Параллель байланыс барлық 8 бит (немесе 1 байт) бірінен соң
бірі емес, бірдей уақытта (параллель) немесе дəлірек
айтқанда, əр
қайсысы өз сымы бойынша тасымалданатынын білдіреді.
Параллель интерфейс жалғағышына жалғанған, мысалы принтер
кабелі, деректерді параллель тасымалдау принципі айқын болып
келеді. Ол тінтуірдің тізбекті кабеліне қарағанда бірталай қалың,
өйткені деректерді параллель тасымалдайтын кабельдің кем дегенде
сегіз сымы болуы тиіс, олардың əрқайсысы
бір бит тасымалдауға
арналған.
Параллель интерфейстерді Centronics фирмасы жасап шығарады,
сондықтан параллель интерфейсті жиі
Centronics интерфейсі деп
атайды
.
Принтерге арналған параллельный интерфейсты əдетте
LPT
(Line Printer) деп белгілейді
. Алғашқы қосылған принтер LPT1,
ал екіншісі - LPT2 деп белгіленеді.
Параллель порттардың бірнеше типтері болады: стандартты,
ЕРР жəне ЕСР.
С т ан д ар т т ы п ар а л ле л ь п о р т ақпаратты біржақтық
тасымалдауға, мысалы, ақпаратты ДК-ден принтерге беру арналған,
ол порттың электр схемасында жатталған. Ол деректерді
тасымалдау ең жоғары жылдамдығын 120 200 кбайт/с дейін
қамтамасыз етеді.
ЕРР порты екі бағытты болып табылады, яғни қос бағытта 8 бит
деректерді параллель тасымалдауды қамтамасыз етеді жəне
стандарт портпен толық сəйкес. Порт
ЕРР деректерді стандартты
параллель портқа қарағанда алты есе тезірек береді жəне
қабылдайды, оған принтер қабылдауға дайын болатын уақытқа
дейін берілетін жəне қабылданатын символдарды сақтайтын ЕРР
портының буфері болатындығы мүмкіндік жасайды. Арнайы режим
ЕРР портына деректер блоктарын, процессордан өтіп кетіп, тікелей
RAM PC-дан принтерге жəне керісінше жіберуге мүмкіндік береді.
Тиісті бағдарламалық жабдықты пайдаланған кезде ЕРР порты
деректерді 2 Мбайт/с жылдамдықпен жібере алады жəне қабылдай
алады.
ЕС Р по р т ы , ЕРР портының барлық мүмкіндіктерін иелен
отырып деректерді жоғары жылдамдықта қысу функциясы есебінен
жіберуді қамтамасыз етеді. Деректерді қысқарту үшін RLE
(Run
Length
Encoding)
əдісі
қолданылады, оған сəйкес бірдей
символдардың ұзын тізбегі бар болғаны екі байтпен беріледі: бір
байт қайталанатын символды анықтайды, ал екіншісі —
қайталаулар санын анықтайды. Сонымен бірге ЕСР стандарты
деректерді қысқарту мен ашуды бағдарламалық (драйверді қолдану
жолымен) жəне аппараттық (порт схемасымен) түрде мүмкін етеді.
47
Берілген функция міндетті емес, сондықтан порттар, перифериялық
құрылғылар мен бағдарламалар оны қолдамауы мүмкін. Ол
деректерді қысқарту режимі ЕСР портымен де, принтермен де
жалғастырылып отырса, жүзеге асырылуы мүмкін. ЕСР портының
көмегімен деректерді жіберу жылдамдығының
артуы принтерде
деректерді басып шығару уақытын бірталай қысқартады.
ЕСР жəне ЕРР порттарының функционалдық мүмкіншіліктерінің
артықшылықтарын
қолдану
осы
стандарттардың
бірімен
жабдықталған компьютер болған кезде мүмкін болады.
Тізбекті байланыс битпен жүзеге асырылады: жеке биттер бір
сым бойынша бірініің артынан бірі тізбектей жіберіледі (немесе
қабылданады), сонымен қатар екі бағытта да деректер алмасу
мүмкін, деректерді жіберу мен қабылдау бірдей тактілік жиілікпен
жүзеге асырылады. Тізбекті интерфейстер үшін жалғанатын
құрылғыларды
таңдау біршама кең, сондықтан көпшілік ДК
деректерді тізбектей жіберу үшін əдетте екі интерфейстік
жалғағыштармен жабдықталған. Тізбекті интерфейс үшін стандарт
белгілеу ретінде жиі RS-232, RS-422, RS-465 қолданылады. Тізбекті
интерфейстің жалғағыштары ДК-де 9-байланысты (аша) Sub-D
немесе 25-байланысты Sub-D.
Екі тізбекті интерфейстер арасындағы байланысты орнату үшін
алдын ала оларды конфигурациялау қажет,
яғни деректермен
алмасу қалай жүзеге асырылатынын көрсету керек: алмасу
жылдамдығы, деректер форматы, əділдікті бақылау жəне т.б.
Джамперлерді немесе ауыстырып-қосқыштарды тиісті орнату
жолымен аппараттық конфигурациялау қолайсыз, себебі ДК
корпусын ашу керек болады. Тізбекті интерфейсті конфигурациялау
бағдарламалық тəсілмен жүзеге
асырылады, Windows ортасы
осындай мүмкіндікті береді.
Достарыңызбен бөлісу: