өнеге мектебінің өміршең қағидаларын жаңа 
қырынан танытқан жаңа кезеңдегі – ХІХ ғасырдың алып 
тұлғалары Абай мен Шәкерім, Абай төңірегіндегі басқа да 
ақындардың 
әдеби 
мұралары 
жайлы 
толғамдар 
топтастырылған. 
Автор “Нұрлы бастау” атты мақаласында: “Тарихы 
болмаған, мәдениеті мен жазу–сызуы болмаған қазаққа 
Бұхар жыраудың өзін көп көріп жүрген ортада одан 
мыңбұрынғы қазыналарды” жариялап, рухани өмірімізге 
тың жаңалық әкелген-ді. Өзіндік тұрпаты ғана емес, 
өзгеше сын сипаты да енді ғана таныла бастаған үлкен 
арнаның алғашқы қадамына байсалды пікір білдірген 
Мұхтар Мағауиннің Орхон ескерткіштерінің әдеби мұра 
ретіндегі рөлі мен орны туралы пайымдаулары да бүгінгі 
күні аса құнды болып саналады. 
Өзінің еңбегін “Қазақ тарихының әліппесі” деп атап, 
Алаш жұртының төрт ғасырлық тарихына байыптау 
жасаған автор өз еңбегін сауат ашу сабағы деп те атайды. 
Ғылыми зерттеуінде, көркем шығармаларында талай 
тарихи шындықтың бетін ашқанмен белгілі себептермен 
оларды толықтай ашық айта алмаған арман-мұрат бұл 
еңбекте ғылыми-көпшілік сипатындағы орамды ойлардың 
оралымды тілмен жеткізілуіне мүмкіндік берген.
“Қазақ тарихының әліппесі” (Алматы, Қазақстан, 
1995) қазақ әдебиеттануы үшін де аса маңызды рөл 
атқарады. Өйткені дәл осы тарихи тұжырымдар әлі де 
танылмай жатқан сөз өнері мұраларына жаңаша 
көзқарасты қалыптастыратын, әдебиетке тарихи сана 
тұрғысынан 
пайымдаулар 
мен 
талдау 
жасаудың 
методологиялық арналарына із салуымен құнды. 
Ежелгі 
дәуір 
әдебиетінің 
білгірі 
атанған 
А.Қыраубаева ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтың кеңесімен 
Алтын Орда-қыпшақ дәуірінің әдеби жәдігерлері «Рабғұзи 
қиссалары», 
Хорезмидің 
«Махаббатнамасы» 
атты 
туындыларды кейінгі қазақ жырларымен байланыстыра 
зерттеді. Ғалымның 1986 жылы жарық көрген «Ғасырлар 
мұрасында» ХШ-ХІҮ ғасырлардағы түркі тектес халықтар 
әдебиеті қазақ жазба әдебиетінің қайнар бастаулары 
ретінде қарастырылады. 


[Введите текст] 
85 
Түркі тектес халықтардың бұдан 2500 жыл бұрын 26 
әріптен тұратын өз әліппесі болғанын ғалым осы 
еңбегінде 
нақты 
деректер 
арқылы 
дәлелдейді. 
Зерттеушінің бұл тұжырымдарын бүгінде көрнекті ғалым 
Мекемтас Мырзахметұлы мақұлдап, бұлтартпас дәлелдер 
келтіреді. Ол «Жазу таңбаларын өзгерту сыры неде ? » 
деген мақаласында («Алтын Орда» 7 қараша 2007): 
«..Бүгінде бүкіл әлем халқына танымал қазіргі түрік тілді 
халықтардың түп аталары болып саналатын ғұн, сақ, 
үйсін, қаңлылардың б.э.б. ғасырлардан бастап, Ү-ҮШ 
ғасырлар арасында мемлекеттік тұрғыдан қолданысқа 
түскен жазу таңбалары бір сөзбен атағанда ойма жазу 
(тасқа қашалып жаазылуы себепті) деп аталады. Оның 
шығу төркіні ру таңбаларында жатқаны ғылыми 
әдебиеттерде айтылып жүр. Әлемде монотеистік 
дүниетанымда тұңғыш рет келген түріктер «А» сызықты 
жазудың оқылуына орай тұңғыш өркениетке қолы 
жеткендер де солар екені туралы тарихи жаңатаным 
ұсынылып отыр», - деген ойлар айтады. Осы ойма 
жазудың тарихы мен оның түркі өркениетінде атқарған 
рөлі жөнінде М. Мырзахметұлы бірнеше зерттеу 
мақалалар жазып, батыл ойлар мен ұсыныстар айтып жүр. 
Бірақ, оған жіті көңіл бөліп, ой қосқан қазақ зиялылары 
байқалмайды. Ойма жазудың кейбір тілдер сияқты жиі 
қолданыстан алынбай келуінің себебін «Өйткені өзіндік 
эволюциялық даму, қалыптасу кезеңінен өткен өзіндік 
қайталанбас даму, қалыптасу жолы бар ерен мәдени 
құбылыс» екендігінде деп түсіндіреді.. Әйтседе халықтың 
тарихи жадын өшіріп, мәңгілік рухани құлдық 
тұтқынында ұстау үшін жазу таңбасын жоюға 
отаршылардың бәрі де құмар болған. 
А.Қыраубаева ХШ-ХІҮ ғасырлардағы «Рабғұзи 
қиссалары», «Махаббатнама» атты тарихи жәдігерлердің 
бірін – аударма-нәзира, екіншісін-тыңтума әдебиет деп, 
олардың жанрлық, тақырыптық, көркемдік сипаттарын 
қарастырады. 
Ежелгі 
дәуір әдебиетінің күрделі мәселерін 
зерттеген ғалым оны тұтас ғылыми концепция 
тұрғысынан қарап одан кейінгі еңбектерінде үзбей
сабақтастықта жалғастырып отырды. 
1997 жылы жарық көрген «Шығыстық қисса-
дастандар» деген монографиясында қазақ қисса-
дастандарының тарихына, олардың өзге елдердің әдеби 
жәдігерлерімен шығыс дәстүрімен байланыстыра отырып, 
олардың өзіндік өрнектерін, ерекшеліктерін айқындап 
берді. 
«Ұстазы Бейсенбай Кенжебаев қазақ әдебиеті 
тарихын 13 ғасырға жылжытып тереңдетсе, шәкірті Алма 
Қыраубаева әдебиет тарихы бастауларын мың жылдықтан 
әрі асырды» дейді ф,ғ.д. Өмірхан Әбдіманұлы («Жас 
қазақ»газеті. 4 мамыр. 2008). 
Қазақ 
әдебиеттануы 
ғылымында 
Орхон 
ескерткіштерін тұңғыш зерттеген, осы салаға соны 
соқпақ салған көрнекті ғалым, әдебиет тарихшысы 


[Введите текст] 
86 
Мырзатай Жолдасбековтің де қазақ сөз өнерінің 
тарихына қосқан үлесі қомақты.
Зерттеуші көне түрік тіліндегі «Күлтегін» мәтінін 
тікелей түпнұсқадан жаңа түрік тіліне, яғни қазақ тіліне 
аударды. Осы арқылы көне әдеби жәдігердің жаңа бір 
қырлары ашылды. «Күлтегін» ескерткіші тек түркілер 
қағанатының тарихи шежіресі ғана емес,ескі түркі 
тіліндегі ғажайып әдеби мұра екендігі де дәлелденді. 
Бүгінде эпосы көп, сөз өнерінің қазба байлығы жөнінен 
әлемдегі бірден-бір бай ел саналатын қазақтың әдеби 
мұраларының қайнар бұлағы, түп-тамыры қайда 
екендігіне нақты көркем мәтіндер, ғылыми тұжырымдар 
арқылы көз жеткізілді.
М. 
Жолдасбековтің 
мемлекет 
басшыларына 
сұраныс жасай жүріп, «Күлтегіннің» көшірмесін 
Астанаға әкеліп орнатқанын көзі қарақты оқырман 
жақсы білсе керек. Ғалым концепциясындағы тұтастық 
оның негізгі ғылыми еңбектерінде ( «Ежелгі дәуір 
әдебиеті» (1967), «Күлтегін» (1986), “Асыл арналар” 
(1986), «Мөлдір бастаулар» (1992), «Жүз жыл жырлаған 
жүрек» (1993), «Асыл сөздің атасы» (1996), «Тоқсан 
толғау» (1992), «Тастар сөйлейді» (2001), «Ел тұтқа» 
(2002), «Шың мен шыңырау» (2002), «Орхон 
ескерткіштерінің толық атласы» (2005) т.б) жүзеге 
асырылғаны мәлім.
«Ежелгі 
дәуір 
әдебиеті» 
атты 
оқулық–
хрестоматиясында ғалым ҮІІ ғасырдағы Орхон – Енисей 
жазба ескерткіштерінің өзіне тән стилін сақтай отырып, 
алғаш рет толық аудармасын жариялады. Аталмыш 
ғылыми еңбектің нәтижесінде, қазақ әдебиетінің тарихы 
он екі ғасырға дейін тереңдеді. Осы зерттеуі арқылы 
Мырзатай Жолдасбеков қазақ әдебиеттану ғылымына зор 
жаңалық енгізіп, қазақ әдебиетінің тарихы ҮІІ ғасырдағы 
Орхон ескерткіштерінен басталатынын бұлжымас 
ғылыми негізбен дәлелдеп шықты. 
Ғалымның негізгі ұстанымдары халқымыздың 
рухани мұрасын жүйелеп зерттеуге айналған. Жоғарыда 
аталған әдеби һәм тарихи жәдігерлерге сүйене отырып, 
түркілердің жазба әдебиетінің негізі VII–VIII ғасырларда 
қаланған деген нақты ғылыми тұжырым жасайды. Ең 
бастысы, ғалымның пікірінше, қасиетті бұл мұралар тек 
түркі жұртының ғана рухани қазынасы емес, бүкіл 
адамзатқа ортақ мәдени ескерткіш және исі түркі тектес 
халықтарының әлемдік өркениетке қосқан сүбелі де 
айшықты үлесі болып табылады. 
Тәуелсіздік кезінде көрнекті ғалым Т. Кәкішев көне 
түркі әдеби ғылымының түп-тамыры “екінші Аристотель” 
атанған әйгілі энциклопедист ғалым Әл-Фарабиден 
басталатынын батыл айтты.Ал,қазақ әдебиетіндегі көркем 
сынның тарихын Алаш зиялыларының еңбектерінен
тамыр алатынын сол кезеңдегі мерзімді баспасөздердегі 
нақты ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, дәлелдеп 
берген . «Қазақ әдебиет сынының тарихы» деген жалпы 
оқу курсының бағдарламасы 1982 жылы жасалып,содан 


[Введите текст] 
87 
бері арнаулы курс ретінде бүкіл Қазақстанның филология, 
журналистика 
факультеттерінде 
оқытылып 
келеді. 
Ғалымның « Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы». Оқу 
құралы (2 кітап А., 2001, 2002); Қазақ әдебиеті сынының 
тарихы (2 кітап, 1994, 1995, 2002, 2003) т.б еңбектері 
зәруліктен бірнеше рет қайталанып ,жарық көрді.
Т.Кәкішевтің ғылыми жетекшілігімен жарық көрген 
“Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы”атты екі кітаптан 
тұратын оқулығында төл әдебиетіміздің көне кездерінен 
бастау алған еңбектер, әсіресе даңқты тұлғалар 
Анархасис, Алып Ер Тұңға, Мәде, Қорқыт, Асан Қайғы, 
Бұқар, Махамбет, Шоқан, Ыбырай, Абай және жазықсыз 
репрессияға ұшырап, қайта ақталған қаламгерлер – Ш. 
Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Ж. 
Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Садуақасов, Ә. Бөкейханов, 
Ғ. Тоғжанов т.б туындыларының тарихы орны 
айқындалады.
Оқулықта «Ертедегі көшпелі тайпалар әдебиеті» 
деген бөлім берілген: 
І бөлім: 
1 .Аталар жырының айғағы. 2. Тарих тұнығы тереңде; 
3. Көне әдебиет көгіндегі көк бөрі
4 «Авеста» әлемі;
ІІ бөлім:
1. Түрік ескерткіштері. Түрік қағанаты дәуіріндегі 
әдебиет. Орхон ескерткіштері.
2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (Қорқыт ата; Оғыз қаған 
жыры)
3. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Сыр бойы әдебиеті, Әл–
Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Жүйнеки, Қарахан 
әдебиеті, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари); Алтын 
Орда дәуіріндегі әдебиет. Сайф Сараи.
ІІІ бөлім: Қазақтың төл әдебиеті (15–18ғғ). Бұл 
бөлім: 
Жыраулар 
поэзиясының 
зерттелу 
жайы: 
«Жыраудың әлеуметтік тұлғасы; Жырау поэзиясының 
басты сарындары, көркемдік ерекшеліктері; Жыраулар 
поэзиясының көркемдік негіздері, дәстүрлі арналары» 
атты тараулардан тұрады.. Асан Қайғы, Қазтуған, 
Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Қожаберген, 
Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау.
ІV бөлім ХІХ ғасырдағы әдебиет:
1. Ұлт – азаттық күрес жырлары. Тарихи өлеңдер. 
Махамбет Өтемісұлы.
2. Зар – заман әдебиеті. Дулат Бабатайұлы, 
Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы.
3. 
Қазан 
хандығы 
және 
әдебиет. 
Мәделі 
Жүсіпқожаұлы, 
Құлыншақ 
Кемелұлы, 
Майлықожа 
Сұлтанқожаұлы, Сүйінбай Аронұлы.
4. Айтыс.
5. Сал – серілер поэзиясы.
6. Шешендік өнер табиғаты.
7. Қазақ арасына кең тараған шығыс қисса – 
дастандары.


[Введите текст] 
88 
8. Жаңа жазба әдебиет. Абай, Ыбырай, Шоқан. 
Оқу құралының екінші кітабында ХХ ғасыр 
басындағы Алаштың азатшыл әдебиеті қарастырылған: 
Мұнда Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан 
Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт 
Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов т.б шығармалары 
талданса, “Кеңес дәуіріндегі әдебиет” деген тараушада
С.Сейфуллин, 
І.Жансүгірұлы, 
Б.Майлин, 
Жамбыл, 
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповт.б қаламгерлердің 
өмірі мен ғылыми еңбектеріне шолу жасалған. 
ІІІ-ші тараушада “Шетелдегі қазақ әдебиеті” мен “ 
Қазақ әдебиеті – әлем халықтары тілінде” деген мәселелер 
бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырылып,ондағы 
көкейкесті мәселелер сөз болады .
“Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы” міне осы 
мәселелерді жан-жақты талдай отырып,тарихқа бүгінгі 
күн тұрғысынан жаңаша сараптама жасайды.Соңғы 
жылдары зерттелген әдебиеттің мәселелеріне баға 
береді.Бұрындары зерттеу нысанасына алынбаған әдеби 
шығармалар мен тұлғаларды ғылыми айналымға ендіреді. 
Қазақ әдебиетінің тарихы көне дәуірдегі түркі 
тектес халықтармен тамырлас екендігі мемлекетік 
“Мәдени мұра” бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып 
жатқан неше түрлі әдеби,мәдени дүниелер арқылы 
айқындалып, бүгінде олар білім беру салаларында 
оқулықтарға еніп,оқытыла бастағаны белгілі Бұл “Мәдени 
мұра” бағдарламасының үшінші бағыты бойынша 
мемлекеттік тұрғыдан талап етіліп отырған ұлттық рухани 
құндылықтарды 
жас 
ұрпақтың 
санасына 
сіңіру 
мақсатында жүргізіліп отырған игілікті шаралар.
Мәселен , М. Жолдасбековтың «Асыл сөздің 
атасы» (1996), А. Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» 
(1994), Н. Келімбетовтың «Қазақ әдебиеті бастаулары» 
(1998), «Ежелгі түркі поэзиясы әдебиетіндегі дәстүр 
жалғастығы» (1998), А. Жақсылықовтың «Образы, 
мотивы и идеи с религиозный содержательностью в 
произведениях казахской литературы» (1999) зерттеулері 
соңғы жылдары жоғары оқу орындарында оқулық ретінде 
пайдаланылады.
М. Мағауин, А. Қыраубаева, М. Жолдасбеков, Н. 
Келімбетов еңбектеріндегі көне заман әдебиет үлгілері де 
оқу бағдарламаларына ене бастады.Осы орайда, «Қазақ 
әдебиетінің қысқаша тарихы» (екі томдық) (2001, 2003), 
Ә. Құрышжановтың «Ескі түркі жазба ескерткіштері» 
(2001), Б. Байғалиевтің «Абай өмірбаяны архив 
деректерінде» (2001) атты зерттеулерді де атауға болады.
Айталық, академик, философ, абайтанушы, әдебиетші 
Ғарифолла Есімнің 2006 жылы жарық көрген «Қазақ 
философиясының 
тарихы» 
(Алматы: 
«Қазақ 
университеті» (2006), академик, философ Әбдімәлік 
Нысанбаевтың жетекшілігімен жарияланған «Қазақ 
даласының ойшылдары» (Алматы: Ғылым, 1995) атты 4–
кітаптан тұратын ұлттық философия пәнінің оқулықтары, 
«Әлеуметтік философия» хрестоматиясы (Алматы «Ақыл 


[Введите текст] 
89 
кітабы» 1997), философ Н.Иманқұлдың «Ойлау туралы 
ойлау» атты «Қайнар» университеті шығарған (Алматы: 
1998) 
еңбегі 
және 
«Мәдени–философиялық 
энциклопедиялық сөздік» (ғылыми редактор Ғ.Есім. 
Құраст: Т.Ғабитов, А.Құлсариева) т.б жоғарыда аталған 
көне түркі халықтарына ортақ әдеби мұраларымыз мен 
оның авторларының тарихын қайта жазып, қазіргі талапқа 
сай ұлттық рухани құндылықтарымыз ретінде ұсынылады. 
Ал, «Таным және студент» атты оқулықта б.з.д. 
соңғы 5–6 мыңжылдықтан бастап б.з. ХҮ ғасыр 
аралығындағы ұлттық тәлім-тәрбие жүйесі жайлы 
сипаттама берілген. Мәселен, бұл еңбекте Еуразия 
даласындағы алғашқы қауымдағы тәрбие, Сақ, Шумер, 
Үйсін-Қаңлы, Ғұн 
мемлекеттеріндегі 
тәлім-тәрбие, 
Орхон-енисей жазулары, Қорқыт–Ата, әл-Фараби, Түркі 
педагогикасының тәлімдік ілім-білімдерінің дамуына
Қ.А. Иасауи, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, А. Иүгінеки т.б 
ықпалдары қарастырылады. Ұлттық тәлім–тәрбиенің 
тамырын көне тарихтан іздеген педагог ғалымдар ұлы 
даладағы халқымыздың танымдық мұраларын Орхон-
енесей жазулары мен Түркі қағанаттарының білім 
жүйелеріне сүйене отырып, ой айтады.( «Таным және 
студент» Алматы. Санат. 2007–209-б. C.Ж. Пірәлиев. Л. 
Керімов.) 
«Ұлттық 
мәдениет–сол 
халықтың 
дәстүрлі 
дүниетанымын, тарихи-мәдени және эстетика-этикалық 
ұстанымын, тілі мен ділін, болмыс–бітімін айғақтап, 
әлемдік өркениеттегі орнын айқындайтын рухани 
құндылықтар мәйегі. Әбу Наср әл–Фараби мен Махмұт 
Қашқари, Ахмет Иасауи мен Абай Құнанбаев сияқты 
даналар шыққан ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті тұтас 
бір 
өркениет 
жемісі 
ретінде 
бұрын 
арнайы 
қарастырылмайтын. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған 
соңғы жылдары ғана мәдениеттану ғылымына назар 
аудара бастады» – дейді енді ғана еңсесін көтерген ұлттық 
мәдениеттану 
ғылымының 
мамандары.( 
«Мәдени–
философиялық 
энциклопедиялық 
сөздік. 
Құраст. 
Т.Ғабитов, А.Құлсариева және т.б – А. Раритет, 2004.–320 
б) –3 бет. Осы сөздікте тұңғыш рет төл мәдениеттану 
ғылымының терминдері мен ұғымдарының анықтамалары 
жүйеленіп, түсінігі беріліп, оның өкілдері жайлы 
мәліметтер берілді. Сөйтіп, ұлттық ғылымда қазақ 
мәдениеттануы атты жаңа ғылым саласы оңаша отау тікті. 
Тап осы сияқты өзін-өзі енді танып, төл рухани 
құндылықтарымыз нәтижесінде жеке отау тігіп, өз 
орындарын тауып жатқан салаларымыз қазір жеткілікті. 
Соған 
шүкіршілік 
еткен 
жөн. 
Оларға 
негіз 
болар,талданатын, оқылатын әдеби де, мәдени да
мәтіндеріміздің бар екендігі тіпті көңіл қуантатын жай. 
Әрине , олардың талдайтын, зерттейтін тұлғалары мен 
туындылары бір болғанымен әркім өз саласы бойынша 
сараптама жасайды. Сондықтан біз олардың бәріне 
тоқталып жатқанды жөн көрмедік, тек қазіргі қазақ 
ғылымының өзінің заңды жолын тауып, ұлттық таным 


[Введите текст] 
90 
тұрғысынан дамып, әркім өз өлкесі мен өрісіндегі 
өркениетті игеруге деген ниетіне қуандық. Алайда, бір 
байқағанымыз – олардың дені тарихты тұлғалық деңгейде 
игеріп жатқандығы, алайды тарихты құрайтын да сол жеке 
тұлғалар мен солардың дара еңбектері екендігін ескерсек, 
жас ғылым салаларына ол олқылық та емес сияқты. 
Енді қазақ әдебиеті тарихының қайта зерттелуіне 
тоқталар болсақ, ол ежелгі дәуір әдебиетінен бастап 
бүгінгі әдебиетке дейінгі кезең аралығындағы барлық 
көркем дүниелер мен әдеби жәдігерлер, ең біріншіден, тек 
төл тарихымыздың мұрасы ретінде және екіншіден, 
бұрынғыдай 
идеологиялық 
тұрғыдан 
бағаланып, 
талданбай таза әдеби ескерткіш және көркем шығарма
тұрғысынан әдебиеттану ғылымына тән категориялар 
арқылы талданып, ғылыми айналымға енуі деп айрықша 
атап өткен жөн сияқты. 
Тәуелсіздік әдебиеттануында бұрындары есімдері 
белгілі болғанымен шығармашылығын зерттеуге тыйым 
салынған жеке әдеби тұлғалар туралы зерттеулер мен 
диссертациялық жұмыстар да жазыла бастады. Тарихтың 
өзі жеке тұлғалардан тұтасатынын ескерсек, әрбір әдеби 
тұлғалардың шығармашылықтары қазақ әдебиетінің 
белгілі бір кезеңдерінің ақиқатын анықтауға себеп 
болатыны белгілі.
Көшпелілердің жан дүниесіндегі өзімен бірге туған 
азаттық идеясының көне дәуір әдеби мұраларындағы 
қалыптасқан еркіндік рухы бүгінгі тәуелсіз Қазақстан 
әдебиетінде, ғылымында өзінің жарасамды жалғасын 
тауып, өркендеп келе жатқаны белгілі. 
Көрнекті ғалым, шығыстанушы Әбсаттар Дербісәлі
тәуелсіздік кезеңінде қазақ әдебиетінің көне кезеңдеріне 
көз тігіп, ұлттық сөз өнерінің қалыптасу, ежелгі дәуірдегі 
жазба жәдігерлерін тауып, төл тілімізге аудару, олардың 
ғылыми түсініктемелерін жазып, жүйелеу, жарыққа 
шығарып, кеңінен насихаттау мәселелеріне терең мән 
беріп келеді. Әсіресе, ХҮШ ғғ. қазақ даласының дана 
ойшылдары мен сөз өнерінің көрнекті өкілдерінің өмірі 
мен шығармашылықтарын, әдеби мұраларын, ғылыми 
зерттеулерін, оларды төл тарихымыздың мәдениеті мен 
тарихындағы лайықты орындарын айқындауға, ұлттық 
руханияттағы рөлін белгілеуде табанды еңбек етіп келе 
жатқан ғалым. Таяу және Орта Шығыс, Орталық Азия, 
Ресей ғылым ордаларының қолжазба қорларындағы 
бүгінгі ғылымға белгісіз болып келген елуден астам 
әдебиетші, тілші, ойшылдардың (оннан астам Фарабилер
Әбуәл Қасым әл Фараби, Исмайл әл Жауһари әл Фараби, 
Әбу Ибраһим Ысқақ әл Фараби, Бурһан ад Дин Ахмад әл 
Фараби, үш кердерилер, үш сайрамилер, жеті 
түркістанилер, Байлақ әл Қыпшақи, Хасан Әли 
Жалайыри, үш таразилер, жеті жендилер және т.б) 
еңбектерін тауып, ғылыми айналымға енгізді. Әсіресе, 
«Қазақ даласының жұлдыздары» атты еңбегі жоғарыда 
аталған көне ойшылдардың қазақ даласында туып, еңбек 
еткендерін нақты тарихи деректермен дәлелдей отырып, 


[Введите текст] 
91 
ғылыми тұжырымдар жасауы жоғары бағаға ие болды, 
еліміздің ғана емес, күллі түркі өркениетіндегі 
айтарлықтай жаңалық болды.
Түркі халқының ірі тұлғасы Мұхамед Хайдар 
Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты тарихи-мемуарлық 
еңбегін тұңғыш рет парсы тіліндегі қолжазбасынан ана 
тілімізге аударуды ұйымдастырып, зерттеп, оған алғы сөз 
жазуы және жалпы редакциясын басқарып, жариялауы 
десек артық айтқандық емес. Бұл біздің қазақ әдебиеті 
тарихын түгендеу барысындағы елеулі еңбек екендігін 
ерекше атап өткен жөн. (М.Х. Дулат. Тарих-и-Рашиди. 
Алматы: «Тұран» баспасы.) Мұхамед Хайдар Дулатидің 
әлем кітапханалары мен қолжазбалары қорларында 
жатқан еңбектерін тауып (ТМД, Азия, Еуропа елдері 
бойынша), олар жайлы әлем халықтарының көптеген 
тілдерінде жарық көрген. Сондай-ақ, соңғы жылдары 
қазақ тарихы мен мәдениетінде, жалпы руханиятында 
өзіндік іздері бар ірі тұлғалар туралы танымдық еңбектер 
көптеп шыға бастады. 
Ежелгі түркі мәдениетіне қатысты аса ірі әдеби жазба 
мұралар – Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білік” дастаны, 
Махмұт Қашқаридың “Диуани-лұғат-ит-түрк” атты 
энциклопедиялық сөздігін түркі тілінен қазіргі қазақ 
тіліне аударып, зерттеп, ғылыми айналымға қосқан ф.ғ.д., 
түрколог Асқар Егеубай осы зерттеулерімен қазақ 
ғылымына зор үлес қосты. Әсіресе,Жүсіп Баласағұнның 
“Құтадғу білік” (“Құтты білік”) дастанын ана тілімізде 
сөйлетіп,оның поэтикалық трактат екенін танытты. 
Аударып, 
алғы 
сөзі 
мен 
ғылыми 
түсініктерін 
жазып,тұңғыш рет қазақ оқырмандарына таныстырған 
зерттеуші әлемдік ғылыми этикаға тән талапты сақтап, әр 
сөздің 
арабша,латынша 
және 
қазіргі 
қазақ 
графикасындағы жазылу түрі, яки транскрипциясын, 
олардың қазақша түсіндірмесімен қоса беріп отырады. 
Зерттеуші бұл еңбектерінде Орхон - Енисей жазбаларынан 
бертінгі дәуірге дейін жалғасып отыратын тұрақты, 
бейнелі фразологиялық тіркестер түзіліміне ғылыми 
талдау жасайды. Қазақ сөз өнерінің тарихылығын 
айғақтайтын көне түркі мәтіндеріне жүйелі барлау жасап, 
бір ізге түсіреді.
“Түркі сөздігінде” бұрындары айтылғаны болмаса 
ғылыми дерегі болмаған Шу батыр туралы аңыздың 
тарихы, оның Ескендір Зұлқарнайынның алдынан шығып, 
неше түрлі әскери әдіс-тәсілдерді қолдануы, оның 
жорыққа алып жүретін күміс хәуісі (жорықтарда қаз-
үйрек,аққу-қаздарын жүздіртіп, жорықтарын ойластыруы) 
жайлы этнографиялық деректердің кездесуі, сегіз кітаптан 
тұратын үш томдық сөздіктегі бүкіл қазақ тарихына, оның 
тарихи 
шежіресіне 
қатысты 
географиялық, 
этнографиялық, 
топонимикалық, 
ономастикалық 
мағлұматтар, дөңгелек картаның жасалуы мен қазақтың 
сөз өнеріне қатысты көптеген мақал-мәтелдердің, 
шежірелердің, аңыз-әңгімелелердің, шешендік сөздердің, 
әдеби және әскери терминдердің жасалуы, түсіндірілуі, 


[Введите текст] 
92 
жинақталып, жүйеленуі т.б сияқты жұмыстар жасалынған. 
Осы еңбектер жөнінде кезінде академик Зәки Ахметов 
былай деген еді: “Көне кезеңдерден сақталған 
мұралардың ішінде осы “Құтадғу білік” пен “Диуани-
лүғат-ит-түрктен” көлемді, ғылыми-көркемдік жағынан 
үздігі жоқ. Қазақ сахарасында, қазақ топырағында 
жаратылған шығармалар. Мәдениеттің дамуына да, 
рухани тірлігімізді тың өріске бастайтын бай да құнарлы 
материал игерілді.Бұлар соңғы кезеңдегі айтулы әдеби 
деректер. Үлкен белес. Ұлттық, рухани тәуелсіздік 
мүмкіндіктері осындай зерттеулерден танылады. Бұл 
еңбектер-әдеби 
ісіміздегі 
құбылыс, 
ұлттық 
мәдениетіміздің мәртебесін көтерген зерттеулер”. (“Ана 
тілі”газетінің 2000 жыл. 7 желтоқсанындағы санында). 
Шынында Асқар Егеубайдың орта ғасырлық ежелгі түркі 
әдеби мұраларын зерттеу мен аудару, оларға ғылыми 
түсініктеме жазу, оларды жүйелеп әдеби және ғылыми 
айналымға ендіру жөніндегі жұмыстары жеті томға жетіп 
жығылады.Атап айтсақ, ”Кісілік кітабы” монографиясы.А.
1998 ж. 320 бет. 
“Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік 
жүйесі” монографиясы.А. 1999 ж.204 бет. 
Жүсіп Баласағұн “Құтты білік”дастаны.А. 1986 ж.
650 бет. 
(Оның 
Пекиннің “Ұлттар”баспасынан шыққан 
нұсқасы да бар 1989-1997 жж). 
Махмұт Қашқари “Түрік сөздігі”.А. 1997 ж. І том.
592 бет. 
ІІ том. 1997 ж. 528 бет. Ш том. 1998 жыл. 600 бет. 
Бұл еңбектердің бәрі бір-бірімен сабақтас ,өзектес 
туындылар. 
“Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі” 
(1999) деген монографиялық еңбегінде қазақ, түркі 
әдебиетінің табиғатын, даму заңдылықтарын әдебиет пен 
өнер туындыларының ортақ табиғатын ашу арқылы 
көркемдік тұтастықты бірге қарастырады. А.Егеубай осы 
зерттеуінде түркі дүниесінің проторенессансы деген 
ұғымды алға шығарып, оған “түркі нәсілді жұрттардың 
алғашқы ренессансы ерте орта ғасыр дәуірі,- ”деп 
тұжырым жасап, анықтама береді.Х-ХІІ ғасырлардағы 
әдеби мұралардың көркемдік табиғаты мен өзіндік 
ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады. 
Әдебиеттанушы Ж. Дәдебай «Өмір шындығы және 
көркемдік шешім» (1991), «Бөлтірік Әлменұлы және 
қазақ шешендік өнері» (1996), «Жазушы еңбегі» (2001) 
атты зерттеулері арқылы қазақ әдебиеті тарихының 
бұрындары зерттелмеген белгілі кезеңдерін тануға, оны 
нақты шығармашылық тұлғалардың еңбектерін талдаулар 
арқылы жүйелеуге көңіл бөлсе , «Мырза Хайдар Дулат 
(1499\1551) тарихшы-қаламгер» (монография) 2007 352-б. 
Алматы) «Зерде» баспасынан шыққан зерттеу авторы 
Ислам Жеменей осы еңбектің негізінде жазылған 
докторлық диссертациясында халқымыздың ХҮ ғасырға 


[Введите текст] 
93 
дейінгі рухани, әдеби-мәдени дүниетанымын М.Х. 
Дулаттың 
шығармашылығы 
арқылы 
танытады, 
зерделейді. Тарихи тұлға туралы соңғы кездері көптеп 
жарияланып 
жүрген 
еңбектерден 
бұл 
зерттеудің 
ерекшелігі – ерте дәуірдегі қазақ мәдениеті мен 
әдебиетінің 
классикалық 
үлгісімен 
оқырмандарды 
таныстыру. Зерттеуші өз еңбегінде әлемге, оның ішінде 
қазақтарға ертеден әйгілі ирандық «Шаһнаме» дастанын 
халқымыздың тарихына, әдебиетіне қатысын жаңа 
қырынан тереңірек жеткізеді. Ислам Жеменей еңбегінің 
алғашқы үш тарауын тұңғыш тарихшының өмірі мен 
шығармашылығына, тақырыптың зерттелу тарихына 
арнайды. Сол кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі 
өзгерістер мен мәдени-ахуалды баяндай келе М.Х. 
Дулаттың «Тарих-и Рашидиге» қатысты барлық зерттеу 
еңбектерге тоқталып, оның әлемдік руханияттағы 
құндылығын айшықтайды. Еңбектің ІҮ, Ү, ҮІ тараулары 
«Тарих-и-Рашидидің» әдеби мұра ретіндегі жанрлық, 
стильдік және көркемдік ерекшеліктеріне арналуымен 
бағалы. Мырза Хайдар шығармасында орта ғасырлардағы 
түркі-парсы халықтарының тарихы мен этнографиясы, 
мәдениеті мен философиялық ой-танымдарымен шектеліп 
қалмайды, мұнда сол дәуірдегі түркілердің рухани әлемі, 
поэзия, әдебиет теориясы, өлең өлшемі (аруз), 
шығармашылық әдістер, ақындық орта, сопылық ағым 
мен оның көрнекті өкілдері туралы жан-жақты сөз болған. 
Зерттеуші парсы, түркі өлеңдеріне шолу жасай отырып, 
рубаи, мүфрад, ғазал, мүшәйра, мадақ, мінәжат, сынды 
шығыс поэзиясының тақырыптық, жанрлық түрлеріне 
байыпты талдаулар жасаған. Жұмыстың тағы бір ерекше 
маңызы – қазақ оқырмандарына онша таныс емес, Сағди, 
Жәми, Сәккаки, Лүпти, Атаи, Науаи, т.б шығыс 
ойшылдары мен шайырларына арнайы тоқталып, олардың 
шығармашылық өмірі туралы қызықты деректер 
келтірген.
«Мұхамед Хайдар Дулати» деген ғылыми-зерттеу 
мақалалар мен тарихи эсселер). Алматы, «Ататек», 2000, 
312-б). деген еңбектің авторы Қожабек Албани Байұзақ 
Рахымұлы 1999 жылы ЮНЕСКО дүниежүзілік деңгейде 
500 жылдық мерейтойын атап өткен тұңғыш тарихшы 
М.Х. Дулатидың ғұмырын, оның шығармасы «Тарих-и-
Рашидиге», «Ататек» тектемесіне зерттеу жүргізеді. 
Тарихи тұлғаның атамекенінің, елінің тарихы туралы 
сұхбаттары мен эсселерінде қазақ оқырмандарына, 
зерттеушілеріне беймәлім болып келген тарихи құжаттар 
мен архивтік деректер келтіріледі. М.Х. Дулатидің 
шығармашылығын түркі халықтарына ортақ туынды 
«Бабырнамамен» 
байланыста 
қарастырады. 
Оған 
зерттеудің мазмұны толық сипаттама бере алады: «Хайдар 
мырзаның ғұмырнамасы» деген тарауға енген «Мұхамед 
Хайдар һәм қазақ тарихы», «Хайдар мырзаның бөлесі 
Бабыр һәм оның «Бабырнамасы», «Ұлыдан қалған 
ұлағат», «Моғолстан» т.б және «Хайдар мырзаның ата- 
тек тектемесі» - деген екінші тарауда «Бабыр», 


[Введите текст] 
94 
«Бабырнама», «Батыс түрік қағанаты», «Моғол мектебі», 
«Мұхамед Хайдар» т.б тараушаларында ұлы тарихшы 
өмір сүрген кезең, ондағы тарихи оқиғалар, ру, тайпалық 
қатынастар, әсіресе бұл еңбекте оның ата тегіне, мекеніне, 
өмір сүрген ортасына, айналасына, үрім-бұтағына көбірек 
мән берілген. 
ХҮІ ғасырда өмір сүрген көрнекті мемлекет 
қайраткері, әскери қолбасшы, тарихшы, әдебиетші, ақын 
М.Х. Дулатиддің «Жаһан наме» атты классикалық 
шығармасының төл тілімізде сөйлеп, толық көркем 
мәтінін талдап, ғылыми айналымға ендірген ғалым 
Әбсаттар Дербісәліұлы. Зерттеуші адал да таза 
махабббатқа арналған поэма туралы ғылымда алғаш 
хабардар еткен башқұрт ғалымы Ахмет Зәки Валиди 
Тоған (1891-1970) Берлин кітапханасынан кездейсоқ 
ұшыратып, оқып 1937 жылы неміс тілінде тұңғыш мақала 
жазған. Одан әрі ғалым дулаттанушылардың еңбектеріне 
толық шолу жасай отырып, бұл шығарманың көркем 
поэма екендігін ішіндегі мәтіндер арқылы дәлелдейді. 
Поэманы қазақшалаған зерттеуші оны шартты түрде 
бірнеше бөлімге бөліп қарастырады, алғашқы жүз он 
бәйітті «Кіріспе» деп қарастырады. Осы жерде ғалым 
мынадай түсінік береді: Ежелгі мұсылман Шығысы 
әдебиетінде кейбір көркем дүниелер әдетте «хамд» -
мақтау, «мунажат»-мінажат, «наят»-теңеу» (эпитет), 
«мадх»-мадақ және «сабаи назми китаб»-кітаптың жазылу 
себебі іспетті шартты бөлімдерден тұрады. «Жаһан 
намеде» осы қағида бұзылмаған. Әйтсе де Кеңес дәуірінде 
ондай 
шығармалардың 
көпшілігінің 
осы 
бөлімі 
коммунистік идеология шарттарына сай келмейтіндіктен 
алып тасталынатын. Біз сол әдетті бұзып, поэманың 
қылауына да тимей, дастан мәтінін толық та түгел 
бердік». Бұл бізге ежелгі дәуірдің әдеби мұрасының толық 
нұсқасымен жеткен құнды еңбек екендігін аңғартады. Бұл 
қазақ әдебиеті тарихын түгендеуге қосылған үлкен үлес 
екендігі де белгілі. Түркілік дүниетаным биігінен ой 
толғайтын поэмада Самин деген қалада Шаһсауар атты 
патшаның бір ұлға зар болып жүргенде көрген Фируз 
шахтың сүйген жары Перизат Назбойға деген шексіз 
махаббаты әңгіме болады. «Жаһан намені» көне парсы 
тілінен ана тілімізге аударып, ғылыми транскрипциясын 
жасап, оның архивтегі түпнұсқасын да толық беруі 
келешектегі зерттеушілерге дайын мәтін екендігі сөзсіз. 
Осы орайда автор дей тұрғанмен шығарманың тілдік сыр-
сипатынан басқа суреттеу құралдары (теңеу, эпитет), 
образдар жүйесі, сюжеттік желілері, құрылыстары, ұйқас, 
жанрлық ерекшелігі және т.б мәселелер туралы арнайы 
сөз, әрине, алда», - дейді. 
М.Х. Дулатидің жоғалдыға саналған «Жаһан наме» 
атты ғибраты мол әдеби мұрасы осылай Ә. Дербісәлінің 
қажырлы еңбегінің арқасында өзінің тарихи отанына 
оралып, ұлттық рухани құндылық қатарын толықтырды. 
Дулаттану саласына соңғы жылдары өзге бірқатар 
ғылыми танымдық зерттеулер, жеке іздену жұмыстары 


[Введите текст] 
95 
жазылуда. Олардың бәріне тоқталып, талдау жасау 
әдебиет тарихының міндеті. 
Енді ежелгі әдеби жәдігерлер, олардың тарихы 
жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасай 
кетсек (кандидаттық, докторлық) дейміз. 
Көне түркі дәуірінен бергі әдеби жәдігерлеріміздің 
ұлттық таным тұрғысынан талданып, зерттелу жәйіне 
келетін болсақ, осы орайдағы ежелгі әдебиетіміздің туу, 
қалыптасу, 
даму 
заңдылықтары 
мен 
көркемдік 
ерекшеліктерін танытатын тарихи тұлғаларымыздың 
рухани мұраларының ғылыми айналымға енгізіліп, оларға 
жеке-жеке ғылыми жұмыстар жазылып жатқандығының 
куәсі боламыз. Ол үшін М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының Ғылыми кеңесінде қорғалып жатқан 
кандидаттық және докторлық ғылыми дәреже үшін 
жазылған зерттеулерге зер салсақ болғаны.Және бір 
ескере кетер жәйт осы қорғалған еңбектердің дені “Қазақ 
әдебиетінің тарихы”атты он томдық еңбекте “Ежелгі дәуір 
әдебиеті” жөніндегі екінші томда жеке-жеке тарау болып 
енді. 
Айталық, соңғы жылдары институттың «Ежелгі 
әдебиет» бөлімі даярлаған ғылыми жұмыстар: Қыдыр 
Төрәлі Еділбайұлының «Орта ғасырдағы қазақ даласында 
ислами әдебиеттің тууы және қалыптасуы (ХІ–ХІІғғ.)» 
(2005), Әлібекұлы Ақжігіттің «Мәмлүктер кезіндегі түркі–
қыпшақ әдебиеті (дамуы, әдеби өкілдері, өлең өлшемі)» 
(2005), Құрманғали Гүлнәр Қанатқызының «Ахмет 
Йүгінекидің әдеби мұрасы» (2006), Әбдірәсілқызы 
Айнұрдың «Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің көркемдік 
және құрылымдық ерекшеліктері» (2007), Мамиева 
Бахыткүлдің «Асан Қайғы туралы аңыздар» (2007) атты 
кандидаттық және Жеменей Исламның «Мырза Хайдар 
Дулаттың «Тарих–и Рашидиі» әдеби жәдігер» (2007), 
Еңсегенұлы Тоқболаттың «Көне түркі ескерткіштерінің 
көркемдік жүйесі» (2007) деген докторлық ғылыми 
дәреже үшін жазылған еңбектерін атап көрсетуге болады. 
Осындағы әрбір әдеби өкілдердің еңбектеріне 
қатысты 
олардың 
төл 
тарихымыздағы 
лайықты 
орындарына сай көптеген тың ғылыми ақпараттар 
жүйеленіп, бабаларымыздың сан мыңдаған жылдармен 
өлшенетін түркілік өркениеті мен мәдениеті, төл тарихы 
мен әдебиеті, ешкімде жазу-сызу болмағанда оларда тасқа 
ойып жазылған мәңгіге қалдырылған төл жазуы, оның 
мазмұны мен көркемдігі, әдеби тілі бар екендігін 
айқындайтын айғақты ажарлы ескерткіштер екендігін 
жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер әрқайсысы өз 
дәрежесінде дәлелдеп жазған. Мәселен, Еңсегенұлы 
Тоқболат былай дейді: «Біріншіден, түркі руна жазуымен 
жасалған рухани мұраларды тауып игермесек, әдебиет 
тарихында 
түркілердің 
төл 
әрпінен 
туындаған 
шығармалар жоқ сияқты болып танылады. Ең бастысы, 
ежелгі дәуірде бабалар жасаған шығармалардың бәрі 
түркілік-ұлттық рухта жасалынған тозбайтын мұралар.... 
Екіншіден, 500-ден астам үлкенді-кішілі тастарға 


[Введите текст] 
96 
түсірілген көне түркі руна жазба ескерткіштерін жасап 
орнатуға біздің де ата-бабалырымыздың өз үлестерін 
қосқаны зерттеу барысында анықталып отыр... Әрбір 
қабырға тасқа түсірілген жазба ескерткіш әр рудың немесе 
тайпаның, қағанның иелігіне жататын рухани мұра екені 
белгілі»... 
Үшіншіден, 
көне 
түркі 
руна 
жазба 
шығармалары түгел жиналып, аударма жасалынып, 
тұтастықта зерттелінген емес. Оқырманға ең бірінші көне 
түркілердің төл жазуы және руна алфавитімен тасқа 
түсірілген шығармалардың негізгі мәтіні керек». /5–6 бет/. 
Осы орайда, ізденген диссертант жұмысында өзінің негізгі 
мақсатын көне түркі алфавитін, бейне–суретін, руна жазба 
шығармаларын мәдениеті ерте дамыған көрші елдердің 
төл жазуларымен салыстыра зерттеу арқылы көне түркі 
руна жазуы бағзы заманда туып, қалыптасқанын, яғни 
көне түркі руна жазуы б.з.б. ҮШ ғасырдан бастап б.з. ІХ 
ғасыр соңына дейін өмір сүргенін дәлелдеу барысында 
біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Төл әдеби мұраларымыздың жиналып, тағы бір 
тәуелсіз ой-сана тұрғысынан талданған жұмыстың бірі 
фольклортану ғылымы бойынша жазылған Нартай 
Қуандықұлы Жүсіповтың «ХХ ғасырдың бірінші 
жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы» атты (2006) 
докторлық ғылыми дәреже алу үшін жазылған зерттеуі. 
Мұнда ғалым ХХғасыр басындағы халықтық мұраларды 
кімдердің , қашан, кімдерден, қалай жазып алғандығын, 
қалай жарияланғандығын анықтап, оларды салыстырып, 
баспа бетінде жариялану жай–күйін зерттеген. 
Ұлттық әдебиеттің түп – тамыры тереңде, ежелгі 
әдеби мұраларда жатқаны- кеңес кезеңімен ғана шектеліп 
келген қазақ әдебиеттануы үшін басты мәселе, тың 
жаңалық болды. Көне дәуірлердегі құнды көмбелелерде 
жатқан небір көркем дүниелеріміздің көзі ашылып, 
қаншама жаңа туындылардың тұсауы кесіліп, бұрындары 
баспа бетін көрмеген бүтін бір дәуір әдебиеті өз әлемін 
ашты.Олардың көбі зерттеу нысанына айналып, ұлттық 
әдебиеттану 
ғылымының 
қоржынын 
толықтырды. 
«Қорқыт ата» кітабының – 1300, «Алпамыс батыр» 
жырының – 1000 жылдықтары түркі тектес елдерге ортақ 
әдеби жәдігер ретінде арнайы аталып өтілді.
Тәуелсіздік тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан 
ежелгі дәуір әдебиеті, осылай, өзінің лайықты тарихи 
орындарына ие болды. 


[Введите текст] 
97 
3.3 Қазақ әдебиеті тарихының 10 томдығы 
Қазақ әдебиетінің тарихы ежелгі дәуірден бастап, 
он том болып тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан тұтас бір 
жүйеге түсіріліп,жаңаша көзқараспен қайта жазылды. 
Қазақтың халық ауыз әдебиеті, фольклордың 
тарихы тұңғыш рет жаңаша зерттеліп, тың ғылыми 
талдаулар мен жаңаша пайымдаулар арқылы “Қазақ 
әдебиетінің он томдық тарихының” бірінші томында 
ұлттық әдебиеттану ғылымының фольклорлық кезеңі
қайта қаралып, зерттелген. «Қазақ фольклорының 
тарихы» атты алғашқы томның жалпы редакциясын 
басқарған және зерттеуге ғылыми жетекшілік жасаған ҚР 
ҰҒА –ның академигі Сейіт Қасқабасов. Осы күнге дейін 
тарихи тұрғыдан арнайы зерттелмеген фольклор, оның 
бірнеше ғасырларға созылған даму жолдары, яғни 
генезисі мен поэтикасы ұлттық сөз өнеріндегі көркемдік 
дәстүр мен жаңашылдық категориялары арқылы әрбір 
жанрдағы даму заңдылықтары, көркемдік сипаттары, 
жанрлық жаңарулары, түрлік жаңғыртулары, әдеби әдіс-
тәсілдерінің түрленуі тұрғысынан теориялық талдаулар 
жасалып, бүгінгі өркендеген, көркемдік көкжиегі 
кемелденген әдебиеттің арғы тегі ретінде жазылған. 
»»Ежелгі және орта ғасырлардағы фольклордың көркем 
руханиятқа айналғаны және жаңа дәуірде фольклор 
жанрларының өзгеріп, соны формалардың пайда болғаны 
зерттелген. Соның нәтижесінде фольклордың көне түрлері 
есте жоқ ескі заманда туып, алғашқы синкреттіліктен 
арылғаны,көп ғасырлар бойы дамудың арқасында 
қарапайымдылықтан көркемдікке жеткені, сөйтіп, қазіргі 
көп жанрлы, профессионалды әдебиетімізге, өнерімізге 
негіз болғаны дәлелденген», деп алғашқы томның 
авторлары 
өз 
істеріне 
анықтама 
береді.Бірнеше 
мыңжылдықты қамтитын қазақ әдебиеті тарихының 
бастау көздері кеңестік кезеңде үш түрлі бағытта 
зерттелгені, фольклор, авторлық ауыз әдебиеті және жазба 
әдебиет деп зерттелгенімен ол бір ғана сөз өнері өрісінде 
дамып, бүгінгі дәуірге жетуі - бұл еңбектің тұғырлық 
концепциясы болып табылады. Фольклордың мифтік, 
діни-нанымдық, ғұрыптық негізде пайда болып,олардың 
қандай жолдармен көркем фольклорға айналғаны біртұтас 
үдеріс ретінде жаңаша зерттелген. 
«Бұрын жазылған «Қазақ әдебиетінің тарихында», басқа 
да еңбектерде «ауыз әдебиеті» деген ұғымға фольклорды 
да, ақын - жыраулардың шығармаларын да сыйғызып 
келдік. Екеуінің аражігі ашылмады. Соңғы жылдарда сөз 
өнерінің екі түрін бөліп, бірін «фольклор», екіншісін 
«авторлық ауыз әдебиеті» деп тану қажеттігі дәлелденіп 
жүр. .Еңбектің авторлық ұжымы екінші тұжырымды 
қисынды деп тауып, авторлық ауыз әдебиетін бөле-
жармай, жалпы әдеби дамудың арасында қарастырды. 
Мұнда бір байқалған заңдылық - көшпелі- бақташылық 
салттағы мемлекеттерде міндетті түрде жыраулар 
институты болатындығы. Оны «көне Түркілер қағанаты 


[Введите текст] 
98 
мен Алтын Орда, әсіресе, Қазақ хандығы тұсындағы 
әдебиеттен аңғаруға болады» - делінген Редакциялық бас 
алқада. 
Бүкіл он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші 
томы болғандықтан «Редакциялық бас алқадан» атты 
алғашқы мақалада алты томдық тарихтан 40 жылдан 
кейін жарияланып отырған қазақ әдебиетінің тарихына, 
яғни он томның жалпы мазмұнына, негізгі ғылыми 
жүйесіне шолу жасалады. 
Ежелгі 
сақ, ғұн, үйсіндерден қалған әдеби 
жәдігерлер, түркілер қағанатының тасқа қашап жазған 
мәтіндері, сондай-ақ орта ғасырларда қолжазба қалпында 
сақталған шығармалар мен жаңа дәуірде баспадан шыққан 
туындылар жазба әдебиет үлгілері ретінде алғаш рет 
ғылми негізделіп,нақты көркем мәтіндер арқылы
анықталады. Тәуелсіздікке ие болған жылдардан бері 
ғылмиланып келе жатқан «ежелгі әдебиет» фольклорда да 
осылай негізделіп, дәлденген.
«Кіріспеде» - «Қазақ фольклорының тарихы» деген 
ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін 
арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның 
бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды 
жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен 
ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем 
әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның 
салдарынан фольклор тарихы-әдебиет тарихы деп 
қарастырылып 
жүрді. 
Екіншіден, 
фольклортану 
ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың 
ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, 
әдіснамалық 
амал-құралдарына 
сүйеніп, 
соларды 
пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен 
жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани 
алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-
кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, 
бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи 
даму жолдары,қандай дәуірлерді бастан кешкені 
ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді»-
деген мәселені көтерген автор осылай бұл саланың 
зерттелу тарихына толық әрі нақты ғылыми теориялық 
түсінік береді. 
Енді бірінші томның зерттелу құрылымына зер 
салсақ: 
І.Бөлім.Ежелгі замандағы рухани мәдениет» деп 
аталады. Ол ірі үш тараудан тұрады. 
І.тарау.Еңбек 
фольклоры.(Терімшілік 
пен 
аңшылық,мал шаруашылығы мен егіншілік жөніндегі 
фольклор). 
ІІ.Тарау.Ғұрыптық фольклор (маусымдық ғұрып 
фольклоры,наурыз 
мейрамы 
мен 
фольклоры, 
қымызмұрындық тойы 
мен өлеңдері, жарапазан, 
Отбасылық 
ғұрып 
фольклоры: 
үйлену 
ғұрып 
фольклоры,балалар 
фольклоры, 
жерлеу 
ғұрып 
фольклоры). Магиялық фольклор (арбау, жалбарыну, 
алғыс (бата), қарғыс, ант, бәдік, бақсы сарыны). 


[Введите текст] 
99 
ІІІ. Тарау. Байырғы фольклор: (Миф, хикая, 
этиологиялық ертегі, қиял-ғажайып ертегі, көне эпос, 
жұмбақ). 
ІІ БӨЛІМ.Орта ғасырлардағы фольклор. 
І-ТАРАУ.Түркі жазбаларындағы фольклор: (Түркі 
қағанаты кезіндегі фольклор, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі 
фольклор, Алтын Орда тұсындағы фольклор). 
ІІ.-Тарау. Қазақ хандығы кезіндегі фольклор. 
(Хайуанаттар туралы ертегі, Батырлық ертегі, Батырлық 
жыр, Алпамыс батыр Қобыланды батыр, Едіге, Ғашықтық 
жыр:» Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры», Қыз Жібек» 
жыры. Аңыз, Әпсана, Хикаят, Шешендік сөз. Тарихи 
жыр.Мақал-мәтел,жаңылтпаш»). 
ІІІ.БӨЛІМ.Жаңа дәуірдегі фольклор. 
І.ТАРАУ.ХҮШ-ХІХ 
ғасырлардағы 
фольклор. 
(Новеллалық ертегі, Сатиралық ертегі, Аңыз, Тарихи 
аңыз, Күй аңызы, Тарихи жыр, Тарихи өлең, Дастан, 
Хикаялық дастан, Діни дастан, Ғашықтық (романдық) 
дастан, Әлеуметтік-сүйіспеншілік дастан, Лиро-эпикалық 
(балладалық) жыр, Айтыс, Лирикалық өлең, Қара өлең, 
Әңгіме). 
ІІ. ТАРАУ. ХХ ғасырдағы фольклор. (1916 жылғы 
көтеріліс туралы фольклор, Жұмысшылар фольклоры, 
Өлең, Жұмбақ, Мақал-мәтел, Әңгіме,). 
Міне, осылай өз кезеңдерімен жанрлық даму 
сатыларымен сұрыпталған фольклорлық мұралардың 
бастау көздері мен көркемдік әлемі бүгінгі ғылыми 
тұжырымдар мен көркемдік талап тұрғысынан талданып, 
жүйеленген. Бұл зерттеулер авторлары өз тақырыптары 
төңірегіндегі бүкіл теориялық ұғымдар мен тарихи 
деректерді молынан қамтып, көркем мәтіндерге сүйене 
отырып, нақты ғылыми жетістіктерге қол жеткізген деуге 
болады. Әсіресе «Қазақ фольклоры: статусы мен 
теориялық негіздері» деген тарауда қазақ фольклорының 
осы күнге дейінгі тарихи кезеңдері мен теориялық 
мәселелеріне жаңаша барлау жасалып, оның қазақ 
әдебиеті тарихындағы өзіндік орны мен статусына 
ғылыми сипаттама беріледі. 
Мұнда бұрынғы кеңестік кезеңде «фольклор» 
терминімен тек халық әдебиетін, тек ауызша туып,ауызша 
орындалатын атау орнықса, басқа өркениетті елдерде 
«этнография» сөзі қатар қолданылады. Зерттеу авторы 
фольклордың негізгі функцияларын анықтай отырып, 
бүгіндері әрқилы сөз болып жүрген «фольклор» терминін 
қабылдап, 
орнықтыруды 
ұсынады. 
Ал, 
«халық 
әдебиетінің» «фольклор» ұғымын толық бере алмайтынын 
,оны тек синоним ретінде қолдануды қолдайды. 
Фольклорды тек сөз өнері деген түсінікке зерттеуші 
былайша анықтама береді: «Өнер дегеніміз - өмірді, 
оқиғаны, құбылысты немесе сезімді көркем түрде 
бейнелеп, қайта жаңғырту. Олай болса, арбау, алғыс, 
қарғыс немесе әртүрлі ырымдар мен нанымдар болмысты, 
я болмаса сезімді көркем түрде бейнелеуді, жаңғыртуды 
мақсат тұтпайтындықтан сөз өнері бола алмайды. Бұған 


[Введите текст] 
100 
қоса, өнер болу үшін шығарманың поэтикасы, 
композициясы, іс-әрекет атқаратын кейпкерлері, олардың 
қақтығысы, т.б қасиеті болуы керек. Осы тұрғыдан 
келгенде, ұлттық сөз өнерімізді үш түрге бөлуге болады: 
фольклор, ауыз әдебиеті (ақын, жыраулар поэзиясы) және 
жазба әдебиет. Бұлардың үшеуіне де ортақ белгілері 
болумен бірге әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. 
Фольклордың үш сипаты бар: а) фольклор-ежелгі 
дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра; ә) фольклор-
тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор-сөз өнері». 
Фольклордың 
көне 
дәуір 
адамдарының 
дүниетанымы екендігін автор «анимизм, тотемизм, магия, 
табу, шамандық, т.б сияқты фольклорда кездесетін ұғым 
дар мен түсініктерге анықтама бере отырып, бұл 
дүниетанымдардың қандай қызмет атқаратыны жан-
жақты айтылады. Олардың о баста қандай ұғым-
түсініктен туғандығын және олардың адам тіршілігінің өн 
бойында қолданылып, әр салада пайдаланылатын дүние 
екендігі, олардың утилитарлық қызметі эстетикалыққа 
ауысуы жөнінде сөз болады.
Автор “фольклордың сөз өнері ретіндегі қызметін –
орындаушы мен тыңдаушы категорияларын анықтау 
арқылы айқындайды: ”Фольклор - әрі әдебиет, әрі театр 
рөлін 
атқарды, 
оның 
шығарушылары 
мен 
орындаушылары жыршы - ақындар болды, сондай-ақ 
тыңдаушылары мен көрермендері болды. Сондықтан 
фольклор өзіндік көркемдік әдіс, бейнелеу тәсілдер мен 
көркемдеуіш құралдар жасап,орнықтырды.”-дейді. 24 
б/.Фольклорды өнер етіп көрсететін басты белгілерге 
зерттеуші мыналарды жатқызады:”..романтикалық әдіс 
пен типтендіру, тұтастану процесі, кейіпкерлерді суреттеу 
тәсілдері, жалпылық пен формулалықтың қатар жүруі, 
импровизацияның айрықша көрінуі, шығармалардың 
тұрақты композициясы мен өзіндік стилі, фольклорлық 
уақыт пен кеңістік,әлеуметтік утопия т.т. Бұлар 
фольклорды сөз өнері етіп әдебиетке жақындаса, енді бір 
ерекшеліктер бұл екеуін алшақтата түседі. Мәселен, 
фольклордың байырғы ұғымдармен, түсініктермен, әдеп-
ғұрыппен байланысы, фольклорлық сана мен ойлау, 
индивидтік тілдің жоқтығы, даралық портреттің болмауы, 
іс-әрекеттің біржақты әрі дереу істелуі, кейіпкердің 
ғажайып туып-өсуі, оның ғаламат қасиеттерге ие болуы 
әдебиетке тән емес. Бірақ, бұл айтылғандар фольклордың 
өнер екендігін жоққа шығара алмайды”. /сонда/. Мұнда 
фольклордың әр кезде атқаратын әртүрлі қоғамдық-
тұрмыстық, 
танымдық, 
тәрбиелік, 
эстетикалық 
міндеттерін теория тексеретінін және фольклорлық 
дәстүрдің әдебиеттегі дәстүрден ерекшелігін, яғни 
бұрынғы тәжірибені өзгертпей қабылдау және жалғастыру 
екендігін нақтылайды. Сондай-ақ , эпикалық стиль мен 
тұрақты формулалардың фольклорлық шығармаларға 
өзіндік баяндау тәсілін жүктейтінін ескерте келіп, 
сюжеттердің контаминациясы, жанрлардың синкреттілігі, 
фольклордағы импровизацияның рөлі мен орны, оның 


[Введите текст] 
101 
шындыққа, тарихқа қатынасы, ұлттық ерекшеліктер мен 
типологиялық 
сюжеттер, 
фольклорлық 
сана 
мен 
орындаушының ара қатынасы т.б сияқты мәселелерді 
теориялық тұрғыдан талдаудың қажеттілігі айқындалады. 
Жалпы, бұл тарауда фольклордың теориясына қатысты 
ғылыми тұжырымдар жасалады. 
“Ежелгі замандағы рухани мәдениет” деп аталатын
І-ші бөлімдегі “ Еңбек фольклоры” тарауында терімшілік 
пен аңшылыққа, мал шаруашылығына және егіншілік 
жөніндегі фольклор мәселелері арнайы зерттеледі. 
Бұрындары мұндай жеке-жеке тақырыпшаларға бөлініп 
зерттелмейтін фольклордың әр саласы егжей-тегжейлі 
ерекше ынтамен әңгімеленеді. ”Ғұрыптық фольклорда” 
маусымдық ғұрып фольклоры, отбасылық ғұрып 
фольклоры-адамзаттың өмірге келгенінен бақилыққа 
дейінгі аралықта бастан өткеретін тұрмыстық салт-дәстүр 
жәйі сөз болса, магиялық фольклорда –арбау, жалбарыну, 
алғыс, бата, қарғыс, ант, бәдік, бақсы сарыны сынды 
жанрлық элементтердің адам өмірі мен санасына етер 
әсері туралы әңгіме қозғалады. Ал, ”Байырғы фольклор” 
атты тарауда миф, хикая, этиологиялық ертегі, қиял-
ғажайып ертегі, көне эпос, жұмбақ жанрларының 
көркемдік табиғаты жан-жақты ашылады. 
“Орта ғасырлардағы фольклор” атты екінші бөлімде 
орта ғасыр аралығындағы мезгілде қалыптасып, дамыған 
барлық жанрлардың көркемдік-эстетикалық жүйесін 
орнықтырып, жаңа сападағы классикалық фольклор 
түрінде дамығандығын нақты көркем мәтіндер арқылы 
талдап, таразылайды. Әсіресе, ұлттық әдебиеттану 
ғылымы үшін “Түркі жазбаларындағы фольклор” тарауы 
тың дүние десек болады. Осы кезге дейін тап осылай атау 
қойып арнайы зерттелмеген кезең енді ғылыми орнын 
алып, арнайы зерттеле бастады. Көне түркі әдеби 
ескерткіштері енді фольклорлық мұра ретінде ғылыми 
айналымға еніп, ”біздің ежелгі мәдени мұраларымыздың 
тамыры қайда еді” деген даулы сауалдарға жауап іздей 
бастағаны танылады. 
“Алтын Орда тұсындағы фольклор” деген тарауда 
осы кезеңде қолданылған фольклорлық мәтіндердің 
авторлық интерпретацияға түсетіні ерекше айтылып өтеді. 
Мұнда сол себепті де авторлар пайдаланған фольклорлық 
жанрлар мен сюжеттер, образдар зерттеу нысанасына 
алынады. Айталық, Құранның он екінші сүресіне енген 
Жүсіп-Зылиқа, ”Қорқыт ата кітабындағы” Бамсы, 
Насреддин 
Рабғузидің 
“Қисса-сүл-әнбиядағы” 
пайғамбарлар, “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” 
ертегісінің 
сюжеттерінің 
әр 
авторда 
әр 
түрлі 
интерпретацияға ұшырағанымен фольклорлық сюжеттің 
негізі сақталынатыны сөз болады. 
“Екінші тарауды құрайтын “Қазақ хандығы 
кезіндегі фольклор” да бұрындары арнайы зерттеліп, 
айтылмаған аймақ екені айқын. ”Хайуанттар туралы 
ертегі” деген аңшылық өмір кезеңімен байланысып, аңдар 
жайлы түрлі аңыздардың тууына себепкер болғаны, 


[Введите текст] 
102 
олардың беттін келе типтік характерлік, образдық 
мазмұнға ие болуы (мысалы, түлкі-асқан айлакер, екі 
жүзді қу т.б), олардан мысал ертегі жанрының жандануы 
туралы көптеген ғылыми сараптамалар жасалған. Және 
олардың шығыс фольклорымен тығыз байланысы жөнінде 
де жаңа ойлар айтылған. ”Батырлық ертегі” мен 
“Батырлық жыр” деген үлкен екі тарауда осы екі жанрлық 
түрлердің тамырластығы, туыстығы мен әрқайсының 
өзіне тән ерекшеліктері теориялық тұжырымдарға сүйене 
отырып, нақты мәтіндер арқылы айқындалған. Бұл 
тарауда 
“Батырлық 
жырға” 
жататын 
Алпамыс, 
Қобыланды, Едіге батыр жайлы толық мағлұматтар 
жиналып, жаңаша талданған. ”Ғашықтық жырға” жататын 
классикалық үлгілері болып саналатын ЮНЕСКО 
тарапынан мерейлік тойлары аталып, әлемге әйгілі болған 
біздің әдеби інжу-маржандарымыз -“Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу” мен “Қыз Жібек” жырлары да мұнда қазақ 
халқының жан-жүйесі, асыл сөзі ретінде қарастырылған.
Ежелгі әдеби мұраларды көп жинап, түркі әлеміне 
тән ескерткіштерді жақсы білетін маман Н.Г.Потаниннің 
“Батыстың орта ғасырлық эпосында Шығыстық сарын 
бар” деген сөзін ескерсек, әлемдегі әдеби мұралары бай 
және өте құнарлы ел, біз боламыз. Бірақ барды бағалай 
білеміз бе?. 
Дүние жүзіндегі әдеби мұраға бай халықтың сөз 
өнерінің жанрлық түрлері де сан алуан. Қазақ хандығы 
кезінде өркендеп өскен, тілдік, көркемдік тұрғыдан 
түрленіп, 
дамыған 
“Аңыз”, 
”Әпсана”, 
”Хикаят”, 
”Шешендік 
сөз”, 
”Тарихи 
жыр”, 
”Мақал-мәтел, 
жаңылтпаш” туралы бұл тарауда көптеген жаңа әдеби 
мәтіндердің талданғанына куә боламыз. 
Ал, ”Жаңа дәуірдегі фольклор” деген үшінші тарауда 
ХҮШ-ХІХ ғасырдағы фольклор, оның “Новеллалық 
ертегі”, ”Сатиралық ертегі” және “Аңыздың, Тарихи, Күй 
аңыздары” деген түрлері арнайы зерттелген. 
“Тарихи жыр” мен “Тарихи өлеңнің жанрлық 
ерекшеліктері айқындалып, олардың ортақ байланысы да 
әңгімеленеді. ”Дастанның” “Хикаялық, Діни, Ғашықтық 
(романдық), әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандары” әр 
тарауға бөлініп, олардың жанрлық ара-жігі айқындалып, 
олардың 
зерттелу 
тарихына, 
әдеби 
мәтіндердегі 
ерекшеліктерге 
мән 
берілген. 
”Лиро-эпикалық 
(балладалық) жыр”, ”Айтыс”, ”Лирикалық өлең”, ”Қара 
өлең”, ”Әңгіме” сынды жекелеген жанрлық түрлердің 
жазба әдебиетіндегі түрлерінен нендей айырмашылықтар 
бар, оларды фольклорлық жанрлар деп атаудың себептері 
неде деген сауалдарға тарау авторлары ғылыми-
теориялық тұрғыдан талдау жасай отырып, өздерінің 
негізгі принципті ұстанымдарын ұсынады. 
“ХХ ғасырдағы фольклор” атты екінші тарауындағы 
тақырып атаулары”Жұмысшылар фольклоры”, ”Өлең”, 
”Жұмбақ”, ”Мақал-мәтел”, ”Әңгіме” да оқырман үшін 
тың дүниелер. Өйткені, жазба әдебиеттің дамыған кезінде 
қандай фольклордың болуы мүмкін деген сауалдарға бұл 


[Введите текст] 
103 
тарауда талданған, нақты фольклорлық жанрға тән талап 
пен көркемдік шарт тұрғысынан зерттеу обьектісіне 
түскен мәтіндер жауап береді. “Шындық деректер мен 
тарихи адамдарды бейнелеуде әңгімелеушілер кейде 
дәстүрлі хикаяның көркем тәсілдерін, фольклордағы 
хикаялық 
кейіпкерлерге 
тән 
ерекшеліктерді 
қолданғандықтан да оларда фольклордық басым келетіні 
белгілі. 
Қалай дегенмен де “Қазақ әдебиеті тарихының” 
алғашқы томын құрайтын “Қазақ фольклорының тарихы” 
өзінің ғылыми мақсатына жеткен осы сала бойынша тың 
ойлар айтқан, бүкіл бір ұлттың ежелгі сөз өнерінің, 
фольклорлық 
мұраларының 
тарихына, теориясына, 
жанрлық түрлеріне, олардың мазмұндық, көркемдік 
ерекшеліктеріне жаңаша көзқараспен қарап, мол тарихи 
мағлұмат берген, бұрындары ғылыми, әдеби айналымға 
енбеген көптеген фольклорлық мәтіндердің ғылыми 
жүйесін жасап, бір ізге түсіргені анық. 
“Қазақ әдебиеті тарихының ” “Ежелгі дәуір және орта 
ғасыр 
әдебиеті” 
(Жалпы 
редакциясын 
басқарған 
ф.ғ.д.,профессор Немат Келімбетов. А.2006-448бет) атты 
екінші томында ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасырдағы 
көне 
түркі 
жазба 
ескерткіштері, 
Қарахандықтар 
тұсындағы және Алтын Орда заманындағы әдебиет 
тұтастай қамтылып, жан–жақты зерттеледі. Мұнда 
көптеген көне әдеби мұралар бірінші рет зерттеліп, 
ғылыми айналымға еніп отыр. Зерттеу барысында тек 
қазақ тіліндегі ғана емес, түркі халықтары тілдеріндегі, 
араб, парсы, орыс, Батыс Еуропа тілдеріндегі ежелгі қазақ 
әдебиетіне қатысты дерек көздері пайдаланылған. 
Кітапта ежелгі әдебиет тарихының хронологиялық 
шегі анықталып, негізгі даму кезеңдері айқындалған. 
Соның нәтижесінде әдебиетіміздің тарихи дәуірдегі 
әдебиетке қатысты жәдігерлер, көне түркі әдебиеті, 
Қарахандықтар тұсындағы әдебиет және Алтын Орда 
әдебиеті деп төрт кезеңге бөлініп қарастырылып, әр 
бөлімнің алдында кезең әдебиеті туралы кіріспе мақалалар 
берілген. Монографиялық тарауларда көне түркі жазба 
ескерткіштері –– «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары, 
«Қорқыт ата кітабы», М. Қашқари, Ж. Баласағұн, А. 
Иасауи, А. Иүгнеки, С. Бақырғани, Хорезми, Рабғузи, 
С.Сараидың шығармашылықтары жан-жақты зерттелген. 
«Кодекс куманикус» атты қыпшақ тіліндегі сөздік әдеби 
ескерткіш тұрғысынан қарастырылған. Әлидің «Нахджул–
Фарадис» атты шығармасы алғаш рет ғылым нысанасына 
алынып отыр. Жалпы, көп ғасырлы көркем даму үрдісі 
сақ–ғұн дәуіріндегі әдебиет, Түркі–Қытай арасындағы 
мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ рухани 
мұралар, Түркі–Монғол бірлігі заманындағы мәдениет 
аясында қарастырылып, орта ғасырдағы қазақ даласында 
ислами әдебиетін қалыптасуына алып келгені туралы 
тұңғыш рет арнайы түрде зерттелді. 


[Введите текст] 
104 
Томда ежелгі қазақ әдебиетінің маңызды кезеңдері 
тарихи жүйелілікпен алғаш рет кең көлемде және кешенді 
түрде қамтылған. 
Атап айтсақ, кітаптың құрылымы мынадай: 
«Кіріспе», «Түркі дәуіріне дейінгі рухани мәдениет» атты 
үлкен тараудың ішінде: «Сақ–ғұн заманынан жеткен 
әдеби сарындар», «Сақтардың қаһармандық дастандары», 
«Көне 
Қытай 
деректеріндегі 
түркілік 
әдебиеттің 
белгілері», «Тұран жеріндегі рухани жәдігерлер», «Түркі–
монғол бірлігі тұсындағы әдебиет іздері», «Хуастуанифтің 
әдеби жәдігері» деген шағын тараушалардан тұрады. 
Аталған тараушалардағы қарастырылып отырған әдеби 
мұралардың көбі біз үшін тың. Сондықтан да мұндағы 
әрбір ғылыми ақпарат оқырманға ой салары, тәуелсіз 
әдебиетіміздің ұлттық құндылықтарының тарихы тереңде 
екендіктерін, олардың мазмұны бай, көркемдігі жоғары 
екендігін де еске салады.
«Түркі дәуіріндегі әдебиет» атты екінші тарауда да 
біздің көне түркі әдебиетінің өкілдерінің өмір деректері 
мен шығармалары, олардың зерттеушілерінің еңбектері 
жан-жақты зерттелген. Еңбек барысында қарастырылған 
мәселелер 
тараушалардың 
тақырыптарынан 
айқын 
байқалып отырады. Мәселен, «Түркі қағанаты тұсындағы 
әдебиет»атты тараушада «Оғыз–қыпшақ заманындағы 
әдебиет», 
«Оғыз–наме», 
«Әл–Фараби», 
«Кодекс 
куманикус», «Қорқыт ата кітабы» туралы арнайы 
жазылған зерттеулер орын алса, «Қарахандықтар 
тұсындағы әдебиет» деген тараушада осы кезеңнің сөз 
өнерінің иелері – «Жүсіп Баласағұн», «Махмұт Қашқари», 
«Ахмет Иасауи», «Сүлеймен Бақырғани», «Ахмет 
Игүнеки» өмірлері мен шығармалары» туралы сөз 
қозғалады. Ал, «Алтын Орда кезіндегі әдебиет» деген 
тараушада «Хусам Катиб», «Құл Ғали», «Рабғұзи», 
«Құтб», «Хорезми», «Сейф Сараи», «Дүрбек», «Әли» 
сынды ежелгі әдебиет өкілдерінің шығармашылықтары 
қарастырылады. «Мысырдағы қыпшақ әдебиеті» деген 
кезең де осы зерттеу барысында айқындалып, қазақ 
әдебиеті тарихынан өзіндік орнын алып отыр. 
Соңғы жылдары дін, имани тәрбие туралы барлық 
баспасөз беттерінде жиі–жиі ғылыми-танымдық 
мақалалар мен жеке жинақтар, іргелі зерттеулер, 
монографиялар жарық көргенімен олар жүйеленіп, 
әдебиеттің тарихына ене қойған жоқ еді. Бұл мәселе де 
екінші томда арнайы зерттеліп, «Орта ғасырдағы түркі 
әдебиетіне ислам дінінің тигізген әсері» деген 
тақырыппен енгізілген.
«Көне түркі және орта ғасырлар әдебиеті» бүкіл 
түркі тілдес халықтардың ортақ әдебиеті қызметін 
атқарды. Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттен бастап, 
түркі нәсілді халықтар түркі поэзиясының ежелден 
қалыптасқан өлең үлгілерін, жыр нұсқаларын ортақ 
пайдаланды. ХІІ ғасырдағы сопылық поэзияның негізін 
салған Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикметтегі» 
ақындық дәстүр өрнектері одан кейінгі Қазақ хандығы 


[Введите текст] 
105 
тұсындағы әдебиетте жалғасын тауып, ХҮІ ғасырдағы 
Бабыр жырларымен сабақтасты. Сол сияқты ХІ ғасырда 
өмір сүрген көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп 
Баласағұнның «Құтты білігіндегі» жыр өлшемі Ахмет 
Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» жинағындағы бәйіттерге түр 
жағынан ғана емес, мазмұн мен идея жағынан да үндесіп, 
жалғасып 
жатты. 
Орта 
ғасырлардағы 
әдебиет 
туындыларынан түркі поэзиясының ортақ дәстүр 
бойынша дамып, өркендегені айқын байқалады», – дейді 
«Кіріспе» авторы филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент С.Қорабай. 
Он томдықтың үшінші кітабы – «Алтын орда дәуірі 
мен қазақ хандығы тұсындағы әдебиет». (Жалпы 
редакциясын басқарған академик С.Қасқабасов, ф.ғ.д., 
проф. Н.Келімбетов. А.2008-530 бет) деген тақырыппен 
берілген. Кітаптағы ең көлемді тарау – «Жыраулық және 
ақындық поэзияның даму ерекшеліктері» деп аталады. 
Бұл еңбектің авторы ф.ғ.д., М. Жармұхамедұлы. Осы 
дәуірдің 
өкілдері 
жайында 
жазылған 
жекелеген
монографиялық 
еңбектер 
тарихи 
тұлғалардың 
өмірбаяндары мен шығармаларына шолу жасап, олардың 
әдебиеттегі орындарына орынды бағасын береді. 
Айталық, «Сыпыра жырау», «Асан қайғы», «Шәлгез 
жырау», 
«Доспамбет», 
«Қазтуған», 
«Марқасқа», 
«Жиембет», 
«Бұқар 
жырау», 
«Үмбетей» 
деген 
тараушаларда аталған ақын – жыраулардың шығармашы-
лығы жан – жақты қарастырылған. Олар бұрындары 
бұрмаланып 
келген 
тарихи 
шындықтар 
мен 
туындылардағы көркемдік тұтастықты аша білген. 
«Би-шешендер шығармашылығы» деген тақырыппен 
берілген шолу мақалада әдебиет тарихындағы өзіндік 
орны бар би–шешендер шығармаларына жалпылама шолу 
жасалып, сол кезеңдегі «әдеби үрдістерге, қоғамдық-
саяси, әлеуметтік мәселелерге сипаттама беріледі. Ал, 
«Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би», «Ақтайлақ биге» 
арналған 
арнаулы 
тараушаларда 
олардың 
шығармашылықтары кеңінен әңгіме болады. 
Ендігі бір үлкен бір тарау – «Жазба әдебиет 
нұсқалары» деп аталады. Оның авторы – Б.Қапасова. 
«Захир ад–дин Мұхамед Бабыр», «Мұхамед Хайдар 
Дулати», «Жалаири. Жамиат–тауарих», «Әбілғазы.Түрік 
шежіресі», «Кауам ад–Дин әл–Итқани әл–Фараби» –
тараушалары аталған тарихи тұлғалардың өмір деректері 
мен туындыларындағы ең маңызды әдеби мәліметтерге 
құрылған. 
Қазақ тарихында ерекше орын алған Алтын орда 
заманында, яғни ХҮ–ші ғасырдың ортасында пайда 
болған. Қазақ хандығы ұлттық мәдениет пен әдебиеттің 
өсіп–өркендеуіне кең өріс ашып, жағдай жасады. Өз 
алдына жеке ұлт болып қалыптасқан қазақ халқы өз 
мәдениетін, әдебиетін, оның ұлттық сипатын дамытуға 
зор ықпал жасады. 
«Мұнда ежелгі мифологиялық аңыздаулар мен кейінгі 
фольклорлық шығармалар, орта ғасырларда күллі 


[Введите текст] 
106 
Шығыста дәстүрге айналған қолжазба кітаптар мен 
тарихи–шежірелік туындылар, халықтық музыка мен 
ойындар, сондай-ақ ұлттық қазақ әдебиеті мен шешендік 
өнер – бәрі қатар, араласа, сабақтаса ғұмыр кешіп жатты. 
Әсіресе, ауыз әдебиеті айырықша дамыды. Оның басты 
себебі – Қазақ хандығындағы болмыстың өзі мен 
мемлекеттік құрылымның өзгелігі еді, яғни көшпелі өмір 
мен 
отырықшы 
тұрмыстың, 
бақташылық 
пен 
диқаншылықтың қатар болып, жарасымды дамуы сол 
тұстағы рухани өмірдің алдыңғы сапына өзіндік сипаты 
мол ауыз әдебиетін, дәлірек айтқанда, жыраулар 
поэзиясын және шешендік өнерді шығарды», – дейді 
«Кіріспе» авторы академик С.Қасқабасов.
Мұнда автор жырау деген әдеби ұғымға анықтама 
береді: «Жыраулар – мемлекеттегі, әсіресе хан 
сарайындағы көреген саясаткер, ханның ақылгөйі, 
мемлекеттің бас идеологі, елдің ақылшысы, қолбасы әрі 
дауылпаз ақын бола білді». 
«Жалпы, қазақ жыраулары тарихи, қоғамдық және 
рухани тұрғыдан алғанда сонау Түркі қағанаты заманына 
меңзейді. Әйгілі Йоллығ - тегіннің жазбалары оның 
Күлтегін, Білге қаған мен Тоныкөк уақытында елдің 
бірлігін, бек пен қағанның атақ-абыройын ардақтаған 
жырау екенін дәлелдейді. Сол сияқты оғыздар дәуіріндегі 
Қорқыт ата, одан бертінгі Шыңғыс хан тұсындағы 
Кетбұға (Ұлық жыршы), Алтын Орда кезіндегі Сыпыра, 
бұлардың бәрі ХҮ-ХҮІ ғасырларда тарихи аренаға 
шыққан қазақ жырауларының арғы түп-тамыры, бастауы 
еді. Қазақ жыраулары ежелгі ұстаздарының дәстүрін 
толық сақтап, дамыта әрі өз дәуірлерінің талап-талғамына, 
болмысына сәйкес өз заманындағы сөз өнерін тақырып 
пен мазмұн, идея мен түр жағынан байыта түсті». 
«Жыраулар поэзиясы үш түрде жасалған: толғау, 
арнау, мадақтау. Алайда, ең жиі қолданылғаны – толғау. 
Толғау – алуан түрлі тақырыптағы, философиялық ойға, 
дидактика мен моральға, т.б. мәселелерге арналған 
лирикалық шығарма. Оның өлеңдік кестесі, ұйқасы, 
шумағы әрқашан біркелкі болып келмейді. Сондықтан 
онда тұрақты буын мен бунақ, үйреншікті тирада мен 
ұйқас сирек кездеседі де, көп ретте ырғақ басты роль 
атқарады». 
Заман 
талабына 
сай 
қалыптасып, 
дамыған 
жыраулық өнердің жанрлық және түрлік ерекшелігін де 
автор айрықша атап көрсетеді: «Айтылу ситуациясы мен 
тақырыбына байланысты шумақ бірде көлемді, бірде 
шағын, ұйқасы кейде шұбыртпалы, кейде аралас, көп 
жағдайда анафора түрінде, буын саны да біресе 7-8, біресе 
11, енді бірде 15, тіпті одан да көп болуы, сондай-ақ 
ассонанс пен аллитерацияның жиі қолданылуы - толғау 
үшін табиғи және бұл жағдай оны өлең – (қара өлең) мен 
жыр түрлерінен оқшауландырып тұрады. 
Эмоциялық - экспрессивтілік мақсатты тұтынғандықтан
толғауда психологиялық паралеллизм, қайталау, кей 
уақытта дыбыс қуалаушылық та кең пайдаланылады. 


[Введите текст] 
107 
Жалпы, поэзияға тән теңеу, шендестіру, әсірелеу, 
контраст тәрізді көркемдік әдіс-тәсілдер де толғауға жат 
емес». 
Одан әрі автор осы жыраулық дәстүрді қазақ 
әдебиеті тарихында қалыптастырып, дамытқан тарихи 
тұлғалардың ел өміріндегі қызметін шығармаларындағы 
«мен» ұғымымен байланыстырып, қарастырады. Және ол 
Асан 
Сәбитұлы, 
Қазтуған 
Сүйінішұлы, 
Шалкиіз 
Тіленшіұлы, Айдамет Доспамбет, Жиембет Бортағашұлы, 
Ақтамдерді Сарыұлы, Тәтіқара, Үмбетей Тілеуұлы, т.б 
туындыларындағы 
көтерілген 
келелі 
мәселелер 
төңірегінде ой қозғайды.
«Қазақ әдебиеті тарихының» 4-5 ші және 6 - шы 
кітаптары тұтас бір дәуірдегі әдеби процестің ішкі-сыртқы 
заңдылықтарын ескере отырып, социалистік реализм 
әдебиеті алдындағы сөз өнерінің көркем шежіресін 
қарастырады. Бұл кезеңдер әдебиеті осы күнге дейін де 
ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. 1961 жылы жарық 
көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үш томдығының тұтас 
бір кітабы да осы кезең тарихына арналған еді. Әрине, осы 
кезеңнің 
әдеби 
өкілдерінің 
шығармашылықтарына 
байланысты жеке зерттеулер мен тұтас тарихты қамтитын 
монографиялар мен ғылыми дәреже алу үшін жазылған 
диссертацияларда, ұжымдық еңбектерде сол кезеңнің 
көзқарастары түрлі деңгейде көрініс тауып отырғаны 
табиғи заңдылық. Кеңестік идеологияның салдарынан 
қазақ әдебиетіндегі идеялық және көркемдік ерекшеліктер 
тиісті дәрежеде бағаланбай қалғаны белгілі. Көптеген 
әдеби мұраларымыз бен ғасыр басындағы жаңа әдебиетті 
қалыптастырған Алаш зиялыларының еңбектері жетпіс 
жыл бойы қапаста қалып, тарихтан аластатылғаны да 
шындық. Міне , осылардың бәрі ХХ ғасыр басындағы 
әдебиет тынысын зерделеуге арналған бесінші томда
қайта қарастырылып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қайта 
оралған мол әдеби мұралаларымыз бен әдебиетіміздің ірі 
қайраткерлері Алаш әдебиетімен толықтырылып, әдебиет 
тарихы тарихи шындыққа жақындатылып, біртұтас үрдіс 
барысында зерттелді. 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби 
үрдістерді талдауға арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» 
4-томы (жалпы редакциясын басқарған ф.ғ.докторы, 
профессор Асқар Құрмашұлы Егеубаев) сол кезеңдегі 
әдебиеттің даму жолдары мен бағыттар ерекшеліктеріне, 
ондағы әр алуан көркемдік бағыттары, белгілі сөз 
зергерлерінің әдеби мұралары сарапталған. Көркем 
әдебиет 
пен 
қоғамдық-әлеуметтік 
құбылыстардың 
сабақтастығы тұңғыш рет ғылыми деректермен негізделіп, 
тарихи шындық тұрғысынан сараланды. Шал Құлекеұлы, 
Махамбет Өтемісұлынан бастап, бірқатар көрнекті 
тұлғалардың туындылары арнайы талданды. Және 
тәуелсіз алып, еркіндікке ие болғанға дейін әдебиет 
тарихындағы орны жете сараланбай, шығармалары 
көркемдік тұрғыдан емес таптық-идеология тарапынан 
талданып келген К. Райымбекұлы, Д. Бабатайұлы, Ш. 


[Введите текст] 
108 
Қанайұлы 
т.б 
сынды 
бірнеше 
ірі 
ақындардың 
шығармашылығына жаңаша көзқарас бойынша байыптама 
жасалды. 
Бұл 
томда 
«ХІХ 
ғасырдың 
бірінші 
жартысындағы қазақ әдебиеті» деген үлкен тарауда сол 
кезеңдегі әдеби үрдіс пен оның ірі өкілдерінің 
шығармаларына 
тәуелсіздік 
жағдайындағы 
ұлттық 
құндылықтар ретінде көз жіберіліп, олардың көркемдік 
және тарихи бағалары берілді. Сондай-ақ, бұл еңбекте 16 
ақынның өмірі мен шығармашылықтарына арнайы бөлім 
беріліп, жеке-жеке талданды. Атап айтсақ, «Көтеш 
Райымбекұлы», «Шал ақын Құлекеұлы», «Қобылан 
Бөрібайұлы», «Жанақ Сағындықұлы», «Абыл Тілеуұлы», 
«Түбек Байқошқарұлы», «Сабырбай Ақтайлақұлы», 
«Дулат Бабатайұлы», «Махамбет Өтемісұлы», «Шернияз 
Жарылғасұлы», «Шөже Қаржаубайұлы», «Орынбай 
Бертағұлұлы», «Шортанбай Қанайұлы», «Сүйінбай 
Аронұлы», 
«Ұлбике 
Жанкелдіқызы», 
«Нұрым 
Шыршығұлұлы» т.б туындылары жан-жақты зерттелді. 
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиетінің 
библиографиялық көрсеткіштері де берілген. 
«Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші томында 
халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясының сол кезеңдегі 
хал-ахуалы мен жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу 
заңдылықтары қарастырылады. 
Бұрындары социалистік реализм талабына сәйкес 
бұрмаланып бағаланып келген сол кезеңнің ірі өкілдерінің 
шығармашылықтары ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру 
заңдылықтарына орай ұлттық әдебиеттің тегеурінді, рухы 
асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі бола тұра 
тарихтан өзіне лайықты орнын таба алмай келгені 
шындық. Бұл кітаптың міндеті, міне, осы олқылықтың 
орнын толтырып, сөз өнерінің туындыларын әдебиеттің өз 
шарттары мен көркемдік талаптарына сәйкес талдауды 
мақсат тұтыпты. «Кіріспе» авторы осы орайда былай 
дейді: «Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік 
құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық 
әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде 
негізделіп, 
басты 
сипаттары 
мен 
заңдылықтары 
дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта 
қаралды, мұрағаттарда тұмшаланып жатқан деректер 
назарға 
алынды, 
жаңа 
көзқарастар 
тұрғысынан 
бағаланды». /3/ 
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті 
қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік 
тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті. 
«Ұлттық сананың ояну» дәуірі ретінде танылған ХІХ 
ғасырдағы қазақ әдебиетінің мұралары да қазақтың 
тәуелсіздігі жолында жалындап өмірін өткізген, өнерін 
төккен халық ақындары мен сөз өнерінің өкілдері сол 
кезеңдегі саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді 
өлеңдеріне қосты. Қоғамнан тыс әдебиет, адам 
болмайтынын 
ескерсек, 
тарихи 
шындықтарды 
жүректерінен өткізіп, көркемдік шындыққа ұластыру 
әрбір елдің ұлтжанды ұлдары мен өмірдегі әрбір өзгерісті 


[Введите текст] 
109 
елден бұрын сезіп, жұрт байқамайтынды байқап, 
көрмейтінді көріп отыратын нәзік жүректі, терең таным 
мен биік парасатқа ие ақындардың алладан тілеп алған 
аманаттарындай екендігі де ақиқат. Осы кезеңді шебер 
бейнелеген жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби 
дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік 
соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, ел 
қорғау, ел бостандығы, ер тәуелсіздігі сол кезеңнің өзекті 
тақырыбы болды. ХІХ ғасырдағы Еуразия кеңістігіндегі 
тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де табиғатына 
өзгерістер енгізіп, тақырыптарына тың леп қосты. Ұлттың 
қамын, елдің келешегін ойлайтын қоғам мен қалам 
қайраткерлері деңгейіне көтерілген ақын-жыраулар мен 
би-шешендер хандық басқару жүйесінен арылып, 
алмағайып 
күй 
кешкен 
халықтың 
мұң-мүддесін, 
күңіреністі көңіл-күйін жырлады. Осы орайда кітапта: 
«Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп 
өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ 
мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет 
мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ». 
/9 б/ 
Сондықтан да болар , ХІХ ғасырдың бас жағындағы 
әдебиетте (1800–1850) ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің 
қалыптасуы мен даму заңдылықтары үзілмей, керісінше 
азаттық аңсаған елдің айбынды даусы ретінде ашық және 
жарқын танылды. Ол өзіне дейінгі ұлттық сөз өнерінде 
қалыптасқан әдеби үрдісті одан әрі дамытып, тың 
тақырыптармен 
толықтырды, 
жаңа 
көркемдік-
бейнелегіштік құралдармен байытты. Әдебиетімізде өзі 
ақын, өзі батыр, өзі ұлтжанды кейіпкерлер пайда болды. 
Және бұрындары ескі көзқарастағы ақындар деп ғылыми 
айналымнан шығып қалған ақындар Дулат, Шортанбай, 
Байтоқ, Жанұзақ, Нысанбай, Досқожа т.б сияқты сөз 
зергерлерінің 
әдеби 
мұралары 
жаңаша 
сипатта 
қарастырылып, тәуелсіз елдің әдебиет тарихындағы 
өзіндік орны бар тұлғалар ретінде танылып, соны 
сараптамалар жасалды. Бұрындары аса мән берілмей, 
шығармалары талдаудан тыс қалған көптеген ақын-
жыраулардың да шығармалары арнайы зерттеліп, жаңа 
қырынан танылды. 
«Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың 
советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын 
ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті шартты түрде үш 
кезеңге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең – 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші 
кезең – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, 
үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет 
деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі, 
негізінен, қазақ ақын-жырауларының, зиялы қауым 
өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, 
елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп 
жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген 
тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен 
ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасыр басындағы Алаш 


[Введите текст] 
110 
қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ 
әдебиеті мен тарихында мұндай азаматтық-саяси бағыты 
айқын тегеурінді дәуір болған емес. Алашорда 
қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің 
кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім» 
/10 б/. 
Бұл еңбекте, ең бастысы, ХҮШ ғасырдың соңында 
дүниеге келіп, шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда 
көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы 
жартысында өмір сүріп, әдеби шығармалар жазған тарихи 
тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі зерттелді. 
Яғни, 
отыздан 
астам 
ақын-жыраулар 
шығармашылықтары ғылыми айналымға енді. 
Әйтседе, кейбір ақын - жыраулардың өмір деректері 
мен шығармашылықтары бұрындары мән беріліп, 
арнайы қарастырылмағандықтан анықталмай қалған 
жайлары бар. Ел ішінде олар туралы деректер болғанымен 
қағазға түспеген, ғылыми айналымға енбеген. Сондықтан 
олардың көбінің өмір деректері қайта қарастырылып, 
шығармаларын жүйелеп, түгендей мәселелері де қолға 
алынды. Оған тәуелсіздік алып, еліміз егемендікке ие 
болған жылдардан бері олардың есімдері жер-жерде 
аталып, «ел іші-өнер кеніші» дегендей әр ауыл өздерінің 
мақтаныш тұтар тұлғаларын таныту мақсатында атап өту, 
тойлар өткізу, ескерткіштер ашу, мұражайлар салу т.б 
сияқты көптеген игі істер атқаруда. Солардың 
нәтижесінде еліміздегі осы күнге дейін белгісіз болып 
келген 
қаншама 
батырларымыздың, 
ақын-
жырауларымыздың, өзге өнер иелерінің есімдері аталып, 
ұлттық құндылықтарымыздың қатарын көбейтуде. Кейінгі 
жылдары қаржының тапшылығы салдарынан бұрындары 
игі дәстүрге айналған ел-елге, жер-жерге барып халық 
арасындағы әдеби мұраларды жинау, сол жергілікті 
жерлердегі өнер иелерінің шығармашылықтарын арнайы 
ғылыми мамандандырылған экспедициялар шығару 
арқылы жинау, оларды сапасына қарай талдап, жүйелеп, 
жариялау мәселелері мүлде тоқтап қалу салдарынан әлі де 
болса көптеген құнды деректеріміз зерттелмей жатыр 
десек артық айтқандық емес. 
Кіріспе авторы «Міне, осындай себептермен, 
жеткілікті зерттеліп, белгілі бір ғылыми тұжырым түйіп 
үлгермегендіктен ақын–жыраулардың енді бір қатарының 
шығармаларын академиялық зерттеу кітабына қосудың 
реті келмеді», – дейді. /11 б/ Дегенмен, әдебиеттің 
халықпен бірге мәңгі өмір сүретінін, ол үзілмейтін үрдіс 
екендігін ескерсек, ол олқылықтардың орны келешекте 
кезең-кезеңімен атқарылатын игілікті істермен жалғасын 
табары сөзсіз. 
«ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ 
әдебиеті» деген сол кезеңнің әдеби тарихы мен үрдісіне 
кеңінен шолу жасаған үлкен тарау өз ішінен бірнеше 
тарауға бөлінген. Мәселен, оларды атап көрсетер болсақ, 
«Жаңа дәуірдегі әдебиет», «Жаңа әдебиеттің тарихи-
әлеуметтік алғышарттары», «ХІХ ғасырдың алғашқы 


[Введите текст] 
111 
жартысындағы қазақ әдебиетінің негізгі сипаттары, басты 
сарындары», «Әдеби шығармалардың жанрлық-көркемдік 
сипаттары», «Әдебиет және қазақ қауымының әлеуметтік 
тұрмыс-тіршілігі», «Заман және ақын-жыраулар, ел мен 
жер тағдыры және ұлттық әдебиет, жаңа дәуірдегі әдеби 
дәстүрдің жаңғыруы», «Жаңа дәуір әдебиетінің көрнекті 
таланттары, әдебиеттегі саяси ағым белгілері», «Ірі 
жанрлардың ішкі түрленуі», «Жер мен жыр, ұлттық саяси 
лирика, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы», 
«Ұлттық саяси лирика» т.б.
Міне, бұл тараушалардың көтеріп отырған мәселелері 
қомақты әрі маңызды.
«Қазақ әдебиетінің тарихы. 5–том. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысы (1850–1900)» –атты еңбектің жалпы 
редакциясын 
басқарған 
филология 
ғылымдарының 
докторы, профессор Асқар Егеубаев. Аталған том – 
«Кіріспе», «ХІХ ғасырдың екінші жатысындағы қазақ 
әдебиеті», «Абай Құнанбаев», «Шоқан Уәлиханов», 
«Ыбырай Алтынсарин», «Ақмолла Мұхамедиярұлы», 
«Мұрат Мөңкеұлы», «Базар Оңдасұлы Өтемісов», «Ақан 
Қорамсаұлы», «Шәңгерей Бөкеев», «Мұсабек Байзақұлы», 
«Ақтан Керейұлы», «Біржан Қожағұлұлы», «Шәді 
Жәңгірұлы», «Майлықожа Сұлтанқожаұлы», «Әріп 
Тәңіргенұлы», 
«Нұржан 
Наушабайұлы», 
«Әсет 
Найманбаев» атты тараушалары және «ХІХ ғасырдың ІІ-
ші жартысындағы қазақ әдебиетінің библиографиялық 
көрсеткіштерінен» тұрады . 
Он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихының » 
алдыңғы 4-ші томы мен оған жалғас жазылған 5-ші томы 
негізінен тұтас бір ғасырдың әдебиет тарихын қамтиды. 
Осыған дейінгі өз дәрежесінде дамып келген дәстүрлі 
әдебиет пен жаңа әдебиеттің арасындағы өзара үндестік 
пен көркемдік-эстетикалық бағыттарының ара жігі
ескеріліп, арнайы қарастырылады. 
«ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп, 
ұлттық әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне көтерген 
Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев 
тұлғалары 
мен 
олардың 
әдебиеттегі 
мәртебелі 
реформаторлық 
қызметіне 
арнайы 
тоқталып 
өту 
қажеттілігі бүгінгі таңда аса айқын көрінді», – дейді автор. 
/8 б/.
Ал, осы бесінші томның «Шоқан Уәлиханов» атты 
монографиялық тарауын жазған Зәки Ахметов: «Қазақтың 
рухани мәдениетін, тарихын, поэзиясын терең танып-
білген Шоқан өз елінің тағдырын, өткені мен келешегінің 
зәру проблемаларын әлемдік өркениеттің, дүниежүзілік 
шығыстану ғылымының жетістіктері тұрғысынан қарап, 
талдап баяндады» деп баға береді /243 б/. 
Қазақ тарихында ғылымның әр тарабын ұштастыра, 
қатарластыра дамытқан тұңғыш әмбебап ғалымның тек 
әдебиетке қатысты құнды ой-пікірлерін Зәки Ахметов үш 
тармақ тұрғысынан қарастырады: «Бірінші–тікелей 
әдебиет мәселесіне арналған еңбектері («Қазақтың халық 


[Введите текст] 
112 
поэзиясының түрлері туралы» деген зерттеуі және өлең 
жырларды өзі жинап, бастырған мәтіндері). 
Екінші – түгелдей не жартылай халықтың аңыз–
әңгімелеріне, 
өлең–жырларына, 
басқа 
әдебиет 
нұсқаларына негізделіп жазылған, бірақ осы үлгілерді 
тарих, этнография тұрғысынан қарап тексеретін еңбектері 
(«Орта жүз қазақтарының аңыз-ертегілері», «ХҮШ 
ғасырдағы батырлар жайлы тарихи аңыздар», «Шаман 
дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» т.б.). 
Үшінші – әдебиет туралы әр жерінде бөлек 
тоқталып, бірақ өте құнды пікірлер айтқан еңбектері 
(«Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Сібір 
қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы 
жазба», «Қырғыздар туралы жазбалар» т.б.) /247 б/. 
Шоқанның әдебиетке қатысты еңбектерін осылай 
жүйелеп алған зерттеуші олардағы әрбір құнды ой, 
ғылыми пікірлерге, оларда қолданылған көркемдік 
компоненттерге берілген теориялық тұжырымдарға 
тиянақты талдау жасайды. 
Әсіресе, «Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының 
поэзиялық рухы тамаша:
1) неге десеңіз, ескі замандағы батырлар жорығын 
баяндаған поэзия бізге төл қалпында жетіп отыр.
2) Әр уақытта жасаған әртүрлі ақындар бұл 
жырларға үлесін қосып тұтасқанда қымбат қазына тастап 
кеткен» деген Шоқанның пікірін зерттеуші өте жоғары 
бағалайды. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан қазақтың 
төл әдебиеті туындыларының әлі талай ғасырлар бойы 
ұрпақтар санасына ұлттық рух пен құндылықтарды 
сіңіріп, тарихи жадымыздың құнарлы топырағынан жанды 
нәр алып, сусындайтынымызға , сөйтіп, барып әлемдік 
өркениеттен өзіндік орнымызды алып, танылатынымызға 
нық сенеді, зерттеуші. 
Әдебиет тарихын зерттеуде өзіндік мектебін 
қалыптастырған ғалым Шоқан сынды ұлы тұлғаның қазақ 
тарихындағы өзінің лайықты орнын: «Қазақ ауыз 
әдебиетінің нұсқаларын ғылымдық негізде жинау, 
әдебиеттің тарихы мен теориялық мәселелерін зерттеуді 
қолға алған бірінші қазақ ғалымы Шоқан екені талассыз 
болса, оның бұл игілікті істі жолға қою, қалыптастыруда 
зор еңбек атқарғаны сондай талассыз»,–деп жоғары 
бағалайды /258 б/. 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» атты ұжымдық еңбектің 
5–ші томындағы тағы бір монографиялық тарауы –
« Шәңгерей Бөкеев (1847–1920)» деп аталады. 
З.Ахметов қазақтың жазба әдебиетінің дәстүрлерін 
дамытуға үлкен үлес қосқан, суреткерлік болмысы өзгеше, 
көркемдік шеберлігі өз тұстастарына ұқсай қоймайтын, 
жан-жақты 
білімді 
Шәңгерей 
Бөкеевтің 
шығармашылығын өзі өмір кешкен кезеңнің тарихи 
шындығымен шебер шендестіріп, тұтас зерттейді. 
Алғашқы өлеңдері 1911 жылы «Шайыр», «Көкселдір», ал 
1926 жылы «Үш жоқтау» деген жинақтарда жарық көрсе, 
1934 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Әр 


[Введите текст] 
113 
кезеңде әр түрлі оқу құралдарында жарияланып келген 
ақын мұрасы жайлы кезінде М. Әуезов, Қ. Жұмалиев пікір 
білдірген. 
«Алпыс бөлме, жүз есік» деген өлеңінде өзі 
айтқандай көк орданың ішінде, Шәңгерейдің ұлы әкесі 
Жәңгір ханмен жойылған /1845/ хан ордасында дүниеге 
келген ақын Орынбордағы кадет корпусында оқыған, көзі 
қарақты сауатты болған. 
Ол жөнінде зерттеуші былай дейді: «Шәңгерейдің 
орыстың әдеби тілін жақсы білгенін, оның әр түрлі сыр-
бояуын терең түсінгенін, сөздің кесте - нақышының мәнін 
еркін айырып, ұға алғанын, оның М.Ю. Лермонтовтың 
«Беглец» атты поэмасын қазақшаға өңін түсірмей, 
әлсіретпей аударғанынан - ақ көруге болады. Қазақ 
халқының сөз өнерін терең меңгере алғаны, оның нәрін 
бойына сіңіре білгені, оған қоса, орыс классикалық 
әдебиетіне 
тереңдеп 
үңіліп, 
тексеріп, 
таңдаулы 
нұсқаларын 
– 
өзіне 
үлгі 
еткені 
Шәңгерейдің 
шығармаларынан да байқалады. Ол – ұлттық сөз өнерінде 
жазба әдебиеті дәстүріндегі жаңаша түр-үлгілерді 
туғызған ақын. Қазақтың халық әдебиетінің дәстүрлерін, 
тіл, сурет байлығын жазба поэзияның өмір суреттеу әдісі, 
амал–тәсілдерімен ұштастыра алған». /356 б/. 
Ұлттық 
әдебиетке 
осындай 
нақыш, 
түрлік 
құбылыстар ендірген ақын шығармашылығы тек 
поэзиялық туындылармен шектелмей, жазба әдебиеттің 
қабырғасын қара сөзбен де қалауға атсалысқанын атап 
көрсетеді, зерттеуші. Ақынның кезінде «Қара мұрт» атты 
көлемді прозалық шығарма – роман жазғанын, өкінішке 
орай оның сақталмағанын ескерте келіп: «Ұзақ жасап,көп 
жылдар бойы өлең шығарып жүрген ақын қалдырған 
әдеби мұра, сөзсіз бізге келіп жеткенінен әлде қайда 
қомақты, салмақты, әлденеше есе мол болса керек. Содан 
әзір белгілісі қағазға түсіп, баспа көргені оннан бір 
нұсқасы ғана десе болады», – деген болжау айтады. 
Көлемі шағын болғанымен мағынасы терең, аз сөзбен көп 
ой айта білген кесек тұлғаның шығармаларындағы 
шұрайлы пікір, шырынды сөз сөлдерін таңдап, талдай 
білген теорик ғалым ,әсіресе, оның ғылым-білім туралы 
ой түю, өз өмірінің түрлі кезеңдерін бейнелеу, махаббат, 
достықты, саясатшылықты, табиғат құбылыстарын 
суреттеу шеберлігін тамсана жазады. Шәңгерейдің қазақ 
поэзиясында сыршыл лириканы, суретті бейнелеу тәсілін 
дамытқанын жоғары бағалап, әділ бағасын береді. 
Зерттеуші ақынның аудармаға да жетік екендігін, 
сөз баламаларын дәл тауып, ойдың анық және дәл,көркем 
кестеленуіне көп көңіл бөлетіндігін жыр шумақтарындағы 
шұрайлы жолдарды дәйектей отырып, дәлелдейді: «М.Ю. 
Лермонтовтан аударған «Қашқын» атты поэмасы 
ақынның көлемді, күрделі шығарма тудыруға да шеберлігі 
жететінін аңғартады. Бұл поэманың идеялық мазмұны – 
халық мүддесінен қара басын артық санаған қоян жүрек 
қорқақты әшкерелеу, ерлік-батылдықты, намысын қорғай 
білушілікті уағыздау. Шәңгерей Лермонтов поэмасының 


[Введите текст] 
114 
мазмұнын, идеялық құнарлылығын, көркемдік қасиеттерін 
қазақ тілінде көңіл толарлықтай етіп жеткізеді. Мұны 
мына үзіндіден-ақ көруге болады: 
«Күн батты, сол арада тұмандатты, 
Түнеріп жердің жүзін мұнар жапты. 
Әлпелдің күн шығыстан исі келіп,
Жер 
жүзі 
перделеніп 
ақшыл 
тартты...»./362 б/. 
Осы жыр жолдары арқылы шығармашылық 
тұлғаның орыс тілінің де сөз өнерін бір кісідей игергенін, 
аударманың қыр-сырына қанық екендігін жеткізеді. 
Бұрындары бүкіл шығармашылықтары туралы 
толық мағлұматы жоқ қазақ оқырмандарына Шәңгерей 
ақынның әдеби мұрасын жүйелей зерттеп, ғылым 
айналымға ендірген осы Зәки Ахметов десек артық 
айтқандық емес. ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
қалыптасып, дамыған қазақтың жазба әдебиетінің 
көрнекті өкілдерінің бірі – Шәңгерей Бөкеевтің қолда бар 
құнды шығармаларын танып, жоғары эстетикалық 
талғаммен талдау барысында зерттеуші мынадай 
қорытындыға келеді: «Шәңгерей шығармашылығының бір 
мәнді жағы – ол тілге ұста ақын. Келісті, ұтымды теңеу, 
салыстырулар тауып, орынды қолдана білді. Халық тілінің 
байлығын меңгере алған ақын сөзді орнын тауып, 
орайына келтіріп қолданады. Сөз кестесін өзінше 
пайдалана бермейді, соны, тыңнан туған суреттеулер, 
жаңаша, өзінше қиюластырылған сөз тізбектерін 
пайдалануға ұмтылады. Сонымен бірге, Шәңгерей 
қазақтың байырғы сөздерін көп білген, оларды қисынды 
қолданған». /363 б/. 
Өз кезеңінің тарихи шындығын осылай орамды ой, 
кестелі сөзбен көркем шежіреге айналдырған атақты ақын 
Шәңгерей Бөкеевтің бүкіл әдеби мұрасы академик Зәки 
Ахметовтің зерттеулері арқылы ұлттық әдебиетіміздің 
тарихынан өзінің әділ орнын алғаны ақиқат. 
ХІХ ғасыр әдебиетінің тарихы мен теориялық 
мәселелері қамтылған «Қазақ әдебиеті тарихының» 5–ші 
томында топтастырылған Абай, Шоқан, Шәңгерей сынды 
тарихи тұлғаларымыздың шығармашылық әлемі жайлы 
монографиялық тараулары арқылы жаңаша жазылып 
жатқан қазақ әдебиеті тарихын түгендеуге,ондағы киелі 
сөз өнерінің ірі өкілдерінің туындыларын жүйелеп, 
зерттеуге, әділ бағалауға өзінің үлесін қосып үлгерген 
көрнекті ғалым,академик, өлеңтанушы Зәки Ахметовтің 
ұлттық әдебиеттану ғылымын дамытудағы еңбегі ересен 
екендігін ерекше атап өткен жөн. 
Кеңестік кезеңде заман талабына сай әр түрлі 
көзқарастың салдарынан түрлі деңгейде бағаланып 
жүрген Абайдың әдеби мұрасын тәуелсіздік алғаннан 
кейін қайта қарау Зәки Ахметовтың зерттеушілік парызы 
болды. 
Қазақ әдебиеті тарихындағы екі ірі сала – абайтану 
мен мұхтартануға «Абай және Лермонтов», «Абайдың 
ақындық әлемі», «Поэзия шыңы – даналық» т.б. сияқты 


[Введите текст] 
115 
еңбектерін арнаған зерттеуші академик Сейіт Асқарұлы 
Қасқабасовпен бірге жазған «Абай Құнанбаев» (1845-
1904) 
атты 
монографиялық 
тарау 
жазды.«Абай 
шығармаларындағы қоғамдық эстетикалық мақсат-
мұраттар», «Абайдың табиғат лирикасы», «Абайдың тіл 
ұстарту, өлең өрнектерін байыту, өнегесі», «Абайдың қара 
сөздері» деген тараушаларға бөлінген еңбекке авторлар 
мынадай мәлімдеме жасайды: «Абай ұлы ақын, өнердің 
бір туар иесі дегенде оның поэзиясына, бүкіл әдеби, 
музыкалық, 
шығармашылық 
мұрасына 
тән 
жаңашылдықты айтамыз. Абай ұлы ойшыл, Абай – дана 
дегенде де оның үлкен философиялық ой толғаған жеке 
туындыларын есепке алумен шектелмей, қоғамдық 
өмірдің сан алуан салаларына қатысты, дүние – болмыс, 
заманның ағымы, халықтың тағдыры туралы аса маңызды 
ой-пікірлерін тұтас алып, олардың халықтың ой-санасын 
жаңа белеске көтерген зор мәнін ескере отырып айтамыз». 
/178 б/. 
ХХ ғасыр басында Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың 
бас ақыны» деп бағасын берген ұлы тұлға шынында да 
ұлттық поэзияның алыбы, жаңа реалистік әдебиетіміздің 
атасы, 
ғұлама 
ойшылдың 
нағыз 
поэзияға 
тән 
философиялық, дүниетанымдық сипат-қасиеті бұл тарауда 
бұрындары айтыла бермейтін адамды тану мен Алланы 
тану тұрғысынан талданады. Абайдың ақындығы мен 
ойшылдығы, данагөйлігі, қай танымда да дара танылған 
шығармашылық тұлғасы бір-бірінен бөле-жарылмай тұтас 
қарастырылады. Ақын жаңашылдығының өзі ұлттық 
құндылықтарды қазақтың әдеби ақындық тіліне бай бояу, 
терең мағына, көптеген көркемдік-түрлік, стильдік 
құбылыстар ендіруімен ерекшеленеді. Қазақтың сөз 
өнерінің аса көрнекті реформаторы Абайдың ұлттық 
әдебиеттегі даралық қолтаңбасы жайлы авторлар: «Ақын 
тұлғасы 
– 
поэзиядағы 
қайталанбас 
өнерпаздық 
шеберліктің, даралық стильдің түп тірегі. Ақын стилін 
ойлау, сезіну, суреттеу мәнерін, қолтаңбасын, сөз 
қолданысындағы өзгешеліктерді – бәрін де айқындайтын, 
белгілейтін сол. Ақынның тұлға-бітімі, дарын даралығы 
қандай болса, стилі де сондай болады. Ақынның 
ойшылдығы, суреткерлігі, сыршылдығы оның стилінен 
ап-анық белгі береді». /183 б/ 
Зәки Ахметовтің осы бір пікірінде ұлы ақынның 
бүкіл болмыс-бітімі, әдебиеттегі алатын орны мен 
даралық стилі айқындалып, ғылыми бағасы берілген десе 
болғандай. Бұл тараудың тағы бір ерекшелігі бұрындары 
ұлттық әдебиеттану ғылымында арнайы қарастырылмаған 
Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі фольклорлық 
жанрлар мен поэтикалық көріністердің зерттелуі деуге 
болады. «Қазіргі шақта Абайдың халық мәдениетіне, 
философиясына, этнографиясына қатысы, оның ұлттық 
фольклорымыз бен Шығыс сюжеттерін пайдалануы 
жайында зерттеу жүргізу мүмкіндігі туып отырғандығын 
айта келіп, авторлар: «Оның бұл бағыттағы мақсаты: 
өзгеріп жатқан өмірге лайық жаңа ой, соны идея іздеу, 


[Введите текст] 
116 
сөйтіп қоғамдық ой-пікірді байыту, оны дамыту және 
өзгеше өлең өрнектерін табу, қазақ әдебиетіне тың 
тақырып енгізу, ұлттық мәдениетке жаңа сарын қосу т.т. 
болатын. Ұлы ақын бұл мақсатына жетті», – деген 
қорытынды жасайды. 
Бұл тарауда «Абайдың фольклорға, ауыз әдебиетіне 
қатынасы бірнеше тараптан байқалады. Ең біріншісі – 
қазақтың төл халық поэзиясының бүкіл поэтикасы мен 
сюжеттік элементтерін асқан шеберлікпен пайдалануы. 
Екіншісі – қазақтан басқа елдің де фольклорлық сюжетін 
өз шығармаларына арқау етуі. Үшіншісі – қазақ халқының 
кейбір мақал–мәтелдері мен нақыл сөздерінің мән–
мағынасын ашуы» /208 б/. 
Міне, ұлы ақын шығармашылығына тән алуан түрлі 
қасиеттерді әр қырынан ғылыми тұрғыда қарастырып, 
мүмкіндігінше көркемдік тұтастықта зерделеуді мұрат 
тұтқан авторлар жаңа мазмұнға ие болған әдеби 
мұралардың 
ұлттық 
құндылықтарымызды, 
рухани 
өмірімізді көркейтудегі рөлін осылай айшықтап берді. 
Бесінші томды әзірлеуге сол дәуірдің әдеби 
мұралары 
мен 
олардың 
шығармашылықтарындағы 
үрдісті, даму заңдылықтарын жете танитын, оларды 
арнайы зерттеген ұлттық әдебиеттану ғылымының 
көрнекті ғалымдары белсене атсалысты. Көптеген 
ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы 
қысқа тұжырымды шолу дәйектері ұсынылды. Он алты 
ақын-жазушының шығармашылығы мен өмір деректері 
сараланып, 
арнайы 
монографиялық 
сипаттамалар 
берілген. 
«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ 
әдебиеті» деген үлкен тарауда автор осы дәуірде кеңінен 
танылған ақындық дәстүрдің қалай дамып, өркендегеніне, 
олардың өз заманының көркемдік шежіресіне айналған 
уақыт тынысын қалай бейнелеп, қандай тақырып, мәселе 
көтергеніне кеңінен тоқталған. Бұл тараудың авторы 
Асқар Егеубаевтың өзі кәсіби ақын болғандықтан бұл 
дәуірдегі 
ақындардың 
өлеңдеріндегі 
поэтикалық 
бітіміндегі жаңа лепті, тың түрлік құбылыстарды жіті 
қадағалай зерттегені байқалады. Мұндай қоғамдық-
әлеуметтік мәселелерді қозғаған әдеби шығармалардың 
ұлттық әдебиеттің көркемдік құралдары мен жанрлық 
түрлеріне де көптеген өзгерістер алып келгендігін 
анықтап береді. «Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды 
болмаған көркем сөздің кәсібилік бітімін айқындау 
тарапындағы көптеген күрделі эстетикалық-танымдық 
құбылыстар туындайды.Әдеби шығармаларды жазба 
түрінде, баспа бетінде таратып, насихаттау үрдісті 
дәстүрге айналды. ХІХ ғасыр қауырт қоғамдық 
құбылыстар мен метаморфозалардың ғасыры. Дәл осы 
кезеңде тарихи ұлттық сана түлеп, жаңғырып, қанат 
қатайтқандай еді. Дәуір басындағы қарудың күшіне, 
қауымның қайратына сенген азаттық аңсаған қозғалыстар, 
ғасырдың соңына қарай саяси күрестің ұтымдылығына 
біржолата ден қойғандай болды »,–дейді./11б/.


[Введите текст] 
117 
Шындығында ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
дәстүрлі классикалық әдебиет ағымы, жыраулық поэзия, 
айтыс, әнші ақындар мен сал-серілік өнер одан әрі 
дамыды, көркемдік заңдылықтар өзінің өрісінде жалғасын 
тауып жатты. 
«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ 
әдебиетінің негізгі даму сипаттары, басты көркемдік 
бағыттары мен тақырыптық желілері» деген тарауша да 
автор ұлт–азаттық қозғалысының тақырыптары сол 
дәуірдегі әрбір ақын-жыраудың шығармашылығындағы 
басты мәселе болып көтерілгендігін, Дулат, Шортанбай, 
Махамбет жырларының халықтың ұлттық рухын 
көтерудегі ролі зор болғандығын атап көрсетеді. Сол 
тұстағы әдебиеттің бағыт-бағдарын, көркемдік қуатын 
танытатын Шортанбай Қанайұлының әдеби ақындық 
мұрасы әр кезеңде әр түрлі деңгейде қарастырылып келді. 
Әсіресе, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті 1957 
жылы 8 шілдеде қабылдаған «Қазақ халқының мәдениеті 
мұрасын зерттеу, оны сын көзімен пайдалану туралы» 
қаулысына сәйкес ХІХ ғасырдағы халық тарихын шынайы 
жырлаған, елдің көкейіндегі мақсатын жеткізген ұлттық 
рухтағы жырларды жазған ақындардың мұралары мен 
есімдері 
баспасөздерден, 
оқырман 
санасынан 
алыстатылды. 
Бұл ғасыр ақындарының шығармашылықтары халық 
мұңы мен зарын басты мақсат етіп қойғандықтан оларды 
Мұхтар Әуезов «зар заман ақындары» деп ерекше атап 
көрсетті. Бұл ұғым әдебиеттану ғылымына арнайы бір 
әдебиеттің кезеңін көрсететін көркемдік бағыт ретінде 
енді. Қазақ халқының ұлттық азаттығы, бостандығы, орыс 
отаршылдарына наразылық сипаты шығармаларында 
басым көрінген бұл ғасыр ақындары тарихи жырлар, 
өлеңдер мен түрлі дастандар, жыр, толғауларымен 
ерекшеленеді. 
Осы орайда тарау авторы былай дейді: «...Соған 
орай әдеби-көркем туындамалар да негізінен үш 
мазмұндық арнада өріс кеңейтті. Біріншіден, халық 
әдебиетінің дәстүрін жалғастырып, әдеби мұраларды ел 
жадына жеткізіп сақтап отырса, екіншіден, жаңа 
заманның мұң-зарын ұлт тағдырымен астастыра толғаған, 
отаршылдық кеселін ашып, болашақтың халіне күйінген, 
елдің тәуелсіз еркін өмірін аңсаған сарын барынша 
күшейе түсті, үшіншіден, патша шенділердің, ел тізгінін 
ұстаған сұлтан, болыстарды сағалаған ақындар да өз 
орнын тапты, бұлар бұрынғы сарай ақындарының азып-
тозған «жұрнағы» секілді сезілді». /18 б/ 
Және осы жаңа кезеңде жыраулық өнермен бірге ел 
арасында ауызша тараған, жер-жерде өнерлі адамдардың 
ақынжандылықтары арқасында жылдар бойы сақталып, ел 
жадында жүрген халық поэзиясының небір үздік үлгілерін 
жинау, (мақал–мәтелдер, ертегілер, эпостық мұралар т.б) 
оларды мүмкіндігінше қолжазба түрінде сақтау, жүйелеп, 
баспалардан неғұрлым көбірек данамен шығарып, тарату, 
насихаттау, жас ұрпаққа жеткізу шаралары қолға алына 


[Введите текст] 
118 
бастады. Оған осы кезеңдегі жыршылардың ұлы дәстүрі
Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей жырауларының ізін басқан ХІХ 
ғасырдағы Марабай, Нұрым, Қазақбай, Мергембай сынды 
ондаған жыраулардың туындылары дәлел. 
Ендігі бір ескерер жәйт, жыраулар мектебінің 
өкілдері әдеби шығармаларды насихаттаушы, жырлаушы, 
халық мұраларын сақтаушы ғана емес, сол әдебиет 
тарихын жасаушы, жаңа жазба әдебиеттің алтын арқауын 
ұстаушы қызметін де атқарғаны белгілі. Мәселен, осы 
ғасырдың соңғы ширегінде өмір сүрген Жамбыл 
Жабаевтың (1846–1945) жыраулық, ақындық өнері қазақ 
әдебиетіндегі жыраулық мектептің табиғатын анық 
танытады. 
Бұл 5-томның бір ерекшелігі «Қосымша» деген 
тарауда «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ақын-
жыраулар 
мұрасы 
және 
олардың 
зерттелуі» 
қарастырылып, сол кезең мен ондағы әдеби және өзге де 
өнер 
иелерінің 
шығармашылықтарын 
зерттеген 
ғалымдардың еңбегіне шолу мен баға беріледі, ондағы 
кейбір заман ағымына сәйкес бұрыс айтылған пікірлерге 
бүгінгі тәуелсіз ой-сана тарапына ғылыми түсініктер 
беріледі. Және «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 
ақын-жыраулар қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» 
беріледі. Мәселен, Абай Құнанбаевтың (1845–1904) 
«Жарияланған мақалалар» тізімі және «Шығармалары 
туралы зерттеулер мен ғылыми мақалалар», «Қолжазба 
қорындағы мұраларының» тізімдері беріліп, бір тарихи 
тұлғаның бүкіл шығармашылығына қажетті ғылыми, 
тарихи, деректерді толығымен алуға, танысуға болады. 
Тап осындай жүйемен Ыбырай Алтынсарин, Шоқан 
Уәлиханов т.б сол дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың 
деректері толық дәйектелген. 
«ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің 
библиографиялық 
көрсеткіштерінде» 
«Әдебиет 
тарихының мәселелері жөніндегі жалпы материалдар» 
және «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және 
оның зерттелуі туралы қысқаша көрсеткіш» сала-сала 
бойынша беріліп, толық тарихи-әдеби, ғылыми деректер 
жүйеленген.  
«Қазақ әдебиеті тарихының» 6–шы кітабы да 
бесінші томдағы ойды жалғастырып, ХХ ғасырдың бас 
кезін (1900–1917) қарастырылады. Бұл томдың да 
жетекшісі – филология ғылымдарының докторы, 
профессор А.Қ. Егеубаев, жауапты шығарушысы 
филология ғылымдарының кандидаты Т. Әлібеков. ХХ 
ғасыр басындағы әдеби үрдіске кеңінен жаңаша сараптама 
жасалған ұжымдық еңбек «ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиеті» және «Абайдың әдеби мектебі» деген екі ірі 
теориялық 
тараудан, 
«Жекелеген 
ақындар 
шығармашылығына 
шолудан» 
(Ә. 
Бөкейхан, 
Ш.Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, С. Торайғырұлы,
С. Дөнентайұлы, М. Дулатұлы, Ғ. Қараш, М. Сералин, 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Ж. Тілепбергенов, Б. Күлеев, Т. 
Жомартбаев, С. Көбеев, Н. Орманбетұлы) және «1916 


[Введите текст] 
119 
жылғы ұлт - азаттық көтеріліске байланысты туған 
поэзия», «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің 
библиографиялық көрсеткіші» деген тараулардан тұрады. 
«Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл 
ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ 
ғасырда да қанат жайды. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен 
дүниетанымы ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің 
алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті 
жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат 
жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы 
байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет 
байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы 
байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби 
байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың 
басындағы әдебиет жаңа сипаттармен толысып,ұлттық 
сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті 
тарихының алтыншы томы осындай басты-басты 
сипаттарымен ерекшелінеді» – деп атап көрсетті 
«Кіріспенің» авторы, зерттеу жобасының жетекшісі Асқар 
Егеубаев. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» деген 
үлкен тарауда осы айтылған жайларды тарата талдап, 
нақты көркем мәтіндермен, сол кезеңдегі әдеби үрдіспен 
байланыстыра отырып, жан-жақты баяндайды. Автор сол 
кезең әдебиеті туралы жазылған ұлттық әдебиеттану 
ғылымындағы барлық зерттеулерге, монографиялық 
еңбектерге, жоғары және мектеп терге арналған 
оқулықтарға шолу жасай келе «Әдебиеттану», «Әдеби 
сын», «Драматургия», «Аударма» және «Балалар 
әдебиеті», «Поэзия», «Проза», «ХХ ғасыр басындағы 
әдеби байланыс», «Бағыттар мен ағымдар», «1917 жылға 
дейінгі қазақ әдебиетіндегі цензура» деген тараушаларға 
бөліп, әр сала бойынша ғылыми талдаулар жасайды. 
Зерттеуде бұрында айтылып жүрген жайларға қоса тың 
деректер де ,жаңа мәтіндер де кездеседі. Ең бастысы, 
автор бұл кезеңнің әдебиеті, әдеби процесі туралы тарихи 
шындыққа 
негізделген 
көркем 
шежірені 
таза 
әдебиеттанудың 
категориялары 
мен 
шарттары 
тұрғысынан тани білген, талдай білген. ХХ ғасыр 
басындағы әдебиетіміздің көрнекті өкілдерінің өмірі мен 
шығармашылықтары туралы да жазылған зерттеулер 
ендігі көп өзгеріске түсе қоймайтын тұрақты канонды 
мәтіндер мен тарихи шежіре екендігін ескерген жөн. 
Өйткені, олардың авторлары өздерінің бүкіл саналы 
уақыттарын 
осы 
тақырыптарға 
арнаған 
маман-
зерттеушілер. 
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» деген тарауда 
қоғамдық-саяси оқиғаларға толы ХІХ ғасырдың соңын 
алған бұл кезеңде ұлттық рухани дүниеде де ерекше назар 
аударарлық көркемдік құбылыстың болғаны белгілі. Бір 
ғана Абайдың қолжазбаларының мерзімді баспасөз 
арқылы жарияланып, халық арасына жарыққа шыға 
бастауының өзі елді елең еткізіп, қазақ поэзиясына жаңа
леп келгенін көрсетті. Бұл кезеңді көрнекті ақын Ілияс 
Жансүгіровтің «Абайдың ата заманы» деп атауының 


[Введите текст] 
120 
өзінде 
үлкен 
мағына 
жатыр. 
Ұлы 
ақынның 
шығармашылығы арқылы сол кезеңдегі қоғамдағы саяси-
әлеуметтік құбылыстар – ел билеуді орыс тәртібімен 
басқаруды, ақша, сауда, базар сияқты өзгерістер тарихи 
шындықтан көркемдік шежіреге айналды. Ұлы ақынның 
өлеңдеріндегі әрбір ой сол кезеңнің ақиқатын айнатпай 
айтып беріп отырады. 
Осы кезеңдегі әдебиеттің даму заңдылықтарының 
басты сипаттарын зерттеген Бейсенбай Кенжебаев 1961 
жылы жарық көрген «Жиырмасыншы жылдардағы қазақ 
совет әдебиеті» деген еңбегінде осы кезеңдегі 
экономикалық өзгерістер «қазақ арасындағы оқу-ағарту 
жұмыстарына, қазақ тілінде шыққан кітап, журнал, 
газеттердің 
мазмұнына, 
ақын-жазушылардың 
көзқарастарына, қазақ әдебиетінің бағытына үлкен әсер 
еткенін» атап көрсетеді. /19 б/. 
Расында да осы кезеңде қазақ тіліндегі мерзімді 
баспасөздердің кең көлемде әрі тұрақты түрде жариялана 
бастауы 
қазақ 
арасындағы 
сауатты 
жандардың 
топтасуына, ұлт бірлігі мен мәдениеті үшін жұмыс 
жасауына мол мүмкіндіктер берді. 1918–1919 жылдары 
Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов негізін қалаған 
«Абай» журналы, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ» газеті, 
Мұқамеджан Сералиннің «Айқап» журналы т.б азғана 
уақыт ішінде қазақ халқының ұлттық әдебиеті мен 
мәдениетін біраз биік деңгейге жеткізе білді. Осы орайда, 
Алаштың ұлт зиялылары Тұрар Рысқұловтан бастап, 
Сұлтан Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Әлихан Бөкейханов, 
Ахмет Байтұрсынов тағы басқалар қазақ халқының білім 
жүйесі мен бүкіл руханият мәселелерінің, экономикалық, 
саяси-қоғамдық, мәдени мәселелердің бәрін жүйелі 
жүргізуге барлық күш-жігерлерін жұмсады. Олардың 
қазақ халқына жасаған ұлы істері хақында бүгінде барлық 
салада – тарихта, мәдениетте, әдебиетте, білім жүйесінде 
т.б. жан-жақты зерттелуде 
1904 жылы ұлы ақын Абайдың қайтыс болуы 
қазақтың «қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген 
мәтелді еріксіз еске салады. Ақын қайтқан күннен бастап 
оған деген көзқарас та өзгеріп, оның әрбір өлеңі мен қара 
сөздері мұқият жинала бастады. Абайдың әдеби хатшысы 
Мүрсейіт Бікеұлының 1905 жылы ақын өлеңдері мен қара 
сөздерін араб әліпбиімен көшіріп шығысымен бес жыл 
ішінде үш қолжазбасы (1905, 1907, 1910) түзіліп, 1909 
жылы Санкт - Петербургте «Қазақ ақыны Ибраһим 
Құнанбайұлының өлеңі» деген атпен жеке кітап болып 
басылады. Бұл сөз жоқ сол кезеңдегі қазақ поэзиясына 
соны серпін әкелді. Енді ақындар Абайға қарап ой түзей 
бастады, сөзін жөндей бастады. Бұл да ғасыр басындағы 
үлкен көркемдік құбылыс еді. Сол кезеңдегі білім беру 
саласына да Абай шығармалары аса қажетті болғандықтан 
жиі жариялап отыруды, оның таралымын көбейту қолға 
алынды. 13 жылдың ішінде 4 рет қайтара жарыққа шығу 
ол кездің тарихында болмаған жай еді. Және ұлы 
ақынның шығармашылығы қазақтың рухани өміріне 


[Введите текст] 
121 
ерекше өзгеріс енгізіп, Алаш зиялыларының бәрі Абайға 
тоқтап, 
ой 
қорытып, 
бір 
жеке 
тарихи 
тұлға 
шығармашылығын жүйелі зерттеп жазу мәселесіне аса 
мән берді. Бұл қазақ әдебиеті тарихында бұрын 
байқалмаған үрдіс болатын. Әлихан Бөкейханов, Ахмет 
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, 
Мағжан Жұмабаев, т.б қазақтың бас ақынының әдеби 
мұрасы жөнінде мақалалар жариялады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан қалыптаса 
бастаған Абай дәстүрі, Абай мектебі мен дүниетанымы 
қазақ әдебиетінің кәсіби тұрғыдан қалыптасып, әлемдік 
өркениетті елдердің сөз өнеріндегі кең тыныстылықты, 
көркемдік қуатты, суреткерлік шеберлікті, қаламгерлік 
тәжірибені 
байқатты. 
Осы 
кезеңдегі 
өлең 
сөз 
теориясындағы түрлік құбылыстар мен қара сөздегі 
жанрлық жаңалықтар мазмұн жағынан байытылғандығын, 
тақырып ауқымының кеңдігін көрсетті. Оларды ел 
арасына кеңінен танытып, оқырмандарға дер кезінде 
жедел жеткізудің қызметін сол кезеңдерде аяғынан тұрып, 
халық арасына кеңінен таратыла бастаған мерзімді 
баспасөз атқарды. 
Қазақтың ұлттық идеясы – «Алаштың» өмір 
сүргеніне 2500 жыл болғанын біреу білсе, біреу біле 
бермейді. «Сақтарда Алаш туралы аңыз бар» деп 
Геродоттың жазып кеткеніне 2,5 мың жылдай болыпты. 
Алашты ұлттық идеяға айналдыруды аңсаған Алаш 
қайраткерлері ХХ ғасыр басында қолжазба қоры жөнінен 
әлемде 2-ші орынды иеленген Отырар кітапханасы мен А. 
Йасауи кесенесі сияқты мәдени құндылықтардың мұрагері 
болған халықтың өркениетін одан әрі өркендетуге, оны 
рухани жағынан жан-жақты байытуға үлкен үлес қосты. 
Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл 
жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасыр 
басындағы Алаш әдебиетіне ұласып, жанрлық, көркемдік, 
түрлік жағынан толығып, жан–жақты дамыды десек артық 
айтқандық емес. 
Қазақ әдебиеттану ғылымына Алаш әдебиеттануы – 
Ә.Бөкейхан, 
А.Байтұрсынұлы, 
Ж. 
Аймауытов,
М. 
Жұмабаев, 
С. 
Садуақасов, 
Р. 
Мәрсекұлы, 
Ы.Мұстамбаев т.б. еңбектерінің жариялануы тікелей әсер 
етті. 
Тәуелсіз 
кездегі 
С.Қирабаев, 
З. 
Ахметов,
З.Қабдолов, Р.Бердібаев, Т. Кәкішұлы, М. Мырзахметұлы, 
Ш.Сәтбаева, Р. Нұрғалиұлы зерттеулері жаңаша леп берді. 
Ш.Сәтбаева Кеңес кезінде тұңғыш рет А. 
Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышына» әдеби 
теориялық еңбек деп жоғары баға берген ғалым. (1989) 
Сол кездегі қайсы біреулер «филология ғылымы жаңаша 
дамып кетті» «Әдебиет танытқыш» ескірген деген 
пікірлерге қарамай Ш. Сәтбаева «Әдебиет танытқыштың» 
биік теориялық деңгейін алға тартты. Бұл ой 
Р.Нұрғалиұлы, Р. Сыздықова, Т. Кәкішев, Ө. Әбдіманов, 
Ж. Смағұл, А.Ісімақова, Р. Имахамбетова, Ұ. Еркінбаев, 
А. Ойсылбай, Қ. Сақ т.б. зерттеушілердің еңбектері
төңірегінде 
іске 
асырылды. 
Бұрындары 
ғылыми 


[Введите текст] 
122 
айналымға енбеген Т. Жүргенов, М. Тынышпаев,
К. Тоғысов, Ш. Телжанұлы, І. Омаров т.б сынды алаш 
зиялыларының «Таңдамалы» еңбектерінің жариялануы да 
зерттеушілерге ой түрткі болып,тың туындылардың 
жазылуына ерекше әсер етті. 
ХХ ғасыр басындағы көркемдік жүйе қазақ әдебиеті 
тарихы үшін үлкен рухани құбылыс болғаны белгілі. 
Әсіресе, жоғарыда аталған Алаш азаматтарының көркем 
шығармалары да осы тұста туып, ұлттық сөз өнерін
жоғары деңгейге көтерген еді. Олар әдебиетті жаңа тектер 
мен жанрлық түрлермен толықтырғаны да тарихи 
шындық. Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттануының, 
теориясының 
көшбастаушысы 
болса, 
Жүсіпбек 
Аймауытов психологиялық романның негізін салды. 
Міржақып Дулатов проза саласының тұсауын кесті. 
Мұхтар Әуезов қазақ драматургиясының небір әдемі 
жауһарларын өмірге әкелді. 
Қазақ баспасөзінің бетінде әдеби айтыстар,түрлі 
тақырыптарда пікір-таластар бой көтеріп, түрлі әдеби 
ағымдар пайда болды. Бұлардың бәрі қазақ әдебиетінің, 
әдеби –көркем сынының сан алуан жанрда дамып, жан-
жақты жақсылы-жаманды өрісі кеңіп, өсіп келе 
жатқандығының куәсі еді. Осы ретте автор: «Сонымен 
бірге, 
қоғамдық 
қарым-қатынастардың 
жеделдеуі, 
баспагерлік істің қанат жаюуы, әдебиеттегі әртүрлі 
көркемдік-жанрлық 
терең 
түлеулер 
эстетикалық 
танымның жаңашылдығына бастады... Әдеби сын да, 
әдебиеттану, прозаның кесек жанрлары, аударма, 
драматургия тосын жаңалық болуымен бірге жедел даму 
үрдісін танытты» – дейді. /19 б/ 
Тарауда арнайы қарастырылған «Әдебиеттану», 
«Әдеби сын» деген тараушада ХХ ғасыр басында қазақ 
зиялылары ,ең алдымен, ел арасындағы ауыз әдебиетінің 
үлгілерін, көзі тірі жыршы, жыраулардан, әнші-
күйшілерден ауызша таратылған әдеби мұраларды жинап 
алуды мақсат тұтты. Осы орайда, жер-жердегі көзі ашық 
азаматтарға Ашық хаттар жолдап, барлық үлгілерді 
жинауды тапсырып, оларды баспасөз беттерінде жүйелі 
түрде жариялап отыруды қолға алады. Бұлардың бәрі сол 
кезеңдерде жаңадан қолға алынып жатқан мектеп және 
жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарына 
таптырмайтын көркем мәтіндер болды. 
«Қазақ», «Айқап» беттеріндегі әдебиеттану, кітап 
сынына қатысты мақалалар ұлттық құндылықтардың жаңа 
белеске көтеріп,көркем әдебиеттің көкжиегін кеңейтуге 
көп үлес қосты. «Жаңа әдебиеттің кәсіби біліктілік 
белгілерін білдіретін бірқатар мақала,талдау пікірлер ХХ 
ғасыр басындағы әдебиеттің құбылысты жаңалығы 
ретінде құнды»–дейді автор. Тарауда М. Дулатовтың 
«Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан (1837–1865)», «Хасірет 
Сұлтан», «Григорий Николаевич Потанин», «Абай», 
А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», Мұстафа 
Шоқайдың «Әубәкір Диваев» т.б сынды мақалаларындағы 
ғылыми дәйекті көзқарастары, мол деректері мен дәлелді 


[Введите текст] 
123 
ғылыми талдаулары жөнінде бірқатар оңды пікірлер 
жазылған. Бір сөзбен айтқанда, алаш зиялыларының 
әдебиеттануға, сынға қатысты мерзімді баспасөз бен жеке 
еңбектерінің бәрін атай келе оларға жеке-жеке тоқталып, 
талдаулар жасалады. Бұлардың бәрі ХХ ғасыр басындағы 
әдеби сын мен ұлттық әдебиеттану ғылымының негізі 
қаланып, кәсіби тұрғыдан қалыптасқандығын танытады. 
Сондай-ақ, «Жүсіпбек Аймауытовтың – психология, 
Мағжан Жұмабаевтың педагогика аулындағы, әскери 
дәрігер Халел Досмұхамедовтың ежелгі түркі жазбалары, 
әдебиет тарихы жөніндегі, белгілі бір мамандық 
салаларындағы ірі ғылыми еңбектері, монографиялары–
ХХ ғасыр басындағы қазақ білім беру саласындағы ірі 
қадамдар» /25 б/. 
«Драматургия, аударма және балалар әдебиеті» 
деген тараушада ХХ ғасыр басындағы М. Дулатовтың 
«Бақытсыз 
Жамалдың» 
сахналанған 
көрінісі,
Ш. Құдайбердиевтың «Еңлік–Кебек» пьесасының 
қойылымы және М. Әуезовтің драмалық шығармалары 
кеңінен әңгіме болады. 
«Аударма – әдеби байланыстың алтын көпірі» деген 
тараушада қазақ қаламгерлерінің Еуропа, Шығыс елдері 
әдебиетінен аударылған әдеби нұсқалар,олар туралы 
жазылған сын мақалалар мен оңды пікірлер жүйеленіп, 
ғылыми шолулар жасалған, оларда көптеген тың 
мәліметтер мен деректер мол. Әдеби байланыс мәселесі 
туралы ой толғаған қазақ ғалымдары Ш. Сәтбаеваның 
еңбегіне де автор молынан орын беріп, өз бағасын берген. 
«Балалар әдебиетінде» Мұхамеджан Сералиннің 
«Гүлқашима» 
кітабы, 
Ыбырай 
Алтынсариннің 
«Хрестоматиясы», Спандияр Көбеевтің «Үлгілі тәржіма», 
«Үлгілі бала» атты көркем шығармалалары т.б туралы да 
жан-жақты сөз болады. «Поэзия» мен «Проза» атты үлкен 
тараушаларда сол кезеңде жарық көрген әдеби 
шығармаларға ғылыми талдау жасалады. Көптеген 
баспасөз беттеріндегі және жеке көркем туындыларға 
кеңінен шолу жасалып, жан-жақты зерттеледі.
ХІХ ғасырға дейін қазақ әдебиетінде өзіндік өрнек 
алып, өріс алған Шығыс әдебиетінің әсері ХХ ғасыр 
басында Еуропа әдебиетіне бетбұрыс жасай бастағаны 
белгілі. Осы ретте Алаш азаматтарының аудармамен 
айналысып, Абайдан бастау алған батыс әдебиетінің 
бірнеше туындылары қазақ тілінде сөйлей бастауы ерекше 
ықпал етті. М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, С. 
Дөнентаевтың, 
Мәшһүр 
Жүсіп 
Көпеевтің, 
С. 
Торайғыровтың, А. Байтұрсыновтың, М. Сералиннің, 
Шәді Жәңгіровтің, Ы.Шөрековтің Балуан Шолақ 
Баймырзиннің, Әсет Найманбаевтың шығармалары қазақ 
әдебиетіне тың үрдіс әкелген шығармалар ретінде 
талданады. 
«Прозада» С. Көбеев «Қалың мал», Б. Майлин 
«Шұғаның белгісі», Б. Ержанов «Оқуға махаббат» повесі, 
А. Жандыбаев «Жас ғұмырым, яки жастыққа ғафлат» 


[Введите текст] 
124 
романы, М. Кәшімовтің «Мұңлы Мәриям» романы,
Т.Жомартбаев «Қыз көрелік» романы, т.б тың туындылар 
талданады. 
«ХХ ғасыр басындағы әдеби байланыс» деген 
тараушада Шығыс және Еуропа әдебиеттерінің қазақ 
әдебиетіне еткен әсері кеңінен әңгіме болса, «Бағыттар 
мен ағымдар» атты тараушада ХХ ғасыр басындағы 
әдебиетте кеңінен орын алған
1) ағартушылық, 2) ағартушы – демократтық, 3) 
демократтық – төңкерісшіл топтар /Б.Кенжебаевтың 
зерттеуі бойынша/, т.б ағымдар мен бағыттар жөнінде 
мәліметтер беріледі. «1917 жылға дейінгі қазақ 
әдебиетіндегі 
цензура» 
деген 
бөлімде 
Ресей 
империясының мұсылман халықтарының кітаптары мен 
баспаға арналған шығармаларына мемлекеттік мекеме 
бақылауы ХІХ ғасырдан басталғанын, олардың қазақ 
баспасөзін 
қалай 
бақылап, 
қандай 
кітаптарға 
қысымшылық жасап, олардың тиражының аздығы мен 
таралымының, насихатталуының шектелуін үнемі назарға 
алып, тіпті кей кітаптардың авторларын панисламизм, 
пантүркизм идеяларын насихаттаған деген жалған 
жаламен ұлттық рухты түсіру мақсатында қаншама жан 
түршігерлік қыспақтар жасалғанын нақты тарихи 
деректерге сүйене отырып, жан-жақты талдау жасалады.
Оған (КВКПДП) құзырлығындағы бірнеше құпия 
құжаттарды пайдалана отырып, ащы ақиқаттың қоймасын 
ақтарады, автор. 
«Абайдың әдеби мектебі» деген тарауда осы күнге 
дейінгі абайтану саласында арнайы сөз болмаған тың 
дүниелер түзіліп, ұлы ақынның әдеби мектебі жөніндегі 
тарих пен оның зерттеушілерінің еңбектеріне кеңінен 
шолу жасала келе , олқылықтардың орнын толтыру 
мақсатында: 1.Абайдың балалары Ақылбай және Мағауия 
Құнанбаевтардың 
Еуропа 
ақындарының 
үлгісімен 
жазылған романтикалық дастандарын және 2. Абай 
тікелей баулыған шәкірттері: Көкбай, Әріп, Мұқа, 
Шәкәрім, Әсет, Иманбазар, Уәйістердің суырып - салма 
ақындық өнер - айтыс дәстүрін ұстай отырып, ұстаз 
кеңесімен қазақ өмірінен түрлі тақырыпта өлеңдер мен 
тарихи 
дастандар, 
шығыстық 
желіде 
жазылған 
поэмаларын талдайды. Автор олардың әрқайсысының 
өмірбаянынан 
бастап, 
Абай 
қамқорлығындағы 
өнерпаздық, ұстаздық – шәкірттік кезеңдері жайлы 
көптеген тың материалдармен жаңа ойлар айтады. 
«Жекелеген ақындар шығармашылығына шолу» 
атты тарауда айтыскер – ақын Ж.Шалабайұлы /Нұржан 
Наушабаевпен, Нұрғалимен, айтыстары/, өлеңмен сурет 
салатын шебер ақын Сейдахмет Бейсенұлы – «Махрума», 
«Өнерлі уәзір» дастандары, әнші, күйші, ақын Есенжол 
Жанұзақұлы, жыршы, ақын Жүсіпбек Шайхисламұлы 
Айтқожин» , « Адамзат дүние қуып қартаяды», «Жетпіс 
бес» т.б., ақын Мүрсәлім Бектенұлы, Иманжүсіп 
Құтпанұлы, Асан Барманбекұлы, Ақыт Үлімұлы 
Қарымсақов, Мақыш Қалтаев, Әбіқай Нұртазаұлы, Омар 


[Введите текст] 
125 
Шораяқов, 
Көлбай 
Төгісов, 
Ақылбек 
Сабалұлы, 
Тұрмағамбет 
Ізтілеуұлы, 
Мұхамедсәлім 
Кәшімов, 
Қуанышбай Сатбақұлы, Әкірам Ғалымов, Біләл Сүлеев, 
т.б туралы толық тарихи, әдеби мәліметтер бар. 
«Әлихан Бөкейхан», «Шәкәрім Құдайбердіұлы», 
«Ахмет Байтұрсынұлы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров», 
«Сәбит Дөнентайұлы», «Міржақып Дулатұлы», «Ғұмар 
Қараш», «Мұхамеджан Сералин», «Мәшһүр Жүсіп 
Кепеев», «Жиенғали Тілепбергенов», «Бернияз Күлеев», 
«Тайыр Жомартбаев», «Спандияр Көбеев» т.б. ХХ ғасыр 
басындағы ұлт зиялыларының шығармалары жеке-жеке 
тарау ретінде талданып, толық мәліметтер жүйеленген. 
«Қазақ әдебиеті тарихы. Кеңес дәуірі (1917–1940)» 
деген 7-томда ( жетекшісі академик Серік Қирабаев) –
кеңес дәуірінің алғашқы кезеңі зерттелген. Онда ХХ 
ғасырдың 20–30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму 
барысы, ол кезеңдегі әдеби процесті жандандыруға 
белсене атсалысқан қазақ қаламгерлері (С. Сейфуллин, 
М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Б. Майлин, І. Жансүгіров, 
Ж.Жабаев, 
И.Байзақов, 
Н.Байғанин 
т.б 
шығармашылықтары жеке тарау барысында кеңінен 
әңгіме болып, олардың қаламгерлік шеберліктеріне баға 
беріледі. Әр қаламгердің әдеби тұлғалық қасиеті мен 
шығармашылық тәжірибесіне талдау жасаған авторлар 
ұжымы оларды тек тарихи тұрғыдан танып, таза 
көркемдік, ғылыми тараптан бағалай білген. Кеңестік 
дәуірдегідей тек таптық, идеологиялық талап тұрғысынан
талданған аталған жазушы–ақындардың туындыларын 
зерттеуші -авторлар қауымы енді егеменді ел болған ой-
санасы тәуелсіз, рухы биік ұлттық таным мен талғам 
биігінен танып, талдай білген. Және осы томда ХХ 
ғасырдың 20–30 жылдарында жарық көрген «Поэзия» мен 
«Проза», «Драматургия», «Әдеби сын» саласындағы 
шығармаларға да жүйелі түрде баға берілген. Олардың 
бәрі 
«20–30 
жылдардағы 
қазақ 
әдебиетінің 
библиографиялық көрсеткіші» арқылы нақтыланып, 
тарихи көрсеткіштерімен толықтырылған. 
Аталған томның «Кіріспе» авторы академик С. 
Қирабаев: «..Қанша дегенмен, өз дәуірінің үні болған, 
онда орын алған тарихи оқиғаларды, маңызды 
өзгерістерді жырлауға ұмтылып отырған әдебиеттің сол 
кезеңдердің суретін елестететіні де даусыз. Сонымен бірге 
жаңа дәуірдегі әдебиеттің шындықты біртіндеп игеріп, 
жанрларын жетілдіргені, идеялық-көркемдік табыстарға 
ие болуы да осы кезеңдермен байланысты. Және бұл 
кезеңдердің шарттылығы – олардың өз ішінде дәуір 
ерекшелігін 
танытатын 
белгілі 
бір 
сатылардың 
барлығында. Мысалы, 20-30 жылдарда тұтас кезең деп 
қарай отырсақ та, онда 20-жылдар әдебиеті мен 30-
жылдар әдебиетінің өзіндік сипаттары, өзгешеліктері 
барын жоққа шығара алмаймыз. 20-жылдар әдебиеттің 
идеялық-көркемдік ізденістерінің басталуы, қалыптасуы 
жылдары 
болса, 
30-жылдарда 
көркем 
әдебиет 


[Введите текст] 
126 
ұйымдарының жаңа саясат негізінде бірігуі өтті», – деп 
сол кезеңнің көркемдік көрінісін айқындап береді. 
ХХ ғасыр басындағы 20-30 жылдар аралығындағы 
қазақ әдебиеті бастан кешкен әдеби процесті ұжымдық 
еңбектің авторлары сол кезеңдегі әдебиеттің даму 
заңдылықтарына 
сүйене 
отырып, 
ондағы 
әрбір 
өзгерістерді, 
әдеби 
құндылықтарды, 
әдебиет 
жанрларының өсуі мен өркендеуін, олардың өзге 
әдебиеттермен байланысын, шығармашылық бағыт-
бағдарлар мен әдеби әдіс мәселелерін бүгінгі күн 
талабынан 
танып, 
талдауға 
тырысқан. 
Әрбір 
шығармашылық тұлғаның көркем дүниелерінің жанрлық, 
тақырыптық, көркемдік ізденістеріне де жаңаша ұлттық 
рухани құндылықтар тарапынан қарап, баға береді. Бұл 
томның бір ерекшелігі ұжымдық еңбектің авторларының 
бәрі осы кезеңнің әдеби процесін өз бастарынан кешкен 
сол кезеңнің әдеби де тарихи да шежіресіне қанық қазақ 
әдебиеті тарихының білгір мамандары мен сол кезеңнің 
өкілдері. Сондықтан да олар өткенге ойлы көз жіберіп, өз 
кезеңдерінде 
кеткен 
кемшіліктерге 
бүгінгі 
күн 
көзқарасымен қарап, сыншыл көзбен көруге тырысқан. 
«Қазақ әдебиетінің тарихы». (Кеңес дәуірі /1941–
1956/)» қамтылған 8–ші томы - (Жалпы редакциясын 
басқарған – ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі 
Серік Қирабаев) – кеңес дәуірінің екінші кезеңіне 
арналып, осы кезеңдегі әдебиеттің даму жолдары, 
ағымдар мен бағыттары және оның озық өкілдерінің 
шығармашылықтарын соны көзқараспен талдап, саралап-
бағалауға ұмтылған. Мұнда да «1941–1956 жылдардағы 
қазақ 
әдебиеті», 
«Проза», 
«Поэзия», 
«Поэма», 
«Драматургия», «Сын мен әдеби зерттеу» және осы 
кезеңнің әдеби өкілдерінің – «Мұқтар Әуезов», «Сәбит 
Мұқанов», «Ғабит Мүсірепов», «Ғабиден Мұстафин», 
«Тайыр Жароков», «Әбділда Тәжібаев», «Ғали Орманов», 
«Қасым 
Аманжолов», 
«Қалижан 
Бекхожин», 
т.б 
шығармашылық 
портреттері 
жасалынып, 
«Әдеби 
байланыстар», тәуелсіздік алған қазақ әдебиетінің соны 
бір 
жаңалығы 
болған 
«Қытай 
және 
Монғолия 
қазақтарының әдебиеті», «Әдеби өмір шежіресі» 
қамтылған. 
«Бұл кезең, негізінен, Ұлы Отан соғысы мен 
соғыстан кейінгі дәуірді қамтиды. Әдебиет дамуы осы 
тұстағы қоғамның саяси - әлеуметтік өмірімен тығыз 
байланыста өтті. Сондықтан онда Ұлы Отан соғысындағы 
кеңес азаматтарының Отан қорғау жолындағы ерлігі мен 
сол тұстағы ел өмірінің шындығы танылады. Соғыстан 
кейінгі әдебиет те халықтың бейбіт құрылысындағы ісі 
мен еңбегін көрсетуге арналды. Жалпы , әдебиет дамуын 
осы бағдарда ұстай отырып, қазақ жазушылары көркем 
сөз арқылы әр қилы өмір тартыстарында тіршілік кешкен 
адамның рухани биік сапасын, жан сезімі тартысын 
көрсетуге ұмтылды. Партияның идеология жөніндегі 
қаулыларының қысымына шыдай отырып, қазақ әдебиеті 
әдеби жанрларын дамытты. Көркем проза, әсіресе, роман 


[Введите текст] 
127 
алдыңғы қатарға шықты. М. Әуезовтің, С. Мұқановтың,
Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мұстафиннің романдары қырқыншы-
елуінші жылдардың шекарасында-ақ орыс тілі арқылы 
шетел тілдеріне аударылды, әлемдік әдебиеттің игілігіне 
айналды. Кейін бұл қатарды Ә.Нұрпейісов пен Т. Ахтанов 
толықтырды. Басқа жанрларда да шығармашылық 
ізденістердің баяндылығы байқалады. Томда әдеби 
процестің осы ерекшеліктері мен сол дәуірде әдебиет 
дамуына 
айрықша 
үлес 
қосқан 
жазушылар 
шығармашылығы талданады» – дейді. 
«Кіріспе» авторы С. Қирабаев. Бұл кезеңді ерекше 
бөліп алып қарастырған автор оның өзіне тән тарихи 
заңдылықтарын жан-жақты ашып көрсетуге, олардың 
себеп-салдарын тануға тырысқан. Осы ретте атай кетер 
бір жай-кеңестік дәуірдегі зерттеулерде бұл кезең тарихи 
шындық тарапынан зерттелмеген, идеологиялық тұрғыдан 
танылған, сондықтан бұл томды жазуға атсалысқан 
көрнекті әдебиет зерттеушілері З. Ахметов, Ә. 
Нарымбетов, Ш. Елеукенов, Х. Әдібаев, Ж. Ысмағұлов, 
Т.Кәкішев, Б.Ыбырайым, А.Егеубаев, З.Сейітжанов, Б. 
Құндақбаев т.б сол кезеңнің тарихи шындығын ашып 
көрсетуге, шығармашылық тұлғалардың көркемдік 
ізденістерін 
кәсіби 
маман 
тарапынан 
талдауға, 
түсіндіруге, бағалауға тырысқан. 
«Қазақ әдебиеті тарихы. Кеңес дәуірі. (1956–1990)» 
– Он томдықтың 9-шы томы –кеңес дәуірінің соңғы 
кезеңіне арналған. Бұл томда өткен ғасырдың 60-80 
жылдарындағы қазақ әдебиетінің кәсіби жағынан биік 
деңгейге 
жетіп, 
шығармашылық 
тұлғалардың 
шеберліктері шыңдалып әлем әдебиетін мойындатқан, 
танылған бір өрлеу жылдары жан-жақты сөз болады. 
Аталған томда 60-80 жылдардағы әдеби процесте 
өзіндік іздері бар,сол кезеңнің әдебиетін, ондағы әрбір 
жанрдың дамуы мен жандануына, ондағы әрбір көркемдік 
ізденістерге үлкен үлес қосқан қазақтың көрнекті қалам 
қайраткерлері 
мен 
шығармашылық 
тұлғалардың 
өмірбаяндары 
мен 
өнер 
тарихтары 
жеке-жеке 
зерттеушілердің еңбектері арқылы талданып, көркемдік 
талап тұрғысынан бағаланады. Атап айтар болсақ, «Ілияс 
Есенберлин», «Хамит Ерғалиев», «Жұбан Молдағалиев», 
«Сырбай Мәуленов», «Тахауи Ахтанов», «Әбдіжәміл 
Нұрпейісов», 
«Қалтай 
Мұхамеджанов», 
«Ғафу 
Қайырбеков», «Сәкен Жүнісов», «Мұқағали Мақатаев», 
«Шерхан Мұртаза», «Қадыр Мырзалиев», «Тұманбай 
Молдағалиев», «Қалихан Ысқақов», «Әбіш Кекілбаев», 
«Мұхтар 
Мағауин» 
сынды 
суреткерлердің 
шығармашылықтарына жеке тарау арналып, олардың 
бүкіл 
туындылары 
талданған. 
Ал, 
«1960–1980 
жылдардағы қазақ әдебиеті», «Поэзия (Лирика, поэма)», 
«Проза ( Осы заман романы, тарихи роман, повесть, 
әңгіме), «Драматургия», «Әдебиеттану мен әдебиет сыны» 
және «Әдеби байланыстар» мен «Қытай және Монғол 
қазақтарының әдебиеті» деген тарауларда осы кезеңдегі 
әдеби процестер аталған жанрлық түрлер барысында 


[Введите текст] 
128 
қарастырылып, зерделенеді. Бұл томның да ғылыми 
жетекшісі – академик Серік Қирабаев. «...Осыған дейінгі 
әдебиет дамуының кезеңдерімен салыстырғанда, бұл дәуір 
– жеке адамға табынушылықтың зардаптарынан арылып, 
адамды тануға, оның бойындағы ізденістер мен 
қайшылықтарды ашуға,адам мен қоғам арасындағы 
қарым-қатынастың күрделене түсуіне жол ашқан, сол 
заманның қат-қабат шындығын көркем бейнелеуге 
ұмтылыстың дәуірі болып табылады», – дейді «Кіріспе» 
авторы. 
«Жылымық» дәуірінен басталған рухани еркіндік 
сөз өнері шеберлерінің шынжырланып келген санасына 
жарық сәуле түсіріп, еркін көсілуге, еркін ойлануға, 
ұлттық рухты көтеруге сәл де болса саңылау ашылғанына 
куә боласыз. Халықтың өзін-өзі тануына, ұлттық 
құндылықтарын түгендеуге, өз ұрпақтарының көзіне тура 
қарауға, еліміз бен тарихымыздың даму сатысында 
үңірейіп тұрып орын алған ақтаңдақтарымыз ашылып, 
мәдени, әдеби жәдігерлеріміздің зерттелу тарихынының 
бірнеше ғасырларға кейін шегінулері, бүкіл әлем алдында 
жазба әдебиеті бар , тасқа қашалған өзіндік әрпіміз бар , 
көшпелі болса да ең биік өркениетіміз бар ел 
болғанымызды енді ашық айтуға ие болдық. Міне, 
бұлардың бәрі біздің рухани құндылықтарымызды қайта 
тәуелсіз сана тұрғысынан қарап, жаңаша сараптауға 
мәжбүр етті. Ол турасында С.Қирабаев былай дейді: 
«Қазақ қаламгерлері коммунистік идеология ықпаылынан 
біртіндеп шығу арқылы ел мен жер тарихын, 
отаршылдықтың зардаптарын, тәуелсіз тақырыбын сөз ете 
бастады. Сөйтіп, негізінен, алпысыншы жылдар әдебиетін 
туғызған ұрпақтың көркемдік ой-пікірі қалыптасты, осы 
дәуір әдебиетінің ізденістері, бағыт-бағдары талдауға 
алынды. Әдеби процестің негізгі ерекшеліктерін, 
жанрларының дамуын зерттеумен қатар, дәуірдің бірқатар 
көрнекті 
қаламгерлерінің 
шығармашылығы 
монографиялық түрде талданды». 
Осы дәуірдің ең басты жаңалығының бірі – қазақ 
әдебиеті тарихы жайлы деректер бұрынғы зерттеулерде 
ХҮШ ғасырдан бастау алып келсе, бұл жылдардағы 
зерттеулерде оның тарихы көне дәуірден, түркі тектес 
халықтардың ортақ жазба мұраларынан бастау жөніндегі 
пікірлер ғылыми тұрғыдан дәлелденді, олар тың тарихи 
мәліметтермен толықты, Осы орайда А.Қыраубаева, 
М.Жолдасбеков, 
М.Мағауин, 
Н.Келімбетов, 
Х.Сүйіншәлиев, еңбектері көне әдеби жәдігерлерімізді 
жүйелеуге зор үлес қосты. Және осы дәуірде көне түрік 
мұралары «Бабырнаме», «Огузнаме», «Мухамеднаме», 
Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» кітабы қазақ 
тіліне аударылып, рухани игілікке айналды. 
Және осы кезеңде қазақ фольклорының да көне 
үлгілері, тарихилығы т.б «Қазақ фольклористикасының 
тарихы» жасалды. 6 томдық қазақ қолжазбаларының 
сипаттамасы басылды. 


[Введите текст] 
129 
Ақтаңдақтар арқылы өмірге келген туындыларды 
оның авторларын түгендеп, жүйелеп жазу, оларға жеке 
монографиялық, 
диссертациялық 
зерттеулер 
жазу 
мәселесі қолға алынып, қыруар жұмыстар атқарылды.
«Поэзия» 
деген 
тараудың 
«Лирика» 
атты 
тараушасында Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, Ж. Молдағалиев, 
Х. Ерғалиев, Қ, Мырзалиевтің лирикалық туындыларына 
талдау жасалды. 
«Прозадағы» «Осы заман романына» М. Әуезовтің 
«Өскен өркен», З. Шашкиннің «Теміртау», «Доктор 
Дарханов», «Сенім», Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат» 
романдары мен Тахауи Ахтановтың «Боран» повесі сол 
кезеңнің көркем шежіресі ретінде зерттеледі. Үлкен бір 
саласын жан-жақты зерделеген тарауда көптеген көркем 
шығармалар 
талданып, 
сол 
кезеңдегі 
барлық 
қаламгерлердің шығармашылықтарына шолу жасалу 
мақсат етілген. Оларда қарастырылған туындылардың 
тізімін жасап шығудың өзі талай парақты толтырары хақ. 
Барлық жанрлық түрлерде қызмет еткен, оларда өзіндік 
өрнек ізденістерімен көзге түскен жазушылардың 
шығармалары нақты көркем мәтінді талдау барысында 
зерттеледі. Әсіресе, О. Бөкей, Т. Әбдіков, О.Әубәкіров, 
Е.Домбаев, 
Б.Қыдырбекұлы, 
Т.Нұрмағамбетов, 
Д. 
Исабеков, С. Мұратбеков, А.Сүлейменов, Ш.Мұртаза, 
Ә.Кекілбаев, 
М.Байғұт 
т.б 
шығармаларындағы 
жаңалықтарға, соны стильдік ізденістерге көп орын 
берілген, кеңінен зерттелген. 
«Әдебиеттану мен әдебиет сыны» деген тарауда үш 
том, алты кітаптан тұратын «Қазақ әдебиеті тарихына» 
шолу жасалып, олардың әрқайсысында көтерілген 
мәселелер мен кезеңдерге кеңінен талдау жасалады. Және 
осы 
кезеңдер 
аралығындағы 
мерзімді 
баспасөз 
беттеріндегі әдебиеттануға қатысты еңбектерде назардан 
тыс қалмай әдеби процестің даму заңдылықтарына қосқан 
үлесі айтылып кетеді. Әдебиет зерттеушілер Қ. Жұмалиев 
«Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері» /1958/, 
«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай 
поэзиясының тілі» /1960/, Е. Ысмайлов «Ақындар» /1956/, 
«Ақын және революция» /1964/», «Сын және шығарма» 
/1960/, «Әдебиет жайлы ойлар» /1963/, Б. Кенжебаев 
«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» /1973/, «Қазақ 
әдебиетін дәуірлеу мәселелері» /1941/ монографиялық 
зерттеулері, М.Қаратаев «Шеберлік шыңына», /1963/, 
«Әдебиет және эстетика» /1970/, Т. Нұртазин «Жазушы 
және өмір» /1960/ т.б еңбектері туралы ғылыми шолулар 
жасалған. 
«Қазақ әдебиетінің тарихы. Тәуелсіздік кезеңі 
(1991–2001/)– он томдықтың 10-томы – ғылыми жетекші – 
ф.ғ.д., профессор Шериаздан Елеукенов – тәуелсіздік 
жылдардағы әдебиетке ғылыми сараптама жасалған. 
Мұнда осы кезең аралығында жарияланған көркем 
шығармалар жанр бойынша жүйеленіп, қарастырылған 
монографиялық тараулардан тұрады. Атап айтсақ, том 
«Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» деген негізгі 


[Введите текст] 
130 
тараудан соң «Проза», «Повесть, хикаяттар», «Әңгіме», 
«Деректі әдебиет», «Сатира», «Фантастика», «Лирика», 
«Поэма», «Драматургия», «Қазақстан халықтарының 
әдебиеті», «Әдебиеттану», «Әдеби – көркем сын», «Қазақ 
әдебиетінің халықаралық байланыстары», «Әдеби өмір 
шежіресі», «Библиографиялық көрсеткіш» деген арнаулы 
тараулардан тұрады. Бұл томның алдыңғы томдардан 
өзгешелігі осы кезең әдебиетінде өзіндік орындары бар 
жеке жазушылардың өмірі мен шығармашылығы 
турасындағы монографиялық очерктердің берілмеуі. 
Оның себебін «Кіріспе» авторы, зерттеуші Ш. Елеукенов 
былай түсіндіреді: «Себебі, тәуелсіздік кезеңі әдебиеттің 
идеялық-эстетикалық һәм стильдік жаңалықтарына 
шешуші ықпал жасаған жазушылар легі әлі толық түзіліп 
болған жоқ. Оның бер жағында кезеңнің өзі де әлі толысу 
үстінде. Құбылыс ретінде түпкілікті қалыптасып үлгіре 
қойған жоқ». /7 б/. 
Сондықтан бұл кезеңдегі әдеби өзгерістер мен 
көркемдік құбылыстарға соншалықты мән берілмей, 
жарияланған жеке шығармаларға,оларда көтерілген 
мәселелерге кеңірек орын берілген сияқты. Ал, 
шындығында бұл тәуелсіздік жылдары еліміздің 
егемендікке ие болып, ұлттық сана – сезіміміз өсіп, 
өзіміздің 
руханияттарымызды 
таза 
көркемдік 
құндылықтар тарапынан тани бастаған өзгеше бір 
құбылыс кезеңі емес пе?.
«Проза» тарауында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы 
парыз» роман-дилогиясы, Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы, 
Жайық Бектұровтың «Таңба» романы, С. Елубайдың» 
Мінажат», «Ақ боз үй», Ә. Таразидің «Жаза»
Ж.Шаштайұлының 
«Біздің 
заманның 
Аяз 
биі» 
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» т.б прозалық 
туындылары тақырыптық, жанрлық, стильдік, көркемдік 
тұрғыдан талданып, зерттеледі. Осы шығармалардағы 
тәуелсіз ой-сананың сәулесі болған ұлттық мәселелердің 
көтерілуі, тарихи тақырыптарға жазылған туындылардағы 
тың мұрағаттық құжаттардың кейіпкер тағдырымен 
тамырласып бейнеленуі жан-жақты талданады. 
«Әңгімеде» бүгінгі қазақ прозасында көрінген 
шағын жанрдағы жаңалықтар нақты көркем мәтіндер 
арқылы талданады. Осы орайда – жаңа заманның 
жаңалықтары, 
тәуелсіздік 
алған 
еліміздің 
жаңа 
адамдарының тағдыры, табиғаты, мінез-құлқы, өзгерген 
санасы мен ойлау жүйесі, жалпы жаңа адамдардың типі 
шапшаң және шағын жанр болғандықтан, әңгімеде тез 
танылады.
Тәуелсіздік алған соңғы жылдардағы қазақ 
әдебиетінде әңгіме жанрымен ерекше көзге түскен сөз 
зергерлерінің, атап айтқанда М. Мағауин, Ш. Мұртаза, Қ. 
Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Қ. Түменбай, Н.Ораз, Т. 
Ахметжан т.б шығармаларына шолу жасаған автор оларда 
көтерілген мәселелер мен бүгінгі заман талабына сай 
құрылған түрлік жаңалықтарын ашуға тырысқан. 


[Введите текст] 
131 
Мәселен, соңғы жылдары көлемді эпикалық жанрлардан 
гөрі шағын әңгіме жанрына көп әуестеніп жүрген
М. Мағауиннің көркемдік эксперименттеріне, түрлік 
құрылымдарына, стильдік ізденістеріне шынында да 
ерекше көңіл бөлмеске болмайды. Қолына жаңа қалам 
алған жас жазушы емес, бірнеше роман, повестердің 
авторы атанған, қазақтың көрнекті сөз зергері санатына 
қосылған әрі ғалым әрі қаламгер, кәсіби қалыптасып,сөз 
өнерінің бүкіл ұңғыл-шұңғылын терең меңгерген 
майталман жазушының бұл талабы сөз жоқ барға қанағат 
жасамай, тоқмейілсімей үнемі ізденісте жүретіндігін 
дәлелдесе керек. Суреткердің 2002 жылы Алматыдағы 
«Қағанат» баспасынан жарық көрген 13 томдық 
шығармалар жинағының 7-ші томына топтастырылған 
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жазылған әңгімелері
соның айқын айғағы. Мәселен, «Салах-ад-Диннің үкімі» 
атты әңгімесінің жазылу стилінің өзі соны, түрлік 
құрылымы да қазақ оқырмандарына тосын. Аңыздық 
сипатта 
жазылғанымен 
айтары 
мол 
әңгімеде 
алашордашылар тағдыры да, бұрындары ашық айтыла 
бермейтін ұлт мәселесі де көркемдік тұрғыдан талданып, 
зерттелген. Тарауда жазушының бірнеше әңгімесі 
«Жүсіптің қызы Светлана», «Нала», «Карлагтан хат», 
«Орыстың төресі», «Ұлт-аралық жанжал», т.б турасында 
кеңінен сөз қозғалады. 
Көрнекті қазақ қаламгері Шерхан Мұртазаның да 
«Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тәуекел той» т.б сияқты 
бірнеше әңгімесі талданып, олардағы тақырып мен 
мазмұн мәселесі зерттеледі. Жазушының мысқыл аралас 
тіл өрнегіне өзіндік із салған ит–құстармен адамдардың 
өмірін қабыстыра, жымдастыра бейнелеу әдісі сөз жоқ 
автордың тынымсыз шығармашылық ізденісін көрсетеді. 
Сондай–ақ, осы тарауда кейінгі жылдары осы шағын 
жанрда өндіртіп жазып жүрген жазушылар Нұрғали Ораз 
бен Талаптан Ахметжанның бірнеше әңгімесіне тоқтала 
отырып, олардың қазақ әдебиетіне қосқан тың 
тақырыптары мен жаңа кейіпкерлеріне, бұрын–соңды 
ұлттық әдебиетте байқалмаған тосын образдарына талдау 
жасайды. Және қазіргі әдебиеттануда жиі айтылып жүрген 
модернизм һәм постмодернизм ұғымдары негізінде 
жазылған 
Р.Мұқанованың 
«Тұтқын», 
А.Ықсанның 
«Дүңгіршек», Д.Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін» 
т.б деген әңгімелеріндегі көркемдік–эстетикалық әлемді 
сөз өнерінің талап–талғамына сай талдайды. 
Бір сөзбен, айтқанда , бұл томда қазіргі қазақ 
әдебиетінің барлық салалары мен жанрлық түрлеріне 
толық түрде шолу жасалып, тәуелсіздік кезеңіндегі 
ұлттық әдебиеттану ғылымының көптеген мәселелері 
кеңінен қозғалған деп айтуға толық құқығымыз бар десек 
болады.
“Қазақ 
әдебиеті 
тарихының” 
он 
томдық 
жинағындағы барлық томдарға шолу жасай келе 
түйеріміз, ұлттық сөз өнеріміздің тарихы енді ғана өзінің 
шынайы 
тамырын 
тауып, 
шырайы 
енген 


[Введите текст] 
132 
шұрайлы,шүйгінді шалғындарына ене бастады, десек те 
бұл да тереңдетіліп зерттеліп бітпеген,әлі алар асуы алда 
жатқан, зерделенер тұсы мен назар аударар аудан-аумағы 
бар жәйт десек болады. Және біздің шолу мақаламызда 
бүкіл тарих түгел қамтылып, жаңаша байыпталған 
сараптамаларға да толыққанды талдау жасалды деуден 
аулақпыз. Ол мүмкін де емес. Бірнеше ғылыми ұжымның 
зерттеулеріндегі қатпары мың қабат құнды әдеби, тарихи 
құжаттар мен мәліметі мол ғылыми деректердің де дәмін 
дәл жеткізе алдық деп те айта алмаймыз. Біз, 
мүмкіндігінше, әр томда қарастырылған дәуірлер мен 
тарихи оқиғалар, соларға сәйкес туған әдеби мұраларды 
жүйелей отырып,қазақ әдебиеті тарихы қайта түгенденіп, 
қайта толықтырылып,жаңаша көзқарас тұрғысынан қайта 
жазылғандығын айтуға тырыстық.
3.4 Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен 
зерттелуі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет